Аудандық бюджет есебінен қаржыландырылатын азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 2 маусымдағы № 289 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 16 маусымда № 2933 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 8 қаңтардағы № 8 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің 08.01.2016 № 8 қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек Кодексінің 18 бабының 2) тармақшасына, 238 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына және Құрманғазы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 16 шілдедегі № 186-V "Ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесімен келісу туралы" шешіміне сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес аудандық бюджет есебінен қаржыландырылатын азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі айқындалсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж. Бектемировке жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі А. Баракатов
      "Келісілді"
Құрманғазы аудандық мәслихатының
ХVІІ сессиясының төрағасы
Ш. Жәлелов
      30.05. 2014 жыл
      Құрманғазы аудандық
мәслихатының хатшысы
Р. Сұлтанияев
      30.05.2014 жыл

  Аудан әкімдігінің 2014 жылғы 02 маусым № 289 қаулысына қосымша

Аудандық бюджет есебінен қаржыландырылатын азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
Әлеуметтік қамсыздандыру мамандары лауазымдары:

      мамандар (бас, аға), оның ішінде: күтiм жөнiндегi әлеуметтiк қызметкер, әлеуметтiк жұмыс жөнiндегi маман.

Білім беру мамандары лауазымдары:

      мемлекеттiк мекеме және қазыналық кәсiпорын басшысы (мектепке дейінгі мемлекеттік мекемеден және қазыналық кәсіпорыннан басқа);
      мектепке дейiнгi мемлекеттiк мекеменің және қазыналық кәсiпорынның басшысы;
      жалпы орта бiлiм беретiн мектептердiң, мектеп-интернаттардың және бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта, техникалық және орта бiлiмнен кейiнгi білім, қосымша бiлiм берудің басқа да ұйымдарындағы директордың (бастықтың) оқу iсi, оқу - тәрбие, тәрбие жұмыстары жөнiндегi орынбасары;
      әдістемелік кабинет басшысы;
      интернат, кітапхана, шеберхана меңгерушісі;
      мамандар (бас, аға), оның ішінде: барлық мамандықтағы мұғалімдер мен дәрігерлер, тәрбиеші, әдістемеші, үйірме жетекшісі, музыкалық жетекші, алғашқы әскери даярлық жетекшісі, қосымша білім педагогы, жетекші, нұсқаушы, өндірістік оқыту шебері, еңбек жөніндегі нұсқаушы (білім беру ұйымдарында), әлеуметтік педагог, психолог, педагог-ұйымдастырушы, тілдері мүкіс балалармен жұмыс істейтін мұғалім (оқу орындарындағы тілдері мүкіс балалармен жұмыс істейтін мұғалім), кеміс балалармен жұмыс істейтін мұғалім (дефектолог), педагог-психолог, медициналық бике, кітапханашы, емдәм бикесі.

Мәдениет мамандары лауазымдары:

      мемлекеттiк мекеме мен қазыналық кәсiпорын басшысы;
      мемлекеттiк мекеме мен қазыналық кәсiпорын басшысының орынбасары;
      мемлекеттiк мекеме мен қазыналық кәсiпорын бөлімшесінің, филиалының басшысы;
      көркемдік жетекші;
      кітапхана, клуб меңгерушісі;
      әдістемелік кабинеттің әдістемешісі;
      мамандар (бас, аға): оның ішінде: аккомпаниатор, әртіс, кітапханашы, редактор, режиссер, менеджер, солист, библиограф, режиссердің көмекшісі, дыбыс режиссері, мәдени ұйымдастырушы, әдістемеші, барлық атаудағы суретшілер, дирижер, концертмейстер, музыкалық жетекші, үйірме жетекшісі.

Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования и культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности, финансируемых из бюджета района

Постановление Курмангазинского районного акимата Атырауской области от 2 июня 2014 года № 289. Зарегистрировано Департаментом юстиции Атырауской области 16 июня 2014 года № 2933. Утратило силу постановлением Курмангазинского районного акимата Атырауской области от 8 января 2016 года № 4

      Сноска. Утратило силу постановлением Курмангазинского районного акимата Атырауской области от 08.01.2016 № 4.
      Примечание РЦПИ:
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.
      В соответствии с подпунктом 2) статьи 18, пункта 3 статьи 238 Трудового Кодекса Республики Казахстан от 15 мая 2007 года, статьей 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и решением Курмангазинского районного маслихата от 16 июля 2013 года № 186-V "О согласовании перечня должностей специалистов социального обеспечения, образования и культуры, работающих в сельской местности", районный акимат ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Определить перечень должностей специалистов в области социального обеспечения, образования и культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности, финансируемых из бюджета района, согласно приложению к настоящему постановлению.
      2. Контроль за исполнением данного постановления возложить на заместителя акима района Ж. Бектемирова.
      3. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Аким района А. Баракатов
      "Согласовано"
Председатель ХVІІ сессии
Курмангазинского районного маслихата
Ш. Жалелов
      30.05.2014 год
      Секретарь Курмангазинского
районного маслихата
Р. Султанияев
      30.05.2014 год

  Приложение к постановлению акимата района от 02 июня 2014 года № 289

Перечень должностей специалистов в области социального обеспечения, образования и культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности финансируемых из бюджета района
Должности специалистов социального обеспечения:

      специалисты (главные, старшие), в том числе: социальный работник по уходу, специалист по социальной работе.

Должности специалистов образования:

      руководитель государственного учреждения и казенного предприятия (кроме дошкольного государственного учреждения и казенного предприятия);
      руководитель дошкольного государственного учреждения и казенного предприятия;
      заместитель директора (начальника) по учебной, учебно-воспитательной, воспитательной работе общеобразовательных школ, школ-интернатов и других организаций начального, основного среднего, общего среднего, технического, послесреднего, дополнительного образования;
      руководитель методического кабинета;
      заведующий: интернатом, библиотекой, мастерской;
      специалисты (главные, старшие), в том числе: учителя и врачи всех специальностей, воспитатель, методист, руководитель кружка, музыкальный руководитель, руководитель начальной военной подготовки, педагог дополнительного образования, вожатый, инструктор, мастер производственного обучения, инструктор по труду (в организациях образования), социальный педагог, психолог, педагог-организатор, учитель-логопед (логопед в учебном заведении), учитель-дефектолог, педагог-психолог, медицинская сестра, библиотекарь, диетическая сестра,

Должности специалистов культуры:

      руководитель государственного учреждения и казенного предприятия;
      заместитель руководителя государственного учреждения и казенного предприятия;
      руководитель подразделения, филиала государственного учреждения и казенного предприятия;
      художественный руководитель;
      заведующий: библиотекой, клубом;
      методист методического кабинета;
      специалисты (главные, старшие), в том числе: аккомпаниатор, артист, библиотекарь, редактор, режиссер, менеджер, солист, библиограф, помощник режиссера, звукорежиссер, культорганизатор, методист, художники всех наименований, дирижер, концертмейстер, музыкальный руководитель, руководитель кружка.