Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116, 125, 145-1-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына, "Шемонаиха кен орнының № 5 құм-қиыршықтас қоспасын игеру ауданындағы Уба өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін ұйымдастыру" жобасына сәйкес және жер үсті суларының ластануын, қоқысталуын және сарқылуын болғызбау, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар әлемін сақтау үшін су объектілерін тиісті санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес жағдайда ұстау мақсатында, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 22.12.2016 № 392 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Мыналар белгіленсін:
1) осы қаулыға қосымшаға сәйкес Шемонаиха ауданындағы Шемонаиха кен орнының № 5 құм-қиыршықтас қоспасын игеру ауданындағы Уба өзенінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі;
2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Шемонаиха ауданындағы Шемонаиха кен орнының № 5 құм-қиыршықтас қоспасын игеру ауданындағы Уба өзенінің су қорғау аймағының аумағында арнайы шаруашылыққа пайдалану режимі мен су қорғау белдеуінің аумағында шектеулі шаруашылық қызмет жүргізу режимі.
2. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы (Қ.Б. Байғонысов) "Шемонаиха кен орнының № 5 құм-қиыршықтас қоспасын игеру ауданындағы Уба өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін ұйымдастыру" жобасын заңнамамен белгіленген құзыретіне сәйкес шаралар қабылдау үшін Шемонаиха ауданының әкіміне және мемлекеттік жер кадастрында есепке алу және су қоры мен жер ресурстарының пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін арнайы уәкілеттік берілген мемлекеттік органдарға тапсырсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Н. Ә. Шерубаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Б. Сапарбаев |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
Қазақстан Республикасы | |
Қоршаған орта және су ресурстары | |
министрлігі Су ресурстары жөніндегі | |
комитетінің Су ресурстарын пайдалануды | |
реттеу және қорғау жөніндегі Ертіс | |
бассейндік инспекциясы басшысының | |
міндетін атқарушы | М. Мұздыбаев |
2014 жылғы " 07 " 04
Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың | |
құқықтарын қорғау агенттігінің | |
Шығыс Қазақстан облысы тұтынушылардың | |
құқықтарын қорғау департаменті | |
басшысының міндетін атқарушы | Ғ. Сүлейменов |
2014 жылғы " 08 " 04
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы " 07 " сәуірдегі № 86 қаулысына қосымша |
Шемонаиха ауданындағы Шемонаиха кен орнының
№ 5 құм-қиыршықтас қоспасын игеру ауданындағы
Уба өзенінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі
Су объектісі, оның учаскесі | Су қорғау аймағы | Су қорғау белдеуі | ||||
Шекарасының ұзындығы, (шақырым) | Алаңы, (га) | Орташа ені, (метр) | Шекарасының ұзындығы, (шақырым) | Алаңы, (га) | Орташа ені, (метр) | |
Уба өзені, Шемонаиха кен орнының "№ 5 құм-қиыршықтас қоспасының тұсындағы оң жағалау | 1,30 | 90,0 | 500 | 1,96 | 6,5 | 35 |
Ескертпе.
Су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуінің шекаралары мен ені "Шемонаиха кен орнының № 5 құм-қиыршықтас қоспасын игеру ауданындағы Уба өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін ұйымдастыру" бекітілген жобасының картографиялық материалдарында көрсетілген.