РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 Заңына, "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 және "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидаларын бекіту туралы" 2012 жылғы 26 маусымдағы № 856 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" 2013 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1303 қаулысына сәйкес, Тарбағатай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Тарбағатай ауданының аз қамтылған отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 11 сәуірдегі Тарбағатай аудандық мәслихаттының № 3-6 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-16-129 нөмірмен тіркелген, 2012 жылдың 24 мамырында аудандық "Тарбағатай" газеттінің № 46 санында жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Тарбағатай ауданының аз қамтылған отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсету Қағиданы бекіту туралы";
шешімнің және қосымшалардың мемлекеттік тілдегі бүкіл мәтіні бойынша "Ережесі", "Ереже", "Ережелер", "Ережеде", "Ереженің", "Ережесін", "Ережесіне" деген сөздер тиісінше "Қағидасы", "Қағида", "Қағидалар", "Қағидада", "Қағиданың", "Қағидасын", "Қағидасына" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген шешіммен бекітілген Тарбағатай ауданының аз қамтылған отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсету ережесінде:
8-тармақтың 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай анықтамасы, не өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын селолық ауылдық әкімдердің анықтамасы;".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Т.Бейбіт |
Тарбағатай аудандық | |
мәслихатының хатшысы | М.Мағжаев |