Шардара ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына 2014 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдауды ұсыну туралы

Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 ақпандағы № 25-155-V шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 28 ақпанда № 2552 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара аудандық мәслихатының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 41 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара аудандық мәслихатының 27.02.2015 № 41 хатымен).
      Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара аудандық мәслихатының 29.09.2014 № 33-203-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 Қаулысымен бекітілген Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну ережесiнің 2-тармағына және аудан әкiмiнiң 2014 жылғы 4 ақпандағы № 06-282 мәлiмдемесiне сәйкес, Шардара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Шардара ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына қажеттілікті ескере отырып, 2014 жылы бір маманға жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада әлеуметтік қолдау ұсынылсын.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара аудандық мәслихатының 29.09.2014 № 33-203-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Аудандық мәслихат сессиясының
      төрағасы

И.Әділхан

      Аудандық мәслихаттың хатшысы

Т.Бердібеков

О предоставлении в 2014 году подъемного пособия и социальной поддержки для приобретения или строительства жилья специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Шардаринского района

Решение Шардаринского районного маслихата Южно-Казахстанской области от 24 февраля 2014 года № 25-155-V. Зарегистрировано Департаментом юстиции Южно-Казахстанской области 28 февраля 2014 года № 2552. Утратило силу в связи с истечением срока применения - (письмо Шардаринского районного маслихата Южно-Казахстанской области от 27 февраля 2015 года № 41)

      Сноска. Утратило силу в связи с истечением срока применения - (письмо Шардаринского районного маслихата Южно-Казахстанской области от 27.02.2015 № 41).

      Сноска. Заголовок решения – в редакции решения Шардаринского районного маслихата Южно-Казахстанской области от 29.09.2014 № 33-203-V (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.
      В соответствии с подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», пунктом 2 Правил предоставления мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и ветеринарии, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 февраля 2009 года № 183 и заявлением акима района от 4 февраля 2014 года № 06-282, Шардаринский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. С учетом потребности в специалистах сфер здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Шардаринского района, предоставить в 2014 году подъемное пособие в сумме, равной семидесятикратному месячному расчетному показателю и социальную поддержку для приобретения или строительства жилья в сумме, не превышающей одну тысячу пятисоткратного размера месячного расчетного показателя на одного специалиста.
     Сноска. Пункт 1 – в редакции решения Шардаринского районного маслихата Южно-Казахстанской области от 29.09.2014 № 33-203-V (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
 
 

      Председатель сессии районного
      маслихата
      Секретарь районного маслихата

И.Адилхан
Т.Бердибеков