РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Өскемен қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Өскемен қаласының әкімі | Т. Қасымжанов |
Өскемен қаласы әкімдігінің 2014 жылғы " 21 " сәуірдегі № 4852 қаулысымен бекітілген |
"Өскемен қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Өскемен қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2. "Өскемен қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. "Өскемен қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. "Өскемен қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. "Өскемен қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі сәулет және қала құрылысы саласындағы заңнамамен, сондай-ақ осы Ережемен белгіленген құзырет шегінде мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. "Өскемен қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгілеген тәртіппен "Өскемен қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. "Өскемен қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сай қала әкімдігімен бекітіледі.
8. "Өскемен қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Киров көшесі, 33, индекс 070000.
9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Өскемен қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже "Өскемен қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. "Өскемен қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. "Өскемен қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Өскемен қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
2. "Өскемен қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
13. "Өскемен қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: қаланың сәулет, қала құрылысы қызметі саласында функцияларды жүзеге асыру.14. "Өскемен қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің міндеттері:
1) толыққанды тіршілік ету ортаны қалыптастыру мақсатына сәулеттік және қала құрылысы шешімдерін әзірлеу мен іске асыру және қала аумағын сәулеттік-қала құрылыстық дамыту мен ағымдағы және болашағы бар әлеуметтік-экономикалық кешенді міндеттерді шешуге бағытталған сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында мемлекеттік саясатты жүргізу;
2) жаңа және ескі құрылысты жобалау кезінде қаланың сәулеттік келбетінің сақталуын ескерумен кешенділікті қамтамасыз ету;
3) жерлерді, табиғи және материалдық ресурстарды тиімді және үнемді пайдалануды, қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететін қала құрылысының жаңа ұстанымдары мен тәсілдерін енгізу;
4) қоғамдық орталықтар, алаңдар, көшелер, жаяу жүргіншілер аймақтары, тұрғын үй, мәдени-тұрмыстық кешендердің аяқталған сәулеттік ансамбльдерін құру.
15. "Өскемен қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары:
1) қаланың заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген бас жоспарын, заңнамада белгіленген тәртіппен қала ықпал ететін аймаққа жатқызылған іргелес жатқан аумақтарда қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемасын іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіру;
2) қаланың бас жоспарының жобасын, қала шегі мен қала маңы аймағының шекараларын белгілеу және өзгерту жобаларын қала мәслихатының мақұлдауына ұсыну үшін әзірлеуді ұйымдастыру;
3) қала құрылысы құжаттамасын, сондай-ақ қала аумағында құрылыс салудың, оны абаттандыру мен инженерлік жағынан қамтамасыз етудің қағидаларын қалалық мәслихатпен бекіту үшін әзірлеу;
4) қалалық мәслихатқа енгізу үшін тұрғын үй қорын, өзге де ғимарат-тар мен тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы құрылыстарды, инженерлік коммуникацияларды, тарих және мәдениет ескерткіштерін, мемлекеттік табиғи-қорық қорының жергілікті маңызы бар объектілерін сақтау және күтіп-ұстау ережелерін белгілеу жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
5) жоспарланған құрылыс салу не өзге де қала құрылысы өзгерістері туралы халыққа хабарлап отыру;
6) базалық деңгейде мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу, заңнамада белгіленген тәртіпте мемлекеттік қала құрылысы кадастры деректерін заңды және жеке тұлғаларға ұсыну, мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгізу үшін белгіленген тәртіппен ақпарат және (немесе) мәліметтер беру;
7) қала және қала маңы аймағының қала құрылысы жобаларын, егжей-тегжейлі жоспарлау және құрылыс салу жобаларын іске асыру;
8) жер учаскелерін таңдауға қатысу, ведомстволық бағынысты аумақта құрылыс салуға немесе өзге де қала құрылысын игеруге арналған жер учаскелерін беру және алып қою бойынша ұсыныстар енгізу;
9) құрылыстарды, үйлерді, ғимараттарды, инженерлік және көлік коммуникацияларын салу (кеңейту, техникамен қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау, қалпына келтіру және күрделі жөндеу) туралы, сондай-ақ аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру мен көгалдандыру, құрылысты (объектіні) консервациялау, жергілікті маңызы бар объектілерді кейіннен кәдеге жарату жөнінде жұмыстар кешенін жүргізу туралы ұсыныстар әзірлеу;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен объектілерді (кешендерді) қабылдау жөніндегі комиссияның құрамы бойынша ұсыныстар енгізу, сондай-ақ пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) тіркеу және есебін жүргізу;
11) тұрғын үй қорын, коммуникацияларды, тарих және мәдениет ескерткіштерін, мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерін сақтауды және олардың нормативтік күтіп-ұсталуына (қолданылуына, пайдаланылуына) бақылау жүргізуді ұйымдастыру;
12) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүргізу;
13) объектілерді жобалау мен құрылысын салуға сәулет-жоспарлау тапсырмаларын беру;
14) жобалау құжаттамаларын сәулеттік-жоспарлау тапсырмасы тарапына сәйкестігін келісімдеу;
15) сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға рұқсат беру және өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
15-1) Қазақстан Республикасының заңдарымен жарнамалауға тыйым салынған тауарлардың (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің) жарнамасын шығару, тарату, орналастыру және пайдалану түрінде жасалған Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды әзірлеу;
16) мекенжайларды беру және оларды "Мекенжайлық тіркелім" ақпараттық жүйесіне тіркеу, оларды өзгерту және жою;
17) заңнамаға сәйкес құрылысты жобалау құжатынсыз (жобалау-сметалық) немесе жеңіл эскиздік жобалармен рұқсат берілетін объектілерді орналастыруды келісімдеу;
18) заңнамаға сәйкес бөлме-жайлар немесе құрылыстарды өзгертуге техникалық күрделі емес топтарға жатқызу шешімдерді қабылдау;
19) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында олармен азаматтық құқықты жүзеге асыру мәселесі бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен арыздарын қарау және құзыреті шегінде шешімдер қабылдау;
20) сәулет-қала құрылысы кеңесін ұйымдастыру және жүргізу;
21) қаланың кезекшілік жоспарын, жер асты коммуникацияларын орналастыру жоспарларын құру мен жүргізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
22) кадастрлық ақпаратты толықтыру, интеграциялау және сақтауды (топографиялық материалдар) және оған қолжетімділік режимді қамтамасыз ету;
23) ғимараттардың, құрылыстардың, жер асты коммуникациялар желілерінің және аумақты көріктендіру элементтерінің орындаушылық түсірмелерінің орындалуы бойынша жұмыстарды үйлестіру;
24) қаланы сәулеттік-көркемдік ресімдеу, көріктендіру және көгаландырудың кешенді бағдарламаларын әзірлеу;
25) мекеменің құзіреті шегінде әкімнің және қала әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеу;
26) барлық мемлекеттік органдардарда құзыреті шегінде мәселелерді қарауда мемлекеттің мүдделерін ұсыну;
27) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Ескерту. 15-тармаққа өзгерістер енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 13.11.2014 № 8235 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 07.07.2015 № 11919 қаулыларымен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
16. "Өскемен қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен міндеттері:
1) белгіленген тәртіпте әзірленген және бекітілген жобалау-жоспарлау құжаттамаларын бұзумен орындалған жұмыстың кез келген түрлерінің өндірісін тоқтату туралы заңнамамен белгіленген тәртіпте сәулет-құрылысты бақылау және қадағалау істері бойынша уәкілетті мемлекеттік органдарға ұсыныс енгізу;
2) сәулеттік қала құрылысы нормативтеріне және өзге де талаптарға сай келмейтін жобаларды, сәулет-жоспарлау тапсырмаларды бұзумен орындалған, және тиісті лицензиялары жоқ ұйымдар мен тұлғалармен әзірленген жобаларды келісуден бас тарту;
3) құрылыстарды, тұрғын аудандар мен қала орталықтарын көріктендіруге, жекелей ғимараттар мен құрылыстарды салуға ең үлгілі сәулеттік және қала құрылысы идеясын анықтауға әзірленген екі нұсқадан кем емес сәулеттік маңызы бар нобайлық жоспарлау жобаларды орындау қажеттігін анықтау;
4) қала әкімдігі мен жоғарғы ұйымдарға сәулет, қала құрылысы және құрылыс мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу;
4-1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сай мемлекеттік заңды тұлғалардың құқық субъектілерін, оның ішінде тиісті саладағы уәкілетті органдардың құзіреттеріне ұқсас шешімдерді қабылдауға, акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакетін және жауапкершілігі шектеулі серіктестердегі қатысу үлестерін иелену мен пайдалану құқықтарын жүзеге асыру;
5) әрбір нақтылы жағдайда нобайлық жобаларды әзірлеу, сәулет, қала құрылыстық маңызы бар объектілердің нұсқалы немесе конкурстық жобалау кезеңділігін анықтау, жеке жобаларды әзірлеу немесе үлгі жобаларды қолдану орындылығын, оларға қажет жағдайда өзгерістер енгізу;
6) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асырған кезде мекендейтін және тіршілік ететін қолайлы ортаны қамтамасыз ету;
7) мекеме әзiрлеушi болып табылатын қала әкімі мен әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің құқықтық мониторингiн жүзеге асыру және оларға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу және олардың күшi жойылды деп тану жөнiндегi шараларды уақтылы қабылдау;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 13.11.2014 № 8235 қаулысымен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
3. "Өскемен қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
17. "Өскемен қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Өскемен қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.18. "Өскемен қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын қала әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
19. "Өскемен қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және босатылатын орынбасары болады.
20. "Өскемен қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
1) дара басшылық ұстанымымен әрекет етеді және Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Ережемен анықталған өз құзіретіне сәйкес мекеме қызметінің мәселелерін өз бетімен шешеді;
2) белгіленген тәртіппен атқарушы органдардан мекеменің құзыретіне кіретін мәселелерді шешу үшін қажет материалдарды сұратады және алады;
3) мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мүдделі ұйымдардың өкілдерін тартумен белгіленген тәртіпте кеңестер шақырады;
4) мекеме қызметкерлерінің өкілеттігін анықтайды;
5) мекеменің атынан сенімхатсыз іс-әрекет жасайды, барлық ұйымдарда оның мүдделерін ұсынады;
6) шарттар жасасады;
7) сенімхаттар береді;
8) сапарлар, сынақтамалар, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқыту және қызметкерлердің біліктілігін жоғарылатудың басқа да түрлері бойынша мекеменің тәртібі мен жоспарларын бекітеді;
9) банк есепшоттарын ашады;
10) мекеменің барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
11) мекеме қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан шығарады;
12) мекеме қызметкерлеріне мадақтау шараларын қолданады және тәртіптік жаза қолданады;
13) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қажетті шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауаптылықта болады;
14) заңнамамен көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. "Өскемен қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
21. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
4. "Өскемен қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі
22. "Өскемен қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін."Өскемен қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
23. "Өскемен қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Өскемен қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.