Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қалаcы әкімі аппаратының 19.02.2015 № 3/15-900 хатымен).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 20 бабына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 Қаулысымен бекiтiлген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру ережесiнiң 8-тармағына сәйкес, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2014 жылы қоғамдық жұмыстар жүргiзiлетiн ұйымдардың тiзбесi, қоғамдық жұмыстардың түрлерi, көлемi және олардың қаржыландырудың көздерi қосымшаға сәйкес бекiтiлсін.
2. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға еңбекақы төлеу еңбек шартының негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі және орындалатын жұмыстың санына, сапасына және күрделілігіне байланысты болады.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы әкімдігінің 26.05.2014 № 919 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн қолданысқа енгiзiледi).
3. Осы қаулының орындалуын жүзеге асыру Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне /Ж.Ш.Байғонов/ жүктелсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Б.М.Нарымбетовке жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қала әкімі Д.Сатыбалды
Шымкент қаласы әкімдігінің
2014 жылғы 27 қаңтардағы
№ 45 қаулысымен бекітілген
2014 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі және олардың қаржыландырудың көздері
Ескерту. Қосымшаға өзгерістер енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы әкімдігінің 26.05.2014 № 919 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн қолданысқа енгiзiледi).
№ |
Ұйымдардың атауы |
Жылына қоғамдық жұмысшыларға сұраныс, адам |
Қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдері |
Қаржыландыру көздері |
1. |
Шымкент қаласының Абай ауданы әкімінің аппараты |
360 |
Санитарлық - тазалық жұмыстары – 167250 шаршы метр |
Қалалық бюджет |
2. |
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты |
320 |
Санитарлық - тазалық, көгалдандыру, көріктендіру жұмыстарын жүргізу – 120000 шаршы метр. Құжаттармен іс жүргізу – 2,5 мың құжат |
Қалалық бюджет |
3. |
Шымкент қаласы Еңбекші ауданы әкімінің аппараты |
280 |
Санитарлық - тазалық, көгалдандыру, көріктендіру жұмыстарын жүргізу - 283700 шаршы метр. Құжаттармен іс жүргізу – 1,5 мың құжат |
Қалалық бюджет |
4. |
«Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
50 |
Құжаттарды рәсімдеуге көмек көрсету, курьерлік жұмыстар, факс жіберу – 50 мың құжат |
Қалалық бюджет |
5. |
«Шымкент қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
10 |
Құжаттармен жұмыс жасау – 600 құжат, кадастрлық базамен жұмыс жүргізу – 600 құжат, мекен-жай базасымен жұмыс жүргізу – 1 мың құжат |
Қалалық бюджет |
6. |
«Шымкент қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
5 |
Игерілмеген жерлерді анықтау бойынша жұмыс жүргізу, ескерту хаттарын дайындау және жіберу, кіріс-шығыс құжаттармен жұмыс жүргізу |
Қалалық бюджет |
7. |
«Шымкент қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
5 |
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңын насихаттау жұмыстарына көмек көрсету – 23 көше, 2183 коммерциялық құрылымдар |
Қалалық бюджет |
8. |
«Шымкент қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
6 |
Құжаттарды рәсімдеуге көмек көрсету – 30 мың құжат, әдістемелік жұмыстар жүргізу |
Қалалық бюджет |
9. |
«Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі |
10 |
Ағымдағы құжаттардың жұмысына көмектесу – 25 мың құжат, курьерлік жұмыстар |
Қалалық бюджет |
10. |
«Шымкент қаласының тұрғын үй коммуналдық – шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
10 |
Мұрағат құжаттарымен жұмыс жүргізуге көмек көрсету – 45 мың құжат |
Қалалық бюджет |
11. |
«Тұрғын үй Шымкент» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
18 |
Хабарламаларды жеткізу, келісім шарттарын және түбіртектерін тұрғындарға жеткізу – 37 көпқабатты үйлер |
Қалалық бюджет |
12. |
«Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Салық департаментінің Шымкент қаласы бойынша салық басқармасы» мемлекеттік мекемесі |
17 |
Салық әкімшілігін жүргізу, азаматтардан түскен арыз және өтініштер бойынша курьерлік жұмыс жүргізу – 25 мың құжат |
Қалалық бюджет |
13. |
«Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Салық департаментінің Абай ауданы бойынша салық басқармасы» мемлекеттік мекемесі |
40 |
55 мың жер салығының, 56 мың мүлік салығының, 65 мың көлік салығының хабарламасын тарату |
Қалалық бюджет |
14. |
«Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Салық департаментінің Әл-Фараби ауданы бойынша салық басқармасы» мемлекеттік мекемесі |
15 |
Хабарламаларды мекен-жайы бойынша тарату – 8547 заңды тұлғалар, 94674 жеке тұлғалар |
Қалалық бюджет |
15. |
«Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Салық департаментінің Еңбекші ауданы бойынша салық басқармасы» мемлекеттік мекемесі |
35 |
Салық төлеушілерге жер, мүлік және көлік салықтарының хабарламаларын тарату – 137202 жеке тұлғалар |
Қалалық бюджет |
16. |
Шымкент қаласының ішкі істер басқармасының Абай аудандық полиция бөлімі |
200 |
«Консьерж-Сақшы» бағдарламасы бойынша көмек көрсету, аймақтық полиция қызметкерлеріне көмек беру, жазасын өтеп шыққан азаматтармен жұмыс жасау, құқық бұзушылықты алдын алу жұмыстарын жүргізу – 432 көпқабатты үйлер 23538 жеке үйлер |
Қалалық бюджет |
17. |
Шымкент қаласының ішкі істер басқармасының Әл-Фараби аудандық полиция бөлімі |
200 |
«Консьерж-Сақшы» бағдарламасы бойынша көмек көрсету, аймақтық полиция қызметкерлеріне көмек беру, жазасын өтеп шыққан азаматтармен жұмыс жасау, құқық бұзушылықты алдын алу жұмыстарын жүргізу – 808 көпқабатты үйлер 25216 жеке үйлер |
Қалалық бюджет |
18. |
Шымкент қаласының ішкі істер басқармасының Еңбекші аудандық полиция бөлімі |
200 |
«Консьерж-Сақшы» бағдарламасы бойынша көмек көрсету, аймақтық полиция қызметкерлеріне көмек беру, жазасын өтеп шыққан азаматтармен жұмыс жасау, құқық бұзушылықты алдын алу жұмыстарын жүргізу – 554 көпқабатты үйлер 19670 жеке үйлер |
Қалалық бюджет |
19. |
Шымкент қалалық ішкі істер басқармасының әкімшілік полиция бөлімі |
5 |
Кіріс және шығыс тіркеу және тігу – 2,5 мың құжат |
Қалалық бюджет |
20. |
Оңтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасы |
6 |
Аумақты көріктендіру және көгалдандыру - 0,96 гектар, ғимаратта қызмет көрсету - 3500 шаршы метр |
Қалалық бюджет |
21. |
Шымкент қаласы Абай аудандық прокуратурасы |
1 |
Ғимаратта қызмет көрсету – 1980 шаршы метр |
Қалалық бюджет |
22. |
Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық прокуратурасы |
1 |
Тазалық жұмыстары – 1980 шаршы метр |
Қалалық бюджет |
23. |
Шымкент қаласы Еңбекші аудандық прокуратурасы |
2 |
Аумақты көріктендіру және көгалдандыру - 033 гектар, ғимаратта қызмет көрсету - 1606 шаршы метр |
Қалалық бюджет |
24. |
«Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті» мемлекеттік мекемесі |
15 |
Зейнетақы, жәрдемақы істері бойынша мүгедектердің іс - құжаттарын дайындау - 270 мың құжат |
Қалалық бюджет |
25. |
«Қазақстан Республикасы табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесі |
5 |
Азаматтардан түскен өтініштері бойынша құжаттармен жұмыс жасауға, құжаттарды жүйелендіруге және тігуге, компьютерлік базаға мәліметтерді енгізуге көмек көрсету – 40 мың құжат |
Қалалық бюджет |
26. |
Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының кеңсесі |
100 |
Азаматтардан түскен өтініштері бойынша құжаттармен жұмыс жасауға, құжаттарды жүйелендіруге және тігуге, компьютерлік базаға мәліметтерді енгізуге көмек көрсету – 15 мың құжат |
Қалалық бюджет |
27. |
«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы сот актілерін орындау департаменті» мемлекеттік мекемесі |
20 |
Азаматтардан түскен өтініштері бойынша құжаттармен жұмыс жасауға, құжаттарды жүйелендіруге және тігуге, компьютерлік базаға мәліметтерді енгізуге көмек көрсету – 28 мың құжат |
Қалалық бюджет |
28. |
«Оңтүстік Қазақстан облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі |
10 |
Мекеме аумағын тазарту – 5216 шаршы метр. Мекеме аумағын күзету – 5216 шаршы метр |
Қалалық бюджет |
29. |
«Нұр Отан» париясы Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы |
4 |
Азаматтардан келіп түскен арыз-шағымдармен жұмыс жүргізу – 6 мың арыз-шағым |
Қалалық бюджет |
30. |
«Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалы |
25 |
Өтініштер бойынша жұмыс жүргізу – 500 өтініш, партиялық жұмыстарды ұйымдастыруда құжаттарды реттеу -1000 құжат |
Қалалық бюджет |
31. |
«Шымкент мемлекеттік зоологиялық саябағы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны |
15 |
Саябақ аумағын тазарту, көшеттер егу, жасыл желектерді қарау және суғару, қурағандардан тазарту – 180 шаршы метр |
Қалалық бюджет |
32. |
«ЖилКомХоз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
216 |
Ішкі орам аулалық аймақтарды қоқыстан тазарту жұмыстары – 43569 шаршы метр, 1751 көпқабатты үйлерге техникалық қызмет көрсету |
Қалалық бюджет |
33. |
«Байтерек - ЛБ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
50 |
Ішкі орам аулалық аймақтарды қоқыстан тазарту жұмыстары – 14523 шаршы метр, қала көшелерін санитарлық тазалау жұмыстары – 12046 шаршы метр, көріктендіру көгалдандыру жұмыстары – 632 шаршы метр |
Қалалық бюджет |
34. |
«ТеплоКом Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
50 |
Ішкі орам аулалық аймақтарды қоқыстан тазарту жұмыстары – 320215 шаршы метр |
Қалалық бюджет |
35. |
«Ару-Аналар» Оңтүстік Қазақстан облыстық көпбалалы аналар қоғамдық бірлестігі |
25 |
Құжаттарды рәсімдеуге техникалық көмек көрсету – 2000 құжат |
Қалалық бюджет |
36. |
«ЖҚТБ-нен балаларды қорғау» қайырымдылық қоғамдық қоры |
30 |
Ағымдағы құжаттардың жұмысына көмектесу – 5 мың құжат |
Қалалық бюджет |
37. |
«Қарулы Күштерінің Ардагерлері» Республикалық қоғамдық бірлестігі |
3 |
Мүгедек ардагерлерге үйлерінде күтім жасауға, азық-түлік және дәрі-дәрмектерін жеткізіп беруге, құжаттарын дайындауға көмек көрсету – 110 ардагер |
Қалалық бюджет |
38. |
«Қазақстан Республикасының ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің Оңтүстік Қазақстан облыстық аграрлық өнеркәсіп кешенінің бастауыш филиалы |
2 |
Мүгедек ардагерлерге үйлерінде күтім жасауға, азық-түлік және дәрі-дәрмектерін жеткізіп беруге, құжаттарын дайындауға көмек көрсету – 110 ардагер |
Қалалық бюджет |
39. |
«Қазақстан Республикасының ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің Шымкент қалалық филиалы |
4 |
Ардагерлердің құжаттарын ресімдеуде көмек көрсету – 155 бастауыш ардагерлер ұйымы |
Қалалық бюджет |
40. |
«Ардагерлер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы |
2 |
Ардагерлер кеңесінің әдістемелік іс-қағаздарын дайындау, спорттық іс-шараларын ұйымдастыру |
Қалалық бюджет |
41. |
«Арқау» қоғамдық қайырымдылық қоры |
5 |
Зағип мүгедектердің құжаттарын рәсімдеуге көмек көрсету -2000 құжат |
Қалалық бюджет |
42. |
«Шымкент қаласы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі |
6 |
Ағымдағы құжаттардың жұмысына көмектесу – 10 мың құжат, курьерлік жұмыстар |
Қалалық бюджет |
43. |
Алып тасталды - Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы әкімдігінің 26.05.2014 № 919 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн қолданысқа енгiзiледi). |
|||
44. |
«Шымкент қаласындағы мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігі |
12 |
Бөлмелерді тазалау - 100 шаршы метр алаң, құжаттармен жұмыс жасау – 6000 парақ |
Қалалық бюджет |
45. |
Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік палатасы |
12 |
Құжаттарды рәсімдеуге көмек көрсету, курьерлік жұмыстар, факс жіберу – 50 мың құжат |
Қалалық бюджет |
Барлығы: |
2415 |
Ескертпе: қоғамдық жұмыстардың нақты жағдайлары жұмыс берушімен және қоғамдық жұмысқа қатысатын азаматтың арасында жасалатын еңбек шартында көзделеді.