Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Казақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк–аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 35 бабы 2 тармағына сәйкес, 2014 жылғы 3 қыркүйектегі Шығыс Қазақстан облыстық ономастикалық комиссияның қорытындысы негізінде және ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып, Екпін ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Екпін ауылдық округiнің Екпін ауылындағы атауы жоқ көшеге – «Отыншы Әлжанов» атауы берiлсiн.
2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Екпін ауылдық округінің әкiмi | Б.Сербатыров |