«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі заңының 18-бабы 8-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әкiмi мәлiмдеген қажеттiлiктi ескере отырып Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2015 жылы жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы өтініш берген сәттен бастап ұсынылсын.
2. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2015 жылы тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін маманмен өтініш берілген сомада, бірақ бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын бюджеттік несие түрінде әлеуметтік қолдау өтініш берген сәттен бастап ұсынылсын.
3. Осы шешімнің 1, 2-тармақтарының күші ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын ветеринария пункттерінің ветеринария мамандарына қолданылады.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы |
Ю. Метринский |