«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңының 16-бабы 3-тармағына, «Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 маусымдағы № 859 қаулысымен бекітілген Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу қағидаларының 11-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімі ШЕШТІ:
1. Тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын Қазақстан Республикасының ер азаматтарын 2015 жылғы қаңтардан бастап наурызға дейін «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің әскерге шақыру учаскесіне тіркеу және медициналық куәландыру ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін (келісім бойынша).
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімінің орынбасары Л.Қ. Ілебаевқа жүктелсін.
3. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.