РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағы 18) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабы 2 тармағының 9) тармақшасына сәйкес және Тарбағатай ауданының бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2014 жылғы 12 маусымдағы № 297 ұсынысы негiзiнде Тарбағатай ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Тарбағатай ауданының Құмкөл ауылдық округiнiң Шыбынды учаскесінде ірі қара малдарынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С.Жақаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкiмiнің | |
міндетін атқарушы | С. Жақаев |