Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы

Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ аудандық мәслихатының 2014 жылғы 21 ақпандағы № 157 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментімен 2014 жылғы 14 наурызда № 2564 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ аудандық мәслихатының 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 203 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ аудандық мәслихатының 29.09.2014 № 203 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 2-3 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Созақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қоса беріліп отырған әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасы бекітілсін.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Созақ аудандық мәслихатының
      кезектен тыс XXV сессиясының төрағасы      Б.Байғараев

      Созақ аудандық мәслихатының хатшысы        М.Исаев

Созақ аудандық мәслихатының
2014 жылғы 21 ақпандағы
№ 157 шешімімен бекітілген

Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасы

      1. Осы Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасы (бұдан әрі – қағида) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.
      2. Әлеуметтік көмек Созақ ауданының тиісті әкімшілік-аумақтық бірлігінде тұрақты тұратын мұқтаж азаматтарға көрсетіледі.

1. Жалпы ережелер

      3. Осы қағидада қолданылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
      1) атаулы күндер жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
      2) арнайы комиссия өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша аудан әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
      3) ең төмен күнкөріс деңгейі облыстардағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы статистикалық органдар есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;
      4) мереке күндері Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
      5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы-отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
      6) орталық атқарушы орган-халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік орган;
      7) өмірлік қиын жағдай-азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;
      8) уәкілетті орган жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын, әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын ауданның халықты әлеуметтік қорғау саласындағы атқарушы органы;
      9) уәкілетті ұйым «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
      10) учаскелік комиссия әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;
      11) шекті шама әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.
      4. Осы қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы органдардың (бұдан әрі ЖАО) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек түсініледі.
      5. «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабында және «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.
      6. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетіледі.
      7. Әлеуметтік көмек мынадай мереке күндеріне көрсетіледі:
      1) 15 ақпанда (Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күні) – жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезде Ауғанстанға жiберiлген әскери мiндеттiлер, ұрыс қимылдары жүрiп жатқан осы елге жүк жеткiзу үшiн Ауғанстанға жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерi, бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмаларды орындау үшiн ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшiлерi, Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яки ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлерге, бір жолғы 5,4 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      2) 8 наурызда (Халықаралық әйелдер күнi) – «Алтын алқамен», «Күміс алқамен» марапатталған немесе бұрын «Ардақты ана» атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға, біржолғы 1,6 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      3) 26 сәуiрде (Чернобыль атом электрстанциясы апатының құрбандарын еске алу күнi) – 1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тiкелей қатысқан адамдарға, біржолғы 5,4 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      4) 1 маусымда (Балаларды қорғау күні) ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға, әлеуметтік маңызы бар адамның иммунитет тапшылығы вирусы бар адамдарға, біржолғы 2,7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      5) 1 қазанда (Қарттар күні)- жалғызілікті тұратын зейнеткерлерге, біржолғы 5,4 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      6) 12 қазанда (Мүгедектер күні) – мүгедектерге, біржолғы 4,3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      7) 9 мамыр (Жеңіс күні) – Ұлы Отан соғысы қатысушылары мен мүгедектеріне 5,4 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      8) 9 мамыр (Жеңіс күні) - екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердiң, геттолардың және басқа да ерiксiз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындары, қоршаудағы кезеңінде Ленинград қаласының кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен әрі «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен наградталған азаматтарға, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдарға 2,7 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде.
      8. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі бекітетін ережелердің негізінде жүзеге асырады.
      Арнайы және учаскелік комиссиялар туралы үлгілік ережелерді орталық атқарушы орган бекітеді.

2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау
және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі

      9. Әлеуметтік көмек мынадай санаттағы азаматтарға ұсынылады:
      1) жеке оңалту бағдарламасы бойынша мүгедектерге қол арбамен қамтамасыз етуге: серуендеуге арналған қоларбаға 27 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
      бөлмеге арналған қоларбаға 27 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
      мүгедек балаларға 27 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
      2) үйде оқып және тәрбиеленіп жатқан мүгедек балаларға ай сайын бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      3) өмірлік қиын жағдайларға ұшырған аз қамтамасыз етілген отбасыларға біржолғы 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      4) басылымдарға жазылу үшін - Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне біржолғы 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға, біржолғы 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      5) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға, зейнеткерлерге және мүгедектерге санаторий-курорттық емделуге жолдама алу үшін, біржолғы 26 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
      Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде азаматтар бір ай мерзім ішінде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру қажет.
      Бұл ретте азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;
      2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;
      3) жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста алпыс пайызынан аспайтын табыстың болуы.
      Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу және адамның (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізу үшін негіздемелердің түпкілікті тізбесінің аудандық мәслихат бекітеді.
      Арнайы комиссиялар әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарған кезде жергілікті өкілді органдар бекіткен азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелер тізбесін басшылыққа алады.
      10. Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшері Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің келісі бойынша біріңғай мөлшерде белгіленеді.
      11. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.

3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      12. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша Созақ ауданы әкімдігі бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.
      13. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе кент, ауылдық округтің әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды:
      1) жеке басын куәландыратын құжатты;
      2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;
      3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларға (одан әрі Үлгілік қағидалар) 1-қосымшаға сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді;
      4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;
      5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/ немесе құжатты ұсынады.
      14. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түп нұсқаларды және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түп нұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
      15. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш түскен кезде уәкілетті орган немесе кент, ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күн ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.
      16. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күн ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша Үлгілік қағидаларға 23 қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе кент, ауылдық округтің әкіміне жібереді.
      Кент, ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.
      17. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.
      18. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректі негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.
      19. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе кент, ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
      20. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.
      21. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      Осы қағиданың 17 және 18-тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе кент,ауылдық округтің әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      22. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тарқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып)өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.
      23. Белгіленген негіздемелердің біреуі бойынша әлеуметтік көмек күнтізбелік бір жыл ішінде қайта көрсетілмейді.
      24. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:
      1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;
      2) өтініш беруші адамның (отбасының)материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан,жалтарған;
      3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін аудандық мәслихат белгілеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.
      25. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру Созақ ауданының бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.

4. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздемелер

      26. Әлеуметтік көмек:
      1) алушы қайтыс болған;
      2) алушы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;
      3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;
      4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.
      Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
      27. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.

5. Қорытынды ереже

      28. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган «Е-собес» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.

Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан

Решение Созакского районного маслихата Южно-Казахстанской области от 21 февраля 2014 года № 157. Зарегистрировано Департаментом юстиции Южно-Казахстанской области 14 марта 2014 года № 2564. Утратило силу решением Созакского районного маслихата Южно-Казахстанской области от 29 сентября 2014 года № 203

      Сноска. Утратило силу решением Созакского районного маслихата Южно-Казахстанской области от 29.09.2014 № 203 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала. 
      В соответствии с подпунктом 4) пункта 1 статьи 56 Бюджетного кодекса Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года, пунктом 2-3 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан» и постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 «Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан», Созакский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан.
      2. Настоящее решение вводится в действия по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель внеочередного
      XXV сессии Созакского
      районного маслихата                        Б.Байгараев
      
      Секретарь Созакского
      районного маслихата                        М.Исаев

      Утвержден решением
      Созакского районного
      маслихата от 21 февраля
      2014 года № 157

Правила оказания социальной помощи, установления размеров и перечня отдельных категорий нуждающихся граждан

      1. Настоящие правила оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан (далее – правила) разработаны в соответствии с Законом  Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан» и постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 «Об утвержденииТиповых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан» и определяют порядок оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан.
      2. Социальная помощь предоставляется гражданам Созакского района, постоянно проживающим на территории соответствующей административно-территориальной единицы.

1. Общие положения

      3. Основные термины и понятия, которые используются в настоящих правилах:
      1) памятные даты события, имеющие общенародное историческое, духовное, культурное значение и оказавшие влияние на ход истории Республики Казахстан;
      2) специальная комиссия комиссия, создаваемая решением акима района республиканского значения, столицы, района (города областного значения), по рассмотрению заявления лица (семьи), претендующего на оказание социальной помощи в связи с наступлением трудной жизненной ситуации;
      3) прожиточный минимум-необходимый минимальный денежный доход на одного человека, равный по величине стоимости минимальной потребительской корзины, рассчитываемой органами статистики в областях, городе республиканского значения, столице;
      4) праздничные дни национальных и государственных праздников Республики Казахстан;
      5) среднедушевой доход семьи (гражданина) доля совокупного дохода семьи, приходящаяся на каждого члена семьи в месяц;
      6) центральный исполнительный орган государственный орган, обеспечивающий реализацию государственной политики в сфере социальной защиты населения;
      7) трудная жизненная ситуация ситуация, объективно нарушающая жизнедеятельность гражданина, которую он не может преодолеть самостоятельно;
      8) уполномоченный орган исполнительный орган города республиканского значения, столицы, района (города областного значения), района в городе в сфере социальной защиты населения, финансируемый за счет местного бюджета, осуществляющий оказание социальной помощи;
      9) уполномоченная организация – Республиканское государственное казенное предприятие «Государственный центр по выплате пенсий Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан»;
      10) участковая комиссия комиссия, создаваемая решением акимов соответствующих административно – территориальных единиц для проведения обследования материального положения лиц (семей), обратившихся за социальной помощью, и подготовки заключений;
      11) предельный размер утвержденный максимальный размер социальной помощи.
      4. Для целей настоящих правил под социальной помощью понимается помощь, предоставляемая местными исполнительными органами (далее МИО) в денежной или натуральной форме отдельным категориям нуждающихся граждан (далее получатели) в случае наступления трудной жизненной ситуации, а также к памятным датам и праздничным дням.
      5. Лицам, указанным в статье 20 Закона Республики Казахстан от 28 апреля 1995 года «О льготах и социальной защите участников, инвалидов Великой Отечественной войны и лиц, приравненных к ним» и статье 16 Закона Республики Казахстан от 13 апреля 2005 «О социальной защите инвалидов в Республике Казахстан», социальная помощь оказывается в порядке, предусмотренном настоящими правилами.
      6. Социальная помощь предоставляется единовременно и (или) периодически (ежемесячно, ежеквартально, 1 раз в полугодие).
      7. Социальная помощь предоставляется в следующие праздничные дни:
      1) 15 февраля (День вывода Советских войск из Афганистана) – военнообязанные, призывавшиеся на учебные сборы и направлявшиеся в Афганистан в период ведения боевых действий, военнослужащие автомобильных батальонов, направлявшиеся в Афганистан для доставки грузов в эту страну в период ведения боевых действий, военнослужащие летного состава, совершавшие вылеты на боевые задания в Афганистан с территории бывшего Союза ССР, рабочие и служащие, обслуживавшие советский воинский контингент в Афганистане, получившие ранения, контузии или увечья, либо награжденные орденами и медалями бывшего Союза ССР за участие в обеспечений боевых действий, единовременно в размере 5,4 кратного месячного расчетного показателя;
      2) 8 марта (Международный женский день) – многодетные матери, награжденные подвесками «Алтын алка», «Кумис алка» или получившие ранее звание «Мать-героиня», а также награжденные орденами «Материнская слава» I и II степени, единовременно в размере 1,6 кратного месячного расчетного показателя;
      3) 26 апреля (День памяти жертв аварии на Чернобыльской атомной электростанции) – лица, принимавшие участие в ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской АЭС в 1986-1987 годах, других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения, а также участвовавшие непосредственно в ядерных испытаниях и учениях, единовременно в размере 5,4 кратного месячного расчетного показателя;
      4) 1 июня (День защиты детей) – детям, оставшимся без попечения родителей, лицам, имеющим социально значимое заболевание вирус иммунодефицита человека, единовременно в размере 2,7 кратного месячного расчетного показателя;
      5) 1 октября (День пожилых людей) – одиноко проживающим пенсионерам, единовременно в размере 5,4 кратного месячного расчетного показателя;
      6) 12 октября (День инвалидов) – инвалидам, единовременно в размере 4,3 кратного месячного расчетного показателя;
      7) 9 мая (День Победы) - участникам и инвалидам Великой Отечественной войны 2,7 кратного размера месячного расчетного показателя;
      8) 9 мая (День Победы) - бывшие несовершеннолетние узники концлагерей, гетто и других мест принудительного содержания, созданных фашистами и их союзниками в период второй мировой войны, граждане, работавшие в период блокады в городе Ленинграде на предприятиях, в учреждениях и организациях города и награжденные медалью «За оборону Ленинграда» и знаком «Житель блокадного Ленинграда», участникам, инвалидам Великой Отечественной войны и лиц, приравненных к ним 2,7 кратного размера месячного расчетного показателя.
      8. Участковые и специальные комиссии осуществляют свою деятельность на основании положений, утверждаемых акиматом Южно-Казахстанской области.
      Типовые положения о специальных и участковых комиссиях утверждаются центральным исполнительным органом.

2. Порядок определения перечня категорий получателей
социальной помощи и установления размеров социальной помощи

      9. Социальная помощь предоставляется гражданам из числа следующих категорий:
      1) Инвалидам по индивидуальной программе реабилитации по обеспечению инвалидными колясками: на инвалидные коляски, предназначенные для комнаты, в размере 27 месячных расчетных показателей; в размере 27 месячных расчетных показателей; инвалидные коляске для детей – инвалидов, в размере 27 месячных показателей;
      2) детям инвалидам, обучающимся и воспитывающимся на дому, ежемесячно в размере одного месячного расчетного показателя;
      3) малообеспеченным семьям, попавшим в трудную жизненную ситуацию, единовременно, в размере 100 месячных расчетных показателей;
      4) для подписки в изданиях – участникам и инвалидам Великой Отечественной войны, единовременно в размере 5 месячных расчетных показателей и лицам, награжденным орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны, единовременно в размере 1 месячного расчетного показателя;
      5) участникам, инвалидам Великой Отечественной войны и лиц, приравненных к ним, пенсионерам и инвалидам для получения направлений в санаторно-курортное лечение, единовременно 26 кратного размера месячного расчетного показателя;
      При наступлении трудной жизненной ситуации вследствие стихийного бедствия или пожара граждане в месячный срок должны обратится за социальной помощью.
      При этом основаниями для отнесения граждан к категории нуждающихся при наступлении трудной жизненной ситуации являются:
      1) основания, предусмотренные законодательством Республики Казахстан;
      2) причинение ущерба гражданину (семье) либо его имуществу вследствие стихийного бедствия или пожара либо наличие социально значимого заболевания;
      3) наличие среднедушевого дохода, не превышающего шестьдесят процента порога, в кратном отношении к прожиточному минимуму.
      Окончательный перечень оснований для отнесения граждан к категории нуждающихся и проведения обследований материально-бытового положения лица (семьи) утверждается районным маслихатом.
      Специальные комиссии, при вынесении заключения о необходимости оказания социальной помощи, руководствуются утвержденным местными представительными органами перечнем оснований для отнесения граждан к категории нуждающихся.
      10. К памятным датам и праздничным дням размер социальной помощи для отдельно взятой категории получателей устанавливается в едином размере по согласованию с акиматом Южно-Казахстанской области.
      11. Размер оказываемой социальной помощи в каждом отдельном случае определяет специальная комиссия и указывает его в заключении о необходимости оказания социальной помощи.

3. Порядок оказания социальной помощи

      12. Социальная помощь к памятным датам и праздничным дням оказывается по списку, утверждаемому акиматом Сузакского района по представлению уполномоченной организации, либо иных организаций без истребования заявления от получателей.
      13. Для получения социальной помощи при наступлении трудной жизненной ситуации заявитель от себя или от имени семьи в уполномоченный орган или акиму поселка, сельского округа представляет заявление с приложением следующих документов:
      1) документ, удостоверяющий личность;
      2) документ, подверждающий регистрацию по постоянному месту жительства;
      3) свидения о составе лица (семьи) согласно приложению 1 к Типовым правилам оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных катигорий нуждающихся граждан, утверженный постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года за № 504 (далее - Типовые правила);
      4) свидения о доходах лица (членов семьи);
      5) акт и/или документ, подтверждающий наступление трудной жизненной ситуации.
      14. Документы представляются в одлинниках и копиях для сверки, после чего подленники документов возвращаются заявителю.
      15. При поступлении заявления на оказание социальной помощи при наступлении трудной жизненной ситуации уполномоченный орган или аким поселеа, сельского округа в течение одного рабочего дня направляют документы заявителя в участковую комиссию для проведения обследования материального положения лица (семьи).
      16. Участковая комиссия в течение двух рабочих дней со дня получения документов проводит обследование заявителя, по результатам которого составляет акт о материальном положении лица (семьи), подготавливает заключение о нуждаемости лица (семьи) в социальной помощи по формам согласно приложениям 23 к Типовым правилам и направляет их в уполномоченный орган или акиму поселка, сельского округа.
      Аким поселка, сельского округа в течение двух рабочих дней со дня получения акта и заключения участковой комиссии направляет их с приложенными документами в уполномоченный орган.
      17. В случае недостаточности документов для оказания социальной помрщи, уполномоченный орган запрашивает в соответствующих органах свидения, необходимые для рассмотрения представленных для оказания социальной помощи документов.
      18. В случае невозможности представления заявителем необходимых документов в связи с их порчей, утерей, уполномоченный орган принимает решение об оказании социальной помощи на оснавании данных иных уполномоченных органов и организаций, имеющих соответствующие свидения.
      19. Упономоченных орган в течение одного рабочего дня со дня поступления документов от участковой комиссии ил акима поселка, сельского округа производит расчет среднедушевого дохода лица (семьи) в соответствии с законодательством Респулики Казахстан и представляет полный пакет документов на рассмотрение специальной комиссии.
      20. Специальная комиссия в течение двух рабочих дней со дня поступления докментов выносит заключение о необходимости оказания социальнрй помощи, при положительном заключении указывает размер социальной помощи.
      21. Уполномоченный орган в течение восьми рабочих дней со дня регистрации документов заявителя на оказание социальной помощи принимает решение об оказании либо отказе в оказании социальной помощи на оснавании принятых документов и заключения специальной комиссии о необходимости оказания социальнлй помози.
      В случаях, указанных в пунктах 17 и 18-настоящих правил, уполномоченный орган принимает решение об оказании либо отказе в оказании социальной помощи в течение двадцати рабочих дней со дня принятия документов от заявителя или акима поселка, селского округа.
      22. Уполномоченный орган письменно уведомляет заявителя о принятом решении (в сучае отказа - с указанием основания) в течение трех рабочих дней со дня принятия решения.
      23. По одному из устанавленных оснований социальная помащь в течение одного календарного года повторно не оказывается.
      24. Отказ в оказании социальной помощи осуществляется в случаях:
      1) выявления недостоверных сведений, представленных заявителями;
      2) отказа, уклонения заявителя от проведения обследования материального положения лица (семьи);
      3) превышения размера среднедушевого дохода лица (семьи) установленного районным маслихатом порога для оказания социальной помащи.
      25. Фианансирование расходов на предоставление социальной помощи осуществляется в пределах средств, предусмотренных бюджетом Сузакского района на текущий финансовый год.      

      4. Основания для прекращения и возврата предоставляемой социальной помощи

      26. Социальная помощь прекращается в случаях:
      1) смерти получателя;
      2) выезда получателя на постоянное проживание за пределы соответствующей административно-территориальной единицы;
      3) направления получателя на проживание в государственные медико-социальные учреждения;
      4) выявления недостоверных сведений, представленных заявителем.
      Выплата социальной помощи прекращается с месяца наступления указанных обстоятельств.
      27. Излишне выплаченные суммы подлежат возврату в добровольном или ином установленном законодательством Республики Казахстан порядке.

5. Заключительное положение

      28. Мониторинг и учет предоставления социальной помощи проводит уполномоченный орган с использованием базы данных автоматизированной информационной системы «Е-Собес».