РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, 39-бабының 2-тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 17-бабының 7) тармақшасына, 164-бабына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
2. Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы (А. Қ. Нұрғазиев) осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ж.М. Омарға жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
|
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы " 11 " мамырдағы № 127 қаулысымен бекітілді |
"Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің
ережесі
1. Жалпы ережелер
1. "Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы" мемлекеттiк мекемесi Шығыс Қазақстан облысы аумағында мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша, арнайы және мамандандырылған білім беру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.2. "Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы" мемлекеттiк мекемесi өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. "Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы" мемлекеттiк мекемесi мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. "Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы" мемлекеттiк мекемесi азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
5. "Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. "Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы" мемлекеттiк мекемесi өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен "Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы" мемлекеттiк мекемесi басшысының бұйрықтарымен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
7. "Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.
8. "Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің орналасқан жерi: индексі 070004, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 59/1, телефоны 8 (7232) 702357.
9. Мемлекеттiк органның толық атауы – "Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы" мемлекеттiк мекемесi.
10. Осы Ереже "Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің құрылтай құжаты болып табылады.
11. "Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің қызметiн каржыландыру жергiлiктi (облыстық) бюджеттен жүзеге асырылады.
12. "Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы" мемлекеттiк мекемесiне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен "Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
2. Мемлекеттiк органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi,
функциялары, құқықтары мен мiндеттерi
13. Миссиясы:Шығыс Қазақстан облысы аумағында азаматтардың білімге деген конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету және мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша, арнайы және мамандандырылған білім беру саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен және Бала құқықтары туралы конвенциямен қарастырылған заңды құқықтарын сақтау негізінде бала тұлғасының үйлесімді дамуы үшін жағдайлар жасау.
14. Мiндеттерi:
1) ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;
2) жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, азаматтық пен патриотизмге тәрбиелеу;
3) педагог қызметкерлердің әлеуметтік мәртебесін арттыруды қамтамасыз ету;
4) білім алушылардың кәсіптік бағдарлануын қамтамасыз ету;
5) бiлiм беру процесiн ұйымдастырушылық-әдiстемелiк сүйемелдеуді, нәтижелiлiгiн талдау мен бағалауды, инновациялық педагогикалық тәжiрибенi жинақтау мен таратуды қамтамасыз ету;
6) балалардың Конституциялық және заңда қарастырылған өзге де құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бала жасындағы тұрғындардың барлық санаттарының құқықтарын жүзеге асырумен байланысты шаралар кешенін жүзеге асыру бойынша ведомствоаралық ынтымақтастықты жергілікті деңгейде үйлестіру;
8) балалардың әлеуметтік әл-ауқатын, рухани және адамгершілік дамуын талдау және болжау, өңірдегі балалар өмірінің сапасын жақсарту бойынша ұсыныстар жасау;
9) бала құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау бойынша функцияларды жүзеге асыратын қоғамдық бірлестіктер мен өзге ұйымдарды мемлекеттік қолдау.
15. Функциялары:
1) техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм берудi қамтамасыз етедi;
2) балаларды арнайы жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламалары бойынша оқытуды қамтамасыз етедi;
3) мамандандырылған бiлiм беру ұйымдарында дарынды балаларды оқытуды қамтамасыз етедi;
4) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланкілеріне тапсырыс беруді және негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын солармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады және олардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады.
5) техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм берудiң кәсiптiк оқу бағдарламаларын, мамандандырылған және арнайы жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарын білім беру саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құрады, қайта ұйымдастырады және таратады;
6) техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын бекiтедi;
7) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұсыныстарын ескере отырып, техникалық және кәсiптiк бiлiмi бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастырады;
8) бiлiм алушылардың ұлттық бiрыңғай тестiлеуге қатысуын ұйымдастырады;
9) техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм берудiң кәсiптiк оқу бағдарламаларын, сондай-ақ арнайы және мамандандырылған жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын (қылмыстық-атқару жүйесiнiң түзеу мекемелерiндегi бiлiм беру ұйымдарын қоспағанда) iске асыратын мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз етудi жүзеге асырады;
10) мемлекеттiк бiлiм беру мекемелерiнiң мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң шамасынан төмен отбасылардан шыққан бiлiм алушылары мен тәрбиеленушiлерiне және жетiм балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемдi талап ететiн отбасылардан шыққан балаларға және бiлiм беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын өзге де санаттағы бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлерге жалпы бiлiм беретiн мектептердi ағымдағы ұстауға бөлiнетiн бюджет қаражатының кемiнде бiр пайызы мөлшерiнде қаржылай және материалдық көмек көрсетуге қаражат жұмсайды;
11) мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде техникалық және кәсiптiк бiлiм берудiң кәсiптiк бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын, сондай-ақ мамандандырылған және арнайы жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдары үшiн қағаз және электрондық жеткiзгiштерде оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендерiн сатып алуды және жеткiзудi қамтамасыз етедi;
12) облыс ауқымында жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша мектеп олимпиадаларын және ғылыми жобалар конкурстарын, орындаушылар конкурстары мен кәсiби шеберлiк конкурстарын ұйымдастыруды және өткiзудi қамтамасыз етедi;
13) балаларға облыстық деңгейде жүзеге асырылатын қосымша бiлiм берудi қамтамасыз етедi;
14) бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарының кадрларын қайта даярлауды және қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады;
15) балалар мен жасөспiрiмдердiң психикалық денсаулығын тексерудi және халыққа психологиялық-медициналық-педагогтiк консультациялық көмек көрсетудi қамтамасыз етедi;
16) дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспiрiмдердi оңалтуды және әлеуметтiк бейiмдеудi қамтамасыз етеді;
17) жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды белгiленген тәртiппен мемлекеттiк қамтамасыз етудi жүзеге асырады;
18) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен бiлiм алушылардың жекелеген санаттарын тегiн және жеңiлдiкпен тамақтандыруды ұйымдастырады;
19) техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм берудiң кәсiптiк оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарының мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысының негiзiнде бiтiрген адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етедi;
20) берілген өтінімдерге сәйкес кейіннен жұмысқа орналастыра отырып, ауылдық жердің кадрлар қажетсінуі туралы өтінімді білім беру және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдарға жыл сайын 15-ші сәуірге дейін ұсынады;
21) бiлiм беру мониторингiн жүзеге асырады;
22) Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
23) қамқоршылық кеңестерге жәрдем көрсетеді;
24) мамандандырылған және арнайы жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат бередi;
25) "Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің қарамағандағы облыстық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және оларды орындау жөніндегі есептерін қарайды, келіседі және бекітеді, олардың орындалуын бақылау мен талдауды жүзеге асырады;
26) кәмелетке толмағандардың iсi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссияның дербес құрамын Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі облыстық мәслихатқа бекітуге ұсыну үшін ұсыныстар әзірлеуді жүзеге асырады және оның жұмысын ұйымдастырады;
27) өмiрде қиын жағдайға душар болған кәмелетке толмағандардың және жайсыз отбасылардың өңірлiк есебiн жүргiзедi;
28) өмiрде қиын жағдайға душар болған кәмелетке толмағандарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жұмысқа орналастыру және тұрмыстық жағдайын жасау, өзге де көмектер көрсету жөнiндегi шараларды қолданады;
29) қызметтерi кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы, жасөспiрiмдердiң салауатты өмiр салтын насихаттау, құқықтық сауаттылығын арттыру жөнiндегi шараларды жүзеге асыруға байланысты коммерциялық емес және өзге де ұйымдарға ұйымдастырушылық-әдiстемелiк көмек көрсетедi;
30) кәмелетке толмағандар үшiн, оның iшiнде бала құқығын қорғау жөнiндегi мiндеттердi жүзеге асыратын ұйымдардың әлеуметтiк инфрақұрылымының қалыптасуын қамтамасыз етедi және олардың қызметiнiң мониторингiн жүргiзедi;
31) баланың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау жөнiндегi консультацияларды хабарлау мен өткiзу, iс-шараларды жүзеге асыру тәртiбiн белгiлейді;
32) жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды міндетті түрде жұмысқа орналастыруды және тұрғын үймен қамтамасыз етуді белгіленген тәртіппен жүзеге асырады;
33) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
16. Құқықтары:
1) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, жеке тұлғалардан "Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен қажетті ақпаратты және құжаттарды сұрайды және алады;
2) ведомстволық қарасты ұйымдарды құру, қайта құру және тарату бойынша ұсыныстар енгізеді;
3) өз қызметін жүзеге асыру үшін қажетті өзге де құқықтар.
Міндеттері:
"Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз функцияларын қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жүзеге асыруға міндетті.
3. Мемлекеттiк органның қызметiн ұйымдастыру
17. "Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы" мемлекеттiк мекемесiне басшылықты "Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы" мемлекеттiк мекемесiне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.18. "Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
19. "Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы" мемлекеттiк мекемесi басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы" мемлекеттiк мекемесi басшысы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары болады.
20. "Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы" мемлекеттiк мекемесi басшысының өкiлеттiгi:
1) "Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы" мемлекеттiк мекемесi атынан сенiмхатсыз іс-әрекет етедi;
2) мемлекеттiк органдарда, басқа да ұйымдарда "Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің мүддесiн бiлдiредi;
3) шарттар жасасады;
4) сенiмхаттар бередi;
5) банк шоттарын ашады;
6) "Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы" мемлекеттiк мекемесi білім мекемелерінің және ұйымдарының барлық қызметкерлері үшiн мiндеттi бұйрықтар шығарады және нұсқаулар бередi;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің лауазымды тұлғаларын және өзге де қызметкерлерiн, сондай-ақ, "Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы" мемлекеттiк мекемесiне қарасты ұйымдардың басшыларын (олардың орынбасарларын) жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
8) "Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің қызметкерлеріне және "Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің басшысы тағайындайтын басқа да қызметкерлерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көтермелеу шараларын қолданады және оларды тәртіптік жазаға тартады;
9) өз орынбасарларының және "Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің басқа да қызметкерлерiнiң мiндеттерi мен өкiлеттiк аясын айқындайды;
10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қажетті шаралар қабылдайды және бұл үшін дербес жауапты болады;
11) ерлер мен әйелдердің тәжірибесіне, қабілеттері мен кәсіптік даярлығына сәйкес мемлекеттiк қызметке теңдей қол жеткiзуін қамтамасыз етеді;
12) оған Қазақстан Республикасы заңнамасымен, осы ережемен және Шығыс Қазақстан облысы әкімдігімен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
"Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4. Мемлекеттiк органның мүлкi
21. "Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкiн."Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк есебiнен қалыптастырылады.
22. "Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы" мемлекеттiк мекемесiне бекiтiлген мүлiк коммуналдық (облыстық) меншiкке жатады.
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату
24. "Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы" мемлекеттiк мекемесiн қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. "Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы" мемлекеттiк
мекемесiнің қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік
1. "Востокснабобразование" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Коммуналдық мемлекеттік мекемелер
2. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Дамуында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған білім беру-тәрбиелеу орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.3. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Новая Шульба облыстық балалар үйі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
4. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
5. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Семей қаласының Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
6. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Жетім балаларға арналған Шығыс Қазақстан облыстық арнайы мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
7. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Қылмыстық жауапкершілікке тартылатын жасқа жетпей қылмыстық жазаланатын іс-әрекет жасаған кәмелеттік жасқа толмағандардың облыстық арнайы мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
8. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Дарынды балаларға арналған Ш. Уәлиханов атындағы "Жас Ұлан" арнайы ерлер мектеп-лицей-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
9. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ-түрік лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
10. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Семей қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ-түрік лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
11. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Дарынды балаларға арналған "Восток" дамыта оқыту ғылыми-зерттеу арнайы мектеп-кешен орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
12. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
13. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Науалы балалар үйі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
14. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "К. Раев атындағы Көкпекті балалар үйі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
15. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "№ 3 балалар үйі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
16. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "№ 8 Отбасы үлгісіндегі балалар үйі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
17. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Шығыс Қазақстан облыстық балалар ауылы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
18. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "№ 21 көмекші мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
19. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Светоч" балалар баспанасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
20. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "№ 1 Түзеу мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
21. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "№ 2 Естуі мен сөйлеуі нашар балаларға арналған түзеу мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
22. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Қосалқы мектеп-интернат" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
23. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Есту қабілеті бұзылған (естімейтін) балаларға арналған мектеп-интернат" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
24. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "№ 3 Нашар көретін балаларға арналған мектеп-интернат" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
25. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "№ 4 Нашар еститін балаларға арналған мектеп-интернат" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
26. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "№ 5 Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған қосалқы мектеп-интернат" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
27. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Кәмелетке толмаған балаларға арналған "Сәуле" панажайы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
28. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Психикалық дамуы тежелген жетім балаларға арналған орталау түзеу мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
29. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Достық" балалар панажайы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
30. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Девиантты мінез-құлықты балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернат" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
31. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Шығыс Қазақстан облысының психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
32. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы "Аягөз қаласының психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
33. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы "Зырян қаласының психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
34. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы "Семей қаласының психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
35. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Шемонаиха қаласындағы психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
36. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы "Тарбағатай ауданының психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
37. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы "Риддер қаласының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
38. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы "Үржар ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
39. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы "Жарма ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
40. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы "Ұлан ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
41. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы "Күршім ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
42. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы "Бородулиха ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
43 Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы "Глубокое ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
44. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы "Зайсан ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
45. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы "Көкпекті ауданының психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
46. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы "Бесқарағай ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
47. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы "Катонқарағай ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
48. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Шығыс Қазақстан облыстық арнайы Жасөспірімдер үйі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
49. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Шәкәрім атындағы облыстық дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын мамандандырылған мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
50. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Үміт" балалар үйі" коммуналдық мемлекеттік Мекемесі.
51. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы "Риддер қаласының дамуында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы (түзеу) мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
52. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "№ 1 Өскемен колледжі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
53. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "№ 2 Өскемен колледжі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
54. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "№ 1 Жарма колледжі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
55. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "№ 1 Семей колледжі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
56. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "№ 2 Семей колледжі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
57. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "№ 1 Шемонаиха колледжі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
58. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "№ 3 Өскемен колледжі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
59. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Абай колледжі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
60. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Өскемен көпсалалы технология колледжі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
61. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Глубокое техникалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
62. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Жарма технология колледжі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
63. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Серебрянск технология колледжі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
64. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Риддер көпсалалы колледжі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
65. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Көпсалалы технология колледжі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
66. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Индустрия-технология колледжі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
67. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Зырян технология колледжі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
68. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Зайсан технология колледжі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
69. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Күршім колледжі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
70. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Самар аграрлық-техникалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
71. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Бесқарағай колледжі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
72. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Тарбағатай колледжі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
73. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Үржар колледжі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
74. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Шемонаиха колледжі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
75. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Глубокое аграрлық колледжі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
76. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Зырян ауыл шаруашылығы колледжі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
77. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Катонқарағай аграрлық-техникалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
78. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Бородулиха колледжі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
79. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Өскемен құрылыс колледжі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
80. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Өскемен қызмет көрсету саласы колледжі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
81. "Шығыс Қазақстан облысының техникалық және кәсіптік білім беру және кадрлар даярлау орталығы" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
82. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Шығыс" өңірлік орталығы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесі.
83. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты" коммуналдық мемлекеттiк мекемесі.
84. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты" коммуналдық мемлекеттiк мекемесі.
85. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Дарынды балаларға арналған мамандандырылған № 34 мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттiк мекемесі.
86. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттiк мекемесі.
87. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Дарынды балаларға арналған валеологиялық мамандандырылған мектеп-кешені" коммуналдық мемлекеттiк мекемесі.
88. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Өскемен техникалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар
89. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Инновация-технология колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.90. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Мұқан Төлебаев атындағы музыка училищесі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
91. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының "Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
92. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің Білім басқармасы "Электротехника колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны.
93. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы "Бизнес колледжі" Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
94. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің Білім басқармасы "Геодезия және картография колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны.
95. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының "Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
96. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің Білім басқармасы "М. О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
97. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы "Геологиялық барлау колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны.
98. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының "Өскемен политехникалық колледжі" Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
99. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының "Риддер аграрлық техникалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
100. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің Білім басқармасы "Радиотехника және байланыс колледжі" Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
101. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің Білім басқармасы "Көлік колледжі" Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны.
102. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының "Шығыс Қазақстан ауылшаруашылық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
103. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің Білім басқармасы "Құрылыс колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны.
104. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының "Аягөз қаласының политехникалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны.
105. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің Білім басқармасы "Сервис колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны.
106. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы "Дарын" Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
107. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Облыстық қосымша білім беру және дене шынықтыру орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны.
108. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының "Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған балет мектебі" Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.