Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Исатай ауданы әкімдігінің 26.05.2014 № 84 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 28-бабы 6 тармағы негізінде және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабын басшылыққа алып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп, Забурын селолық округі әкіміне кандидаттарға үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орыны белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау "Исатай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы Н. Мусинге жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы М. Өтеғалиев
КЕЛІСІЛДІ:
Исатай аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы Б. Қарабаев
2014 жылғы 8 сәуір
Аудан әкімдігінің
2014 жылғы 9 сәуірдегі № 68
қаулысына қосымша
Забурын селолық округі әкіміне кандидаттарға үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орыны
№ |
Елді мекеннің атауы |
Орналасқан жері |
1 |
Зинеден селосы |
Жастар көшесінің бойында орналасқан ақпараттық тақта |