Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың аудандық әкімідігінің 11.04.2014 N 109 қаулысымен
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңы 28 бабының 4, 6 тармақтарына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шығып қалғанның орнына № 120 сайлау учаскесі бойынша аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттардың Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру орны 1 қосымшаға келісті анықталсын.
2. Шығып қалғанның орнына № 120 сайлау учаскесі бойынша аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлаушылармен Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының аумағында кездесуі үшін шарттық негізде 2 қосымшаға келісті үй-жай берілсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Аққайың ауданы әкімі аппаратының басшысы М.Т. Дүйсембаеваға жүктелсін.
4. Осы қаулы бірінші ресми жарияланғаннан күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Қ. Қасенов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Солтүстік Қазақстан облысы
Аққайың аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы М. Дүйсембаева
2014 жылғы 4 ақпан
Аққайың ауданы әкімдігінің
2014 жылғы 4 ақпандағы
№ 37 қаулысына
1 қосымша
Шығып қалғанның орнына № 120 сайулау учаскесі бойынша аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары
Елді мекен атауы |
Орналастыру орны |
Смирново ауылы |
Аққайың аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі ғимаратының аумағындағы ақпараттық стенд, Народная көшесі, № 37 |
Аққайың аудандық кітапхана ғимаратының аумағындағы ақпараттық стенд, Зеленая көшесі, № 7 |
Аққайың ауданы әкімдігінің
2014 жылғы 4 ақпандағы
№ 37 қаулысына
2 қосымша
Шығып қалғанның орнына № 120 сайулау учаскесі бойынша аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жай
Елді мекен атауы |
Кездесу өткізу орны |
Смирново ауылы |
Смирново № 3 орта мектебі, спорт зал, Пушкин көшесі, 24 а |