«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына 2014 жылы әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2013 жылғы 21 желтоқсандағы № 21-6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 21 қаңтарда № 2500 тіркелген, аудандық «Мағжан жұлдызы» газетінде 2014 жылғы 24 қаңтарда, аудандық «Вести» газетінде 2014 жылғы 24 қаңтарда жарияланған) шешіміне (бұдан әрі - шешім) келесі өзгерістер енгізілсін:
шешімнің атауы келесі редакцияда жазылсын:
«Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарына 2014 жылы әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы»;
шешімнің 1-тармағындағы 1-азат жолы келесі редакцияда жазылсын:
«1. Аудан әкімі мәлімдеген қажеттілікті есепке ала отырып, Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарына 2014 жылы ұсынылсын:».
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы
Мағжан Жұмабаев ауданы
мәслихаты сессиясының төрағасы В. Потапенко
Солтүстік Қазақстан облысы
Мағжан Жұмабаев ауданы
мәслихатының хатшысы Т. Әбілмәжінов