Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласы әкімдігінің 08.08.2014 № 01-3-1/5061 хатымен).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Қазақтан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2-тармағына және «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысына сәйкес, Кентау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Кентау қаласы бойынша 2014 жылға арналған субсидияланатын басым ауылшаруашылық дақылдарының түрлері бойынша егістіктің оңтайлы себу мерзімдері осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Е.Бектаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Кентау қаласының әкімі Ә.Мақұлбаев
Кентау қаласы әкімдігінің
2014 жылғы 11 сәуірдегі № 148
қаулысымен бекітілген
Кентау қаласы бойынша 2014 жылға арналған субсидияланатын басым ауылшаруашылық дақылдарының түрлері бойынша егістіктің оңтайлы себу мерзімдері
№ |
Дақылдар түрі |
Егістіктің оңтайлы себу мерзімдері |
Ескертпе |
|
басталуы |
аяқталуы |
|||
1 |
Жоңышқа |
28 сәуір |
10 мамыр |
Суармалы жер |
2 |
Мақсары |
28 сәуір |
15 мамыр |
Тәлімі жер |
3 |
Көкөніс және бақша өнімдері |
28 сәуір |
5 маусым |
Суармалы жер |
4 |
Жүгері |
30 сәуір |
25 мамыр |
Суармалы жер |
5 |
Мақта |
30 сәуір |
30 мамыр |
Суармалы жер |