Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға тұрғын үй алу немесе салу үшін 2015 жылы көтерме жәрдемақы мен әлеуметтік қолдау ұсыну туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының 2014 жылғы 25 желтоқсандағы № 32-2 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 16 қаңтарда N 3065 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағы 15 тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18 бабы 8 тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Солтустік Қазақстан облысы Ақжар аудан әкімімен айтылған қажеттіліктерді есепке ала отырып, Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарына 2015 жылға берілсін:
      1) жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
      2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит болып белгіленсін.
      2. Осы шешімнің 1 тармағының күші ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын ветеринария пункттерінің ветеринария мамандарына қолданылады.
      3. Осы шешім бірінші ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Солтүстік Қазақстан облысы
      Ақжар аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы

А.Сұлтанова

      Солтүстік Қазақстан облысы
      Ақжар аудандық мәслихаттың
      хатшысы

М. Жұмабаев

О предоставлении в 2015 году подъемного пособия и социальной поддержки для приобретения или строительства жилья специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Акжарского района Северо-Казахстанской области

Решение маслихата Акжарского района Северо-Казахстанской области от 25 декабря 2014 года № 32-2. Зарегистрировано Департаментом юстиции Северо-Казахстанской области 16 января 2015 года № 3065

      В соответствии с подпунктом 15 пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан» и пунктом 8 статьи 18 Закона Республики Казахстан от 8 июля 2005 года «О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий», Акжарский районный маслихат Северо-Казахстанской области РЕШИЛ:
      1. С учетом потребности, заявленной акимом Акжарского района Северо-Казахстанской области, специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Акжарского района Северо-Казахстанской области в 2015 году предоставить:
      1) подъемное пособие в сумме, равной семидесятикратному месячному расчетному показателю;
      2) социальную поддержку для приобретения или строительства жилья - бюджетный кредит в сумме, не превышающей одну тысячу пятисоткратный размер месячного расчетного показателя.
      2. Действие пункта 1 настоящего решения распространяется на ветеринарных специалистов ветеринарных пунктов, осуществляющих деятельность в области ветеринарии.
      3. Данное решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
 
 

      Председатель сессии
      Акжарского районного маслихата
      Северо-Казахстанской области

А.Султанова

      Секретарь
      Акжарского районного маслихата
      Северо-Казахстанской области

М. Жумабаев