Зырян ауданы бойынша "Б" корпусы Е санаты тобының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерiнiң қызметiн жыл сайынғы бағалаудың әдiстемесiн бекiту туралы

Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 05 тамыздағы N 2593 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 05 қыркүйекте N 3480 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы әкімдігінің 13.11.2014 N 2718 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы әкімдігінің 13.11.2014 N 2718 қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 327 Жарлығымен бекiтiлген Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң қызметiне жыл сайынғы бағалау жүргiзу және оларды аттестаттаудан өткiзу қағидаларының 27-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгi Төрағасы міндетін атқарушысының 2014 жылғы 5 маусымдағы № 04-2-4/93 бұйрығымен бекітілген "Б" корпусы мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерiнiң қызметiн жыл сайынғы бағалаудың Үлгiлiк әдiстемесiнің 2-тармағына сәйкес, Зырян ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген Зырян ауданы бойынша "Б" корпусы Е санаты тобының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерiнiң қызметiн жыл сайынғы бағалаудың әдiстемесi бекiтілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      

Зырян ауданының әкімі
Е. Сәлімов

      

 

  Зырян ауданы әкімдігінің
  2014 жылғы 5 тамыздағы
  № 2593 қаулысымен бекітілген

Зырян ауданы бойынша "Б" корпусы Е санаты тобының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерiнiң қызметiн жыл сайынғы бағалаудың әдiстемесi
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Зырян ауданы бойынша "Б" корпусы Е санаты тобының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерiнiң қызметiн жыл сайынғы бағалаудың әдiстемесi (бұдан әрі - Әдістеме) Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 21 қаңтардағы №327 "Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң қызметiне жыл сайынғы бағалау жүргiзу және оларды аттестаттаудан өткiзу қағидаларын бекiту туралы" Жарлығын iске асыру үшiн әзiрлендi және Зырян ауданы бойынша "Б" корпусы Е санаты тобының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерiнiң (бұдан әрi – қызметшiлер) қызметiне жыл сайынғы бағалау жүргiзу тәсiлiн айқындайды.
      2. Қызметшiлердiң қызметiн жыл сайынғы бағалау (бұдан әрi – бағалау) олардың жұмыс тиiмдiлiгi мен сапасын айқындау үшiн жүргiзiледi.
      3. Бағалау мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметте болған әрбiр жыл өткен сайын, көрсетiлген мерзiм басталған күннен бастап үш айдан кешiктiрiлмей, бiрақ осы лауазымға орналасқан күннен бастап алты айдан ерте емес мерзiмде жүргiзiледi.
      4. Қызметшiлердi бағалау мыналардан:
      1) қызметшiнiң тiкелей басшысының бағалауы;
      2) айналмалы бағалау (қызметшiнiң қарамағындағы немесе олардың әрiптестерiнiң бағалауы);
      3) қызметшiнiң қорытынды бағасынан тұрады.
      Қызметшiнiң тiкелей басшысы оның лауазымдық нұсқаулығына сәйкес өзi бағынатын тұлға болып табылады.
      Жергiлiктi бюджеттен қаржыланатын атқарушы органдардың басшылары, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдық округтердің әкімдері үшiн бағалау аудан әкiмi немесе оның уәкiлеттiк беруiмен оның орынбасарларының бiрiмен өткiзiлуi мүмкiн.
      5. Бағалау нәтижелерi бойынша қызметшiлер қызметiндегi кемшiлiктердi жою бойынша ұсыныстар әзiрленедi, олардың қызметiндегi жақсартуды қажет ететiн бағыттар айқындалады, тағылымдамадан өткiзу, iлгерiлету бойынша ұсыныстар әзiрленедi.
      6. Қызметшiнiң соңғы үш жыл бойы "тиiмдi" деген баға алуы, оны лауазымы бойынша көтеруге негiз болып табылады.
      7. Қызметшiнiң соңғы үш жыл бойы екi "қанағаттанарлықсыз" деген баға алуы, оны аттестаттаудан өткiзуге негiз болып табылады.
      Аттестаттаудан өткiзу туралы шешiм қабылдау кезiнде алдыңғы аттестаттаудан өткiзуге негiз болған бағалау нәтижелерi ескерiлмейдi.
      8. "Қанағаттанарлықсыз" деген баға алған қызметшi мемлектетiк әкiмшiлiк лауазымға алғаш қабылданған тұлғаға тәлiмгер ретiнде бекiтiлмейдi.
      9. Қызметшiнiң қорытынды бағасын тұрақты жұмыс iстейтiн Бағалау жөнiндегi комиссия (бұдан әрi – Комиссия) бекiтедi, оны қызметшiнi лауазымға тағайындау және лауазымнан босату құқығы бар адам құрады.
      10. Комиссия кемiнде үш мүшеден, соның iшiнде төрағадан тұрады.
      11. Дауыс беру қорытындысы Комиссия мүшелерiнiң көпшiлiк дауысымен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда, комиссия төрағасының дауысы шешушi болып табылады.
      Комиссия төрағасы Зырян ауданы әкім аппаратының басшысы болып табылады.
      Комиссия хатшысы Зырян ауданы кадрлық қызметтің (бұдан әрi – кадр қызметi) қызметкерi болып табылады. Комиссия хатшысы дауыс беруге қатыспайды.
      Егер Комиссия құрамына оған қатысты бағалау жүргiзiлетiн қызметшiнiң тiкелей басшысы, сондай-ақ осы Әдiстеменiң 4-тар мағы 2) тармақшасында көрсетiлген қызметшiлер кiретiн болса, олар осы қызметшiге қатысты дауыс беруге және шешiм қабылдауға қатыспайды.

2. Бағалау жүргiзуге дайындық

      12. Кадрлық қызмет Комиссия төрағасының келiсiмi бойынша бағалауды өткiзу кестесiн әзiрлейдi.
      Кадрлық қызмет бағаланатын қызметшiге, сондай-ақ осы Әдiстеменiң 4-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетiлген тұлғаларға бағалау жүргiзiлетiнi туралы хабарлайды және оларға бағалау өткiзуге дейiн бiр айдан кешiктiрмей толтыру үшiн бағалау парағын жiбередi.

3. Тiкелей басшының бағалауы

      13. Тiкелей басшы Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгi төрағасы міндетін атқарушының 2014 жылғы 5 маусымдағы №04-2-4/93 бұйрығымен бекітілген, "Б" корпусы мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерiнiң қызметiн жыл сайынғы бағалаудың үлгiлiк әдiстемесiнің 1-қосымшасына сәйкес, нысан бойынша бағалау парағын кадрлық қызметтен алған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде толтырады, қызметшiнi толтырылған бағалау парағымен таныстырады және екi жұмыс күнi iшiнде толтырылған бағалау парағын кадрлық қызметке қайтарады.
      Қызметшiнi толтырылған бағалау парағымен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргiзiледi.
      Қызметшiнiң танысудан бас тартуы құжаттарды Комиссия отырысына жiберуге кедергi бола алмайды. Бұл жағдайда қадрлық қызметтің қызметкерi және тiкелей басшы танысудан бас тарту туралы еркiн нұсқада акт жасайды.

4. Айналмалы бағалау

      14. Айналмалы бағалау қызметшiнiң қарамағындағы адамдардың, ал қарамағындағы адамдар болмаған жағдайда – қызметшi жұмыс iстейтiн құрылымдық бөлiмшеде лауазымды атқаратын адамның (олар болған жағдайда) бағалауын бiлдiредi.
      Мұндай адамдардың тiзiмiн (үш адамнан аспайтын) қызметшiнiң лауазымдық мiндеттерi және қызметтiк өзара әрекеттестiгiне қарай кадрлық қызметтi бағалау жүргiзiлгенге бiр айдан кешiктiрмей анықтайды.
      15. Осы Әдiстеменiң 14-тармағында көрсетiлген тұлғалар Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгi төрағасы міндетін атқарушының 2014 жылғы 5 маусымдағы №04-2-4/93 бұйрығымен бекітілген, "Б" корпусы мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерiнiң қызметiн жыл сайынғы бағалаудың үлгiлiк Әдiстемесінiң 2-қосымшасына сәйкес нысанда бағалау парағын толтырады.
      16. Осы Әдiстеменiң 14-тармағында көрсетiлген тұлғалармен толтырылған бағалау парағы кадрлық қызметке оларды алған күннен екi жұмыс күнi iшiнде кадрлық қызметке жiберiледi.
      17. Персоналды басқару қызметi осы Әдiстеменiң 14-тармағында көрсетiлген тұлғалардың бағалауының орташа есебiн жүргiзедi.
      18. Осы Әдiстеменiң 14-тармағында көрсетiлген тұлғалардың бағалауы жасырын түрде жүргiзiледi.

5. Қызметшiнiң қорытынды бағасы

      19. Қадрлық қызмет қызметшiнiң қорытынды бағасын мына формула бойынша Комиссия отырысына дейiн бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей есептейдi:
      a = b + c
      a – қызметшiнiң қорытынды бағасы,
      b – тiкелей басшының бағасы,
      c – осы Әдiстеменiң 14-тармағында көрсетiлген тұлғалардың орта бағасы.
      20. Қорытынды баға мына шкала бойынша қойылады:
      26 баллдан төмен – "қанағаттанарлықсыз",
      26-дан 33 балға дейiн – "қанағаттанарлық",
      33 балдан жоғары – "тиiмдi".

6. Комиссияның бағалау нәтижелерiн қарауы

      21. Кадрлық қызмет Әдiстеменiң 12-тармағында көрсетiлген кестеге сәйкес бағалау нәтижелерiн қарау бойынша Комиссияның отырысын өткiзудi қамтамасыз етедi.
      Кадрлық қызмет Комиссияның отырысына мына құжаттарды:
      1) толтырылған тiкелей басшының бағалау парағын;
      2) толтырылған айналмалы бағалау парағын;
      3) қызметшiнiң лауазымдық нұсқаулығын;
      4) Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгi төрағасы міндетін атқарушының 2014 жылғы 5 маусымдағы №04-2-4/93 бұйрығымен бекітілген, "Б" корпусы мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерiнiң қызметiн жыл сайынғы бағалаудың үлгiлiк Әдiстемесінiң 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қорытынды баға көрсетiлген Комиссия отырысы хаттамасының жобасын тапсырады.
      22. Комиссия бағалау нәтижелерiн қарастырады және мына шешiмдердiң бiрiн шығарады:
      1) бағалау нәтижелерiн бекiтедi;
      2) бағалау нәтижелерiн қайта қарайды.
      Бағалау нәтижелерiн қайта қарау туралы шешiм қабылдаған жағдайда Комиссия хаттамада тиiстi қысқаша түсiндiрмемен бағаны түзетедi. Бұл ретте қызметшiнiң бағасын төмендетуге жол берiлмейдi.
      23. Кадрлық қызмет бағалау нәтижелерiмен ол аяқталған соң бес жұмыс күнi iшiнде қызметшiнi таныстырады.
      Қызметшiнi бағалау нәтижелерiмен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргiзiледi.
      Қызметшiнiң танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерiн оның қызметтiк тiзiмiне енгiзуге кедергi бола алмайды. Бұл жағдайда кадрлық қызметтің қызметкерi танысудан бас тарту туралы еркiн нұсқада акт жасайды.
      24. Бағалау нәтижелерi қызметшiнiң қызметтер тiзiмiне енгiзiледi.
      25. Осы Әдiстеменiң 21-тармағында көрсетiлген құжаттар, сондай-ақ комиссия отырысының қол қойылған хаттамасы кадрлық қызметте сақталады.

7. Бағалау нәтижелерiне шағымдану

      26. Комиссия шешiмiне қызметшiнiң мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органға немесе оның Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаментіне шағымдануы шешiм шыққан күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде жүзеге асырылады.
      27. Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган немесе оның Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаментi қызметшiден шағым түскен күнiнен бастап он жұмыс күнi iшiнде шағымды қарайды және бұзушылықтар анықталған жағдайда, мемлекеттiк органға Комиссия шешiмiнiң күшiн жою туралы ұсыныс жасайды.
      28. Қабылданған шешiм туралы ақпаратты мемлекеттiк орган екi апта iшiнде мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органға немесе оның Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаментiне бередi.

Об утверждении методики ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" группы категории Е по Зыряновскому району

Постановление акимата Зыряновского района Восточно-Казахстанской области от 05 августа 2014 года N 2593. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 05 сентября 2014 года N 3480. Утратило силу - постановлением акимата Зыряновского района Восточно-Казахстанской области от 13.11.2014 N 2718

      Сноска. Утратило силу - постановлением акимата Зыряновского района Восточно-Казахстанской области от 13.11.2014 N 2718.
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.
      В соответствии с пунктом 2 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", пунктом 27 Правил проведения ежегодной оценки деятельности и аттестации административных государственных служащих, утвержденных Указом Президента Республики Казахстан от 21 января 2000 года № 327, пунктом 2 Типовой методики ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б", утвержденной приказом исполняющего обязанности Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы от 5 июня 2014 года № 04-2-4/93 акимат Зыряновского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемую методику ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" группы категории Е по Зыряновскому району.
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      

Аким Зыряновского района
Е. Салимов

      

 

  Утверждена
  постановлением акимата
  Зыряновского района
  от 5 августа 2014 года № 2593

Методика ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" группы категории Е по Зыряновскому району
1. Общие положения

      1. Настоящая методика ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" группы категории Е по Зыряновскому району (далее - Методика) разработана в целях реализации Указа Президента Республики Казахстан от 21 января 2000 года № 327 "Об утверждении Правил проведения ежегодной оценки деятельности и аттестации административных государственных служащих" и определяет методы ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" группы категории Е по Зыряновскому району (далее – служащие).
      2. Ежегодная оценка деятельности служащих (далее – оценка) проводится для определения эффективности и качества их работы.
      3. Оценка проводится по истечении каждого года пребывания на государственной службе, не позднее трех месяцев со дня его наступления, но не ранее шести месяцев со дня занятия данной должности.
      4. Оценка служащего складывается из:
      1) оценки непосредственного руководителя служащего;
      2) круговой оценки (оценки подчиненных или коллег служащего);
      3) итоговой оценки служащего.
      Непосредственным руководителем служащего является лицо, которому он подчиняется согласно своей должностной инструкции.
      Для руководителей исполнительных органов, финансируемые из районного бюджета, акимов городов районного значения, поселков, сельских округов, оценка проводится акимом района либо по его уполномочию одним из его заместителей.
      5. По результатам оценки вырабатываются предложения по устранению недостатков в деятельности служащих, определяются направления их деятельности, требующие улучшения, вырабатываются предложения по карьерному продвижению и стажировке служащих.
      6. Получение служащим оценки "эффективно" в течение трех лет служит основанием для повышения его в должности.
      7. Получение служащим двух оценок "неудовлетворительно" в течение последних трех лет является основанием для проведения аттестации.
      При принятии решения о проведении аттестации не учитываются результаты оценки, которые являлись основанием для проведения предыдущей аттестации.
      8. Служащий, получивший оценку "неудовлетворительно", не закрепляется наставником за лицами, впервые принятыми на административные государственные должности.
      9. Итоговая оценка служащего утверждается постоянно действующей Комиссией по оценке (далее – Комиссия), которая создается лицом, имеющим право назначения на должности и освобождения от должностей служащих.
      10. Комиссия состоит не менее, чем из трех членов, в том числе председателя.
      11. Результаты голосования определяются большинством голосов членов Комиссии. При равенстве голосов голос председателя комиссии является решающим.
      Председателем Комиссии является руководитель аппарата акима Зыряновского района.
      Секретарем Комиссии является сотрудник кадровой службы Зыряновского района (далее – кадровая служба). Секретарь Комиссии не принимает участие в голосовании.
      В случае, если в состав Комиссии входит непосредственный руководитель служащего, в отношении которого проводится оценка, а также служащие, указанные в подпункте 2) пункта 4 настоящей Методики, они не принимают участия в голосовании и принятии решений по данному служащему.

2. Подготовка к проведению оценки

      12. Кадровая служба формирует график проведения оценки по согласованию с председателем Комиссии.
      Кадровая служба уведомляет служащего, подлежащего оценке, а также лиц, указанных в подпунктах 1) и 2) пункт 4 настоящей Методики, о проведении оценки и направляет им оценочные листы для заполнения не позднее одного месяца до ее проведения.

3. Оценка непосредственного руководителя

      13. Непосредственный руководитель заполняет оценочный лист по форме согласно приложению 1 к Типовой методике ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б", утвержденной приказом исполняющего обязанности Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы от 5 июня 2014 года №04-2-4/93 в течение трех рабочих дней со дня его получения от кадровой службы, ознакамливает служащего с заполненным оценочным листом и направляет заполненный оценочный лист в кадровую службу в течение двух рабочих дней.
      Ознакомление служащего с заполненным оценочным листом осуществляется в письменной или электронной форме.
      Отказ служащего от ознакомления не может служить препятствием для направления документов на заседание Комиссии. В этом случае работником кадровой службы и непосредственным руководителем служащего в произвольной форме составляется акт об отказе от ознакомления.

4. Круговая оценка

      14. Круговая оценка представляет собой оценки подчиненных служащего, а в случае отсутствия подчиненных – лиц, занимающих должности в структурном подразделении, в котором работает служащий (в случае их наличия).
      Перечень таких лиц (не более трех) определяется кадровой службой не позднее одного месяца до проведения оценки, исходя из должностных обязанностей и служебных взаимодействий служащего.
      15. Лица, указанные в пункте 14 настоящей Методики, заполняют оценочный лист по форме согласно приложению 2 к Типовой методике ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б", утвержденной приказом исполняющего обязанности Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы от 5 июня 2014 года №04-2-4/93.
      16. Оценочные листы, заполненные лицами, указанными в пункте 14 настоящей Методики, направляются в кадровую службу в течение двух рабочих дней со дня их получения от кадровой службы.
      17. Кадровая служба осуществляет расчет средней оценки лиц, указанных в пункте 14 настоящей Методики.
      18. Оценка лицами, указанных в пункте 14 настоящей Методики, осуществляется на анонимной основе.

5. Итоговая оценка служащего

      19. Итоговая оценка служащего вычисляется кадровой службой не позднее пяти рабочих дней до заседания Комиссии по следующей формуле: a = b + c
      где a – итоговая оценка служащего,
      b – оценка непосредственного руководителя,
      c – средняя оценка лиц, указанных в пункте 14 настоящей Методики.
      20. Итоговая оценка выставляется по следующей шкале:
      менее 21 балла – "неудовлетворительно",
      от 22 до 33 баллов – "удовлетворительно",
      выше 33 баллов – "эффективно".

6. Рассмотрение результатов оценки Комиссией

      21. Кадровая служба обеспечивает проведение заседания Комиссии по рассмотрению результатов оценки в соответствии с графиком, указанным в пункте 12 настоящей Методики.
      Кадровая служба предоставляет на заседание Комиссии следующие документы:
      1) заполненный оценочный лист непосредственного руководителя;
      2) заполненный лист круговой оценки;
      3) должностная инструкция служащего;
      4) проект протокола заседания Комиссии с указанием итоговой оценки по форме согласно приложению 3 к Типовой методике ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б", утвержденной приказом исполняющего обязанности Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы от 5 июня 2014 года №04-2-4/93.
      22. Комиссия рассматривает результаты оценки и принимает одно из следующих решений:
      1) утвердить результаты оценки;
      2) пересмотреть результаты оценки.
      В случае принятия решения о пересмотре результатов оценки Комиссия корректирует оценку с соответствующим кратким пояснением в протоколе. При этом не допускается снижение оценки служащего.
      23. Кадровая служба ознакамливает служащего с результатами оценки в течение пяти рабочих дней со дня ее завершения.
      Ознакомление служащего с результатами оценки осуществляется в письменной или электронной форме.
      Отказ служащего от ознакомления не может служить препятствием для внесения результатов оценки в его послужной список. В этом случае работником кадровой службы в произвольной форме составляется акт об отказе от ознакомления.
      24. Результаты оценки вносятся в послужные списки служащих.
      25. Документы, указанные в пункте 21 настоящей Методики, а также подписанный протокол заседания Комиссии хранятся в кадровой службе.

7. Обжалование результатов оценки

      26. Обжалование решения Комиссии служащим в уполномоченном органе по делам государственной службы или его территориальном департаменте Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы по Восточно-Казахстанской области осуществляется в течение десяти рабочих дней со дня вынесения решения.
      27. Уполномоченный орган по делам государственной службы или его территориальный департамент Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы по Восточно-Казахстанской области в течение десяти рабочих дней со дня поступления жалобы служащего осуществляет ее рассмотрение и в случаях обнаружения нарушений рекомендует государственному органу отменить решение Комиссии.
      28. Информация о принятом решении представляется государственным органом в течение двух недель в уполномоченный орган по делам государственной службы или его территориальный департамент Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы по Восточно-Казахстанской области.