"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, "Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы" 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Облыстық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидалары бекітілсін.
2. "Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны жүзеге асыру жөніндегі қажетті шараларды алсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары С. Ж. Шапкеновке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Н. Ноғаев |
2014 жылғы 16 қыркүйектегі № 238 Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысымен бекітілген |
Облыстық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде
жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу
қағидалары
1. Осы Облыстық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидалары (бұдан әрі – қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы №88 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларының 50-тармағына сәйкес әзірленді және облыстық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібін айқындайды.2. Облыстық коммуналдық заңды тұлғалардың балансында тұрған мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілерін және құрылысты мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жылдық жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу осы қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес объектінің аумақтық орналасуы, құрылыстың үлгісі, объектінің түрі, объектінің қолайлылық дәрежесі, жалдаушының объектіні пайдалануы және жалдаушының ұйымдық-құқықтық нысаны ескерілетін базалық мөлшерлеме мен қолданылатын коэффициент көлемі негізінде анықталады.
Мүліктік жалдауға (жалға алуға) берілетін мемлекеттік тұрғын емес қордың және құрылыс объектілерін жылдық жалдау ақысын есептеу мына формула бойынша жүзеге асырылады:
Жал = Бмк х К1 х Кү х К2 х К3 х К4 х Кұқн х S, мұнда:
Жал - облыстық коммуналдық заңды тұлғалардың балансында тұрған мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілері мен құрылыстар үшін жалдау ақысы, бір жылға теңгемен;
Бмк – тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген 1,5 айлық есептік көрсеткішке тең объектінің жалпы алаңының 1 шаршы метріне жалдау ақысының базалық мөлшерлеме көлемі, бір жылға теңгемен.
К1 – объектінің аумақтық орналасуын ескеретін коэффициент;
Кү – құрылыстың үлгісін ескеретін коэффициент;
К2 – объектінің түрін ескеретін коэффициент;
К3 – объектінің қолайлылық дәрежесін ескеретін коэффициент;
К4 - жалдаушының объектіні пайдалануын ескеретін коэффициент;
Кұқн – жалдаушының ұйымдық-құқықтық нысанын ескеретін коэффициент;
S – жалға алынатын объектінің жалпы алаңы, шаршы метр.
Мүліктік жалдауға (жалға алуға) берілетін мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілері мен құрылыстарын бір айға жалдау ақысының ең төменгі мөлшері тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен кем болмауы тиіс.
3. Облыстық коммуналдық заңды тұлғалардың балансында тұрған жабдықтарды, көлік құралдарын және өзге де жылжымайтын мүліктерді (заттарды) мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жылдық жалдау ақысын есептеу осы қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес мына формула бойынша жүзеге асырылады:
Жал = Ққ х Пм, мұнда:
Жал – облыстық коммуналдық заңды тұлғалардың балансында тұрған жабдықтар, көлік құралдар және өзге де жылжымайтын мүліктер (заттары) үшін жалдау ақысы, бір жылға теңгемен;
Ққ – бухгалтерлік есеп деректері бойынша мүліктік жалдауға (жалға алуға) берілген жабдықтардың, көлік құралдарының және өзге де жылжымайтын мүліктердің (заттардың) қалдық құны, теңгемен;
Пм – жалдаушының қызмет түріне қарай (салалар бойынша) жабдықтарды, көлік құралдарын және өзге де жылжымайтын мүліктерді (заттарды) мүліктік жалдауға (жалға алуға) берілетін пайыздық мөлшерлеме, бір жылға пайызбен.
100 пайыз тозуы есептелген жабдықтарды, көлік құралдарын және өзге де жылжымайтын мүліктерді (заттарды) мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде қалдық құны жабдықтардың, көлік құралдарының және өзге де жылжымайтын мүліктердің (заттардың) бастапқы (қалпына келтіру) құнынан 10 пайыз мөлшерінде қабылданады.
4. Мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілерін және құрылыстарды, сондай-ақ жабдықтар, көлік құралдарын және өзге де жылжымайтын мүліктерді (заттарды) сағат бойынша мүліктік жалдауға (жалға алуға) ұсыну кезінде жалдау ақысын есептеу мына формула бойынша жүзеге асырылады:
Жс= Жал /12/К/24, мұнда:
Жс – облыстық коммуналдық заңды тұлғалардың балансында тұрған мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілері және құрылыстары, сондай-ақ жабдықтар, көлік құралдары және өзге де жылжымайтын мүліктер (заттар) үшін жалдау ақысы, бір сағатқа теңгемен;
Жал – облыстық коммуналдық заңды тұлғалардың балансында тұрған мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілері және құрылыстары, сондай-ақ жабдықтар, көлік құралдары және өзге де жылжымайтын мүліктер (заттар) үшін жалдау ақысы, бір жылға теңгемен;
К – объектілерді мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру жүзеге асырылатын айдағы күндердің саны.
Облыстық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидаларына 1-қосымша |
Облыстық коммуналдық заңды тұлғалардың балансында тұрған мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілерін және құрылыстарды мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жылдық жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу
Объектінің аумақтық орналасуын ескеретін коэффициенттің мәні, "К1"Құрылыстың үлгісін ескеретін коэффициенттің мәні, "Кү"
Облыстық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидаларына 2-қосымша |