Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 шілдедегі № 65 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 21 қарашадағы № 223 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 20 желтоқсанда № 9986 тіркелді

      «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына және «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару туралы шарт туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 18 мамырдағы № 655 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару туралы 2001 жылғы 14 маусымдағы № 299 шартқа сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 шілдедегі № 65 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4361 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесінде:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы ереже «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына және «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару туралы шарт туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 18 мамырдағы № 655 қаулысына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын (бұдан әрі – Қор) сенімгерлік басқару кезінде инвестициялық операцияларды жүзеге асыру тәртібін белгілейді.»;
      101112-тармақтар алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 16-2-тармақпен толықтырылсын:
      «16-2. Алтын портфелі – бұл мақсаты валютадағы активтердің халықаралық қаржы нарықтарындағы тартымдылығының ықтимал төмендеуінен сақтау және қорғау болып табылатын, ішкі және/немесе сыртқы алтыннан тұратын портфель.»;
      19 және 20-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «19. Құрылымдық өнім – әр түрлі қаржы құралдарының бірігуі болып табылатын активтер мен міндеттемелердің жиынтығы.
      20. Активтерді тактикалық бөлу (tactical asset allocation) – эталондық портфель және оның рұқсат етілген ауытқулары шеңберінде қаржы құралдарының түрлі кластарының үлесін қаржы құралдарының, оның ішінде туынды қаржы құралдарының портфеліне/портфелінен сатып алу/сату/аудару жолымен өзгерту. Портфель активтерін тактикалық бөлу портфельдің кірістілігін эталондық портфельмен салыстырғанда арттыру мақсатында жүргізіледі.»;
      2-тарау мынадай мазмұндағы 26-1-тармақпен толықтырылсын:
      «26-1. Алтын депозит (салым) – келісілген пайыздық мөлшерлемеде белгілі бір кезеңге салынған металл шоттарындағы алтын салымы.»;
      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Қордың портфельдерін басқару жөніндегі жалпы стратегия»;
      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «27. Қордың активтері тұрақтандыру портфеліне, жинақ портфеліне және алтын портфеліне бөлінеді.»;
      34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «34. Шетел валютасындағы және алтын депозиттері (салымдар) A-1 (Standard&Poor’s)/(P1 Moody’s) төмен емес қысқа мерзімді кредиттік рейтингі бар және A (Standard&Poor’s)/A2 (Moody’s) төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар қарсы әріптестерде орналастырылады. Шетел валютасындағы депозиттердің (салымдардың) ең көп мерзімі – 1 (бір) ай. Алтын депозиттерінің (салымдарының) ең көп мерзімі осы Ереженің 56-4 тармағында көзделген.»;
      3-тарау мынадай мазмұндағы 35-4-тармақпен толықтырылсын:
      «35-4. Мемлекеттік бағалы қағаздың кредиттік рейтингі (Standard&Poor's немесе Moody’s) болмаған кезде мемлекеттік бағалы қағаздың кредиттік рейтингі берілгенге дейін эмитенттің кредиттік рейтингі қолданылады.»;
      36 және 37-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «36. Merrill Lynch 6-month US Treasury Bill Index индексінің құрамы тұрақтандыру портфелінің эталондық портфелі болып саналады. Бұл индекс өтеу мерзімі алты айға дейінгі АҚШ-тың қазынашылық вексельдерінен тұратын Merrill Lynch компаниясының индексі болып табылады. Кірістілік және тәуекел көрсеткіштері күн сайын есептеледі.
      37. Тұрақтандыру портфелі АА - Standard&Poor’s / Aа2 - Moody’s төмен емес кредиттік рейтингі бар елдердің өтімділігі жоғары активтерінен тұрады.»;
      48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «48. Әлемнің дамыған елдерінің мына:
      Merrill Lynch U.S. Treasuries, 1-5 Yrs (GVQ0) - 30 (отыз) пайыз;
      Merrill Lynch 1-5 Year All Euro Government Index, DE, FR, NL, AT, LU, FI (EVDF) - 26 (жиырма алты) пайыз;
      Merrill Lynch U.K. Gilts, 1-5 Yrs (GVL0) - 10 (он) пайыз;
      Merrill Lynch Japanese Governments, 1-5 Yrs (GVY0) – 10 (он) пайыз;
      Merrill Lynch Australian Government, 1-5 Yrs (GVT0) – 5 (бес) пайыз;
      Merrill Lynch Canadian Governments, 1-5 Yrs (GVC0) – 5 (бес) пайыз;
      Merrill Lynch South Korean Government Index, 1-5 Yrs (GSKV) – 5 (бес) пайыз;
      Merrill Lynch Hong Kong Government Index, 1-5 Yrs (GVHK) – 3 (үш) пайыз;
      Merrill Lynch Singapore Government Index, 1-5 Yrs (GVSP) – 2 (екі) пайыз;
      Merrill Lynch Danish Governments, 1-5 Yrs (GVM0) – 2 (екі) пайыз;
      Merrill Lynch Swedish Governments, 1-5 Yrs (GVW0) – 2 (екі) пайыз өтімділігі жоғары бағалы қағаздардан тұратын облигацияларының Композиттік Индексі жинақ портфелінің кірісі белгіленген бағалы қағаздар портфелі үшін эталондық портфель болып саналады.
      Осы индекстегі эталондық бөлуге қайта оралу күнтізбелік тоқсанның соңғы жұмыс күні жүргізіледі. Бағалы қағаздардың индекстегі құрамы ай сайын өзгереді. Кірістілік және тәуекел көрсеткіштері күн сайын есептеледі.»;
      51-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «51. Бағалы қағаздың ең төменгі ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі – BBB (Standard&Poor’s)/Baa2 (Moody’s). Жинақ портфелінің жеке басқарушысының портфеліндегі корпоративтік бағалы қағаздарға осы Ереженің 5-қосымшасына сәйкес жинақ портфелінің жеке басқарушысының портфеліндегі корпоративтік бағалы қағаздарға ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі (Standard&Poor's/Moody’s) бойынша лимиттер белгіленеді.
      Рұқсат етілген ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі (Standard&Poor's/Moody’s) бар корпоративтік эмитенттің бағалы қағаздарына кредиттік рейтингі (Standard&Poor's/Moody’s) болмаған жағдайда, бұл корпоративтік бағалы қағаздарды сатып алу туралы шешімді Ұлттық Банк Басқармасы қабылдайды.
      Ақша нарығының корпоративтік бағалы қағаздар эмитентінің ең төменгі қысқа мерзімді кредиттік рейтингі – А3(Standard&Poor's)/P3(Moody's).
      Эталондық портфельге кірмейтін АА-(Standard&Poor's)/Aa3(Moody's) және одан да төмен ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар елдердің мемлекеттік борыштық міндеттемелері үшін жинақ портфеліндегі ең көп ауытқулар осы Ереженің 6-қосымшасына сәйкес айқындалады.
      Жылжымайтын мүлікке (MBS) немесе активтерге (ABS) кепілге салынған бағалы қағаздардың кредиттік рейтингілері ААА-дан ВВВ – Standard&Poor’s дейін немесе Ааа-дан Ваа2 – Moody’s дейін болады.»;
      52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «52. Жинақ портфелінің акциялар пакеті (Global Equity) үшін MSCI World Index (MXWO) индексі - Morgan Stanley Capital International компаниясы жасайтын, әлемнің дамыған елдері компанияларының акцияларынан тұратын индекс эталондық портфель болып табылады. Кірістілік көрсеткіші күн сайын есептеледі.»;
      мынадай мазмұндағы 5-1-тараумен толықтырылсын:
      «5-1. Алтын портфелінің өлшемдері
      56-1. Алтын портфелі құйма түрінде және металл шоттардағы ішкі (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығында (филиалында) (бұдан әрі – Орталық) орналастырылған) және сыртқы (Қазақстан Республикасынан тыс орналастырылатын) алтыннан тұрады.
      56-2. Валютадағы активтерді сақтау және халықаралық қаржы нарықтарындағы тартымдылығын ықтимал төмендеуден қорғау алтындағы активтерді басқару мақсаты болып табылады. Үстеме кірістілік алу алтындағы активтерді басқарудың мақсаты болып табылмайды.
      56-3. Алтын портфелінің көлемі аудару сәтінде Қордың көлемінен 5 (бес) пайыздан аспайды.
      56-4. Активтермен қамтамасыз етілмеген алтындағы депозиттің (салымның) ең көп мерзімі 1 (бір) жылдан аспайды. Активтермен қамтамасыз етілген алтындағы депозиттің (салымның) ең көп мерзімі 5 (бес) жылдан аспайды. Қамтамасыз ету ретінде осы Ережемен инвестициялау үшін рұқсат етілген, ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі АА-(Standard&Poor's)/Aa3(Moody's) және одан жоғары болатын мемлекеттік бағалы қағаздар болады.
      56-5. Алтынды Орталықтағы шоттарға есептей отырып оны ішкі нарықта сатып алған кезде бұл алтын ішкі алтын позицияларына жатады, ал оны Қазақстан Республикасынан тыс ашылған шоттарға есептеген кезде Қордың сыртқы алтынының позицияларында есепке алынады.
      56-6. Сыртқы алтынның көлемінен 25 (жиырма бес) пайызға дейін AAA(Standard&Poor's) немесе Ааа (Moody's) төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар және өтеу мерзімі 10 (он) жылдан аспайтын алтынның бағасына байланысты бағалы қағаздарға инвестициялауға жол беріледі.»;
      60-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «60. Кастодиан Ұлттық Банкке Қор активтерінің мониторинг жүйесін ұсынады.»;
      мынадай мазмұндағы 63-1, 63-2, 63-3-тармақтармен толықтырылсын:
      «63-1. Эмитент рейтингі A+ (Standard&Poor’s)/А1 (Moody’s)-тен төмен емес халықаралық қаржы ұйымдары және тәуелсіз агенттіктер шығарған құрылымдық өнімдерді сатып алуға рұқсат етіледі.
      63-2. Ақша ағындары және/немесе негізгі өтеу сомасы валюталық, шикізат нарықтарына және/немесе акциялар нарықтарына не кредиттік оқиғаларға байланысты құрылымдық өнімдерді сатып алуға рұқсат етілмейді.
      63-3. Егер құрылымдық өнім бойынша нарықтық қайта бағалау болған жағдайда, оны сатып алуға жол беріледі.»;
      6465666768 және 69-тармақтар алынып тасталсын;
      70-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «70. Құрылымдық өнімдерге қолданылатын шектеулер MBS-қа және ABS-қа қолданылмайды.»;
      1-қосымша осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;
      456-қосымшалар осы қаулының 234-қосымшаларына сәйкес редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                   Қ. Келімбетов

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Қаржы министрлігі
      ____________ (__________)
      2014 жылғы 18 желтоқсан

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2014 жылғы 21 қарашадағы
№ 223 қаулысына
1-қосымша

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының
инвестициялық операцияларын
жүзеге асыру ережесіне
1-қосымша

Кредиттік рейтингтер

Standard & Poor’s

Moody’s

Ұзақ мерзімді кредиттік рейтингтер

ААА

Ааа

АА+

Аа1

АА

Аа2

АА-

Аа3

А+

А1

А

А2

А-

А3

BBB+

Baa1

BBB

Baa2

Қысқа мерзімді кредиттік рейтингтер

А-1+, А-1

Р-1

А-2

Р-2

A-3

Р-3

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2014 жылғы 21 қарашадағы
№ 223 қаулысына
2-қосымша

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының
инвестициялық операцияларын
жүзеге асыру ережесіне
4-қосымша

Кірісі белгіленген бағалы қағаздар портфелінің
секторлық бөлінуі


Ең төменгі

Ең жоғары

Қолда бар валюта (ағымдағы шоттардағы қалдықтар; келесі жұмыс күні қайтару мүмкіндігімен ақша нарығының қорларына орналастырылған қаражат), эталондық портфельге кіретін елдердің мемлекеттік (тәуелсіз) және агенттік борыштық міндеттемелері

60%

100%

Халықаралық қаржы ұйымдарының борыштық міндеттемелері

0%

30%

Эталондық портфельге кірмейтін елдердің мемлекеттік (тәуелсіз) борыштық міндеттемелері, агенттік борыштық міндеттемелері

0%

40%

Депозиттер (салымдар), оның ішінде репо операцияларынан депозиттерге орналастырылған қаражат

0%

30%

Туынды құралдар (Tracking Error бойынша шектеумен реттеледі)

0%

50%

Құрылымдық өнімдер (MBS, ABS қоспағанда)

0%

30%

Жылжымайтын мүлікке (MBS) және активтерге (ABS) кепілге салынған бағалы қағаздар

0%

30%

Корпоративтік және коммерциялық бағалы қағаздар (ECP)

0%

30%

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2014 жылғы 21 қарашадағы
№ 223 қаулысына
3-қосымша

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының
инвестициялық операцияларын
жүзеге асыру ережесіне
5-қосымша

Жинақ портфелінің жеке басқарушысының портфеліндегі
корпоративтік бағалы қағаздарға ұзақ мерзімді кредиттік
рейтингі (Standard&Poor’s)/Moody’s) бойынша лимиттер

Жинақ портфелінің жеке басқарушысының портфеліндегі корпоративтік бағалы қағаздар

Ең төменгі

Ең жоғары

BBB/Ваа2-ден бастап қоса алғанда ВВВ+Ваа1 дейін (BBB/Ваа2 ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар үлес 2%-дан аспауға тиіс)

0%

4%

A-/А3 бастап қоса алғанда A/А2 дейін ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар

0%

8%

А+/А1 бастап қоса алғанда AA-/Аа3 дейін ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар

0%

12%

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2014 жылғы 21 қарашадағы
№ 223 қаулысына
4-қосымша

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының
инвестициялық операцияларын
жүзеге асыру ережесіне
6-қосымша

АА-(Standard&Poor's)/Aa3(Moody's) ұзақ мерзімді және одан төмен
кредиттік рейтингі бар эталондық портфельге кірмейтін елдердің
мемлекеттік борыштық міндеттемелері үшін жинақ портфеліндегі ең
жоғары ауытқулар

Активтердің түрі

Нарықтық құны

Ең төменгі

Ең жоғары

ВВВ/Baa2 бастап қоса алғанда BBB+/Baa1 дейін ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар елдердің мемлекеттік борыштық міндеттемелері (ВВВ/Baa2 ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар үлес 3%-дан аспауға тиіс)

0%

6%

А-/А3 бастап қоса алғанда А/А2 дейін ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар елдердің мемлекеттік борыштық міндеттемелері

0%

9%

А+/А1 бастап қоса алғанда АА-/Аа3 дейін ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар елдердің мемлекеттік борыштық міндеттемелері

0%

18%

О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 25 июля 2006 года № 65 "Об утверждении Правил осуществления инвестиционных операций Национального фонда Республики Казахстан"

Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 21 ноября 2014 года № 223. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 20 декабря 2014 года № 9986.

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 30 марта 1995 года "О Национальном Банке Республики Казахстан" и Договором о доверительном управлении Национальным фондом Республики Казахстан от 14 июня 2001 года № 299, одобренным постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 мая 2001 года № 655 "О договоре о доверительном управлении Национальным фондом Республики Казахстан", Правление Национального Банка Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 25 июля 2006 года № 65 "Об утверждении Правил осуществления инвестиционных операций Национального фонда Республики Казахстан" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 4361) следующие изменения и дополнения:

      в Правилах осуществления инвестиционных операций Национального фонда Республики Казахстан, утвержденных указанным постановлением:

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Настоящие Правила разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 30 марта 1995 года "О Национальном Банке Республики Казахстан" и постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 мая 2001 года № 655 "О договоре о доверительном управлении Национальным фондом Республики Казахстан" и устанавливают порядок осуществления Национальным Банком Республики Казахстан (далее – Национальный Банк) инвестиционных операций при доверительном управлении Национальным фондом Республики Казахстан (далее - Фонд).";

      пункты 10, 11, 12 исключить;

      дополнить пунктом 16-2 следующего содержания:

      "16-2. Портфель золота – портфель, состоящий из внешнего и/или внутреннего золота, целью которого является сохранность и защита от возможного понижения привлекательности активов в валюте на международных финансовых рынках.";

      пункты 19 и 20 изложить в следующей редакции:

      "19. Структурный продукт – комбинация активов и обязательств, являющаяся объединением различных финансовых инструментов.

      20. Тактическое распределение активов (tactical asset allocation) – изменение доли различных классов финансовых инструментов в рамках эталонного портфеля и допустимых отклонений от него путем покупки/продажи/переводов в/из портфеля финансовых инструментов, в том числе производных финансовых инструментов. Тактическое распределение активов портфеля производится с целью повышения доходности портфеля по сравнению с эталонным портфелем.";

      главу 2 дополнить пунктом 26-1 следующего содержания:

      "26-1. Депозит (вклад) в золоте - вклад в золоте, размещенный на металлических счетах на определенный период под оговоренную процентную ставку.";

      заголовок главы 3 изложить в следующей редакции:

      "3. Общая стратегия по управлению портфелями Фонда";

      пункт 27 изложить в следующей редакции:

      "27. Активы Фонда делятся на стабилизационный портфель, сберегательный портфель и портфель золота.";

      пункт 34 изложить в следующей редакции:

      "34. Депозиты (вклады) в иностранной валюте и в золоте размещаются у контрпартнеров, имеющих краткосрочные кредитные рейтинги не ниже A-1 (Standard&Poor’s)/P1 (Moody’s) и долгосрочные кредитные рейтинги не ниже A (Standard&Poor’s)/A2(Moody’s). Максимальный срок депозитов (вкладов) в иностранной валюте – 1 (один) месяц. Максимальный срок депозитов (вкладов) в золоте предусмотрен пунктом 56-4 настоящих Правил.";

      главу 3 дополнить пунктом 35-4 следующего содержания:

      "35-4. При отсутствии кредитного рейтинга (Standard&Poor’s или Moody’s) государственной ценной бумаги применяется кредитный рейтинг эмитента, до присвоения кредитного рейтинга государственной ценной бумаге.";

      пункты 36 и 37 изложить в следующей редакции:

      "36. Эталонным портфелем стабилизационного портфеля считается состав индекса Merrill Lynch 6-month US Treasury Bill Index. Данный индекс является индексом компании Merrill Lynch, состоящий из казначейских векселей США со сроком погашения до шести месяцев. Показатели доходности и риска рассчитываются ежедневно.

      37. Стабилизационный портфель состоит из высоколиквидных активов стран с кредитным рейтингом не ниже, чем АА – (Standard&Poor’s) / Aа2 – (Moody’s).";

      пункт 48 изложить в следующей редакции:

      "48. Эталонным портфелем для портфеля ценных бумаг с фиксированным доходом сберегательного портфеля считается Композитный Индекс облигаций развитых стран мира, состоящий из высоколиквидных ценных бумаг:

      Merrill Lynch U.S. Treasuries, 1-5 Yrs (GVQ0) - 30 (тридцать) процентов;

      Merrill Lynch 1-5 Year All Euro Government Index, DE, FR, NL, AT, LU, FI (EVDF) - 26 (двадцать шесть) процентов;

      Merrill Lynch U.K. Gilts, 1-5 Yrs (GVL0) - 10 (десять) процентов;

      Merrill Lynch Japanese Governments, 1-5 Yrs (GVY0) - 10 (десять) процентов;

      Merrill Lynch Australian Government, 1-5 Yrs (GVT0) - 5 (пять) процентов;

      Merrill Lynch Canadian Governments, 1-5 Yrs (GVC0) - 5 (пять) процентов;

      Merrill Lynch South Korean Government Index, 1-5 Yrs (GSKV) - 5 (пять) процентов;

      Merrill Lynch Hong Kong Government Index, 1-5 Yrs (GVHK) - 3 (три) процента;

      Merrill Lynch Singapore Government Index, 1-5 Yrs (GVSP) - 2 (два) процента;

      Merrill Lynch Danish Governments, 1-5 Yrs (GVM0) – 2 (два) процента;

      Merrill Lynch Swedish Governments, 1-5 Yrs (GVW0) - 2 (два) процента.

      Возврат к эталонному распределению в данном индексе производится в последний рабочий день календарного квартала. Состав ценных бумаг в индексе меняется ежемесячно. Показатели доходности и риска рассчитываются ежедневно.";

      пункт 51 изложить в следующей редакции:

      "51. Минимальный долгосрочный кредитный рейтинг ценной бумаги – BBB (Standard&Poor’s) /Baa2 (Moody’s). На корпоративные ценные бумаги в портфеле отдельного управляющего сберегательного портфеля устанавливаются лимиты по долгосрочному кредитному рейтингу (Standard&Poor's/Moody's) на корпоративные ценные бумаги в портфеле отдельного управляющего сберегательного портфеля согласно приложению 5 к настоящим Правилам.

      В случае отсутствия кредитного рейтинга (Standard&Poor’s/Moody’s) на ценные бумаги корпоративного эмитента с допустимым долгосрочным кредитным рейтингом (Standard&Poor’s/Moody’s), решение о покупке данных корпоративных ценных бумаг принимается Правлением Национального Банка.

      Минимальный краткосрочный кредитный рейтинг эмитента корпоративных ценных бумаг денежного рынка – А3 (Standard&Poor’s)/P3 (Moody’s).

      Максимальные отклонения в сберегательном портфеле для государственных долговых обязательств стран, не входящих в эталонный портфель с долгосрочным кредитным рейтингом АА-(Standard&Poor's)/Aa3(Moody's) и ниже определяется согласно приложению 6 к настоящим Правилам.

      Ценные бумаги под залог недвижимости (MBS) или активов (ABS) имеют кредитные рейтинги от ААА до ВВВ (Standard&Poor’s) или от Ааа до Ваа2 (Moody’s).";

      пункт 52 изложить в следующей редакции:

      "52. Эталонным портфелем для портфеля акций (Global Equity) сберегательного портфеля является индекс MSCI World Index (MXWO) - индекс, состоящий из акций компаний развитых стран мира, составляемый компанией Morgan Stanley Capital International. Показатель доходности рассчитывается ежедневно.";

      дополнить главой 5-1 следующего содержания:

      "5-1. Параметры портфеля золота

      56-1. Портфель золота состоит из внутреннего (размещенного в Центре кассовых операций и хранения ценностей (филиале) Национального Банка Республики Казахстан (далее - Центр) и внешнего золота (размещенного за пределами Республики Казахстан) в виде слитков и на металлических счетах.

      56-2. Целями управления активами в золоте являются сохранность и защита от возможного понижения привлекательности активов в валюте на международных финансовых рынках. Получение сверхдоходности не является целью управления активами в золоте.

      56-3. Объем портфеля золота не превышает 5 (пяти) процентов от объема Фонда на момент перевода.

      56-4. Максимальный срок депозита (вклад) в золоте, необеспеченного активами, не превышает 1 (один) год. Максимальный срок депозита (вклада) в золоте, обеспеченного активами, не превышает 5 (пяти) лет. В качестве обеспечения выступают государственные ценные бумаги с долгосрочным кредитным рейтингом АА-(Standard&Poor's)/Aa3(Moody's) и выше, разрешенные для инвестирования настоящими Правилами.

      56-5. При приобретении золота на внутреннем рынке с зачислением его на счета в Центре данное золото относится к позициям внутреннего золота Фонда, а при зачислении на счета, открытые за пределами Республики Казахстан, учитывается в позициях внешнего золота Фонда.

      56-6. До 25 (двадцати пяти) процентов от объема внешнего золота допускается инвестировать в ценные бумаги, имеющие привязку к цене на золото, с долгосрочным кредитным рейтингом не ниже AAA (Standard&Poor's) или Ааа (Moody's) и сроком погашения не более 10 (десяти) лет.";

      пункт 60 изложить в следующей редакции:

      "60. Кастодиан представляет Национальному Банку систему для мониторинга за активами Фонда.";

      дополнить пунктами 63-1, 63-2, 63-3 следующего содержания:

      "63-1. Разрешаются к покупке структурные продукты, эмитируемые международными финансовыми организациями и суверенными агентствами, с рейтингом эмитента не ниже A+ (Standard&Poor’s)/А1 (Moody’s).

      63-2. Покупка структурных продуктов, по которым денежные потоки и/или основная сумма погашения привязана к валютным, сырьевым рынкам и/или к рынкам акций, либо к кредитным событиям не разрешена.

      63-3. Покупка структурного продукта допускается в случае если по нему имеется рыночная переоценка.";

      пункты 64, 65, 66, 67, 68 и 69 исключить;

      пункт 70 изложить в следующей редакции:

      "70. Ограничения, применимые к структурным продуктам, не распространяются на MBS и ABS.";

      приложение 1 изложить в редакции согласно приложению 1 к настоящему постановлению;

      приложения 4, 5, 6 изложить в редакции согласно приложениям 2, 3, 4 к настоящему постановлению.

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Председатель


Национального Банка

К. Келимбетов

"СОГЛАСОВАНО"


Министерство финансов


Республики Казахстан


____________ (__________)


18 декабря 2014 года



  Приложение 1
к постановлению Правления
Национального Банка
Республики Казахстан
от 21 ноября 2014 года № 223
Приложение 1
к Правилам осуществления
инвестиционных операций
Национального фонда
Республики Казахстан

      Кредитные рейтинги

Standard & Poor’s

Moody’s

Долгосрочные кредитные рейтинги

ААА

Ааа

АА+

Аа1

АА

Аа2

АА-

Аа3

А+

А1

А

А2

А-

А3

BBB+

Baa1

BBB

Baa2

Краткосрочные кредитные рейтинги

А-1+, A-1

Р-1

А-2

Р-2

A-3

Р-3

  Приложение 2
к постановлению Правления
Национального Банка
Республики Казахстан
от 21 ноября 2014 года № 223
Приложение 4
к Правилам осуществления
инвестиционных операций
Национального фонда
Республики Казахстан

      Секторное распределение портфеля ценных бумаг

      с фиксированным доходом


Минимум

Максимум

Наличная валюта (остатки на текущих счетах; средства, размещенные в фонды денежного рынка с возможностью возврата на следующий рабочий день), государственные (суверенные) и агентские долговые обязательства стран, входящих в эталонный портфель

60 %

100 %

Долговые обязательства международных финансовых организаций

0 %

30 %

Государственные (суверенные) долговые обязательства, агентские долговые обязательства стран, не входящих в эталонный портфель

0 %

40 %

Депозиты (вклады), в том числе средства, размещенные на депозиты от операций репо

0 %

30 %

Производные инструменты (регулируются ограничением по Tracking Error)

0 %

50 %

Структурные продукты (не включая MBS, ABS)

0 %

30 %

Ценные бумаги под залог недвижимости (MBS) и активов (ABS)

0 %

30 %

Корпоративные и коммерческие ценные бумаги (ECP)

0 %

30 %

  Приложение 3
к постановлению Правления
Национального Банка
Республики Казахстан
от 21 ноября 2014 года № 223
Приложение 5
к Правилам осуществления
инвестиционных операций
Национального фонда
Республики Казахстан

      Лимиты по долгосрочному кредитному рейтингу (Standard&Poor's/Moody's)

      на корпоративные ценные бумаги в портфеле отдельного управляющего

      сберегательного портфеля

Корпоративные ценные бумаги, в портфеле отдельного управляющего сберегательного портфеля

Минимум

Максимум

с долгосрочным кредитным рейтингом от BBB/Ваа2 до BBB+/Ваа1 включительно

(доля с долгосрочным кредитным рейтингом BBB/Ваа2 не должна превышать 2%)

0%

4%

с долгосрочным кредитным рейтингом от A-/А3 до A/А2 включительно

0%

8%

с долгосрочным кредитным рейтингом А+/А1 до AA-/Аа3 включительно

0%

12%

  Приложение 4
к постановлению Правления
Национального Банка
Республики Казахстан
от 21 ноября 2014 года № 223
Приложение 6
к Правилам осуществления
инвестиционных операций
Национального фонда
Республики Казахстан

      Максимальные отклонения в сберегательном портфеле для государственных

      долговых обязательств стран, не входящих в эталонный портфель с

      долгосрочным кредитным рейтингом АА-(Standard&Poor's)/Aa3(Moody's) и

      ниже

Вид активов

Рыночная стоимость

Минимум

Максимум

Государственные долговые обязательства стран с долгосрочным кредитным рейтингом от ВВВ/Baa2 до BBB+/ Baa1 включительно (доля с долгосрочным кредитным рейтингом BBB/Ваа2 не должна превышать 3%)

0 %

6 %

Государственные долговые обязательства стран с долгосрочным кредитным рейтингом от А-/А3 до А/А2 включительно

0 %

9%

Государственные долговые обязательства стран с долгосрочным кредитным рейтингом от А+/А1 до АА-/Аа3 включительно

0 %

18 %