РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабы 7) тармақшасына сәйкес, Зайсан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының ұсынысы негізінде Біржан ауылдық округі әкімі ШЕШТІ:
1. Біржан ауылдық округіндегі Қуаныш ауылында мүйізді ұсақ малдарынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Зайсан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторы С.Қожекеновке осы шектеу іс-шараларынан туындайтын талаптарының орындалуына бақылауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
3. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалтырамын.
4. Шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Біржан ауылдық | |
округінің әкімі | С.Молдашев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Зайсан ауданының бас мемлекеттік | |
ветеринариялық-санитарлық | |
инспекторы | С.Қожекенов |
1 қараша 2014 жыл