«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағы 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасының 12-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес 2014 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы бойынша субсидия алатындардың тізіміне енгізуге өтінім ұсынудың мерзімдері және субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша егіс жүргізудің оңтайлы мерзімдері анықталсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудан әкімінің орынбасары Н.Қ. Таласбаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2014 жылғы 1 мамырдағы пайда болған құқықтық қатынастарға таралады.
Аудан әкімі | М. Омаров |
Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудан әкімдігінің 2014 жылғы 29 сәуірдегі № 81 қаулысына қосымша |
Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы бойынша 2014 жылы субсидия алатындардың тізіміне енгізуге өтінім ұсынудың мерзімдері және субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша егіс жүргізудің оңтайлы мерзімдері
Диқаншылық аймағы | Дақыл | Өтінім ұсынудың мерзімдері | Егіс жүргізудің оңтайлы мерзімдері |
II – далалық, тегістікті, шоқты далалық | Орташа пісетін жаздық жұмсақ бидай сорттары | 20 мамырға дейін | 20 мамыр – 30 мамыр |
Орташакеш пісетін жаздық жұмсақ бидай сорттары | 18 мамырға дейін | 18 мамыр – 25 мамыр | |
Орташаерте, пісетін жаздық жұмсақ бидай сорттары | 28 мамырға дейін | 28 мамыр – 5 маусым | |
Жаздық катты бидай | 20 мамырға дейін | 20 мамыр - 25 мамыр | |
Арпаның ерте пісетін сорты | 30 мамырға дейін | 30 мамыр – 5 маусым | |
Арпаның орташа пісетін сорты | 25 мамырға дейін | 25 мамыр – 3 маусым | |
Сұлы | 25 мамырға дейін | 25 мамыр – 30 мамыр | |
Қарақұмық | 20 мамырға дейін | 20 мамыр – 27 мамыр | |
Тары | 25 мамырға дейін | 25 мамыр – 30 мамыр | |
Нұт | 13 мамырға дейін | 13 мамыр – 18 мамыр | |
Бұршақ | 20 мамырға дейін | 20 мамыр – 27 мамыр | |
Соя | 22 мамырға дейін | 22 мамыр – 28 мамыр | |
Жасымық | 23 мамырға дейін | 23 мамыр – 30 мамыр | |
Зәйтүн - дәстүрлі жыртылған тынайған жерге егу | 12 мамырға дейін | 12 мамыр – 20 мамыр | |
Зәйтүн - төменгі және нөлдік тыңайған жерге егу | 20 мамырға дейін | 20 мамыр – 28 мамыр | |
Зығыр, қыша | 18 мамырға дейін | 18 мамыр – 25 мамыр | |
Майлытұқымдық күнбағыс | 15 мамырға дейін | 15 мамыр – 20 мамыр | |
Рыжик | 20 мамырға дейін | 20 мамыр – 26 мамыр | |
Картоп | 15 мамырға дейін | 15 мамыр – 30 мамыр | |
Сәбіз | 10 мамырға дейін | 10 мамыр – 20 мамыр | |
Пияз (тұқым) | 10 мамырға дейін | 10 мамыр – 20 мамыр | |
Қызылша | 25 мамырға дейін | 25 мамыр – 5 маусым | |
Қияр | 16 мамырға дейін | 16 мамыр – 5 маусым | |
Қырыққабат көшеті | 25 мамырға дейін | 25 мамыр – 12 маусым | |
Қызанақ көшеті | 28 мамырға дейін | 28 мамыр – 12 маусым | |
Сүрлемдік жүгері | 16 мамырға дейін | 16 мамыр – 20 мамыр | |
Сүрлемдік күнбағыс | 18 мамырға дейін | 18 мамыр – 24 мамыр | |
Азықтық бір жылдық жасыл шөптер (сұлы + бұршақ, сұлы + арпа), шөп (суданка шөбі, тары, могар, сұлы + сиыржоңышқа) және пішендеме (сұлы + арпа + бұршақ, сұлы + бұршақ, тары + бұршақ) | 5 маусымға дейін | 5 маусым – 10 маусым | |
Жасыл конвейер: (бір жылдық шөптер) | |||
І мерзім (бұршақ + сұлы) | 8 мамырға дейін | 8 мамыр – 10 мамыр | |
ІІ мерзім (сұлы + арпа + бұршақ + бидай, суданка шөбі + бұршақ, тары + бұршақ) | 23 мамырға дейін | 23 мамыр – 25 мамыр | |
ІІІ мерзім (бұршақ + сұлы + арпа, суданка шөбі + бұршақ, сұлы + бұршақ) | 8 маусымға дейін | 8 маусым – 10 маусым | |
IV мерзім (зәйтүн, сұлы) | 8 шілдеге дейін | 8 шілде – 10 шілде | |
Көп жылдық шөптер: | |||
І мерзім (жоңышқа, түйе бұршақ, бидайық, эспарцет, козлятник, кострец) | 5 мамырға дейін | 5 мамыр – 15 мамыр | |
ІІ мерзім (жоңышқа, түйе бұршақ, бидайық, эспарцет, козлятник, кострец) | 5 шілдеге дейін | 5 шілде – 20 шілде | |
Күздік қара бидай (жасыл азыққа) | 10 тамызға дейін | 10 тамыз – 15 тамыз |