Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 29 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңының 1-бабының 29-тармағына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21-бабына сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Өскемен қаласы әкімдігінің "Өскемен қаласының кәсіпкерлік сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" 2014 жылғы 21 сәуірдегі № 4852 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3314 тіркелген, 2014 жылғы 22 мамырда "Өскемен", "Усть-Каменогорск" газеттерінде жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Өскемен қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережеде:
15-тармақта:
25) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"25) мекеменің құзіреті шегінде әкімнің және қала әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеу;";
16-тармақта:
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
"4-1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сай мемлекеттік заңды тұлғалардың құқық субъектілерін, оның ішінде тиісті саладағы уәкілетті органдардың құзіреттеріне ұқсас шешімдерді қабылдауға, акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакетін және жауапкершілігі шектеулі серіктестердегі қатысу үлестерін иелену мен пайдалану құқықтарын жүзеге асыру;".
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Өскемен қаласының | |
әкімі | Т. Қасымжанов |