«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабы 1 тармағы 2) тармақшасына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 74 бабы 3 тармағына, «Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 қаулысымен бекiтiлген Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидасының 50 тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген ауданның коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібі қосымшаға сәйкес анықталсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімінің орынбасары Қанат Қайырлыұлы Едіресовке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Есіл ауданының әкімі | М. Әбішев |
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 10 шілдедегі № 201 қаулысына қосымша |
Ауданның коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезіндегі жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібі
1. Осы есеп ауданның коммуналдық мүлкін (бұдан әрі – Есеп) мүліктік жалға (жалдауға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу «Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 қаулысының 50-тармағына сәйкес әзірленді, және ауданның коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) берудің тәртібін айқындайды.2. Коммуналдық заңды тұлғалардың балансында тұрған мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) берудің жылдық жалдау ақысының есебі құрылыс типі, тұрғын емес үй-жайдың түрі, қолайлылық дәрежесі, аумақтық орналасуы, жалдаушының қызмет түрі, жалдаушының ұйымдастыру-құқықтық нысаны ескерілетін коэффициенттердің
қолданылатын базалық мөлшерлемесі мен көлемдері негізінде белгіленеді және мына формула бойынша жүзеге асырылады:
Ап = Рбс х S х Кт х Кк х Кск х Кр х Квд х Копф,
мұнда:
Ап – аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың балансында тұрған мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілерінің жылына 1 шаршы метрге жалдау ақысының жылдық мөлшерлемесі;
Рбс – 1 шаршы метрге жалдау ақысының базалық мөлшерлемесі, жылына теңге;
S – жалға алынатын алаң, шаршы метр;
Кт - құрылыс типін ескеретін коэффициент;
Кк – тұрғын емес үй-жайдың түрін ескеретін коэффициент;
Кск - қолайлылық дәрежесін ескеретін коэффициент;
Кр – аумақтық орналасуын ескеретін коэффициент;
Квд - жалдаушының ұйымдастыру-құқықтық нысанын ескеретін коэффициент.
Ауданның коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде қолданылатын коэффициенттердің көлемі және базалық мөлшерлемесі, құрылыс типі, тұрғын емес үй-жайдың түрі, қолайлылық дәрежесі, аумақтық орналасуы, жалға алушы ауданның коммуналдық мүлкін мүліктік жалға (жалдауға алуға) беруге жалдаушының ұйымдастыру-құқықтық нысаны ескеріледі.
3. Көлік құралдарын, аудандық коммуналдық меншік мүлкін, мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілерін қоспағанда, мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру ақысын есептеу.
Көлік құралдарын, аудандық коммуналдық меншік мүлкін, мемлекеттік тұрғын емес қор объектілерін қоспағанда, мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру жылдық ақысы төмендегідей болып белгіленеді:
Ар = С х К1 х К2,
мұнда: Ар –жалдау ақысының жылдық мөлшерлемесі;
С – жылдық базалық мөлшерлеме, тең қолданылады С= (Sбал.* Nамор.),
мұнда:
S бал. - тапсырылатын объектінің бастапқы құны;
N аморт. - жылдық тозу нормасы, Қазақстан Республикасы Салық кодексіне сәйкес тіркелген активтердің өтелім нормасы негізінде анықталады
К1 - пайдалану мерзімін ескеретн, коэффициент;
К2 - пайдаланудың жағдайын ескеретін, коэффициент.
4. Кестеде коэффициент болмаған жағдайда, 1 тең коэффициент қабылданады.