Бәйдібек ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерi мен тәртiбiн бекiту туралы

Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек аудандық мәслихатының 2014 жылғы 4 сәуірдегі № 23/121 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 23 сәуірде № 2621 болып тіркелді. Күші жойылды - Түркістан облысы Бәйдібек аудандық мәслихатының 2020 жылғы 28 тамыздағы № 55/333 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Бәйдібек аудандық мәслихатының 28.08.2020 № 55/333 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабына "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңының 97 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекiтiлген Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесіне және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 14 сәуiрдегi № 512 қаулысымен бекiтiлген Әлеуметтiк тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерiн көрсеткенi үшiн абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне өтемақы төлеудiң ережесіне сәйкес, Бәйдібек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бәйдібек ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім алғашқы рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бәйдібек аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы Н. Алтыбаев
      Бәйдібек аудандық
      мәслихатының хатшысы С. Спабеков

  Бәйдібек аудандық мәслихатының
2014 жылғы "4" сәуірдегі
№ 23/121 шешімімен бекітілген

Бәйдібек ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі
1. Жалпы ережелер

      1. Осы тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) аз қамтылған отбасылар (азаматтар) - Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар адамдар;

      2) жалдаушы (жалға алушы) – тұрғын жайды жалдау шартындағы тұрғын жайды немесе оның бір бөлігін тұрақты немесе уақытша иеленуге және пайдалануға алушы тарап;

      3) коммуналдық қызметтер – тұрғын үйде (тұрғын ғимаратта) көрсетілетін және сумен жабдықтауды, кәрізді, газбен жабдықтауды, электрмен жабдықтауды, жылумен жабдықтауды, қоқысты әкету мен лифт қызметін көрсетуді қамтитын қызметтер;

      4) қосымша жалдаушы – тұрғын жайды қосымша жалдау шартындағы тұрғын жайды немесе оның бір бөлігін жалдаушыдан (жалға алушыдан) тұрақты немесе уақытша иеленуге және пайдалануға алатын тарап;

      5) кондоминиум объектісін басқару органы - кондоминиум объектісін басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

      6) отбасының (азаматтың) жиынтық табысы - тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы (азамат) кірістерінің жалпы сомасы;

      7) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстар - кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалануға және жөндеуге, жер учаскесін күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуды есептеудің үйге ортақ құралдарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және тексеруге жұмсалатын шығыстарға, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтерді төлеуге жұмсалатын шығыстарға жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген ай сайынғы жарналар арқылы төленетін үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері шығыстарының міндетті сомасы, сондай-ақ болашақта кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін немесе оның жекелеген түрлерін күрделі жөндеуге ақша жинақтауға жұмсалатын жарналар;

      8) уәкілетті орган – тұрғын үй көмегін беретін "Бәйдібек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган);

      9) шекті жол берілетін шығыстар үлесі - телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде отбасының (азаматының) бір айда тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының (азаматтың) орташа айлық жиынтық кірісіне пайызбен қатынасы.

      2. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен осы елді мекенде тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):

      1) жекешелендірілген тұрғын үй – жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй – жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп – ұстауға жұмсалатын шығыстарға;

      2) тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;

      3) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй – жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге беріледі.

      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.

      3. Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерін айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу, жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

      4. Белгiленген нормалар шегiндегi шектi жол берiлетiн шығыстар үлесi жиынтық табыстың 10 пайызы мөлшерiнде белгiленедi.

2. Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі

      5. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті органға өтініш береді және мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      2) тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі;

      3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай анықтамасы, не өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын селолық және /немесе ауылдық әкімдердің анықтамасы;

      4) отбасының (азаматтың) табысын растайтын құжаттар;

      5) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;

      6) коммуналдық қызметтерді тұтыну шоттары;

      7) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;

      8) жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.

      6. Уәкiлеттi органға құжаттардың түпнұсқалары және көшiрмелерi ұсынылады. Салыстырылғаннан кейiн құжаттардың түпнұсқалары өтiнiш берушiге қайтарылады.

      Уәкiлеттi органның қызметкерлерiмен куәландырылған құжаттардың көшiрмелерi iске тiркеледi.

      7. Уәкiлеттi орган тұрғын үй көмегiн тағайындау үшiн қажет құжаттарды берген күннен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде, тұрғын үй көмегін тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту шешім қабылдап, өтініш берушіні хабардар етеді.

      8. Тұрғын үй көмегi өтiнiш берiлген айдан бастап ағымдағы жылдың соңына дейiн (31 желтоқсанға дейiн) тағайындалады, табыстар және осы тұрғын үйде отбасы құрамының тiркелуi жөнiндегi мәлiметтердi тоқсан сайын ұсынылады.

      9. Тұрғын үй көмегiн алушы немесе оған құқылы тұрғын үй көмегiн төлеу мөлшерiнiң өзгеруiне негiз бола алатын мән-жайларды, сондай-ақ олардың дұрыс есептелмегенi туралы он күн мерзім ішінде уәкiлеттi органға хабарлау тиіс.

      10. Тұрғын үй көмегi мөлшерiне ықпал ететiн мән-жайлар туындаған жағдайда, өзгерiстер енгiзiлген айдан кейiнгi айдан бастап қайта есептеледi.

      11. Тұрғын үй көмегiн алушы немесе өтініш беруші уәкілетті органның шешіміне жоғары тұрған органдарға немесе сот тәртібімен шағым жасауға құқылы.

      12. Өтемақының артық немесе кем тағайындалуына әкеп соқтырған әдейі жалған мәліметтерді берген жағдайда тұрғын үй көмегін төлеу тоқтатылады. Тұрғын үй көмегі түрінде заңсыз алынған сомалар ерікті түрде қайтарылуы тиіс, бас тартылған жағдайда - сот тәртібімен қайтарылады.

      13. Жалғыз тұратын тұрғын үй көмегін алушы қайтыс болған жағдайда, тұрғын үй көмегін төлеу қайтыс болған айдан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

      Тұрғын үй көмегін алушы отбасы мүшесінің бірі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болған айдан кейінгі айдан бастап қайта есептеу жүргізіледі.

      14. Жеке меншігінде біреуден артық тұрғын үй (пәтері) бар тұлғалар, немесе тұрғын үйді (пәтерді) жалға берушілер тұрғын үй көмегін алу құқығын жоғалтады.

3. Тұрғын үй көмегін көрсету нормативтерін анықтау

      15. Уәкілетті органмен тұрғын үй көмегін тағайындауында келесі нормалар есепке алынады:

      1) өтемақылық шаралармен қамтамасыз етілген тұрғын үй ауданының нормасы бір адамға, тұрғын үй заңнамасымен белгіленген, тұрғын үй беру нормасына баламалы және көп бөлмелі пәтерлерде (тұрғын үй-жайларда) тұратын әр мүшесіне 18 шаршы метрді құрайды, бір бөлмелі пәтерде (тұрғын үй-жайда) тұратындар үшін – пәтердің жалпы көлемі. Көп бөлмелі пәтерлерде (тұрғын үй-жайларда) жалғыз тұратын азаматтар үшін ауданның әлеуметтік нормасы 30 шаршы метрді құрайды;

      2) электр қуатты, суық суды, кәрізді, ыстық суды, қоқысты әкету, газды және жылуды тұтыну нормаларын қызмет көрсетушімен немесе тарифті белгілейтін органмен бекітіледі. Коммуналдық қызметтерді тұтынудың шығындары, коммуналдық қызметті тұтынудың белгіленген нормативтерінен артық емес, алдыңғы тоқсанға нақты шығындары бойынша есептеуге алынады;

      3) қызмет көрсетушілердің шоттарын ұсынуы бойынша (түбіртектер, жапсырма, есеп-фактурасы) қатты отынды пайдалану нақты шығындарына, бір айға есеп бойынша, бір тұрғын үйге 1000 килограммнан аспайтын тәртібін ала отырып, әлеуметтік норма шығыны 1 шаршы метрге 1 килограмм қатты отын (көмір) болып белгіленеді. Тұрғын үй көмегін есептегенде, статистика органдары мәліметтері бойынша Бәйдібек ауданында қалыптасқан көмір бағасы қолданылады;

      4) қызмет көрсетушілердің шоттарын ұсынуы бойынша (түбіртектер, анықтамалар) нақты шығындарына бір отбасыға (отбасы 4 адам және одан көп) газ балонды пайдалану бір айға 10 килограмм оның ішінде бір адамға баллон газын тұтыну 2,5 килограммнан артық емес, орталықтандырылған ыстық судың бар немесе жоқ болуына қарамастан белгіленеді.

4. Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін анықтау

      16. Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған, шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.

      17. Коммуналдық қызметтерді тұтынғаны және тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп ұстауға ақы төлеуге, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы органдар жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысына және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік ақының ұлғаюы бөлігіндегі байланыс қызметіне шекті жол берілетін шығыстар үлесі отбасының (адамның) жиынтық кірісінің 10 пайызы мөлшерінде белгіленеді.

      18. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысы "Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 бұйрығына сәйкес есептеледі.

      19. Азаматтың табысын растайтын құжаттарды тапсырғанда, мүгедектер және бiр айдан астам стационарлық ем қабылдап жатқан тұлғаларды, күндiзгi оқу нысаны бойынша оқитын студенттердi, тыңдаушыларды, курсанттарды және магистранттарды, сондай-ақ 1 және 2 топтағы мүгедектердi, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларды, сексен жастан асқан адамдарды, жетi жасқа дейiнгi балаларды күтiп бағумен айналысатын азаматтардан басқа, жұмыссыз адамдар жұмыспен қамту мәселелерi жөнiнде уәкiлеттi органынан жұмыссыз ретiнде тiркелуi жөнiндегi құжаттарды тапсырады.

      20. Телекоммуникациялар желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақы тарифтерiнiң көтерiлуiне өтемақы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 14 сәуiрдегi № 512 Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің ережесі негізінде жүргізіледі.

5. Тұрғын үй көмегiн төлеу тәртiбi

      21. Тұрғын үй көмегін төлеу уәкілетті органмен тұрғын үй көмегін алушының өтініші бойынша тұрғын үй көмегін алушының жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылады.

Об утверждении размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) по Байдибекскому району

Решение Байдибекского районного маслихата Южно-Казахстанской области от 4 апреля 2014 года № 23/121. Зарегистрировано Департаментом юстиции Южно-Казахстанской области 23 апреля 2014 года № 2621. Утратило силу решением Байдибекского районного маслихата Туркестанской области от 28 августа 2020 года № 55/333

      Сноска. Утратило силу решением Байдибекского районного маслихата Туркестанской области от 28.08.2020 № 55/333 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", пунктом 2 статьи 97 Закона Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года "О жилищных отношениях", Правилами предоставления жилищной помощи, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2314 и Правилами компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 14 апреля 2009 года № 512, Байдибекский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить размер и порядок оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) по Байдибекскому району согласно приложению.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии
      районного маслихата Н.Алтыбаев
      Секретарь районного маслихата С.Спабеков

  Утвержден решением Байдибекского
районного маслихата от 4 апреля
2014 года № 23/121

Размер и порядок оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) по Байдибекскому району
1. Общие положения

      1. В размере и порядке оказания жилищной помощи используются основные понятия:

      1) малообеспеченные семьи (граждане) – лица, которые в соответствии с жилищным законодательством Республики Казахстан имеют право на получение жилищной помощи;

      2) наниматель (арендатор) – сторона в договоре найма жилища, получающая в постоянное или временное владение и пользование жилище или его часть;

      3) коммунальные услуги – услуги, предоставляемые в жилом доме (жилом здании) и включающие водоснабжение, канализацию, газоснабжение, электроснабжение, теплоснабжение, мусороудаление и обслуживание лифтов;

      4) поднаниматель – сторона в договоре поднайма жилища, получающая в постоянное или временное владение и пользование жилище или часть его от нанимателя (арендатора);

      5) орган управления объектом кондоминиума - физическое или юридическое лицо, осуществляющее функции по управлению объектом кондоминиума;

      6) совокупный доход семьи (гражданина) - общая сумма доходов семьи (гражданина) за квартал, предшествующий кварталу обращения за назначением жилищной помощи;

      7) расходы на содержание жилого дома (жилого здания) – обязательная сумма расходов собственников помещений (квартир) посредством ежемесячных взносов, установленных решением общего собрания, на эксплуатацию и ремонт общего имущества объекта кондоминиума, содержание земельного участка, расходы на приобретение, установку, эксплуатацию и проверку общедомовых приборов учета потребления коммунальных услуг, расходы на оплату коммунальных услуг, потребленных на содержание общего имущества объекта кондоминиума, а также взносы на накопление денег на предстоящий в будущем капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума или отдельных его видов;

      8) уполномоченный орган – государственное учреждение "Отдел занятости и социальных программ Байдибекского района", предоставляющий жилищную помощь (далее – уполномоченный орган);

      9) доля предельно-допустимых расходов - отношение предельно-допустимого уровня расходов семьи (гражданина) в месяц на содержание жилого дома (жилого здания), потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, к совокупному доходу семьи (гражданина) в процентах.

      2. Жилищная помощь предоставляется за счет средств местного бюджета малообеспеченным семьям (гражданам), постоянно проживающим в данной местности на оплату:

      1) расходов на содержание жилого дома (жилого здания) семьям (гражданам), проживающим в приватизированных жилых помещениях (квартирах) или являющимся нанимателями (поднанимателями) жилых помещений (квартир) в государственном жилищном фонде;

      2) потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, семьям (гражданам), являющимся собственниками или нанимателями (поднанимателями) жилища;

      3) арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде.

      Расходы малообеспеченных семей (граждан), принимаемые к исчислению жилищной помощи, определяются как сумма расходов по каждому из вышеуказанных направлений.

      3. Жилищная помощь оказывается по предъявленным поставщиками счетам на оплату коммунальных услуг на содержание жилого дома (жилого здания), согласно смете, определяющей размер ежемесячных и целевых взносов, на содержание жилого дома (жилого) здания, за счет бюджетных средств лицам, постоянно проживающим в данной местности.

      4. Доля предельно допустимых расходов в пределах установленных норм устанавливается в размере 10 процентов от совокупного дохода.

2. Порядок назначения жилищной помощи

      5. Для назначения жилищной помощи семья (гражданин) обращается в уполномоченный орган с заявлением и представляет следующие документы:

      1) копию документа, удостоверяющего личность заявителя;

      2) копию правоустанавливающего документа на жилище;

      3) копию книги регистрации граждан либо адресную справку, либо справку сельских и/ или аульных акимов, подтверждающую регистрацию по постоянному месту жительства заявителя;

      4) документы, подтверждающие доходы семьи (гражданина);

      5) счета о размере ежемесячных взносов на содержание жилого дома (жилого здания);

      6) счета на потребление коммунальных услуг;

      7) квитанцию-счет за услуги телекоммуникаций или копия договора на оказание услуг связи;

      8) счет о размере арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, предъявленный местным исполнительным органом.

      6. Документы представляются в уполномоченный орган, в подлинниках и копиях. После сверки подлинники документов возвращаются заявителю.

      Заверенные работниками уполномоченного органа копии документов формируются в дело.

      7. Уполномоченный орган в течение десяти календарных дней со дня предоставления необходимых для назначения жилищной помощи документов, принимает решение о назначении или отказе в назначении жилищной помощи, о чем уведомляет заявителя.

      8. Жилищная помощь назначается с месяца подачи заявления сроком до конца текущего года (до 31 декабря), с ежеквартальным предоставлением сведений о доходах и регистрации состава семьи в данном жилье.

      9. Получатель жилищной помощи в десятидневный срок должен информировать уполномоченный орган, об обстоятельствах, которые могут служить основанием для изменения размера жилищной помощи или права на ее получение.

      10. При возникновении обстоятельств, влияющих на размер жилищной помощи, производится перерасчет, начиная с месяца, следующего за тем месяцем, в котором наступили соответствующие изменения.

      11. Заявитель или получатель жилищной помощи вправе обжаловать решения уполномоченного органа в вышестоящие органы, или в судебном порядке.

      12. В случае представления заведомо недостоверных сведений, повлекших за собой назначение завышенной или незаконной суммы жилищной помощи, выплата прекращается. Незаконно полученные в виде жилищной помощи суммы подлежат возврату в добровольном порядке, а в случае отказа – в судебном порядке.

      13. В случае смерти одиноко проживающего получателя жилищной помощи выплата жилищной помощи завершается с месяца следующего за месяцем смерти.

      В случае смерти одного из членов семьи получателя жилищной помощи, производится перерасчет с месяца следующего за месяцем смерти.

      14. Лица, имеющие в частной собственности более одной единицы жилья (квартиры, дома) или сдающие жилые помещения в наем (аренду), утрачивают право на получение жилищной помощи.

3. Определение нормативов оказания жилищной помощи

      15. При предоставлении жилищной помощи уполномоченным органом учитываются следующие нормы:

      1) норма площади жилища, обеспечиваемая компенсационными мерами, эквивалентна норме предоставления жилища на одного человека, установленной жилищным законодательством и составляет 18 квадратных метров полезной площади жилища на каждого члена семьи, проживающей в многокомнатных квартирах (жилых помещениях), для проживающих в однокомнатных квартирах (жилых помещениях) – общая полезная площадь жилища. Социальная норма площади жилища для одиноко проживающих граждан, проживающих в многокомнатных квартирах (жилых помещениях) - 30 квадратных метров;

      2) нормы потребления электроэнергии, холодной воды, канализации, горячей воды, мусороудаления, газа и теплоснабжения устанавливаются услугодателями или органом, утверждающим нормативы. Расходы, принимаемые к расчету потребления коммунальных услуг, определяются по фактическим затратам за предыдущий квартал, но не более установленных нормативов потребления коммунальных услуг;

      3) потребление твердого топлива по фактическим расходам, с предъявлением счетов поставщиков услуг (квитанции, накладные, счета-фактуры) учет социальной нормы расхода 1 килограмма твердого топлива (угля) на 1 метр квадратный с условием не превышения 1000 килограмм на дом в расчете на один месяц. При расчете жилищной помощи применяется цена на уголь, сложившуюся в районе Байдибек, по данным органов статистики;

      4) норма потребления газа баллонного по фактическим расходам, с предъявлением счетов поставщиков услуг (квитанции, справки) на одну семью (семья 4-х и более человек) 10 килограммов в месяц, в том числе на одного человека не более 2,5 килограммов потребления газа баллонного, независимо от наличия или отсутствия центрального горячего водоснабжения.

4. Определение размера назначения жилищной помощи

      16. Жилищная помощь определяется как разница между суммой оплаты расходов на содержание жилого дома (жилого здания), потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, в пределах норм и предельно-допустимого уровня расходов семьи (граждан) на эти цели.

      17. Доля предельно-допустимых расходов семьи (гражданина) в месяц на содержание жилого дома (жилого здания), потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, устанавливается к совокупному доходу семьи (гражданина) в размере 10 процентов.

      18. Совокупный доход семьи (гражданина), претендующей на получение жилищной помощи определяется в соответствии с приказом Председателя Агентства Республики Казахстан по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства от 5 декабря 2011 года № 471 "Об утверждении Правил исчисления совокупного дохода семьи (гражданина), претендующей на получение жилищной помощи, а также на предоставление жилища из государственного жилищного фонда или жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде".

      19. При предоставлении документов, подтверждающих доход гражданина, безработными лицами предоставляются документы подтверждающие их регистрацию в качестве безработных в уполномоченных органах по вопросам занятости, кроме инвалидов и лиц, в период их нахождения на стационарном лечении более одного месяца, учащихся, студентов, слушателей, курсантов и магистрантов очной формы обучения, а также граждан, занятых уходом за инвалидами 1 и 2 группы, детьми инвалидами до 16 лет, лицами старше восьмидесяти лет, детьми в возрасте до семи лет.

      20. Компенсация повышения тарифов абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, производится в соответствии с Правилами компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 14 апреля 2009 года № 512.

5. Порядок выплаты жилищной помощи

      21. Выплата жилищной помощи осуществляется уполномоченным органом по заявлению получателя жилищной помощи через банки второго уровня, на лицевые счета получателя жилищной помощи, органов управления объектов кондоминиума.