Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" № 148 Заңының 6-бабы 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 23 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21-1 бабының 1 тармағына, 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Жамбыл ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындайтын үлгілік Қағидаларын бекіту туралы" № 504 Қаулысына сәйкес Жамбыл аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1. Жамбыл ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындайтын қоса берілген Қағидалары белгіленсін.
2. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 24 желтоқсандағы "Жамбыл ауданы азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 24 қаңтар № 13-7-142 тіркелген, 2011 жылғы 4 ақпан "Ауыл арайы" газетінде, 2011 жылғы 4 ақпан "Сельская новь" газетінде жарияланған) № 29/3 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі және 2014 жылдың 1 қаңтарынан туындаған құқық қатынастарына таралады.
Жамбыл аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХІ сессиясының төрайымы |
Л. Шатохина |
Жамбыл аудандық мәслихаттың хатшысы |
Б. Мұсабаев |
"КЕЛІСІЛДІ" Солтүстік Қазақстан облысының әкімі 28 қаңтар 2014 жыл |
С. Ескендіров |
2014 жылғы 28 қаңтардағы | |
Жамбыл аудандық мәслихатының № 24/1 шешімімен | |
бекітілген |
Жамбыл ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін белгілеу Қағидалары
1. Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың осы қағидалары (одан әрі - Қағида), әлеуметтік көмек көрсетудің тіртібін, мөлшерлерін белгілейді және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындайды.1. Жалпы ережелер
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:1) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
2) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша аудан әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
3) ең төмен күнкөріс деңгейі – облыстағы статистикалық органдар есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;
4) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
6) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;
7) уәкілетті орган – "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
8) уәкілетті ұйым – "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
9) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін селолық округ әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
10) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері
3. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – Аушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай нысанда Жамбыл ауданның әкімдігімен ұсынылатын көмек түсініледі.
4. "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20 бабында және "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16 бабында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.
5. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбелерін, сондай-ақ жеке санатқа алған Алушыларға әлеуметтік көмек көрсетудің еселігі мен мөлшері осы Қағиданың 1 қосымшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облыс әкімдігімен келісілген біркелкі мөлшерде белгілейді.
6. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін Солтүстік Қазақстан облыс әкімдігі бекітетін ережелердің негізінде жүзеге асырады.
2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі
7. Алушылар санатының тізбесі, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлері, табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде өтініш беру мерзімі осы Қағиданың 2 қосымшасына сәйкес белгіленеді. Әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтар қатарына қосу үшін негіздердің соңғы тізбесі және тұлғаларға (отбасына) материалдық-тұрмыстық зерттеу жүргізу осы Қағиданың 3 қосымшасына сәйкес белгіленеді.Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерге, және де жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерге теңестірілген тұлғаларға тіс протездеуге, ұсынылған шот-фактурасына сәйкес құны мөлшерінде кірісті есептемегенде (бағалы металлдар мен металлокерамикадан, металлоакриллден жасалған протездерден басқа) 2 жылда бір реттен артық емес;
Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерге, сондай-ақ жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерге теңестірілген тұлғаларға және 1, 2, 3 топтағы мүгедектерге санаторлық–курорттық емделуге, Қазақстан Республикасының санаторийлерінде және профилакторийлерінде санаторлық–курорттық емделу құны мөлшерінде, табысты есепке алмағанда жылына бір рет;
Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне коммуналдық қызметтерді төлеу және отын сатып алу үшін 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайынғы өтемақы;
туберкулездің белсенді формасымен ауыратын адамдарға тоқсан сайын табысты есепке алмастан, денсаулық сақтау мекемелерінен анықтама ұсыну бойынша 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
Арнайы комиссиялар әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарған кезде азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелер тізбесін басшылыққа алады.
Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 19.11.2014 N 33/2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енгізіледі).
8. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.
3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
9. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек уәкілетті орган немесе басқа да мекемелер ұсынған тізім бойынша Алушылардан өтініштер талап етілмей Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігі бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.10. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе округтың, поселок, село әкіміне өтінішке мынадай құжаттарды қосады:
1) жеке басын куәландыратын құжатты;
2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;
3) осы Қағиданың 4-қосымшасына сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді;
4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;
5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжатты ұсынады.
11. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
12. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе кент, ауыл, ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.
13. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша осы Қағиданың 5, 6-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе ауылдық округ әкіміне жібереді.
Ауылдық округ, поселок, село әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.
14. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.
15. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.
16. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
17. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.
18. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Осы Қағидалардың 16 және 17-тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе кент, ауыл, ауылдық округтің әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
19. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.
20. Белгіленген негіздемелердің біреуі бойынша әлеуметтік көмек күнтізбелік бір жыл ішінде қайта көрсетілмейді.
21. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:
1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;
2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;
3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.
22. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру ауданның бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.
Әлеуметтік көмегін төлеуді уәкілетті орган екінші деңгейдегі банктер арқылы алушыларға есептелген сомаларды дербес шоттарына аудару арқылы жүзеге асырады.
4. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздемелер
23. Әлеуметтік көмек мынадай жағдайларда тоқтатылады:1) Алушы қайтыс болған;
2) Алушы Жамбыл ауданы шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;
3) Алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;
4) Алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.
Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
24. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.
5. Қорытынды ереже
25. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.Әлеуметтік көмек көрсетудің, | |
оның мөлшерлерін белгілеудің және | |
мұқтаж азаматтардың жекелеген | |
санаттарының тізбесін айқындаудың | |
қағидаларына 1-қосымша |
Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі, атаулы күндер мен мереке күндері алушылардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік көмектің еселігі мен мөлшері
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 19.11.2014 N 33/2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енгізіледі).Әлеуметтік көмек көрсетудің, | |
оның мөлшерлерін белгілеудің және | |
мұқтаж азаматтардың жекелеген | |
санаттарының тізбесін айқындаудың | |
қағидаларына 2-қосымша |
Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан қиын өмір жағдайы туындағанда әлеуметтік көмек көрсетудің шекті мөлшері, әлеуметтік көмекке жүгінудің мерзімі және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесі
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 19.11.2014 N 33/2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енгізіледі).Әлеуметтік көмек көрсетудің, | |
оның мөлшерлерін белгілеудің және | |
мұқтаж азаматтардың жекелеген | |
санаттарының тізбесін айқындаудың | |
қағидаларына 3-қосымша |
Әлеуметтік көмекке мұқтаждар қатарына қосу үшін негіздердің соңғы тізбесі және тұлғаға (отбасына) материалдық-тұрмыстық зерттеу жүргізу
1. Жетімдер;2. ата-ана қамқоршылығынан айырылғандар;
3. қараусыз кәмелет жасына толмағандар, оның ішінде девианттық мінез-құлығы барлар;
4. туғаннан үш жасқа дейін ерте психофизикалық дамуының мүмкіндігі шектеулі балалар;
5. тұлғалар организмі қызметінің қатты бұзылуы, ақыл-ой мүмкіндіктерінен және (немесе) физикалық себептер болуы;
6. әлеуметтік мәні бар ауру және қоршаған орта үшін қауіпті аурулар салдарынан тіршілік әрекетінің шектеулі тұлғалар;
7. жасы ұлғайған шақта, ауырған ауру салдарына және (немесе) мүгектікке байланысты өзіне қызмет көрсете алмайтын тіршілік әрекеті шектелген тұлғалар;
8. әлеуметтік дезадаптация және әлеуметтік депривацияға әкелген қатал ұстаудан азап шеккен тұлғалар;
9. баспанасыздар (тұрақты тұратын баспанасыз тұлға);
10. бас бостандығын айыратын жерден босатылған тұлғалар;
11. қылмыстық-атқару инспекциясының пробация есебі қызметінде тұрған тұлғалар;
12. табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен немесе әлеуметтік мәні бар аурулары бар азаматтар (қатерлі ісік, туберкулездің ауыр түрімен ауратын, мүгедек балалар);
13. 1,0 ең төмен күнкөріс деңгей шегінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа кірісі Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатымен белгіленген.
Әлеуметтік көмек көрсетудің, | |
оның мөлшерлерін белгілеудің және | |
мұқтаж азаматтардың жекелеген | |
санаттарының тізбесін айқындаудың | |
қағидаларына 4-қосымша |
Өтініш берушінің отбасы құрамы туралы мәліметтер
_________________________ ________________________
(Өтініш берушінің Т.А.Ә.) (үйінің мекенжайы, тел.)
Р/с № | Отбасы мүшелерінің Т.А.Ә. | Өтініш берушіге туыстық қатынасы | Туған жылы |
| | | |
| | | |
| | | |
Отбасының құрамы туралы
мәліметтерді куәландыруға уәкілетті
органның лауазымды адамының Т.А.Ә. _____________________
(қолы)
Әлеуметтік көмек көрсетудің, | |
оның мөлшерлерін белгілеудің және | |
мұқтаж азаматтардың жекелеген | |
санаттарының тізбесін айқындаудың | |
қағидаларына 5-қосымша |
Өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты адамның (отбасының) мұқтаждығын айқындауға арналған тексеру
АКТІСІ
20__ ж. "___" ____________________________
(елді мекен)
1. Өтініш берушінің Т.А.Ә. ____________________________________
2. Тұратын мекенжайы __________________________________________
__________________________________________________________________
3. Өтініш беруші әлеуметтік көмекке өтініш берген туындаған
өмірлік қиын жағдай
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
4. Отбасы құрамы (отбасында нақты тұратындар есептеледі) ______
адам, оның ішінде:
Р/с № | Т.А.Ә. | Туған күні | Өтініш берушіге туыстық қатынасы | Жұмыспен қамтылуы (жұмыс, оқу орны) | Жұмыспен қамтылмау себебі | Қоғамдық жұмыстарға қатысуы, кәсіптік даярлығы (қайта даярлау, біліктілігін арттыру) немесе жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуы туралы мәліметтер | Өмірлік қиын жағдай |
| | | | | | | |
Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендері ____
адам.
Балалардың саны: ______________________________________________
жоғары және орта оқу орындарында ақылы негізде оқитындар ______
адам, оқу құны жылына ______ теңге.
Отбасында Ұлы Отан соғысына қатысушылардың, Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің, Ұлы Отан соғысына қатысушыларына және Ұлы Отан соғысы мүгедектеріне теңестірілгендердің, зейнеткерлердің, 80 жастан асқан қарт адамдардың, әлеуметтік маңызы бар аурулары (қатерлі ісіктер, туберкулез, адамның иммунитет тапшылығы вирусы) бар адамдардың, мүгедектердің, мүгедек балалардың болуы (көрсету немесе өзге санатты қосу керек)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
5. Өмір сүру жағдайы (жатақхана, жалға алынған,
жекешелендірілген тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй, тұрғын үй
кооперативі, жеке тұрғын үй немесе өзгеше – көрсету керек):
__________________________________________________________________
Тұрғын үйді ұстауға арналған шығыстар:
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Отбасының табысы:
Р/с № | Табысы бар отбасы мүшелерінің (оның ішінде өтініш берушінің) Т.А.Ә. | Табыс түрі | Өткен тоқсандағы табыс сомасы (теңге) | Жеке қосалқы шаруашылық (ауладағы учаске, малы және құсы), саяжай және жер учаскесі (жер үлесі) туралы мәліметтер | |
тоқсанға | орта есеппен айына | ||||
| | | | | |
автокөлігінің болуы (маркасы, шығарылған жылы, құқық беретін
құжат, оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс)
__________________________________________________________________
_______________________________________ қазіргі уақытта өздері тұрып
жатқаннан бөлек өзге де тұрғын үйдің болуы (оны пайдаланғаннан түскен
мәлімделген табыс) __________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
7. Бұрын алған көмегі туралы мәліметтер (нысаны, сомасы, көзі):
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
8. Отбасының өзге де табыстары (нысаны, сомасы, көзі):
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
9. Балалардың мектеп керек-жарағымен, киіммен, аяқ киіммен
қамтамасыз етілуі ___________________________________________________
10. Тұратын жерінің санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы _____
__________________________________________________________________
Комиссия төрағасы:
________________________ ________________________
Комиссия мүшелері:
________________________ ________________________
________________________ ________________________
_______________________ ________________________
(қолдары) (Т.А.Ә.)
Жасалған актімен таныстым: ____________________________________
Өтініш берушінің Т.А.Ә. және қолы
Тексеру жүргізілуден бас тартамын ______________________ өтініш
берушінің (немесе отбасы мүшелерінің бірінің) Т.А.Ә. және қолы, күні
__________________________________________________________________
(өтініш беруші тексеру жүргізуден бас тартқан жағдайда толтырылады)
Әлеуметтік көмек көрсетудің, | |
оның мөлшерлерін белгілеудің және | |
мұқтаж азаматтардың жекелеген | |
санаттарының тізбесін айқындаудың | |
қағидаларына 6-қосымша |
20__ ж. ___ ______
Учаскелік комиссия Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына сәйкес өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек алуға өтініш берген адамның (отбасының)
__________________________________________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты)
өтінішін және оған қоса берілген құжаттарды қарап, ұсынылған құжаттар және өтініш берушінің (отбасының) материалдық жағдайын тексеру нәтижелерінің негізінде
__________________________________________________________________
(қажеттілігі, қажеттіліктің жоқтығы)
адамға (отбасыға) өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты
әлеуметтік көмек ұсыну туралы қорытынды шығарады
Комиссия төрағасы: __________________ ________________
Комиссия мүшелері: __________________ ________________
__________________ ________________
__________________ ________________
_________________ ________________
(қолдары) (Т.А.Ә.)
Қорытынды
қоса берілген құжаттармен ___ данада
20__ ж. "___" ___________ қабылданды
Құжаттарды қабылдаған кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің немесе
уәкілетті орган қызметкерінің Т.А.Ә., лауазымы, қолы __________