"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті "Бөрлі аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2014 жылғы 29 қазандағы № 1134 ұсынысы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бөрлі ауданы Ақсу ауылдық округінің аумағында ірі қара малынан қарасан ауруының пайда болуына байланысты карантин белгіленсін.
2. Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмысы бөлімінің басшысы (А. Дарисов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж. Каналинге жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы |
А. Сафималиев |