2014 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының аумағында тұратын нысаналы топтарды анықтау нысаналы топтарға жататын қосымша тұлғалар тізбесін белгілеу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық әкімдігінің 2014 жылғы 17 қаңтардағы N 3 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментімен 2014 жылғы 10 ақпанда N 2547 болып тіркелді

      «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 каңтардағы Заңының 5 бабы 2 тармағына, 7 бабы 2) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2014 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының аумағында тұратын нысаналы топтары анықталсын:
      1) табысы аз адамдар;
      2) жиырма бір жасқа дейінгі жастар;
      3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамкорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
      4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
      5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе кадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
      6) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
      7) мүгедектер;
      8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
      9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
      10) оралмандар;
      11) жоғары және жоғары оку орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
      12) жұмыс беруші - заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші - жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
      13) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар.
      2. 2014 жылғы арналған Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының аумағында тұратын нысаналы топтарына жататын қосымша тұлғалар тізбесі белгіленсін:
      1) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
      2) елу жастан асқан жұмыссыз тұлғалар;
      3) он екі ай және одан артық жұмыс істемеген тұлғалар;
      4) отбасында жұмыс істейтіндер жоқ тұлғалар.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімінің орынбасары Г. Жакенқызына жүктелсін.
      4. Осы каулы алғашкы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
      Уәлиханов ауданының әкімі                  А. Төрегелдин

Об определении целевых групп и установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам, проживающих на территории Уалихановского района Северо-Казахстанской области, на 2014 год

Постановление акимата Уалихановского района Северо-Казахстанской области от 17 января 2014 года N 3. Зарегистрировано Департаментом юстиции Северо-Казахстанской области 10 февраля 2014 года N 2547

      В соответствии с пунктом 2 статьи 5, подпунктом 2) статьи 7 Закона Республике Казахстан от 23 января 2001 года «О занятости населения» акимат Уалихановского района Северо-Казахстанской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Определить целевые группы, проживающие на территории Уалихановского района Северо-Казахстанской области на 2014 год:
      1) малообеспеченные;
      2) молодежь в возрасте до двадцати одного года;
      3) воспитанники детских домов, дети-сироты и дети, оставшиеся без попечения родителей, в возрасте до двадцати трех лет;
      4) одинокие, многодетные родители, воспитывающие несовершеннолетних детей;
      5) граждане, имеющие на содержании лиц, которые в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан, признаны нуждающимися в постоянном уходе, помощи или надзоре;
      6) лица, предпенсионного возраста (за два года до выхода на пенсию по возрасту);
      7) инвалиды;
      8) лица, уволенные из рядов Вооруженных Сил Республики Казахстан;
      9) лица, освобожденные из мест лишения свободы и (или) принудительного лечения;
      10) оралманы;
      11) выпускники организаций высшего и послевузовского образования;
      12) лица, высвобожденные в связи с ликвидацией работодателя - юридического лица либо прекращением деятельности работодателя - физического лица, сокращением численности или штата работников.
      13) лица, состоящие на учете службы пробации уголовно – исполнительной инспекции.
      2. Установить дополнительный перечень лиц, относящихся к целевым группам, проживающих на территории Уалихановского района Северо-Казахстанской области, на 2014 год:
      1) молодежь в возрасте от двадцати одного года до двадцати девяти лет;
      2) безработные лица старше пятидесяти лет;
      3) лица, не занимающиеся трудовой деятельностью двенадцать и более месяцев;
      4) лица, в семье которых нет ни одного работающего.
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима Уалихановского района Северо-Казахстанской области Г. Жакенқызы.
      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким Уалихановского района
      Северо-Казахстанской области               А. Турегельдин