Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 09.01.2015 N 7 қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 27-бабының 3-тармағына, 28-бабының 4, 6-тармақтарына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 1-қосымшаға сәйкес № 13 сайлау учаскесі бойынша шығып қалған депутаттың орнына Айыртау аудандық мәслихаттың депутаттығына тіркелген кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар анықталсын.
2. 2-қосымшаға сәйкес № 13 сайлау учаскесі бойынша шығып қалған депутаттың орнына Айыртау аудандық мәслихаттың депутаттығына тіркелген кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайлар шарттық негізде ұсынылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімінің аппарат басшысы Құрманғазы Серікұлы Қайнетовке жүктелсін.
4. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2014 жылғы 1 қазаннан бастап пайда болған құқықтық қатынастарға таратылады.
Аудан әкімі |
А. Тастеміров |
"КЕЛІСІЛДІ" |
Е.А. Мерғасымов |
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 8 қыркүйектегі № 445 қаулысына |
№ 13 сайлау учаскесі бойынша шығып қалған депутаттың орнына Айыртау аудандық мәслихаттың депутаттығына тіркелген кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыратын
ОРЫНДАР
№ р/с |
Ауылдық округ атауы |
Сайлау алдындағы үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін конструкциялардың орындары және мекенжайы |
1. |
Имантау ауылдық округі |
Имантау ауылы – "Мега" дүкені ғимаратының жанындағы қалқанда (келісім бойынша) |
Верхний Бурлук ауылы – "Леденева" дүкені ғимаратының жанындағы қалқанда (келісім бойынша) |
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 8 қыркүйектегі № 445 қаулысына |
№ 13 сайлау учаскесі бойынша шығып қалған депутаттың орнына Айыртау аудандық мәслихаттың депутаттығына тіркелген кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін шарттық негізде ұсынылған үй-жайлар
ТІЗІМІ
№ р/с |
Ауылдық (селолық) округтің, елді-мекеннің атауы |
Сайлаушылармен кездесі үшін үй-жай |
1. |
Имантау |
Имантау ауылы – "Қазпошта" АҚ бөлімшесінің фойесі (келісім бойынша) |