Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 18.11.2015 № 354 қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-бабының 1 тармағының 17-3) тармақшасына және «Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 9 тамыздағы № 814 қаулысына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының төмендегі тізбесі бекітілсін:
Жануарлардың бірнеше түріне ортақ аурулар – пироплазмоздар, тейлериоздар;
Жылқы аурулары – нутталлиоз;
Түйе аурулары – су-ауру.
2. «Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
2) осы қаулының Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Б.Оспановқа жүктелсін.
Облыс әкімі А.Мырзахметов
Оспанов Б.
Жилкишиев Б.
Бектаев А.
Каныбеков С.
Садыр Е.
Туякбаев С.
Абдуллаев А.
Исаева Р.