"Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңы 18 бабы 8 тармағына сәйкес, Аққайың ауданы мәслихаты ШЕШТІ:
1. 2015 жылы өтінген қажеттілігінің есебімен Аққайың ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға:
1) өтініш түскен кезеңнен жетпіс есептік айлық көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін өтініш түскен кезеңнен бір мың бес жүз есептік айлық көрсеткіштен аспайтын маманның өтінген сомасында бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау ұсынылсын.
2. Осы шешімнің 1 тармағы 1), 2) тармақшаларының күші ветеринария саласында қызметті жүзеге асыратын ветеринарлық пунктерінің ветеринарлық мамандарына қолданылады.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
V шақырылған ХХIХ сессия төрағасы | Т. Рамазанов |
Аққайың ауданы мәслихатының хатшысы | Қ. Құрманбаев |