Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.06.2021 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі!
Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз
"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін белгілеу ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 24 тамыздағы № 78 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5795 тіркелген, 2009 жылғы 2 қазанда "Заң газеті" газетінде № 150 (1573) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін белгілеу ережесінде:
3-тармақ алынып тасталсын;
4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Ұлттық Банк Басқармасының қаулысында:
шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектері белгіленетін шетел валюталарының түрлері;
валютаның әрбір түрі үшін ауытқу шегі болуға тиіс.".
2. Алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.11.2018 № 296 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3. Осы қаулы ресми жариялануға жатады және 2015 жылғы 11 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк | |
Төрағасы | Қ. Келімбетов |