Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Түлкібас аудандық мәслихатының 18.03.2019 № 37/9-06 шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес, Түлкібас аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Түлкібас аудандық мәслихатының 2013 жылғы 30 қыркүйектегі № 19/4-05 "Түлкібас ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек беру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2381 тіркелген, 2013 жылғы 25 қазанда "Шамшырақ" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Түлкібас ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек беру туралы";
шешімнің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Түлкібас ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін бюджет қаражаты есебінен екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек берілсін.".
2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Аудандық мәслихат | |
сессиясының төрағасы | С. Скляров |
Аудандық мәслихаттың хатшысы | А. Сапаров |