«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңының 16 бабына, «Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 маусымдағы № 859 қаулысына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның әкімі ШЕШТІ:
1. 2015 жылғы қаңтар - наурыз аралығында «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесінің (келісім бойынша) шақыру учаскесіне Қазақстан Республикасының тіркеу жылы он жеті жасқа толатын, жынысы ер азаматтарын әскерге шақыру және медициналық куәландыру ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің орынбасары Алтыншаш Жұлдызбекқызы Тайшабаеваға жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.