"Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Аққайың ауданы мәслихатының 2014 жылғы 30 қаңтардағы № 20-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 29-3 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 23 қаңтарда N 3076 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының 2016 жылғы 28 қаңтардағы N 39-7 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының 28.01.2016 N 39-7 шешімімен (алғаш ресми жариялаған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21- бабына сәйкес Аққайың ауданы мәслихаты ШЕШТІ:
      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Аққайың ауданы мәслихатының 2014 жылғы 30 қаңтардағы № 20-3 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 27 ақпанда № 2574 тіркелген, 2014 жылғы 13 наурыздағы "Аққайың" газетінде, 2014 жылғы 13 наурыздағы "Колос" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасында:
       7 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
      "7. Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетілген жағдайлар туындаған күнінен бастап төрт айдан кешіктірмей көрсетіледі:
      табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматқа (отбасына), 80 айлық есептік көрсеткіштен артық емес мөлшерінде.
      Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаж азаматтар санатына жатқызу үшін мыналар негіз болып табылады:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;
      2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына), не оның мүлкіне зиян келтіру, не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;
      3) жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейіне, еселік қатынаста елу пайыздан аспауы;
      4) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызметтерді төлеу және отын сатып алу үшін шығындарын өтеу қажеттілігі (2015 жылғы 1 қаңтардан бастап);
      5) туберкулездің белсенді формасымен ауыратын адамдарға денсаулық сақтау мекемелерінен анықтама ұсыну бойынша әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі (2015 жылғы 1 қаңтардан бастап).
      Арнайы комиссия әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарған кезде азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелер тізбесін басшылыққа алады.".
      Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасының 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      V шақырылған ХХIX сессия
төрағасы
Т. Рамазанов
      Аққайың ауданы
мәслихатының хатшысы
Қ. Құрманбаев
      "КЕЛІСІЛДІ"
Солтүстік Қазақстан
облысының әкімі
Е. Сұлтанов
      2014 жылғы 24 желтоқсан

  Аққайың ауданы мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 29-3 шешіміне қосымша
  Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына 1-қосымша

Атаулы күндер мен мереке күндеріне алушылардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік көмектің мөлшері

р/с№
 
Алушылар санаттары
 
Әлеуметтік көмек мөлшері (айлық есептік көрсеткіш)
 
15 ақпан – Ауған аумағынан әскерді шығару күні
 
1
 
Бұрынғы КСР Одағы үкiмет органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттiң аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан - Совет Армиясының, Әскери-Теңiз флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерi, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң қатардағы және басқарушы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса есептегенде); жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жұрiп жатқан кезде Ауғанстанға жiберiлген әскери мiндеттiлер; ұрыс қимылдары жүрiп жатқан осы елге жүк жеткiзу үшiн Ауғанстанға жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерi; бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмаларды орындау үшiн ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшiлерi; Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яки ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлер.
 
15
 
2
 
Бұрынғы КСР Одағын қорғау кезiнде, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа уақытта орындау кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттерде әскери мiндетiн өтеу кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлер.
 
15
 
3
 
Басқа елдерде қимыл жасаған әскер құрамдарына қызмет көрсеткен және ұрыс қимылдарын жүргiзу кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан мүгедек болған тиiстi санаттағы жұмысшылар мен қызметшiлер.
 
15
 
4
 
Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезеңiнде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасы.
 
15
 
5
 
1979 жылдың 1 желтоқсаны мен 1989 жылдың желтоқсаны аралығында Ауғанстанға және ұрыс қимылдары жүрiп жатқан басқада мемлекеттерге жұмысқа жiберiлген жұмысшылар мен қызметшiлер.
 
15
 
6
 
Бұрынғы КСР Одағы Мемлекет қауiпсiздiгi комитетiнiң Ауғанстанда уақытша, болған және совет әскерлерiнiң шектелген құрамына енбеген жұмысшылары мен қызметшiлерi.
 
15
 
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні
 
1
 
"Алтын алқамен", "Күміс алқамен", I және II дәрежелі "Ана Даңқы" ордендерімен марапатталған немесе бұрын "Ардақты ана" атағын алған көп балалы аналар.
 
5
 
26 сәуір – Чернобыль атом электро стансасындағы апатты еске алу күні
 
1
 
1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тiкелей қатысқан адамдар.
 
15
 
2
 
Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдар, сондай-ақ ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуы себебiнен генетикалық жағынан мүгедек болып қалған олардың балалары.
 
15
 
3
 
Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасы.
 
15
 
4
 
Чернобыль АЭС-iндегi апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынаулардың салдарынан сәуле ауруына шалдығып қайтыс болғандардың, немесе өлiмi белгiленген тәртiппен солардың ықпалына байланысты болған мүгедектердiң, азаматтардың, сондай-ақ азаматтардың отбасы.
 
15
 
5
 
1988-1989 жылдардағы Чернобыль АЭС-iндегi апаттың зардаптарын жоюға қатысқан, оқшаулау аймағынан Қазақстан Республикасына қоныс аудартқан (өз еркімен көшкен) адамдар қоныс аудартқан күні анасының құрсағынандағы балаларды қоса алғанда.
 
15
 
9 мамыр – Жеңіс күні
 
1
 
Ұлы Отан соғысының қатысушылар мен мүгедектері.
 
50
(2015 жылғы 9 мамырды қоспағанда)
 
2
 
Қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлiмдерiнiң әскери қызметшiлерi үшiн белгiленген жеңiлдiк шарттарымен зейнетақы тағайындау үшiн еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн есептелдi қалаларда Ұлы Отан соғысы кезiнде қызмет атқарған әскери қызметшiлер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары.
 
5
 
3
 
Ұлы Отан соғысы кезiнде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық қызмет атқарған Совет Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы КСР Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының ерiктi жалдама құрамаларының адамдары, яки сол кездерде қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлiмдерiнiң әскери қызметшiлерi үшiн белгiленген жеңiлдiк шарттарымен зейнетақы тағайындау үшiн еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн есептеледi қалаларда болған адамдар.
 
5
 
4
 
Ұлы Отан соғысы кезiнде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген бөлiмдердiң, штабтар мен мекемелердiң құрамында полк баласы (тәрбиеленушiсi) және теңiзшi бала ретiнде болғандар.
 
5
 
5
 
Екiншi дүниежүзiлiк соғыс жылдарында шетелдердiң аумағында фашистiк Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына партизан отрядтары, астыртын топтар және басқа да антифашистiк құрамалар құрамында қатысқан адамдар.
 
5
 
6
 
Қатынас жолдары халық комиссариаты, Байланыс халық комиссариаты арнайы құрамаларының, кәсiпшiлiк және көлiк кемелерiнiң жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтеру құрамының, бұрынғы КСР Одағы Балық өнеркәсiбi халық комиссариатының, Теңiз және өзен флотының, Солтүстiк теңiз және жолы Бас басқармасының ұшу-көтеру құрамының Ұлы Отан соғысы кезiнде әскери қызметшiлер жағдайына көшiрiлген және ұрыс майдандарының тылдағы шептерi, флоттардың оперативтiк аймақтары шегiнде майдандағы армия мен флот мүдделерiне орай мiндеттер атқарған қызметкерлерi, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бас кезiнде басқа мемлекеттердiң порттарында тұтқындалған көлiк флоты кемелерi экипаждарының мүшелерi.
 
5
 
7
 
Қоршаудағы кезеңiнде Ленинград қаласының кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен әрi "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтар.
 
5
 
8
 
Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердiң, геттолардың және басқа да ерiксiз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындары.
 
5
 
9
 
Әскери мiндетiн орындау кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан, яки майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген мемлекеттерде әскери мiндетiн орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған бұрынғы КСР Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының органдарының басшы және қатардағы құрамындағы адамдар.
 
5
 
10
 
1944 жылдың 1 қаңтарынан 1951 жылдың 31 желтоқсанына дейiнгi кезеңде Украин ССР-i, Беларусь ССР-i, Литва ССР-i, Латыш ССР-i, Эстон ССР-i аумақтарында қимыл жасаған халықты қорғаушы истребительдiк батальондардың, взводтар мен отрядтардың жауынгерлерi мен командалық құрамы қатарында болған, осы батальондарда, взводтарда, отрядтарда қызмет мiндетiн атқаруға кезiнде жаралануы, контузия алуы немесе зақымдануы салдарынан мүгедек болған адамдар.
 
5
 
11
 
Ұлы Отан соғысында қаза тапқан, жергiлiктi әуе қорғанысының объектiлердi өзiн-өзi қорғау топтары мен авариялық командаларының жеке құрамы қатарындағы адамдардың отбасы, Ленинград қаласының госпитальдерi мен ауруханаларында қаза тапқан қызметкерлердiң отбасы.
 
5
 
12
 
Қайтыс болған соғыс мүгедектерiнiң және соларға теңестiрiлген мүгедектердiң әйелдерi (күйеулерi), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргiзген адамдардың, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезiнде зақым алуының нәтижесiнде және басқа себептерге (құқыққа қайшы келетiндерiнен басқаларына) байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың екiншi рет некеге тұрмаған әйелдерi (күйеулерi).
 
5
 
13
 
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мәнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған адамдар.
 
5
(2015 жылғы 9 мамырды қоспағанда)
 
2015 жылғы 9 мамыр- Жеңіс күні
 
1
 
Ұлы Отан соғысының қатысушылар мен мүгедектері.
 
100
 
2
 
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мәнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған адамдар.
 
25
 
7 мамыр – Отанды қорғау күні
 
1
 
Бұрынғы КСР Одағының Қорғаныс министрлiгiне, iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарына әскери мiндетiн өтеу жиындарына шақырылған, қоғамға жат көрiнiстерге байланысты төтенше жағдайлар кезiнде қоғамдық тәртiптi сақтау жөнiндегi тапсырмаларды орындау барысында қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң, басшы және қатардағы құрам адамдарының отбасы.
 
5
 
2
 
Бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасы.
 
5
 
31 мамыр – Саяси қуғын – сұргін құрбандарын еске алу күні
 
1
 
Бұрынғы КСР Одағы аумағында саяси қуғын-сүргiннен тiкелей зардап шеккен және қазiргi кезде Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын адамдар.
 
15
 
2
 
Қазақстан Республикасының қазіргі аумағында өздеріне қуғын-сүргіндер қолданылғанға дейін тұрақты өмір сүрген адамдар мына төмендегі жағдайларда танылады:
а) бұрынғы КРС Одығынан тысқары жерлерде қуғын-сүргіндерді кенес соттары мен басқа да органдардың қолдануы;
б) екінші дүниежүзілік соғыс кезінде (жай адамдар мен әскери қызметшілерді) тұрақты армия әскери трибуналдарының айыптауы;
в) Қазақстан тысқары жерлерде әскери қызмет атқару үшін шақырылғаннан кейін қуғын-сүргіндердің қолдануы;
г) қуғын-сүргіндерді орталық одақтық органдар: КСРО Жоғарғы Соты мен оның сот алқараның, СКРО Айрықша бас саяси Басқарма алқасынаң, КСРО Ішкі істер халық комиссариаты - Мемлекет Қауіпсіздігі министірлігі – Ішкі істер министірлігі жанындағы айрықша кеңестің, КСРО Прокуратурасы мен КСРО ішкі істер халық комиссариатының Тергеу Істері жөніндегі комиссиясының және басқа органдар шешімдері бойынша қолдануы;
д) Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін, осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халық жасақшысының өміріне қастандық жасағаныүшін сотталған, өздеріне қатысты қылмыстық істерді қайтақараудың қолданылып жүрген тәртібі сақталатын адамдарды қоспағанда, қуғын-сүргіндердің қолданылуы жағдайларында таңылады.
 
15
 
3
 
КРС Одағы мемлекеттік өкіміттің жоғары органдарының құжаттары негізінде Қазақстанға және Қазақстаннан күштеу арқылы құқыққа қарсы қоныс аударуға ұшыраған адамдар да танылады.
 
15
 
4
 
Ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен бірге бас бостандығынан айыру орындарында, айдауда, жер аударуда немесе арнайы қоныс аударуда болған саяси қуғын-сүргіндер құрбандарының балалары, сондай-ақ қуғын-сүргін кезінде он сегіз жасқа толмаған және оның қолданылуы нәтижесінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған саяси қуғын-сүргіндер құрбандарының балалары танылады.
 
3
 
30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні
 
1
 
Қазақстан Республикасына сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдар, облыстық маңызы бар дербес зейнеткер мәртебесі бар зейнеткерлер, облыстың, қаланың (ауданның) құрметті азаматтары.
 
10
 

      

О внесении изменений в решение маслихата Аккайынского района от 30 января 2014 года № 20-3 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Аккайынском районе Северо-Казахстанской области"

Решение маслихата Аккайынского района Северо-Казахстанской области от 24 декабря 2014 года № 29-3. Зарегистрировано Департаментом юстиции Северо-Казахстанской области 23 января 2015 года № 3076. Утратило силу решением маслихата Аккайынского района Северо-Казахстанской области от 28 января 2016 года N 39-7

      Сноска. Утратило силу решением маслихата Аккайынского района Северо-Казахстанской области от 28.01.2016 N 39-7 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      В соответствии со статьей 21 Закона Республики Казахстан от 24 марта 1998 года "О нормативных правовых актах" маслихат Аккайынского района РЕШИЛ:
      1. Внести в решение маслихата Аккайынского района от 30 января 2014 года № 20-3 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Аккайынском районе Северо-Казахстанской области" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 2574 от 27 февраля 2014 года, опубликовано 13 марта 2014 года в газете "Аққайың", 13 марта 2014 года в газете "Колос") следующие изменения:
      в Правилах оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Аккайынском районе Северо-Казахстанской области, утвержденных указанным решением:
       пункт 7 изложить в следующей редакции:
      "7. Социальная помощь при наступлении трудной жизненной ситуации вследствие стихийного бедствия или пожара оказывается не позднее четырех месяцев со дня наступления указанных событий:
      гражданину (семье), пострадавшему вследствие стихийного бедствия или пожара, в размере не более 80 месячных расчетных показателей.
      Основаниями для отнесения граждан к категории нуждающихся при наступлении трудной жизненной ситуации являются:
      1) основания, предусмотренные законодательством Республики Казахстан;
      2) причинение ущерба гражданину (семье), либо его имуществу вследствие стихийного бедствия или пожара, либо наличие социально значимого заболевания;
      3) наличие среднедушевого дохода, не превышающего пятьдесят процентов порога, в кратном отношении к прожиточному минимуму;
      4) нуждаемость участников и инвалидов Великой Отечественной войны в возмещении затрат за оплату коммунальных услуг и приобретения топлива (с 1 января 2015 года);
      5) нуждаемость лиц, больных активной формой туберкулеза, в оказании социальной помощи по предъявлению справки из учреждения здравоохранения (с 1 января 2015 года).
      Специальная комиссия при вынесении заключения о необходимости оказания социальной помощи руководствуется перечнем оснований для отнесения граждан к категории нуждающихся.".
       приложение 1 к Правилам оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Аккайынском районе Северо-Казахстанской области изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему решению.
      2. Данное решение вводится в действие со дня его первого официального опубликования.
      Председатель
ХХIX сессии V созыва
Т. Рамазанов
      Секретарь маслихата
Аккайынского района
К. Курманбаев
      "СОГЛАСОВАНО"
Аким
Северо-Казахстанской области
Е. Султанов
      24 декабря 2014 года

  Приложение к решению маслихата Аккайынского района от 24 декабря 2014 года № 29-3
  Приложение 1 к правилам оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Аккайынского района Северо-Казахстанской области

Перечень памятных дат и праздничных дней для оказания социальной помощи, а также размер социальной помощи в разрезе категории получателей

№ п/п
 
Категории получателей
 
Размер социальной помощи (месячный расчетный показатель)
 
День вывода войск с территории Афганистана – 15 февраля
 
1
 
Военнослужащие Советской Армии, Военно-Морского флота, Комитета государственной безопасности, лица рядового и начальствующего состава Министерства внутренних дел бывшего Союза ССР (включая военных специалистов и советников), которые в соответствии с решениями правительственных органов бывшего Союза ССР принимали участие в боевых действиях на территории других государств; военнообязанные, призывавшиеся на учебные сборы и направлявшиеся в Афганистан в период ведения боевых действий; военнослужащие автомобильных батальонов, направлявшиеся в Афганистан для доставки грузов в эту страну в период ведения боевых действий; военнослужащие летного состава, совершавшие вылеты на боевые задания в Афганистан с территории бывшего Союза ССР; рабочие и служащие, обслуживающие советский воинский контингент в Афганистане, получившие ранения, контузии или увечья, либо награжденные орденами и медалями бывшего Союза ССР за участие в обеспечении боевых действий.
 
15
 
2
 
Военнослужащие, ставшие инвалидами вследствие ранения, контузии, увечья, полученные при защите бывшего Союза ССР, при исполнении иных обязанностей военной службы в другие периоды или вследствие заболевания, связанного с пребыванием на фронте, а также при прохождении военной службы в Афганистане или других государствах, в которых велись боевые действия.
 
15
 
3
 
Рабочие и служащие соответствующих категорий, обслуживавшие действующие воинские контингенты других странах и ставшие инвалидами вследствие ранения, контузии, увечья либо заболевания, полученных в период ведения боевых действий.
 
15
 
4
 
Семьи военнослужащих, погибших (пропавших без вести) или умерших вследствие ранения, контузии, увечья, заболевания, полученных в период боевых действий в Афганистане или в других государствах, в которых велись боевые действия.
 
15
 
5
 
Рабочие и служащие, направлявшиеся на работу в Афганистан в период с 1 декабря 1979 года по декабрь 1989 года и в другие страны, в которых велись боевые действия.
 
15
 
6
 
Рабочие и служащие Комитета государственной безопасности бывшего Союза ССР, временно находившихся на территории Афганистана и не входившие в состав ограниченного контингента советских войск.
 
15
 
Международный женский день – 8 марта
 
1
 
Многодетные матери, награжденные подвесками "Алтын алқа", "Күміс алқа", орденами "Материнская Слава" I и II степени или ранее получивших звание "Мать-Героиня".
 
5
 
День памяти аварии на Чернобыльской атомной электростанции – 26 апреля
 
1
 
Лица, принимавшие участие в ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской АЭС в 1986-1987 годах, других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения, а также участвовавшие непосредственно в ядерных испытаниях и учениях.
 
15
 
2
 
Лица, ставшие инвалидами вследствие катастрофы на Чернобыльской АЭС и других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения, испытания ядерного оружия, и их дети, инвалидность которых генетически связана с радиационным облучением одного из родителей.
 
15
 
3
 
Семьи лиц, погибших при ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской АЭС и других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения.
 
15
 
4
 
Семьи умерших вследствие лучевой болезни или умерших инвалидов, а также граждан, смерть которых в установленном порядке связана с воздействием катастрофы на Чернобыльской АЭС и других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения и ядерных испытаний.
 
15
 
5
 
Лица из числа участников ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской АЭС в 1988-1989 годах, эвакуированных (самостоятельно выехавших) из зон отчуждения и отселения в Республику Казахстан, включая детей, которые на день эвакуации находились во внутриутробном состоянии.
 
15
 
День Победы – 9 мая
 
1
 
Участники и инвалиды Великой Отечественной войны.
 
50 (за исключением 9 Мая 2015 года)
 
2
 
Военнослужащие, а также лица начальствующего и рядового состава органов внутренних дел и государственной безопасности бывшего Союза ССР, проходившие в период Великой Отечественной войны службу в городах, участие в обороне которых засчитывалось до 1 января 1998 г. в выслугу лет для назначения пенсии на льготных условиях, установленных для военнослужащих частей действующей армии.
 
5
 
3
 
Лица вольнонаемного состава Советской Армии, Военно-Морского Флота, войск и органов внутренних дел и государственной безопасности бывшего Союза ССР, занимавшие штатные должности в воинских частях, штабах, учреждениях, входивших в состав действующей армии в период Великой Отечественной войны, либо находившиеся в соответствующие периоды в городах, участие в обороне которых засчитывалось до 1 января 1998 г. в выслугу лет для назначения пенсии на льготных условиях, установленных для военнослужащих частей действующей армии.
 
5
 
4
 
Лица, которые в период Великой Отечественной войны находились в составе частей, штабов и учреждений, входивших в состав действующей армии и флота в качестве сыновей (воспитанников) полков и юнг.
 
5
 
5
 
Лица, принимавшие участие в боевых действиях против фашистской Германии и ее союзников в годы Второй мировой войны на территории зарубежных стран в составе партизанских отрядов, подпольных групп и других антифашистских формирований.
 
5
 
6
 
Работники спецформирований Народного комиссариата путей сообщения, Народного комиссариата связи, плавающего состава промысловых и транспортных судов и летно-подъемного состава авиации, Народного комиссариата рыбной промышленности бывшего Союза ССР, Морского и речного флота, летно-подъемного состава Главсевморпути, переведенные в период Великой Отечественной войны на положение военнослужащих и выполнявшие задачи в интересах действующей армии и флота в пределах тыловых границ действующих фронтов, оперативных зон флотов, а также члены экипажей судов транспортного флота, интернированных в начале Великой Отечественной войны в портах других государств.
 
5
 
7
 
Граждане, работающие в период блокады в городе Ленинграде на предприятиях, в учреждениях и организациях города и награжденные медалью "За оборону Ленинграда" и знаком "Житель блокадного Ленинграда".
 
5
 
8
 
Бывшие несовершеннолетние узники концлагерей, гетто и других мест принудительного содержания, созданных фашистами и их союзниками в период Второй мировой войны.
 
5
 
9
 
Лица начальствующего и рядового состава органов внутренних дел и государственной безопасности бывшего Союза ССР, ставшие инвалидами вследствие ранения, контузии, увечья, полученных при исполнении служебных обязанностей, либо вследствие заболевания, связанного с пребыванием на фронте или выполнением служебных обязанностей в государствах, где велись боевые действия.
 
5
 
10
 
Лица из числа бойцов и командного состава истребительных батальонов, взводов и отрядов защиты народа, действовавших в период с 1 января 1944 года по 31 декабря 1951 года на территории Украинской ССР, Белорусской ССР, Литовской ССР, Латвийской ССР, Эстонской ССР, ставшие инвалидами вследствие ранения, контузии или увечья, полученных при исполнении служебных обязанностей в этих батальонах, взводах, отрядах.
 
5
 
11
 
Семьи погибших в Великую Отечественную войну лиц из числа личного состава групп самозащиты объектовых и аварийных команд местной противовоздушной обороны, семьи погибших работников госпиталей и больниц города Ленинграда.
 
5
 
12
 
Жены (мужья) умерших инвалидов войны и приравненных к ним инвалидов, а также жены (мужья) умерших участников войны, партизан, подпольщиков, граждан, награжденных медалью "За оборону Ленинграда" и знаком "Житель блокадного Ленинграда", признававшихся инвалидами в результате общего заболевания, трудового увечья и других причин (за исключением противоправных), которые не вступали в другой брак.
 
5
 
13
 
Лица, награжденные орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны.
 
5 (за исключением 9 Мая 2015 года)
 
День Победы – 9 мая 2015 года
 
1
 
Участники и инвалиды Великой Отечественной войны.
 
100
 
2
 
Лица, награжденные орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны.
 
25
 
 
День защитника Отечества – 7 мая
 
1
 
Семьи военнослужащих, лиц начальствующего и рядового состава, призванных на сборы военнообязанных Министерства обороны, органов внутренних дел и государственной безопасности бывшего Союза ССР, погибших (умерших) во время выполнения задач по охране общественного порядка при чрезвычайных обстоятельствах, связанных с антиобщественными проявлениями.
 
5
 
2
 
Семьи военнослужащих, погибших (умерших) при прохождении воинской службы в мирное время.
 
5
 
День памяти жертв политических репрессий – 31 мая
 
1
 
Лица, непосредственно подвергавшиеся политическим репрессиям на территории бывшего Союза ССР и в настоящее время являющиеся гражданами Республики Казахстан.
 
15
 
2
 
Лица, постоянно проживавшие до применения к ним репрессий на территории, ныне составляющей территорию Республики Казахстан, в случаях:
а) применения репрессий советскими судами и другими органами за пределами бывшего Союза ССР;
б) осуждения военными трибуналами действующей армии во время Второй мировой войны (гражданских лиц и военнослужащих);
в) применения репрессий после призыва для прохождения воинской службы за пределами Казахстана;
г) применение репрессий по решениям центральных союзных органов: Верховного суда СССР и его судебных коллегий, коллегии ОГПУ СССР, особого совещания при НКВД-МГБ-МВД СССР, Комиссии Прокуратуры СССР и НКВД СССР по следственным делам и других органов;
д) применение репрессий за участие в событиях 17-18 декабря 1986 года в Казахстане, за исключением лиц, осужденных за совершение умышленных убийств и посягательство на жизнь работника милиции, народного дружинника в этих событиях, в отношении которых сохраняется действующий порядок пересмотра уголовных дел.
 
15
 
3
 
Лица, подвергшиеся насильственному противоправному переселению в Казахстан и из Казахстана на основании актов высших органов государственной власти Союза ССР.
 
15
 
4
 
Дети жертв политических репрессий, находившиеся вместе с родителями или заменявшими их лицами в местах лишения свободы, в ссылке, высылке или на спецпоселении, а также дети жертв политических репрессий, не достигшие восемнадцатилетнего возраста на момент репрессии и в результате ее применения оставшиеся без родительского попечения.
 
3
 
День Конституции Республики Казахстан – 30 августа
 
1
 
Лица, которым назначены пенсии за особые заслуги перед Республикой Казахстан, пенсионеры, имеющие статус персонального пенсионера областного значения, почетные граждане области, города (района).
 
10