Шардара ауданы әкімі аппаратының және аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қағидаларын бекіту туралы

Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 13 қаңтардағы № 08 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 5 ақпанда № 2520 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 1 сәуірдегі № 164 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданы әкімдігінің 01.04.2014 № 164 қаулысымен.

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 1 қазандағы Жарлығының 2-тармағына сәйкес Шардара ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Шардара ауданы әкімі аппаратының және аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Т.Анашбековке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                К.Айтуреев

Шардара ауданы әкімдігінің
2014 жылғы «13» қаңтардағы
№ 08 қаулысымен бекітілген

Шардара ауданы әкімі аппаратының және аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Шардара ауданы әкімі аппаратының және аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» 1998 жылғы 2 шілдедегі Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі туралы» 2005 жылғы 3 мамырдағы, «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» 2013 жылғы 1 қазандағы Жарлықтары мен жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларға сәйкес әзірленді және Шардара ауданы әкімі аппаратының және аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерінің мінез-құлқының негізгі стандарттарын белгілейді.
      2. Осы Қағидалар Шардара ауданы әкімі аппаратының және аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың барлық мемлекеттік қызметшілеріне (бұдан әрі – мемлекеттік орган) қолданылады.

2. Мемлекеттік қызметшілер мінез-құлқының жалпы қағидалары

      3. Мемлекеттік қызметшілер:
      1) заңдылық қағидатын, Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын басшылыққа алуға;
      2) Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын жақтауға және оны дәйекті түрде жүзеге асыруға, өзінің іс-әрекетімен мемлекеттік биліктің беделін нығайтуға, мемлекет институттарының беделін түсіретіндей іс-әрекеттер жасауға жол бермеуге;
      3) жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтау мен қорғауды қамтамасыз етуге, олардың өтініштерін қарау кезінде төрешілдік пен сөзбұйдаға салу көріністеріне жол бермеуге, өтініштер бойынша белгіленген мерзімде қажетті шаралар қолдануға;
      4) мемлекеттік қызметке, мемлекетке және оның институттарына қоғамның сенімін сақтауға және нығайтуға;
      5) шыққан тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, дінге қатынасына, сеніміне, тұрғылықты жеріне және өзге де мән-жайларға қарамастан, адамның және азаматтың ар-намысын және қадір-қасиетін сыйлауға;
      6) Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал етуге, мемлекеттік тілге және басқа тілдерге, Қазақстан халқының салт-дәстүрлеріне құрметпен қарауға;
      7) адал, әділ, қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтауға, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуға;
      8) мемлекет мүддесіне нұқсан келтіретін, мемлекеттік органдардың тиімді жұмыс істеуіне кедергі жасайтын іс-әрекеттерге қарсы тұруға;
      9) Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне құрметпен қараудың үлгісі болуға;
      10) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауға;
      11) мемлекеттік және еңбек тәртібін бұлжытпай сақтауға, берілген өкілеттіктерді тиімді иеленуге; мемлекеттік органдардың тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында өзінің қызметтік міндеттерін адал, турашыл, сапалы және кәсіби деңгейде атқаруға; жұмыс уақытын ұтымды пайдалануға;
      12) лауазымдық міндеттерін атқару кезінде жеке және заңды тұлғаларға артықшылық көрсетпеуге, олардың ықпалынан тәуелсіз болуға;
      13) жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдардың қызметіне ықпал ету үшін өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбауға;
      14) кадрларды туыстық, жерлестік және жеке басына берілгендік белгілері бойынша іріктеу мен орналастыру жағдайларына жол бермеуге;
      15) қарамағындағы мемлекеттік қызметшілерден олардың қызметтік міндеттерінен тыс тапсырмалар орындауды талап етпеуге; басқа адамдарды құқыққа қайшы теріс қылықтар жасауға мәжбүрлемеуге;
      16) басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан қызмет этикасы нормаларын бұзу фактілерін болдырмауға және олардың жолын кесуге;
      17) өзінің іс-әрекеттерімен қоғам тарапынан негізді сынға себепкер болмауға, сынағаны үшін қудалауға жол бермеуге, орынды сынды кемшіліктерді жою мен өзінің қызметін жақсарту үшін пайдалануға;
      18) бағынысты қызметкерлерге қатысты негізсіз айыптауларға, дөрекілік, адамдық қадір-қасиетін кемсіту, жөнсіздік, орынсыз мінез-құлық фактілеріне жол бермеуге;
      19) басшылардың тапсырмаларын орындау барысында тек объективті де анық мәліметтер беруге;
      20) мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті, автокөлік құралдарын қоса алғанда, ұтымды әрі тиімді және тек қызметтік мақсатта пайдалануға;
      21) ұжымда іскерлік өзара қарым-қатынасты және сындарлы ынтымақтастықты орнату мен нығайтуға ықпал жасауға;
      22) ұжымның стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізудегі біртұтастығына ықпал етуі;
      23) қызметтік міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыруға;
      24) өзінің қызметтік міндеттерін атқару кезеңінде киімнің іскерлік қалпын ұстануға тиіс;
      25) қызметтік субординацияны сақтауы;
      26) мемлекеттік қызметшілердің өздерінің функциялары мен міндеттерін атқару кезіндегі бастамашылдығын қолдау және көтермелеу;
      27) осы Қағидалардың талаптарын бұзу фактілеріне қағидатты түрде ден қоюы, айыптының жауапкершілігімен қатар өзінің жеке жауапкершілігі туралы мәселені қоюға дайын болуы тиіс.
      4. Мемлекеттік қызметшілер іскерлік этикетті сақтауға, ресми мінез-құлық қағидаларын құрметтеуге тиіс.
      5. Мемлекеттік қызметшілер қызметтік жағдайларын және онымен байланысты мүмкіндіктерді қоғамдық және діни бірлестіктердің, басқа да коммерциялық емес ұйымдардың мүдделеріне, оның ішінде өзінің оларға көзқарасысын насихаттау үшін пайдаланбауға тиіс.
      Басшы лауазымдар атқаратын мемлекеттік қызметшілер бағынысты қызметкерлерді қоғамдық және діни бірлестіктердің, басқа да коммерциялық емес ұйымдардың қызметіне қатысуға мәжбүрлей алмайды.

3. Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқы

      6. Мемлекеттік қызметшілер сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға не сыбайлас жемқорлықпен жымдасқан немесе сыбайлас жемқорлық үшін жағдай туғызатын әрекеттерге жол бермеуі тиіс.
      Мемлекеттік қызметшілер басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан болатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілерінің жолын кесуі тиіс.
      7. Мемлекеттік қызметші, егер сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы анық ақпараты болса, мұндай құқық бұзушылықты болғызбау және тоқтату жөнінде қажетті шаралар қолдануға, оның ішінде жоғары тұрған басшыға, өзі жұмыс істейтін мемлекеттік органның басшылығына, уәкілетті мемлекеттік органдарға жазбаша нысанда дереу хабарлауға тиіс. Мемлекеттік қызметші өзін басқа адамдардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға көндіру жағдайлары туралы да аталған адамдар мен органдарға жазбаша нысанда дереу хабарлауға міндетті.
      Мемлекеттік органның басшылығы ақпаратты алған күннен бастап бір ай мерзімде мемлекеттік қызметшінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар, өзін осы бұзушылықтарды жасауға көндіру жағдайлары туралы мәлімдеулері бойынша, оның ішінде тексерулер ұйымдастыру және уәкілетті органдарға өтініштер жолдау арқылы шаралар қолдануға міндетті.
      Мемлекеттік органның басшылығы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың, өзін осы бұзушылықтарды жасауға көндірудің анық жағдайлары туралы хабарлаған мемлекеттік қызметшіні оның құқықтарын, заңды мүдделерін кемсітетін қудалаудан қорғау жөнінде шаралар қолдануға міндетті.
      8. Мемлекеттік қызметшілер жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруын қиындататын іс-әрекеттерге (әрекетсіздікке) жол бермеуге тиіс.
      9. Мемлекеттік қызметшілер мемлекетке экономикалық залалдың алдын-алу жөнінде барлық мүмкіндіктерді пайдалануы, жеке мүдделеріне және үшінші тұлғалардың мүдделеріне орай тексерулерге бастамашылыққа жол бермеуі тиіс.
      10. Мемлекеттік қызметшілер жеке мүліктік және мүліктік емес пайдалар алу үшін өзінің лауазымдық өкілеттіктерін және онымен байланысты мүмкіндіктерді қолданбауға тиіс.
      11. Мемлекеттік қызметшілер мүдделер қақтығысын болғызбау үшін шаралар қолдануы тиіс.
      12. Мүдделер қақтығысы туындаған ретте, яғни мемлекеттік қызметшінің жеке басының мүдделілігі және оның өз лауазымдық өкілеттіктерін тиісінше атқаруының немесе жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделерінің арасында осы заңды мүдделерге зиян тигізетіндей қайшылық туындайтын жағдайда, мемлекеттік қызметші оның жолын кесу және реттеу жөнінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасында көзделген шараларды қабылдауға міндетті.

4. Көпшілік алдында сөйлеу

      13. Мемлекеттік орган қызметінің мәселелері бойынша көпшілік алдында сөйлеуді оның басшысы немесе мемлекеттік органның бұған уәкілеттік берілген лауазымды тұлғалары жүзеге асырады.
      Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтірмей, пікірсайысты әдепті түрде жүргізуі тиіс.
      14. Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік саясат және қызметтік ісінің мәселелері жөніндегі өз пікірін, егер ол:
      1) мемлекет саясатының негізгі бағыттарына сәйкес немесе;
      2) жариялауға рұқсат етілмеген қызметтік ақпаратты ашатын болса;
      3) мемлекеттің лауазымды тұлғаларының, мемлекеттік басқару органдарының, басқа да мемлекеттік қызметшілердің атына әдепке сай емес сөздер айтудан тұрса, көпшілік алдында білдіруіне болмайды.
      15. Мемлекеттік саясатты жүргізумен, мемлекеттік органның және мемлекеттік қызметшілердің қызметтерімен байланысты емес мәселелер бойынша мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органның атынан жариялымдарына жол берілмейді. Педагогикалық, ғылыми және өзге де шығармашылық қызмет бойынша материалдар жариялауды мемлекеттік қызметші жеке тұлға ретінде тек өз атынан жүзеге асырады.
      16. Мемлекеттік қызметшіге сыбайлас жемқорлық жасаған деп көпшілік алдында негізсіз айып тағылған жағдайда, ол осындай айыптауды анықтаған күннен бастап бір ай мерзімде оны теріске шығару жөнінде шаралар қолдануға тиіс.

5. Мемлекеттік қызметшілердің қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлқы

      17. Мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды ұстануға, қоғамға жат мінез-құлық жағдайларына жол бермеуге тиіс.
      18. Мемлекеттік қызметшілер қарапайымдылық танытуға, көлік, сервистік және өзге де қызметтерді алу кезінде мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жағдайын баса көрсетпеуге және пайдаланбауға, өзінің іс-әрекеттерімен қоғам тарапынан негізді сынға себеп туғызбауға тиіс.

Об утверждении Правил служебной этики государственных служащих аппарата акима Шардаринского района и исполнительных органов, финансируемых из районного бюджета

Постановление акимата Шардаринского района Южно-Казахстанской области от 13 января 2014 года № 08. Зарегистрировано Департаментом юстиции Южно-Казахстанской области 5 февраля 2014 года № 2520. Утратило силу постановлением акимата Шардаринского района Южно-Казахстанской области от 1 апреля 2014 года № 164

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Шардаринского района Южно-Казахстанской области от 01.04.2014 № 164.

      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с пунктом 2 Указа Президента Республики Казахстан от 1 октября 2013 года «О внесении изменений в Указ Президента Республики Казахстан от 3 мая 2005 года № 1567 «О Кодексе чести государственных служащих Республики Казахстан», акимат Шардаринского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила служебной этики государственных служащих аппарата акима Шардаринского района и исполнительных органов, финансируемых из районного бюджета.
      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на руководителя аппарата акима района Анашбекова Т.
      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким района                                К.Айтуреев

Утверждены
постановлением акимата Шардаринского
района от «13» января 2014 года № 08

Правила служебной этики государственных служащих аппарата акима Шардариснкого района и исполнительных органов, финансируемых из районного бюджета

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила служебной этики государственных служащих аппарата акима Шардаринского района и исполнительных органов, финансируемых из районного бюджета (далее – Правила) разработаны в соответствии с Законами Республики Казахстан от 23 июля 1999 года «О государственной службе», от 2 июля 1998 года «О борьбе с коррупцией», Указами Президента Республики Казахстан от 3 мая 2005 года «О Кодексе чести государственных служащих Республики Казахстан», от 1 октября 2013 года «О внесении изменений в Указ Президента Республики Казахстан от 3 мая 2005 года № 1567 «О Кодексе чести государственных служащих Республики Казахстан» и общепринятыми морально-этическими нормами и устанавливают основные стандарты поведения государственных служащих аппарата акима Шардаринского района и исполнительных органов, финансируемых из районного бюджета.
      2. Настоящие Правила распространяются на всех государственных служащих аппарата акима Шардаринского района и исполнительных органов, финансируемых из районного бюджета (далее – государственный орган).

2. Общие правила поведения государственных служащих

      3. Государственные служащие должны:
      1) руководствоваться принципом законности, требованиями Конституции, законов и иных нормативных правовых актов Республики Казахстан;
      2) быть приверженными политике Президента Республики Казахстан и последовательно проводить ее в жизнь, своими действиями укреплять авторитет государственной власти, не допускать совершения действий, способных дискредитировать институты государства;
      3) обеспечивать соблюдение и защиту прав, свобод и законных интересов физических и юридических лиц, не допускать проявлений бюрократизма и волокиты при рассмотрении их обращений, в установленные сроки принимать по обращениям необходимые меры;
      4) сохранять и укреплять доверие общества к государственной службе, государству и его институтам;
      5) уважать честь и достоинство человека и гражданина независимо от происхождения, социального, должностного имущественного положения, пола, расы, национальности, отношения к религии, убеждений, места жительства и иных обстоятельств;
      6) способствовать укреплению единства народа Казахстана и межнационального согласия в стране, уважительно относиться к государственному и другим языкам, традициям и обычаям народа Казахстана;
      7) быть честными, справедливыми, скромными, соблюдать общепринятые морально-этические нормы, в обращении с гражданами и коллегами проявлять вежливость и корректность;
      8) противостоять действиям, наносящим ущерб интересам государства, препятствующим эффективному функционированию государственных органов;
      9) служить примером уважительного отношения к государственным символам Республики Казахстан;
      10) соблюдать установленные законами Республики Казахстан ограничения и запреты;
      11) неукоснительно соблюдать государственную и трудовую дисциплину, эффективно распоряжаться предоставленными полномочиями; добросовестно, беспристрастно, качественно и на профессиональном уровне исполнять свои служебные обязанности в целях обеспечения эффективной работы государственных органов; рационально использовать рабочее время;
      12) не оказывать предпочтения физическим и юридическим лицам, быть независимыми от их влияния при исполнении должностных обязанностей;
      13) не использовать служебное положение для оказания влияния на деятельность государственных органов, организаций, государственных служащих и иных лиц при решении вопросов личного характера;
      14) не допускать случаев подбора и расстановки кадров по признакам родства, землячества и личной преданности;
      15) не требовать от подчиненных государственных служащих исполнения поручений, выходящих за рамки их должностных обязанностей; не принуждать других лиц к совершению противоправных проступков;
      16) не допускать и пресекать факты нарушения норм служебной этики со стороны других государственных служащих;
      17) своими действиями не давать повода для обоснованной критики со стороны общества, не допускать преследования за критику, использовать конструктивную критику для устранения недостатков и улучшения своей деятельности;
      18) не допускать по отношению к подчиненным работникам необоснованных обвинений, фактов грубости, унижения человеческого достоинства, бестактности, некорректного поведения;
      19) в процессе исполнения поручений руководителей предоставлять только объективные и достоверные сведения;
      20) обеспечивать сохранность государственной собственности, рационально, эффективно и только в служебных целях использовать вверенную государственную собственность, включая автотранспортные средства;
      21) способствовать установлению и укреплению в коллективе деловых взаимоотношений и конструктивного сотрудничества;
      22) способствовать сплоченности коллектива в достижении стратегических целейи задач;
      23) повышать свой профессиональный уровень и квалификацию для эффективного исполнения служебных обязанностей;
      24) придерживаться делового стиля в одежде в период исполнения своих служебных обязанностей.
      25) соблюдать служебную субординацию;
      26) поддерживать и поощрять инициативность государственных служащих при выполнении ими своих функций и обязанностей;
      27) принципиально реагировать на факты нарушения требований настоящих Правил, быть готовим поставить, наряду с ответственностью виновных, вопрос и о своей личной ответственности.
      4. Государственные служащие должны соблюдать деловой этикет, уважать правила официального поведения.
      5. Государственные служащие не должны использовать служебное положение и связанные с ними возможности в интересах общественных и религиозных объединений, других некоммерческих организаций, в том числе для пропаганды своего отношения к ним.
      Государственные служащие, занимающие руководящие должности, не могут принуждать подчиненных работников к участию в деятельности общественных и религиозных объединений, других некоммерческих организаций.

3. Антикоррупционное поведение государственных служащих

      6. Государственные служащие должны противостоять проявлениям коррупции, не допускать коррупционных правонарушений либо деяний, сопряженных с коррупцией или создающих условия для коррупции.
      Государственные служащие должны пресекать факты коррупционных правонарушений со стороны других государственных служащих.
      7. Государственный служащий, если располагает достоверной информацией о коррупционном правонарушении, должен принять необходимые меры по предотвращению и прекращению такого правонарушения, в том числе незамедлительно в письменной форме информировать вышестоящего руководителя, руководство государственного органа, в котором он работает, уполномоченные государственные органы. Государственный служащий также обязан незамедлительно в письменной форме информировать указанные лица и органы о случаях склонения его другими лицами к совершению коррупционных правонарушений.
      Руководство государственного органа обязано в месячный срок со дня получения информации принять меры по заявлениям государственного служащего о коррупционных правонарушениях, случаях склонения его к совершению данных нарушений, в том числе путем организации проверок и направления обращений в уполномоченные органы.
      Руководство государственного органа обязано принять меры по защите государственного служащего, сообщившего о достоверных случаях коррупционных правонарушений, склонения его к совершению данных нарушений, от преследования, ущемляющего его права, законные интересы.
      8. Государственные служащие не должны допускать действия (бездействие), затрудняющие реализацию физическими и юридическими лицами своих прав и законных интересов.
      9. Государственные служащие должны использовать все возможности по предотвращению экономического ущерба государству, не допускать инициирования проверок в личных интересах и интересах третьих лиц.
      10. Государственные служащие не должны использовать свои должностные полномочия и связанные с ними возможности для получения личной имущественной и неимущественной выгоды.
      11. Государственные служащие должны принимать меры по недопущению конфликта интересов.
      12. При возникновении конфликта интересов, то есть ситуации, при которой возникает противоречие между личной заинтересованностью государственного служащего и надлежащим исполнением им своих должностных полномочий или законными интересами физических и юридических лиц, государства, способное привести к причинению вреда этим законным интересам, государственный служащий обязан принять меры по его предотвращению и урегулированию, предусмотренные законодательством Республики Казахстан о государственной службе.

4. Публичные выступления

      13. Публичные выступления по вопросам деятельности государственного органа осуществляются его руководителем или уполномоченными на это должностными лицами государственного органа.
      Государственные служащие должны вести дискуссии в корректной форме, не подрывая авторитета государственной службы.
      14. Государственным служащим не следует публично выражать свое мнение по вопросам государственной политики и служебной деятельности, если оно:
      1) не соответствует основным направлениям политики государства;
      2) раскрывает служебную информацию, которая не разрешена к обнародованию;
      3) содержит неэтичные высказывания в адрес должностных лиц государства, органов государственного управления, других государственных служащих.
      15. Не допускаются публикации государственными служащими от имени государственного органа по вопросам, не связанным с проведением государственной политики, деятельностью государственного органа и государственных служащих. Публикация материалов по педагогической, научной и иной творческой деятельности может осуществляться государственным служащим только от собственного имени как частного лица.
      16. При предъявлении к государственному служащему необоснованного публичного обвинения в коррупции он должен в месячный срок со дня обнаружения такого обвинения принять меры по его опровержению.

5. Поведение государственных служащих во внеслужебное время

      17. Государственные служащие во внеслужебное время должны придерживаться общепринятных морально-этических норм, не допускать случаев антиобщественного поведения.
      18. Государственные служащие должны проявлять скромность, не подчеркивать и не использовать должностное положение государственных служащих при получении транспортных, сервисных и иных услуг, не давать повода для обоснованной критики своих действий со стороны общества.