"Сарыағаш ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 27 наурыздағы № 144 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 15 сәуірде № 2607 болып тіркелді. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 12 мамырдағы № 248 қаулысымен

      Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы әкiмдiгiнiң 12.05.2016 № 248 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2-тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы Жарлығына сәйкес Сарыағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Сарыағаш ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары Ә.Тұрдалинге жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Б.Парманов

  Сарыағаш ауданы әкімдігінің
2014 жылғы 27 наурыздағы
№ 144 қаулысымен бекітілген

"Сарыағаш ауданының кәсіпкерлік бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер

      1. "Сарыағаш ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Сарыағаш ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. "Сарыағаш ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. "Сарыағаш ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. "Сарыағаш ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. "Сарыағаш ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Сарыағаш ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. "Сарыағаш ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері. 160900, Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы, Сарыағаш қаласы, Майлықожа көшесі нөмірсіз.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы - "Сарыағаш ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      Мемлекеттік органның құрылтайшысы Сарыағаш ауданының әкімдігі болып табылады.
      10. Осы ереже "Сарыағаш ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. "Сарыағаш ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметін каржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінен (сметасынан) жүзеге асырылады.
      12. "Сарыағаш ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен "Сарыағаш ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Сарыағаш ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер аудандық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. "Сарыағаш ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: ауданның өнеркәсіптік секторының бәсекеге қабілеттігін қамтамасыз ету, кіші және орта бизнесті, туризмді және туристік индустрияны дамыту және қолдау.
      14. Міндеттері:
      1) мемлекеттік мекеменің қызметінің мақсаты мен мәні аудан аумағындағы кәсіпкерлікті қолдау және дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады;
      2) кәсіпкеліктің дамыған инфрақұрылымын қалыптастыруға қажетті құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, қаржылық және ұйымдастырушылық жағдайларын жасау;
      3) аудандағы өнеркәсіп кәсіпорындарында шетелдік тауарлармен бәсекелесе алатын өнімдер шығару үшін озық техника мен технологияны өндіріске енгізу шараларын ұйымдастыру;
      4) кәсіпкерлік субъектілеріне, өндіріс орындарын және шағын кәсіпкерлік нысандарын ашу мақсатында жеңілдетілген несие және басқа да несие алу барысында ұйымдастыру жұмыстарына белсенді қатысу;
      5) кәсіпкерлік субъектілерін ақпараттық мәліметтермен қамтамасыз ету және оған қызмет ету жүйесін қалыптастыру;
      6) туризмді және туристік индустрияны дамыту, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шараларын ұйымдастыру.
      15. Функциялары:
      1) бірінші кезекте шешуді қажет ететін бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізімін қалыптастыру;
      2) ауданның орта мерзімді әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасын жасауда және атқаруда, кәсіпкерлік және өнеркәсіп дамуының жобасын әзірлеу, жасау және орындалуын қадағалау;
      3) аудандағы шағын кәсіпкерліктің дамуы жөнінде аудан көлемінде тіркелген заңды тұлғалар мен жеке тұлғалар бойынша көрсеткіштер мониторингін жүргізу;
      4) аудандағы әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағаларына мониторинг жүргізе отырып, мемлекеттік бағаны тұрақтандыру саясатын жүзеге асыру;
      5) сауданы дамыту мен реттеу саласындағы мемлекеттік саясаттың қалыптастырылуын және іске асырылуын қамтамасыз ету;
      6) аудан тұрғындарына кіші және орта кәсіпкерлікті дамыту бойынша берілген несие көлемі жөнінде мәлімет жинақтап, тоқсан сайын талдау жүргізу;
      7) аудан көлемінде орта және шағын кәсіпкерлікті қолдау бағдарламаларының орындалуын үйлестіру және әзірлеу;
      8) аудан көлемінде туризмді және туристік индустрияны қолдау бағдарламаларының орындалуын үйлестіру және әзірлеу;
      9) бөлімнің құзіретіне кіретін өңірлік бағдарламалардың бағыттарын жасау және орындалуын қадағалау;
      10) сыртқы экономикалық байланыстарды дамыту, отандық және шетелдік инвестицияларды тартуда біріңғай саясатты ұстану.
      16. Құқықтары мен міндеттері:
      1) мемлекеттік мекемелерден, мемлекеттің қатысуындағы заңды тұлғалардан және басқа да мемлекеттік мекемелерден, өзінің құзіреті шеңберінде қажетті мәліметтерді сұрауға құқылы;
      2) бөлімнің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша аудан әкімдігі мен аудандық маслихаттың шешімдері мен қаулыларының жобаларын дайындауға қатысады;
      3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.
      Мемлекеттік мекемеге ережеде бекітілген өз қызметінің мәні мен мақсаттарына сай келмейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелер жасауға тыйым салынады.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      17. "Сарыағаш ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Сарыағаш ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      18. "Сарыағаш ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      19. "Сарыағаш ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) өзінің мамандарының міндеттерінің өкілеттілігін белгілейді;
      2) қолданыстағы заңдарға сәйкес бөлімнің мамандарын қызметтерге тағайындайды және қызметтерден босатады;
      3) бөлімнің қызметкерлеріне қолданыстағы заңдарға сәйкес тәртіптік шаралар қолданады;
      4) бөлімнің бұйрықтарына қол қояды;
      5) қолданыстағы заңдарға сәйкес мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда өз қызметтерін ұсынады;
      6) бөлімдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін дербес жауапты және тікелей міндетті болады;
      7) қолданыстағы заңдарға сәйкес басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
      20. "Сарыағаш ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      21. "Сарыағаш ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын бірінші басшысы басқарады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      22. "Сарыағаш ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      "Сарыағаш ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      23. "Сарыағаш ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.
      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Сарыағаш ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органдағы жұмыс тәртібі

      25. Мемлекеттік органның жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

6. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      26. "Сарыағаш ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении положения государственного учреждения "Отдел предпринимательства Сарыагашского района"

Постановление акимата Сарыагашского района Южно-Казахстанской области от 27 марта 2014 года № 144. Зарегистрировано Департаментом юстиции Южно-Казахстанской области 15 апреля 2014 года № 2607. Утратило силу постановлением акимата Сарыагашского района Южно-Казахстанской области от 12 мая 2016 года № 248

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Сарыагашского района Южно-Казахстанской области от 12.05.2016 № 248.
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.
      В соответствии с пунктом 2 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан от 1 марта 2011 года "О государственном имуществе" и Указом Президента Республики Казахстан от 29 октября 2012 года "Об утверждении типового положения государственного органа Республики Казахстан" акимат Сарыагашского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемое положение государственного учреждения "Отдел предпринимательства Сарыагашского района".
      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима Сарыагашского района Турдалину А.
      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Аким района Б.Парманов

  Утвержден постановлением
акимата Сарыагашского района
от 27 марта 2014 года № 144

ПОЛОЖЕНИЕ
о государственном учреждении
"Отдел предпринимательства Сарыагашского района"
1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Отдел предпринимательства Сарыагашского района" является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сфере предпринимательства, промышленности и туризма.
      2. Государственное учреждение "Отдел предпринимательства Сарыагашского района" осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.
      3. Государственное учреждение "Отдел предпринимательства Сарыагашского района" является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан счета в органах казначейства.
      4. Государственное учреждение "Отдел предпринимательства Сарыагашского района" вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.
      5. Государственное учреждение "Отдел предпринимательства Сарыагашского района" имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством.
      6. Государственное учреждение "Отдел предпринимательства Сарыагашского района" по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя государственное учреждение "Отдел предпринимательства Сарыагашского района" и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.
      7. Структура и лимит штатной численности государственное учреждение "Отдел предпринимательства Сарыагашского района" утверждаются в соответствии с действующим законодательством.
      8. Место нахождения государственного учреждения: 160900, Республика Казахстан, Южно-Казахстанская область, Сарыагашский район, город Сарыагаш, улица Майлыкожа без номера.
      9. Полное наименование государственного органа - Государственное учреждение "Отдел предпринимательства Сарыагашского района".
      Учредителем государственного органа является акимат Сарыагашского района.
      10. Настоящее Положение является учредительным документом государственного учреждения "Отдел предпринимательства Сарыагашского района".
      11. Финансирование деятельности государственного учреждения "Отдел предпринимательства Сарыагашского района" осуществляется из республиканского и местных бюджетов, бюджета (сметы расходов) Национального Банка Республики Казахстан.
      12. Государственное учреждение "Отдел предпринимательства Сарыагашского района" запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями государственного учреждения "Отдел предпринимательства Сарыагашского района".
      Если Государственному учреждению "Отдел предпринимательства Сарыагашского района" предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то доходы, полученные от такой деятельности, направляются в доход районного бюджета.

2. Миссия, основные задачи, функции, права и обязанности
государственного органа

      13. Миссия государственного учреждения "Отдел предпринимательства Сарыагашского района": обеспечение конкурентоспособности промышленного сектора, развитие и поддержка малого и среднего бизнеса, туризма и туристической индустрии района.
      14. Задачи:
      1) целью и предметом деятельности государственного учреждения является осуществление государственной политики в области поддержки и развития предпринимательства на территории района;
      2) создание правовых, социально-экономических, финансовых условий, необходимых для формирования развитой инфраструктуры предпринимательства;
      3) внедрение передовой техники и технологии в производство для выпуска конкурентоспособной и импортозамещающей продукции промышленных предприятии района;
      4) активное участие в предоставлении льготных кредитов и иных форм финансировании субъектов предпринимательства;
      5) формирование системы информационного обеспечения и обслуживания субъектов предпринимательства;
      6) развитие туризма и туристической индустрии, организация мероприятии по осуществлению государственных программ.
      15. Функции:
      1) формирование перечня приоритетных бюджетных инвестиционных проектов (программ);
      2) при разработке и выполнении среднесрочного плана социально-экономического развития района, разработка проекта развития предпринимательства и промышленности и выполнение, контроль за исполнением;
      3) проведение мониторинга показателей развития малого и среднего бизнеса по юридическим лицам и индивидуальным предпринимателям;
      4) проведение мониторинга цен на социально значимые товары района и проведение политики по стабилизации цен;
      5) обеспечение осуществления и координации в проведении государственной политики в отрасли развития и регулирования торговли;
      6) ежеквартальный анализ и подготовка информации о полученных кредитах населениями района по развитию малого и среднего предпринимательства;
      7) разработка и координация выполнения районной программы поддержки и развития предпринимательства малого и среднего бизнеса;
      8) разработка и координация выполнения районной программы поддержки и развития туризма и туристической индустрии;
      9) разработка региональных программ по направлениям, входящим в компетенцию отдела;
      10) проведение единой политики по привлечению отечественных и иностранных инвестиции, способствование развитию внешнеэкономической связей.
      16. Права и обязанности:
      1) в пределах своей компетенции запрашивать и получать у государственных органов, юридических лиц с участием государства и иных организации необходимую информацию;
      2) участвовать в подготовке проектов постановлении акимата и решении маслихата района по вопросам, относящимся к компетенции отдела;
      3) в соответствии законодательством Республики Казахстан осуществляет иные полномочия.
      Запрещается осуществление государственным учреждением деятельности, а также совершение сделок, не отвечающих предмету и целям его деятельности, закрепленным в положении.

3. Организация деятельности государственного органа

      17. Руководство государственного учреждения "Отдел предпринимательства Сарыагашского района" осуществляется первым руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на государственное учреждение "Отдел предпринимательства Сарыагашского района" задач и осуществление им своих функций.
      18. Первый руководитель государственного учреждения "Отдел предпринимательства Сарыагашского района" назначается на должность и освобождается от должности акимом района.
      19. Полномочия первого руководителя Государственного учреждения "Отдел предпринимательства Сарыагашского района":
      1) определяет обязанности и полномочия специалистов отдела;
      2) в соответствие с действующим законодательством назначает на должности и освобождает от должности работников отдела;
      3) в установленном законодательством порядке налагает дисциплинарные взыскания на работников отдела;
      4) подписывает приказы отдела;
      5) представляет отдел в государственных органах и иных организациях в соответствии с действующим законодательством;
      6) принимает меры, направленные на противодействие коррупции в отделе и несет персональную ответственность за принятие антикоррупционных мер;
      7) осуществляет иные полномочия в соответствии с действующим законодательством.
      20. Исполнение полномочий первого руководителя государственное учреждение "Отдел предпринимательства Сарыагашского района" в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.
      21. Государственное учреждение "Отдел предпринимательства Сарыагашского района" возглавляется первым руководителем, назначаемым на должность и освобождаемым от должности в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

4. Имущество государственного органа

      22. Государственное учреждение "Отдел предпринимательства Сарыагашского района" может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.
      Имущество Государственного учреждения "Отдел предпринимательства Сарыагашского района" формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.
      23. Имущество, закрепленное за государственное учреждение "Отдел предпринимательства Сарыагашского района", относится к районной коммунальной собственности.
      24. Государственное учреждение "Отдел предпринимательства Сарыагашского района" не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. Режим работы в государственном органе

      25. Режим работы государственного органа устанавливается правилами внутреннего трудового распорядка и не должен противоречить нормам трудового законодательства Республики Казахстан.

6. Реорганизация и упразднение государственного органа

      26. Реорганизация и упразднение государственного учреждения "Отдел предпринимательства Сарыагашского района" осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.