Түркістан қалалық мәслихатының 2013 жылғы 14 наурыздағы № 12/81-V "Түркістан қаласы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерi мен тәртiбiн бекiту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қалалық мәслихатының 2014 жылғы 23 қаңтардағы № 23/136-V шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 12 ақпанда № 2527 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Түркiстан қалалық мәслихатының 2017 жылғы 27 қыркүйектегі № 19/113-VI шешiмiмен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қалалық мәслихатының 27.09.2017 № 19/113-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 және "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидаларын бекіту туралы" 2012 жылғы 26 маусымдағы № 856 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 1303 Қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Түркістан қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Түркістан қалалық мәслихатының 2013 жылғы 14 наурыздағы № 12/81-V "Түркістан қаласы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2255 нөмірімен тіркелген, 2013 жылғы 6 сәуірдегі "Түркістан" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Түркістан қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінде:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен осы елді мекенде тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):

      1) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;

      2) тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;

      3) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге беріледі.

      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Тұрғын үй көмегiн тағайындау үшiн отбасы (азамат) тұрғын үй көмегiн тағайындауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органға өтiнiш бередi және мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) өтiнiш берушiнiң жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;

      2) тұрғын үйге құқық беретiн құжаттың көшiрмесi;

      3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай анықтамасы, не өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасы;

      4) отбасының (азаматтың) табысын растайтын құжаттар;

      5) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;

      6) коммуналдық қызметтердi тұтыну шоттары;

      7) телекоммуникация қызметтерi үшiн түбiртек-шот немесе байланыс қызметтерiн көрсетуге арналған шарттың көшiрмесi;

      8) жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат
      сессиясының төрағасы А.Наринбетов
      Қалалық мәслихат хатшысы Ғ.Рысбеков

О внесении изменений в решение Туркестанского городского маслихата от 14 марта 2013 года № 12/81-V "Об утверждении размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) по городу Туркестан"

Решение Туркестанского городского маслихата Южно-Казахстанской области от 23 января 2014 года № 23/136-V. Зарегистрировано Департаментом юстиции Южно-Казахстанской области 12 февраля 2014 года № 2527. Утратило силу решением Туркестанского городского маслихата Южно-Казахстанской области от 27 сентября 2017 года № 19/113-VI

      Сноска. Утратило силу решением Туркестанского городского маслихата Южно-Казахстанской области от 27.09.2017 № 19/113-VI (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 1) пункта 1 Постановления Правительства Республики Казахстан от 3 декабря 2013 года № 1303 "О внесении изменений в постановления Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2314 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи" и от 26 июня 2012 года № 856 "Об утверждении Правил постановки на учет граждан Республики Казахстан, нуждающихся в жилище из государственного жилищного фонда или жилище, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде", Туркестанский городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Туркестанского городского маслихата от 14 марта 2013 года № 12/81-V "Об утверждении размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (граждан) по городу Туркестан" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 2255, опубликовано 6.04.2013 г. в газете "Туркистон") следующие изменения:

      В размере и порядке оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) по городу Туркестан, утвержденных указанным решением:

      пункт 2 изложить в следующей редакции:

      "2. Жилищная помощь предоставляется за счет средств местного бюджета малообеспеченным семьям (гражданам), постоянно проживающим в данной местности на оплату:

      1) расходов на содержание жилого дома (жилого здания) семьям (гражданам), проживающим в приватизированных жилых помещениях (квартирах) или являющимся нанимателями (поднанимателями) жилых помещений (квартир) в государственном жилищном фонде;

      2) потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, семьям (гражданам), являющимся собственниками или нанимателями (поднанимателями) жилища;

      3) арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде.

      Расходы малообеспеченных семей (граждан), принимаемые к исчислению жилищной помощи, определяются как сумма расходов по каждому из вышеуказанных направлений.";

      пункт 5 изложить в следующей редакции:

      "5. Для назначения жилищной помощи семья (гражданин) обращается в уполномоченный орган с заявлением и представляет следующие документы:

      1) копию документа, удостоверяющего личность заявителя;

      2) копию правоустанавливающего документа на жилище;

      3) копию книги регистрации граждан либо адресную справку, либо справку сельских и/или аульных акимов, подтверждающую регистрацию по постоянному месту жительства заявителя;

      4) документы, подтверждающие доходы семьи (гражданина);

      5) счета о размере ежемесячных взносов на содержание жилого дома (жилого здания);

      6) счета на потребление коммунальных услуг;

      7) квитанцию-счет за услуги телекоммуникаций или копия договора на оказание услуг связи;

      8) счет о размере арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, предъявленный местным исполнительным органом.".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии
      городского маслихата А. Наринбетов
      Секретарь городского
      маслихата Г. Рысбеков