Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 05.05.2015 № 117 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа ала отырып, "Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауылшаруашылық дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 573 қаулысына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2014 жылға арналған субсидияланатын гербицидтердің түрлері және гербицид жеткізушілерден сатып алынған гербицидтердің 1 литріне (килограмына) арналған субсидиялар нормалары осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі, Орал қаласы мен аудандар әкімдері осы қаулыны іске асыру бойынша қажетті шараларды алсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А. К. Өтеғұловқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі Н. Ноғаев
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
_____________А. Мамытбеков
30.07.2014 жыл
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2014 жылғы 29 шілдедегі № 201
қаулысына қосымша
2014 жылға арналған субсидияланатын
гербицидтердің түрлері және гербицид
жеткізушілерден сатып алынған гербицидтердің
1 литріне (килограмына) арналған
субсидиялар нормалары
№ р/с |
Субсидияланатын гербицидтердің түрлері |
Өлшем бірлігі |
Бір бірліктің құнын арзандату пайызы |
Бір бірлікке арналған субсидия нормасы, теңге |
1 |
Гроза, 60% э.к. (2-этилгексилді эфир, 2,4 дихлорфеноксиуксусты қышқыл, 600 г/л) |
литр |
50 |
775 |
2 |
Напалм, с.е. (глифосат,540 г/л) |
литр |
30 |
550 |
3 |
Аккурат, с.д.т. (метсульфурон-метил, 600 г/кг) |
литр |
30 |
12001 |
4 |
Балерина,с.э.(Күрделі 2-этилгексилді эфир түріндегі 2,4-Д қышқылы, 410 г/л)+флора сулан, 7,4 г/л |
литр |
30 |
1092 |
5 |
Бутизан 400 КС, 40% с.к. (метазахлор,400 г/л) |
литр |
30 |
1554 |
6 |
Гезагард 500, с.к. (прометрин, 500 г/л) |
литр |
30 |
638 |
7 |
Готрил, 24% э. к. (оксифлуорфен, 240 г/л) |
литр |
30 |
1665 |
8 |
Гранстар, 75% қ.а.с. (трибенурон-метил,750 г/кг) |
литр |
30 |
19425 |
9 |
Зенкор Ультра, с.к. (метрибузин, 600 г/л) |
литр |
30 |
2386,5 |
10 |
Лонтрел Гранд 750, с.д.т. (клопиралид,750 г/кг) |
литр |
30 |
5728 |
11 |
Майстер Пауэр, м.д. (форамсульфурон, 31,5 г/л + натридің йодосульфурон-метилі, 1,0 г/л + тиенкарбазон-метил, 10 г/л+ципросульфид (антидот),15 г/л) |
литр |
30 |
2747 |
12 |
Праймер, с.д.т. (метсульфурон-метил, 600 г/кг) |
литр |
30 |
7475 |
13 |
Раундап Экстра, 54% с.е. (глифосат, 540 г/л) |
литр |
30 |
557 |
14 |
Робусто, э. к. (2,4-Д қышқылдың 2 этилгексилді эфирі, 850 г/л) |
литр |
30 |
519 |
15 |
Секатор Турбо, м.д. (натридің йодосульфурон-метилі, 25 г/л + амидосульфурон, 100 г/л + мефенпир-диэтил (антидот), 250 г/кг) |
литр |
30 |
3552 |
16 |
Торнадо 500, с. е. (глифосат, 500 г/л) |
литр |
30 |
527 |
17 |
Фуроре Ультра, м.с.э. (феноксапроп-п-этил, 110 г/л) |
литр |
30 |
1482 |
18 |
Эллай Лайт, с.д.т. (метсульфурон-метил, 391 г/кг + трибенурон-метил, 261 г/кг) |
литр |
30 |
20091 |
19 |
Эстерон, э. к. (2-этилгексил эфир түріндегі 2,4-Д қышқылы, 850 г/л) |
литр |
30 |
527 |
20 |
Эстет 905, э. к. (2-этилгексил эфир түріндегі 2,4-Д қышқылы, 905 г/л) |
литр |
30 |
499,5 |
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
с.д.т.-сулы диспергерленген түйіршектер;
с.е.-сулы ерітінді;
м.д.-майлы дисперсия;
с.к.-суспензия концентраты;
э.к.-эмульсия концентраты;
с.э.-суспензияланған эмульсия;
с.к.-суспензиялы концентрат;
м.с.э.-майлы-сулы эмульсия;
қ.а.с.-құрғақ аққыш суспензия;
г/л-грамм/литр;
г/кг-грамм/килограмм.