"Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 402 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 23 қаңтарда № 2971 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2016 жылғы 16 мамырдағы № 136 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 16.05.2016 № 136 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27 бабының 2-тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы Жарлығына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес "Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
      2. "Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
      1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберуді;
      2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының басшысы Б.Жылқышиевқа жүктелсін.
      Облыс әкімі А.Мырзахметов
      Б.Оспанов
      Б.Жылқышиев
      Е.Айтаханов
      С.Қаныбеков
      Е.Садыр
      С.Тұяқбаев
      А.Абдуллаев
      Р.Исаева

  Оңтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің 2014 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 402 қаулысына қосымша

"Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты"
мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер

      1. "Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі мен әкімдігінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.
      2. "Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. "Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
      6. "Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеменің, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, облыс әкімі және әкімдігі атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен "Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
      8. "Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.
      9. "Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Нұрсәт тұрғын үй алабы, Астана даңғылы, 10-құрылыс, пошталық индексі 160023.
      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 09.09.2015 № 267 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
       10. Мемлекеттік органның толық атауы – "Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы ереже "Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметiн каржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен "Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2. Мемлекеттiк органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi,
функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

      14. Миссиясы:
      "Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі мен әкімдігінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді, аудан және қала әкімдері мен әкімдіктерінің, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың қызметін үйлестіруді жүзеге асырады.
      15. Мiндеттерi:
      1) облыс әкімі және әкімдігінің қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз ету;
      2) облыс әкімі және әкімдігінің қызметін құқықтық қамтамасыз ету;
      3) облыс әкімі және әкімдігінің қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету.
      16. Функциялары:
      Мына:
      1) мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастар;
      2) облыс шегінде жергілікті маңызы бар міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін реттеу, іске асыру және (немесе) бақылау функцияларын жүзеге асыру;
      3) атқарушылық биліктің мемлекеттік саясатын облысты дамыту мүдделерімен және қажеттіліктерімен үйлесімдікте жүргізуді қамтамасыз ету;
      4) тиiстi адамдарды мемлекеттiк наградалармен марапаттау, оларға құрметтi және өзге де атақтар беру туралы Қазақстан Республикасының Президентiне ұсыныс енгiзу;
      5) облыстық мәслихатқа "Облыстың құрметті азаматы" атағын беруге ұсыныс енгізу;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен лауазымды адамдарды қызметіне тағайындау және қызметiнен босату;
      7) облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар басшыларына, сондай-ақ аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) әкiмдерiне Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәртiптiк жауапкершiлiк шараларын қолдану;
      8) аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкiмдіктер мен әкiмдер жұмысын үйлестiру;
      9) аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкiмдерi арқылы жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасау;
      10) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін жергілікті мемлекеттік басқарудың базалық құрылымдары негізінде қалыптастырылған облыстың басқару схемасын облыстық мәслихаттың бекiтуiне енгiзу;
      11) Қазақстан Республикасының қорғаныс және Қарулы Күштер туралы, әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелерi жөнiндегi, сондай-ақ азаматтық қорғау саласындағы заңнамасының орындалуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
      12) кәсiпорындарды, кен орындарын және мемлекеттiк меншiктiң басқа да объектiлерiн жекешелендiру, жалға беру, сату мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының уәкiлеттi мемлекеттiк органымен тең дәрежеде келiсiм-шарттарға қол қоюға, сондай-ақ олардың орындалуын бақылауға қатысу;
      13) төмен тұрған әкімдердің қызметін бақылауды жүзеге асыру;
      14) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында мемлекеттік саясатты жүргізуді қамтамасыз ету;
      15) әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзiрлеуді, облысты дамыту бағдарламасын мәслихаттың бекiтуiне ұсыну және оның орындалуын қамтамасыз ету;
      16) атқарушы билiктің мемлекеттiк саясатын облысты дамыту мүдделері және қажеттіліктерімен үйлесімдікте жүргізуді қамтамасыз ету;
      17) жергілікті маңызы бар міндеттерді шешуді және облыс аумағындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ететін нормативтік құқықтық актілерді қабылдау;
      18) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда облыс аумағының шегінде жеке және заңды тұлғалардың қызметін бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру;
      19) облыстық коммуналдық меншiктi басқару, оны қорғау жөнiндегi шараларды жүзеге асыру;
      20) азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық актiлерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдесу;
      21) облыстың аумағында кәсiпкерлiк қызмет пен инвестициялық ахуалды дамыту үшiн жағдай жасау;
      22) аграрлық сектордың ұтымды және тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
      23) Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес жер қатынастарын реттеудi жүзеге асыру;
      24) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес су қатынастарын реттеуді жүзеге асыру;
      25) табиғат қорғау іс-шараларын жүргізу, табиғат пайдалануды реттеу;
      26) облыстық маңызы бар жолдарды салуды, ұтымды пайдалануды және күтiп ұстауды қамтамасыз ету;
      27) ұлттық стандарттардың сақталуын қамтамасыз ету;
      28) облыстың аумағында қоғамдық тәртiп пен қауiпсiздiктiң сақталуын қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
      29) Қазақстан Республикасының көлік саласындағы заңнамасына сәйкес жолаушылар тасымалын ұйымдастыру;
      30) денсаулық сақтау саласындағы іс-шараларды және белгіленген ұлттық стандарттарды сақтай отырып, азаматтардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне құқықтарының іске асырылуын қамтамасыз ету;
      31) азаматтардың тегiн білiм алу құқығын iске асыруды қамтамасыз ету;
      32) халықтың әлеуметтiк жағынан дәрменсiз топтарына әлеуметтiк көмек көрсетудi үйлестiру;
      33) тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, халықтың тарихи, ұлттық және мәдени салт-дәстүрлерін өркендетуге, дене шынықтыру мен спортты дамытуға жәрдемдесу;
      34) өздерінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша, оның ішінде жергілікті өзін-өзі басқаруды қалыптастыру және дамыту үшін құқықтық, ұйымдастырушылық жағдайлар жасау бойынша аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) әкімдіктерінің, қаладағы аудандар әкімдерінің жұмысын үйлестіру;
      35) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдерін тарта отырып, ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша консультациялық-кеңесшi органдар құру;
      36) мемлекеттiк мекемелер мен кәсiпорындар құру, облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың штат санының лимитiн, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін штат санының лимиті және нормативтері шегінде белгiлеу;
      37) "Облыстың құрметті азаматы" атағын беру ережесінің жобасын облыстық мәслихаттың бекітуіне ұсыну;
      38) терроризмге қарсы комиссиялар арқылы облыстың аумағында терроризм профилактикасы, сондай-ақ терроризм салдарларын барынша азайту және (немесе) жою жөніндегі қызметті ұйымдастыру;
      39) әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлардың профилактикасына, сондай-ақ облыс аумағында олардың зардаптарын барынша азайтуға және (немесе) жоюға қатысу;
      40) облыстық ассамблеяның ұйымдық құрылымын онда өңірдің ұлттық, әлеуметтік-мәдени және қоғамдық мүдделерін білдіру қажеттігін ескере отырып, Қазақстан халқы Ассамблеясының Хатшылығымен келісім бойынша айқындау;
      40-1) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың, сондай-ақ ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаларының сақталуын қамтамасыз ету;
      40-2) жергілікті атқарушы орган қызметінің бағыттарын ескере отырып, "электрондық үкiметтiң" архитектурасын дамыту жөніндегі талаптардың сақталуын және "электрондық әкімдіктің" үлгілік архитектурасының ендірілуін қамтамасыз ету;
      40-3) мемлекеттік органдардың мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарын және ақпараттық жүйелерін құру және дамыту;
      40-4) жергілікті атқарушы органдардың электрондық ақпараттық ресурстарының толықтырылуын жүзеге асыру, олардың анықтығын және жаңартылып отырылуын қамтамасыз ету;
      40-5) облыстардың "электрондық әкімдіктің" үлгілік архитектурасы негізінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен және сарапшылық кеңеспен келiсу бойынша мемлекеттік органның архитектурасын бекіту және оның іске асырылуын қамтамасыз ету;
      40-6) "электрондық үкіметтің" архитектуралық порталында мемлекеттік органның ақпараттық жүйелерін тіркеуді, мемлекеттік органның ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді есепке алуды, мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілерінің техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерін орналастыруды, сондай-ақ мемлекеттік органның ақпараттандыру объектілері туралы ақпараттың жаңартылып отырылуын қамтамасыз ету;
      40-7) өз интернет-ресурстарында мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыру, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құру мен ақпараттық жүйелерін дамыту жоспарлары және нәтижелері туралы жалпыға бірдей қолжетімді ақпаратты орналастыру;
      40-8) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде) және лицензиялық бағдарламалық қамтылымының баптау кешенін есепке алу және сақтау үшін "электрондық үкіметтің" сервистік интеграторына беруді қамтамасыз ету;
      40-9) техникалық құжаттаманың қағаз жеткізгіштердегі түпнұсқаларын сақтауды қамтамасыз етеді және оларды "электрондық үкiметтiң" сервистік интеграторына оның сұрау салуы бойынша ұсыну;
      40-10) ақпараттық жүйелерді құру немесе дамыту кезінде стандартты шешімдерді пайдалануды жүзеге асыру;
      40-11) мемлекеттік органдардың мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарына және ақпараттық жүйелеріне жеке және заңды тұлғалардың қоғамдық қол жеткізу пункттерін, оның ішінде осы қол жеткізуді ұйымдастыру үшін тұрғын емес үй-жайларды бөлу жолымен ұйымдастыру;
      40-12) цифрлық сауаттылықты арттыру үшін жағдай жасау;
      40-13) ашық деректердің интернет-порталында қазақ және орыс тілдерінде ашық деректерді орналастыру;
      40-14) мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында интернет-ресурстарды орналастыру, сондай-ақ олардың анықтығын және жаңартылып отырылуын қамтамасыз ету;
      40-15) уәкілетті органмен келісу бойынша ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесін бекіту;
      40-16) ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтердің каталогына сәйкес оператордан ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
      41) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетін өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру мәселелері бойынша облыс әкiмнiң және әкімдігінің қызметiн қамтамасыз ету.
      Ескерту. 16-тармаққа өзгерістер енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 05.02.2016 № 32 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) мемлекеттік органдардан, аудан және қала әкімдерінен қажетті ақпаратты сұратуға және алуға, сондай-ақ өз құзыры шегінде оларға орындалуы міндетті тапсырмалар беруге;
      2) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілері мен тапсырмаларының, облыс әкімдігі қаулыларының, облыс әкімі шешімдері мен өкімдерінің, облыс әкімі және оның орынбасарлары тапсырмаларының орындалуына талдау жүргізуге, анықталған заң бұзушылықтарды, оларды орындамау себептері мен жағдайларын жою жөнінен шаралар қабылдауға;
      3) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардың билігіндегі ақпараттық деректер жиынтығын пайдалануға;
      4) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік көлік құралдарын, байланыс және коммуникациялар жүйелерін пайдалануға;
      5) заңнамада белгіленген тәртіппен облыс әкімдігі мен әкімі қарайтын мәселелерді дайындауға және шешуге қатысуға аппараттың, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың қызметкерлерін, кәсіпорындар мен ұйымдардың өкілдерін тартуға.

3. Мемлекеттiк органның қызметiн ұйымдастыру

      18. "Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемеге жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын "Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеме басшысы жүзеге асырады.
      19. "Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысын қолданыстағы заңнамаларға сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. "Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі басшысының Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      21. Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:
      1) "Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелген мақсаттарды іске асыруды ұйымдастырады;
      2) өз құзыреті шегінде "Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
      3) "Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат кестесін, оның құрылымдық бөлімшелері туралы ережені бекітеді;
      4) "Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіндегі "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін мемлекеттік лауазымдарға тағайындайды және мемлекеттік лауазымдардан босатады;
      5) "Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің тәртіптік және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
      6) қызметтік тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
      7) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған жұмыскерлерді қоспағанда, "Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілерін іссапарға жіберу, оларға демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, оларды даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар белгілеу мәселелерін шешеді;
      8) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған жұмыскерлерді қоспағанда, "Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілерінің тәртіптік жауаптылығы мәселелерін шешеді;
      9) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;
      10) Оңтүстік Қазақстан облысының жергілікті атқарушы және өкілді органдары қабылдаған шешімдердің орындалу барысын бақылайды;
      11) "Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі атынан сенімхатсыз іс-қимыл жасайды;
      12) заңнамамен белгіленген жағдайлар мен шектерде "Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкіне билік етеді;
      13) шарттар жасасады және сенімхаттар береді;
      14) банктік шоттар ашады;
      15) бұйрықтар шығарады және "Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің орындаулары үшін міндетті нұсқаулар береді;
      16) мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеуге басшылық жасайды;
      17) "Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің азаматтық қызметшілерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қабылдау, босату, оларға қатысты тәртіптік жаза белгілеу және көтермелеу жөнінде бұйрықтар шығарады;
      18) Қазақстан Республикасының заңдарында және өзге де нормативтік құқықтық актілерінде жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      "Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 28.12.2015 № 439 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
       22. "Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы өз орынбасарларының өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгiлейдi.
      23. "Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын аппарат басшысы басқарады.

4. Мемлекеттiк органның мүлкi

      24. "Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкiн.
      "Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.
      25. "Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк облыстық коммуналдық меншiкке жатады.
      26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату

      27. "Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

"Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi

      Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының "Мемлекеттік қызметшілерді даярлау орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны.
      "Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының шаруашылық басқармасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
      Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі аппаратының "Мамандандырылған базасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының "Қоғамдық келісім" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Об утверждении Положения о государственном учреждении "Аппарат Акима Южно-Казахстанской области"

Постановление акимата Южно-Казахстанской области от 24 декабря 2014 года № 402. Зарегистрировано Департаментом юстиции Южно-Казахстанской области 23 января 2015 года № 2971. Утратило силу постановлением акимата Южно-Казахстанской области от 16 мая 2016 года № 136

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Южно-Казахстанской области от 16.05.2016 № 136.
      В соответствии с пунктом 2 статьи 27 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан от 1 марта 2011 года "О государственном имуществе" и Указом Президента Республики Казахстан от 29 октября 2012 года "Об утверждении Типового положения государственного органа Республики Казахстан", акимат Южно-Казахстанской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить Положение о государственном учреждении "Аппарат Акима Южно-Казахстанской области" согласно приложению к настоящему постановлению.
      2. Государственному учреждению "Аппарат Акима Южно-Казахстанской области" в порядке, установленном законодательными актами Республики Казахстан обеспечить:
      1) направление настоящего постановления на официальное опубликование в периодических печатных изданиях, распространяемых на территории Южно-Казахстанской области и информационно-правовой системе "Әділет";
      2) размещение настоящего постановления на Интернет-ресурсе акимата Южно-Казахстанской области.
      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на руководителя аппарата акима области Жилкишиева Б.
      Аким области А.Мырзахметов
      Оспанов Б.
      Жилкишиев Б.
      Айтаханов Е.
      Каныбеков С.
      Садыр Е.
      Туякбаев С.
      Абдуллаев А.
      Исаева Р.

  Приложение
к постановлению акимата
Южно-Казахстанской области
от 24 декабря 2014 года
№ 402

Положение
о государственном учреждении "Аппарат Акима Южно-Казахстанской области"
1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Аппарат Акима Южно-Казахстанской области" является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сферах информационно-аналитического, организационно-правового и материально-технического обеспечения деятельности акимата и акима Южно-Казахстанской области.
      2. Государственное учреждение "Аппарат Акима Южно-Казахстанской области" ведомств не имеет.
      3. Государственное учреждение "Аппарат Акима Южно-Казахстанской области" осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.
      4. Государственное учреждение "Аппарат Акима Южно-Казахстанской области" является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан счета в органах казначейства.
      5. Государственное учреждение "Аппарат Акима Южно-Казахстанской области" вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.
      6. Государственное учреждение "Аппарат Акима Южно-Казахстанской области" имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени акима и акимата области, если он уполномочен на это в соответствии с законодательством.
      7. Государственное учреждение "Аппарат Акима Южно-Казахстанской области" по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя государственного учреждения "Аппарат Акима Южно-Казахстанской области" и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.
      8. Структура и лимит штатной численности государственного учреждения "Аппарат Акима Южно-Казахстанской области" утверждаются в соответствии с действующим законодательством.
      9. Местонахождение государственного учреждения "Аппарат Акима Южно-Казахстанской области": Республика Казахстан, Южно-Казахстанская область, город Шымкент, Каратауский район, жилой массив Нурсат, проспект Астана, строение 10, почтовый индекс 160023.
      Сноска. Пункт 9 - в редакции постановления акимата Южно-Казахстанской области от 09.09.2015 № 267 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
       10. Полное наименование государственного органа – государственное учреждение "Аппарат Акима Южно-Казахстанской области".
      11. Настоящее Положение является учредительным документом государственного учреждения "Аппарат Акима Южно-Казахстанской области".
      12. Финансирование деятельности государственного учреждения "Аппарат Акима Южно-Казахстанской области" осуществляется из местного бюджета.
      13. Государственному учреждению "Аппарат Акима Южно-Казахстанской области" запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями государственного учреждения "Аппарат акима Южно-Казахстанской области".

2. Миссия, основные задачи, функции, права и обязанности
государственного органа

      14. Миссия:
      Государственное учреждение "Аппарат Акима Южно-Казахстанской области" осуществляет информационно-аналитическое, организационно-правовое и материально-техническое обеспечение деятельности акима и акимата Южно-Казахстанской области, координацию деятельности акиматов, акимов городов и районов, исполнительных органов, финансируемых из областного бюджета.
      15. Задачи:
      1) организационное обеспечение деятельности акима и акимата области;
      2) правовое обеспечение деятельности акима и акимата области;
      3) материально-техническое обеспечение деятельности акима и акимата области.
      16. Функции:
      Обеспечение деятельности акима и акимата области по вопросам:
      1) взаимодействия с государственными органами, организациями и гражданами;
      2) осуществления регулятивных, реализационных и (или) контрольных функций, обеспечивающих решение задач местного значения в пределах области;
      3) обеспечения проведения государственной политики исполнительной власти в сочетании с интересами и потребностями развития области;
      4) внесения Президенту Республики Казахстан представления о награждении государственными наградами, присвоении почетных и иных званий соответствующим лицам;
      5) внесения в маслихат области представлений на присвоение звания "Почетный гражданин области";
      6) назначения на должность и освобождения от должности должностных лиц в установленном законодательством Республики Казахстан порядке;
      7) применения к руководителям исполнительных органов, финансируемых из областного бюджета, а также к акимам районов (городов областного значения) мер дисциплинарной ответственности в соответствии с законодательством Республики Казахстан;
      8) координации работы районных (городов областного значения) акиматов и акимов;
      9) взаимодействия с органами местного самоуправления через акимов районов (городов областного значения);
      10) внесения на утверждение маслихата области схемы управления областью, сформированные на основе базовых структур местного государственного управления, утверждаемых Правительством Республики Казахстан;
      11) организации и обеспечения исполнения законодательства Республики Казахстан об обороне и Вооруженных Силах, по вопросам воинской обязанности и воинской службы, мобилизационной подготовки и мобилизации, а также в сфере гражданской защиты;
      12) участия в подписании контрактов, а также в контроле за их исполнением наравне с уполномоченным государственным органом Республики Казахстан по вопросам приватизации, аренды, продажи предприятий, месторождений и других объектов государственной собственности;
      13) осуществления контроля за деятельностью нижестоящих акимов;
      14) обеспечения проведения государственной политики в области энергосбережения и повышения энергоэффективности;
      15) разработки прогноза социально-экономического развития, представления на утверждение маслихата программы развития области и обеспечения ее исполнения;
      16) обеспечения проведения государственной политики исполнительной власти в сочетании с интересами и потребностями развития области;
      17) принятия нормативных правовых актов, обеспечивающих решение задач местного значения и реализацию государственной политики на территории области;
      18) осуществления контроля и надзора за деятельностью физических и юридических лиц в пределах территории области в случаях, установленных законами Республики Казахстан;
      19) управления областной коммунальной собственностью, осуществления мер по ее защите;
      20) содействия исполнению гражданами и организациями норм Конституции Республики Казахстан, законов, актов Президента и Правительства Республики Казахстан, нормативных правовых актов центральных и местных государственных органов;
      21) создания условий для развития предпринимательской деятельности и инвестиционного климата на территории области;
      22) обеспечения рационального и эффективного функционирования аграрного сектора;
      23) осуществления регулирования земельных отношений в соответствии с земельным законодательством Республики Казахстан;
      24) осуществления регулирования водных отношений в соответствии с законодательством Республики Казахстан;
      25) проведения природоохранных мероприятий, регулирования природопользования;
      26) обеспечения строительства, рациональной эксплуатации и содержания дорог областного значения;
      27) обеспечения соблюдения национальных стандартов;
      28) организации обеспечения охраны общественного порядка и безопасности на территории области;
      29) организации перевозки пассажиров в соответствии с законодательством Республики Казахстан в сфере транспорта;
      30) обеспечения мероприятий в области здравоохранения и реализации гражданами права на гарантированный объем бесплатной медицинской помощи с соблюдением установленных национальных стандартов;
      31) обеспечения реализации гражданами права на бесплатное образование;
      32) координации оказания социальной помощи социально уязвимым слоям населения;
      33) организации работы по охране и использованию историко-культурного наследия, содействия развитию исторических, национальных и культурных традиций и обычаев населения, развитию физической культуры и спорта;
      34) координации работы районных (городов областного значения) акиматов, акимов районов в городе по вопросам, входящим в их компетенцию, в том числе по созданию правовых, организационных условий для становления и развития местного самоуправления;
      35) образования консультативно-совещательных органов по вопросам межведомственного характера с привлечением представителей Национальной палаты предпринимателей Республики Казахстан по вопросам, затрагивающим интересы субъектов частного предпринимательства, согласно законодательству Республики Казахстан;
      36) создания государственных учреждений и предприятий, установлению лимита штатной численности исполнительных органов, финансируемых из областного бюджета в пределах лимита и нормативов штатной численности, утверждаемых Правительством Республики Казахстан;
      37) представления на утверждение маслихата области проекта правил присвоения звания "Почетный гражданин области";
      38) организации деятельности по профилактике терроризма, а также минимизации и (или) ликвидации последствий терроризма на территории области через антитеррористические комиссии;
      39) профилактики чрезвычайных ситуаций социального характера, а также минимизации и (или) ликвидации их последствий на территории области;
      40) определения организационной структуры ассамблеи области с учетом необходимости представительства в ней национальных, социально-культурных и общественных интересов региона по согласованию с Секретариатом Ассамблеи народа Казахстана;
      40-1) обеспечения соблюдения единых требований в области информационно-коммуникационных технологий и обеспечения информационной безопасности, а также правил реализации сервисной модели информатизации;
      40-2) обеспечения соблюдения требований по развитию архитектуры "электронного правительства" и внедрения типовой архитектуры "электронного акимата" с учетом направлений деятельности местного исполнительного органа;
      40-3) создания и развития государственных электронных информационных ресурсов и информационных систем государственных органов;
      40-4) осуществления наполнения, обеспечения достоверности и актуальности электронных информационных ресурсов местных исполнительных органов;
      40-5) утверждения на основании типовой архитектуры "электронного акимата" архитектуры государственного органа по согласованию с уполномоченным органом по государственному планированию и экспертным советом и обеспечения ее реализации;
      40-6) обеспечения регистрации информационных систем государственного органа, учета сведений об объектах информатизации государственного органа, размещения электронных копий технической документации объектов информатизации государственного органа, а также актуализации информации об объектах информатизации государственного органа на архитектурном портале "электронного правительства";
      40-7) размещения общедоступной информации о планах и результатах формирования государственных электронных информационных ресурсов, создания информационных систем и развития информационных систем государственных органов на своих интернет-ресурсах;
      40-8) обеспечения передачи сервисному интегратору "электронного правительства" для учета и хранения разработанного программного обеспечения, исходных программных кодов (при наличии) и комплекса настроек лицензионного программного обеспечения информационных систем государственных органов;
      40-9) обеспечения хранения оригиналов технической документации на бумажных носителях и представления их сервисному интегратору "электронного правительства" по его запросу;
      40-10) осуществления использования стандартных решений при создании или развитии информационных систем;
      40-11) организации пунктов общественного доступа физических и юридических лиц к государственным электронным информационным ресурсам и информационным системам государственных органов, в том числе путем выделения нежилых помещений для организации данного доступа;
      40-12) создания условий для повышения цифровой грамотности;
      40-13) размещения открытых данных на казахском и русском языках на интернет-портале открытых данных;
      40-14) размещения интернет-ресурсов на единой платформе интернет-ресурсов государственных органов, а также обеспечения их достоверности и актуализации;
      40-15) утверждения перечня открытых данных, размещаемого на интернет-портале открытых данных по согласованию с уполномоченным органом;
      40-16) приобретения информационно-коммуникационных услуг у оператора в соответствии с каталогом информационно-коммуникационных услуг;
      41) осуществления иных полномочий в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      Сноска. Пункт 16 с изменениями, внесенными постановлением акимата Южно-Казахстанской области от 05.02.2016 № 32 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).
      17. Права и обязанности:
      1) запрашивать и получать от государственных органов, акимов районов и городов необходимую информацию, а также давать, в пределах своей компетенции, им обязательные к исполнению поручения;
      2) проводить анализ исполнения актов и поручений Президента Республики Казахстан, Правительства Республики Казахстан, постановлений акимата области, решений, распоряжений и поручений акима области, его заместителей, принимать меры по устранению выявленных нарушений законодательства, причин и условий их неисполнения;
      3) в установленном законодательством порядке пользоваться информационными банками данных, имеющихся в распоряжении государственных органов;
      4) в установленном законодательством порядке использовать государственные транспортные средства, системы связи и коммуникаций;
      5) в установленном законодательством порядке привлекать работников аппарата, исполнительных органов, финансируемых из областного бюджета, представителей предприятий и организаций к участию в подготовке и решению вопросов, рассматриваемых акиматом и акимом области.

3. Организация деятельности государственного органа

      18. Руководство государственным учреждением "Аппарат Акима Южно-Казахстанской области" осуществляется руководителем государственного учреждения "Аппарат Акима Южно-Казахстанской области", который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на государственное учреждение "Аппарат Акима Южно-Казахстанской области" задач и осуществление им своих функций.
      19. Руководитель государственного учреждения "Аппарат Акима Южно-Казахстанской области" назначается на должность и освобождается от должности акимом Южно-Казахстанской области, в соответствии с действующим законодательством.
      20. Руководитель государственного учреждения "Аппарат Акима Южно-Казахстанской области" имеет заместителей, которые назначаются на должности и освобождаются от должностей в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      21. Полномочия руководителя государственного учреждения "Аппарат Акима Южно-Казахстанской области":
      1) организует реализацию целей, возложенных на государственное учреждение "Аппарат Акима Южно-Казахстанской области";
      2) организует, координирует и контролирует деятельность структурных подразделений государственного учреждения "Аппарат Акима Южно-Казахстанской области" в пределах своей компетенции;
      3) утверждает структуру и штатное расписание государственного учреждения "Аппарат Акима Южно-Казахстанской области", положение о его структурных подразделениях;
      4) назначает на государственные должности и освобождает от государственных должностей административных государственных служащих корпуса "Б" государственного учреждения "Аппарат Акима Южно-Казахстанской области";
      5) осуществляет общее руководство деятельностью дисциплинарной и конкурсной комиссий государственного учреждения "Аппарат Акима Южно-Казахстанской области";
      6) осуществляет контроль за соблюдением служебной дисциплины;
      7) решает вопросы командирования, предоставления отпусков, оказания материальной помощи, подготовки, переподготовки и повышения квалификации, поощрения, установления надбавок государственным служащим государственного учреждения "Аппарат Акима Южно-Казахстанской области", за исключением работников, вопросы трудовых отношений которых отнесены к компетенции вышестоящих должностных лиц;
      8) решает вопросы дисциплинарной ответственности государственных служащих государственного учреждения "Аппарат Акима Южно-Казахстанской области", за исключением работников, вопросы трудовых отношений которых отнесены к компетенции вышестоящих должностных лиц;
      9) обеспечивает исполнение требований законодательства Республики Казахстан о противодействии коррупции в пределах своей компетенции;
      10) контролирует ход исполнения решений, принятых местными исполнительными и представительными органами Южно-Казахстанской области;
      11) без доверенности действует от имени государственного учреждения "Аппарат Акима Южно-Казахстанской области";
      12) в случаях и пределах, установленных законодательством, распоряжается имуществом государственного учреждения "Аппарат Акима Южно-Казахстанской области";
      13) заключает договоры и выдает доверенности;
      14) открывает банковские счета;
      15) издает приказы и дает указания, обязательные для исполнения работниками государственного учреждения "Аппарат Акима Южно-Казахстанской области";
      16) осуществляет руководство разработкой квалификационных требований к административным государственным должностям;
      17) издает приказы по приему, увольнению, применению дисциплинарных взысканий и поощрению гражданских служащих государственного учреждения "Аппарат Акима Южно-Казахстанской области", в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан;
      18) осуществляет иные полномочия, возложенные законами и иными нормативными правовыми актами Республики Казахстан.
      Исполнение полномочий руководителя государственного учреждения "Аппарат Акима Южно-Казахстанской области" в период его отсутствия осуществляется лицом, замещающим его в соответствии с действующим законодательством.
      Сноска. Пункт 21 - в редакции постановления акимата Южно-Казахстанской области от 28.12.2015 № 439 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
       22. Руководитель государственного учреждения "Аппарат Акима Южно-Казахстанской области" определяет полномочия своих заместителей в соответствии с действующим законодательством.
      23. Аппарат государственного учреждения "Аппарат Акима Южно-Казахстанской области" возглавляется руководителем аппарата, назначаемым на должность и освобождаемым от должности в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

4. Имущество государственного органа

      24. Государственное учреждение "Аппарат Акима Южно-Казахстанской области" может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.
      Имущество государственного учреждения "Аппарат Акима Южно-Казахстанской области" формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.
      25. Имущество, закрепленное за государственным учреждением "Аппарат Акима Южно-Казахстанской области", относится к областной коммунальной собственности.
      26. Государственное учреждение "Аппарат Акима Южно-Казахстанской области" не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. Реорганизация и упразднение государственного органа

      27. Реорганизация и упразднение государственного учреждения "Аппарат Акима Южно-Казахстанской области" осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

Перечень организаций, находящихся в ведении
государственного учреждения "Аппарат Акима Южно-Казахстанской области"

      Государственное коммунальное казенное предприятие "Центр подготовки государственных служащих" аппарата акима Южно-Казахстанской области.
      Товарищество с ограниченной ответственностью "Хозяйственное управление аппарата акима Южно-Казахстанской области".
      Коммунальное государственное учреждение "Специализированная база" аппарата акима Южно-Казахстанской области.
      Коммунальное государственное учреждение "Қоғамдық келісім" аппарата акима Южно-Казахстанской области.