РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы Жарлығына сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Қоса беріліп отырған "Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.
2.Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Өскемен қаласының әкімі | Т. Қасымжанов |
Өскемен қаласы әкімдігінің 2014 жылғы "30" 12 № 9028 қаулысымен бекітілген |
"Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі ішкі саясат саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2. "Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. "Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі және мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында есеп шоттары болады.
4. "Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. "Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі ішкі саясат саласындағы заңнамамен, сондай-ақ осы Ережемен белгіленген құзірет шегінде мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. "Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіпте "Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. "Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сай қала әкімдігімен бекітіледі.
8. "Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Пермитин көшесі, 17, индексі 492000.
9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже "Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. "Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. "Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
2. "Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары және міндеттері
13. "Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы – қаладағы ішкі саяси тұрақтылықты, ел бірлігін қамтамасыз ету және қоғамды топтастыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру.14. "Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің негізгі міндеттері:
1) әлеуметтік-экономикалық, мәдени және қоғамдық-саяси салалардағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарын іске асыру;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің, облыс (қала) әкімінің мекеменің құзыретіне қатысты мәселелер бойынша актілер мен тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету;
3) Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясының, Қазақстанның 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарының, Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларының, мемлекеттік және салалық бағдарламалар мен басқа да стратегиялық құжаттардың негізгі басымдықтарын қалада түсіндіру мен насихаттауды қамтамасыз ету;
4) ішкі саясат саласындағы бағдарламалық құжаттарды әзірлеу және іске асыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіру;
5) ішкі саясат саласындағы жұмыстарды ұйымдастыру бойынша практикалық ұсыныстар, Қазақстан дамуының ұзақ мерзімді басымдықтарының тиімді іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
6) қаладағы ішкі саяси процестерді және олардың даму үрдістерін зерделеу мен оларға талдау жүргізуді қамтамасыз ету;
7) азаматтық қоғам институттарымен, қаланың қоғам жұртшылығының өкілдерімен өзара іс-қимыл жасау болып табылады.
15. "Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары:
1) ішкі саясаттың негізгі бағыттары бойынша, оның ішінде білім, халықты әлеуметтік қамтамасыз ету және қорғау, жұмыспен қамту, этносаралық және конфессияаралық келісім, патриоттық тәрбие беру және жастар саясаты, мемлекеттік рәміздерді насихаттау, тіл, ақпараттық, мәдени, гендерлік және отбасылық-демографиялық салалардағы мәселелер бойынша қаладағы атқарушы органдардың қызметтерін ақпараттық-идеологиялық сүйемелдеу;
2) ішкі саяси тұрақтылықты, ел бірлігін және қоғамды топтастыруды қамтамасыз етуге бағытталған практикалық және өзге де іс-шаралар кешенін іске асыру;
3) қаладағы ірі қоғамдық-маңызды іс-шараларды ақпараттық-талдамалық және ұйымдастырушылық-техникалық сүйемелдеу;
4) әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси және өзге де салалардағы қаланың жергілікті атқарушы органының қызметі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру, осы бағыттағы жұмыстарды жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
5) Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларын және басқа да стратегиялық құжаттарды түсіндіру мен насихаттау жөніндегі республикалық және өңірлік деңгейдегі ақпараттық-насихаттық топтардың қаладағы қызметін ұйымдастыру, ақпарат насихаттаушы топтарды ақпараттық-әдістемелік қамтамасыз ету;
6) саяси партиялармен, үкіметтік емес ұйымдармен, этномәдени және діни бірлестіктермен, құқық қорғау және басқа да қоғамдық ұйымдармен, кәсіптік одақтармен, бұқаралық ақпарат құралдары, ғылыми және шығармашыл қауыммен, қоғамдық пікір жетекшілерімен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асыру;
7) мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша облыс (әкімдік) жанында әрекет ететін консультативті-кеңесші органдар мен жұмыс топтарының қызметтерін қамтамасыз ету;
8) қаладағы қоғамдық-саяси ахуалға талдау жасау және болжау;
9) қаладағы мемлекеттік ақпараттық саясатты тиімді іске асыруды қамтамасыз ету, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарының мемлекеттік ақпараттық тапсырыстарды орындау жөніндегі қызметтерін әдістемелік қолдау және олардың қызметтерін үйлестіру;
10) әлеуметтік маңызды жобаларды орындауға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстардың тиімді іске асыруды қамтамасыз ету, оның ішінде конкурстық рәсімдер мен жобалардың іске асырылу барысына мониторинг жүргізу;
11) концептуалдық құжаттарды әзірлеуге, мекеменің құзырына кіретін мәселелер бойынша қала әкімі мен әкімдігінің актілерінің жобаларын дайындауға қатысу;
12) жоғары тұрған мемлекеттік органдармен, мәслихатпен, облыс (қала) әкімінің аппаратымен, Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығымен мекеменің құзырына кіретін мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасау;
13) мекеменің құзырына кіретін мәселелер бойынша ақпараттық базаны жасақтау, жинақтау, жинап қорыту және жіктеу;
14) құзыреті шегіндегі мәселелерді қарау кезінде мемлекет мүдделерін барлық ұйымдарда ұсыну;
14-1) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларын:
Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнамасын бұзғаны;
Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасын бұзғаны;
бұқаралық ақпарат құралдарының өнімін, сол сияқты өзге де өнімді Қазақстан Республикасының аумағында дайындағаны, сақтағаны, әкелгені, тасымалдағаны, таратқаны;
мерзімді баспасөз басылымдарының, теле – және радиохабарлар материалдарын тіркеудің, сақтаудың міндетті тегін даналарын беру тәртібін бұзғаны;
шығарылым деректерін хабарлау тәртібін бұзғаны;
Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзғаны үшін жасау;
15) Қазақстан Республикасының заңнамаларымен қарастырылған өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 20.05.2015 № 11216 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
16. "Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен міндеттері:
1) мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан және азаматтардан өз функцияларын орындауға қажетті ақпараттарды белгіленген тәртіппен сұрауға, мекеменің құзырына кіретін мәселелерді пысықтауға мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың қызметкерлерін тартуға, тиісті ұсыныстар әзірлеу үшін уақытша жұмыс топтарын құру;
2) жергілікті атқарушы органдардың ішкі саясат саласындағы қызметтерін жетілдіру бойынша қала әкіміне ұсыныстар енгізу;
3) әкімдіктің қарауына мекеменің құзыретіне қатысы бар сұрақтар, ұсыныстар, ақпараттар, жоба шешімдерін енгізу;
4) Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сай мемлекеттік заңды тұлғалардың құқық субъектілерін, оның ішінде тиісті саладағы уәкілетті органдардың құзыреттеріне ұқсас шешімдерді қабылдауға, акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакетін және жауапкершілігі шектеулі серіктестердегі қатысу үлестерін иелену мен пайдалану құқықтарын жүзеге асыру;
5) мемлекеттік органдарымен өткізілетін мекеменің құзыреті мәселелеріне қатысты мәжілістерде, жиналыс пен кеңестерге қатысу;
6) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметтік жүзеге асыру;
7) мекеме әзірлеуші болып табылатын қала әкімі мен әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің құқықтық мониторингін жүзеге асыру және оларға өзгертулер мен (немесе) толықтыруларды енгізу, немесе олардың күші жойылды деп тану жөніндегі шараларды уақытылы қабылдау;
8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған басқа құқықтарды жүзеге асыру және басқа міндеттерді орындау.
3. "Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
17. "Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты оның бірінші басшы жүзеге асырады.18. "Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын қала әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
19. "Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және босатылатын орынбасары болады.
20. "Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Ережемен анықталған құзыретіне сәйкес мекеме қызметінің мәселелерін шешеді;
2) мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте кеңестер шақырады;
3) мекеме қызметкерлерінің өкілеттігін анықтайды;
4) барлық ұйымдарда мекеменің мүдделерін ұсынады;
5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қажетті шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауаптылықта болады;
6) заңнамамен көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
"Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
21. "Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы өз орынбасарының өкілеттігін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
4. "Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі
22. "Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін."Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі қала әкімдігімен тапсырылған мүлік есебінен, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
23. "Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.