Сырым ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы

Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 6 наурыздағы № 17-5 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2014 жылғы 1 сәуірде № 3462 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық мәслихатының 2020 жылғы 13 ақпандағы № 51-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық мәслихатының 13.02.2020 № 51-3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес Сырым аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Сырым ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасы бекітілсін.

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессиясы төрағасы М. Қазмағамбетов
      Аудандық мәслихат хатшысы А. Галимов

  Сырым аудандық мәслихатының
2014 жылғы 6 наурыздағы
№ 17-5 шешімімен бекітілген

Сырым ауданында аз қамтамасыз
етілген отбасыларға (азаматтарға)
тұрғын үй көмегін көрсетудің
мөлшерін және тәртібін айқындау
Қағидасы

      Сырым ауданында аз аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленді және аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындайды.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) шекті жол берілетін шығыстар үлесі - телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде отбасының (азаматтың) бір айда кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының (азаматтың) жиынтық кірісіне пайызбен қатынасы;

      2) отбасының (азаматтың) жиынтық табысы - тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы (азамат) кірістерінің жалпы сомасы;

      3) кондоминиум объектісін басқару органы - кондоминиум объектісін басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

      4) уәкілетті орган - тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын "Сырым аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-уәкілетті орган);

      5) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстар – кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалануға және жөндеуге, жер учаскесін күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуды есептеудің үйге ортақ құралдарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және тексеруге, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтерді төлеуге жұмсалатын, жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген ай сайынғы жарналар түріндегі үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері шығыстарының міндетті сомасы, сондай-ақ болашақта кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін немесе оның жекелеген түрлерін күрделі жөндеуге жинақталатын ақша;

      6) аз қамтылған отбасылар (азаматтар) - Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар адамдар.

      7) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық мәслихатының 17.07.2018 № 28-5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 25.12.2019 № 49-3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      2. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен Сырым ауданында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):

      1) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;

      2) тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;

      3) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге беріледі.

      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық мәслихатының 25.12.2019 № 49-3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      3.Тұрғын үй көмегi телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтiп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға арналған шығыстарға нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлеген шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.

      Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін шекті жол берілетін шығыстар үлесі отбасының (азаматының) жиынтық табысынан бес пайыз мөлшерінде белгіленеді.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық мәслихатының 25.12.2019 № 49-3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      4. Тұрғын үй көмегі Сырым ауданында тұрақты тұратын адамдарға кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасына сәйкес жеткiзушiлер ұсынған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу шоттары мен ай сайынғы жарналардың шоттары бойынша бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық мәслихатының 25.12.2019 № 49-3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      4-1. Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға немесе "электрондық үкімет" веб-порталына тоқсанына бір рет жүгінуге құқылы.

      Ескерту. Қағида 4-1-тармақпен толықтырылды - Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық мәслихатының 17.07.2018 № 28-5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      4-2. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап сегіз жұмыс күнін құрайды.

      Ескерту. Қағида 4-2-тармақпен толықтырылды - Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық мәслихатының 17.07.2018 № 28-5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

2. Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі

      5. Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға және/немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы өтініш береді және мынадай құжаттарды қоса береді:

      1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқасы беріледі);

      2) отбасының табысын растайтын құжаттар. Тұрғын үй көмегін алуға үмiткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртiбiн тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті орган айқындайды;

      3) алынып тасталды - Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық мәслихатының 25.12.2019 № 49-3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      4) жылжымайтын мүлiктiң болуы (болмауы) туралы анықтама (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);

      5) зейнетақы аударымдары туралы анықтама (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);

      6) жұмыс орнынан немесе жұмыссыз адам ретінде тіркелуі туралы анықтама;

      7) балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алименттер туралы мәліметтер;

      8) банктік шоты;

      9) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналар туралы шоттар;

      10) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;

      11) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;

      12) жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.

      Осы тармақта көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

      Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) қайта өтініш берген кезде осы Қағиданың 9-5-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, отбасының табыстарын растайтын құжаттарды және коммуналдық шығыстарға арналған шоттарын ғана ұсынады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық мәслихатының 17.07.2018 № 28-5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық мәслихатының 25.12.2019 № 49-3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      6. Тұрғын үй көмегін тағайындау оны алуға өтiнiш берген айдан бастап ағымдағы тоқсанның соңына дейiнгi мерзiмге жүзеге асырылады. Өтiнiш берген ай деп құжаттарын қосып өтiнiш берген ай есептеледi.

      7. Отбасының (азаматтың) табыстары, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға және коммуналдық қызметтердің тұтыну төлемдерінің тарифтері өзгерген жағдайда уәкілетті орган бұрын тағайындалған көмекті қайта есептейді.

      8. Тұрғын үй көмегін алушылар тұрғын үй көмегін алуға әсер ететін мән-жайлар туралы он күн мерзiм ішінде уәкілетті органға хабардар етуге қажет, ал өтініш берушінің тұрғын үй көмегін заңсыз тағайындауға әкеп соқтырған жалған мәліметтер бергені анықталған жағдайда өтініш берушіге тағайындалған тұрғын үй көмегін төлеу тоқтатылады.

      Артық төленген соммалар өз еркімен, ал бас тартқан жағдайда сот тәртібімен қайтарылуға жатады.

      9. Жеке меншiгiнде бiр тұрғын жай бiрлiгiнен артық тұрғын жайы немесе тұрғын жайын жалға немесе жартылай жалға берген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегі тағайындалмайды. Тұрғын үй көмегі 3 жасқа дейiнгi баланы тәрбиелеп отырған, күтімге мұқтаж мүгедектерді күтетін тұлғаларды, сонымен қатар емдеу мекемелерінде есепте тұрған психикалық аурулармен ауыратындар және уақытша жұмысқа жарамсыздығы жөнінде дәрігерлік-кеңестік комиссияның қорытындысы барларды қоспағанда, еңбекке жарамды, бiрақ жұмыс iстемейтiн, оқымайтын, әскери қызмет атқармайтын және уәкілетті органға жұмыссыз ретінде тіркелмеген отбасы мүшелері бар отбасыларға (азаматтарға) берілмейді.

      9-1. Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттар қабылданған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

      Ескерту. Қағида 9-1-тармақпен толықтырылды - Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық мәслихатының 17.07.2018 № 28-5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      9-2. Осы Қағиданың 5-тармағында көзделген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      Ескерту. Қағида 9-2-тармақпен толықтырылды - Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық мәслихатының 17.07.2018 № 28-5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      9-3. "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы өтініш жасаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге сұрау салуының қабылдағаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, хабарлама жіберіледі.

      Ескерту. Қағида 9-3-тармақпен толықтырылды - Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық мәслихатының 17.07.2018 № 28-5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      9-4. Мемлекеттік корпорация өтінішті ақпараттық жүйе арқылы қабылдайды және оны тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті органға жібереді.

      Ескерту. Қағида 9-4-тармақпен толықтырылды - Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық мәслихатының 17.07.2018 № 28-5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      9-5. Уәкілетті орган отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс емес екенін анықтау негізінде тұрғын үй көмегін беруден бас тартады және өтініш берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге "электрондық үкімет" веб-порталы не Мемлекеттік корпорация арқылы дәлелді бас тартуды жібереді.

      Ескерту. Қағида 9-5-тармақпен толықтырылды - Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық мәслихатының 17.07.2018 № 28-5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      9-6. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешімді не кызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті орган қабылдайды. Тағайындау туралы хабарлама не тағайындаудан бас тарту туралы дәлелді жауап Мемлекеттік корпорацияға немесе электрондық құжат ретінде "жеке кабинетке" жіберіледі.

      Ескерту. Қағида 9-6-тармақпен толықтырылды - Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық мәслихатының 17.07.2018 № 28-5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

3. Тұрғын үй көмегін төлеу

      10. Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеу екінші деңгейлі банктер арқылы уәкілетті органмен жүзеге асырылады.

Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) в Сырымском районе

Решение Сырымского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 6 марта 2014 года № 17-5. Зарегистрировано Департаментом юстиции Западно-Казахстанской области 1 апреля 2014 года № 3462. Утратило силу решением Сырымского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 13 февраля 2020 года № 51-3

      Сноска. Утратило силу решением Сырымского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 13.02.2020 № 51-3 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      В соответствии с Законами Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года жилищных отношениях", от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2314 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи" Сырымский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила определения размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) в Сырымском районе.

      2. Настоящее решение вводится в действие со дня первого официального опубликования.

      Председатель сессии М. Казмагамбетов
      Секретарь районного
маслихата
А. Галимов

  Утверждены
решением
Сырымского районного маслихата
от 6 марта 2014 года № 17-5

Правила
определения размера и порядка
оказания жилищной помощи
малообеспеченным семьям (гражданам)
в Сырымском районе

      Настоящие Правила определения размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) в Сырымском районе (далее- Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года "О жилищных отношениях" и постановлениемПравительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2314 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи" и определяют размер и порядок оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам).

1. Общие положения

      1. В Правилах используются следующие основные понятия:

      1) доля предельно-допустимых расходов – отношение предельно-допустимого уровня расходов семьи (гражданина) в месяц на содержание общего имущества объекта кондоминиума, потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, к совокупному доходу семьи (гражданина) в процентах;

      2) совокупный доход семьи (гражданина) - общая сумма доходов семьи (гражданина) за квартал, предшествующий кварталу обращения за назначением жилищной помощи;

      3) орган управления объектом кондоминиума - физическое или юридическое лицо, осуществляющее функции по управлению объектом кондоминиума;

      4) уполномоченный орган – государственное учреждение "Сырымский районный отдел занятости и социальных программ" (далее-уполномоченный орган) осуществляющий назначение жилищной помощи;

      5) расходы на содержание общего имущества объекта кондоминиума – обязательная сумма расходов собственников помещений (квартир) посредством ежемесячных взносов, установленных решением общего собрания, на эксплуатацию и ремонт общего имущества объекта кондоминиума, содержание земельного участка, приобретение, установку, эксплуатацию и поверку общедомовых приборов учета потребления коммунальных услуг, оплату коммунальных услуг, потребленных на содержание общего имущества объекта кондоминиума, а также накопление денег на предстоящий в будущем капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума или отдельных его видов;

      6) малообеспеченные семьи (граждане) - лица, которые в соответствии с жилищным законодательством Республики Казахстан имеют право на получение жилищной помощи.

      7) Государственная корпорация "Правительство для граждан" (далее – Государственная корпорация) – юридическое лицо, созданное по решению Правительства Республики Казахстан для оказания государственных услуг, услуг по выдаче технических условий на подключение к сетям субъектов естественных монополий и услуг субъектов квазигосударственного сектора в соответствии с законодательством Республики Казахстан, организации работы по приему заявлений на оказание государственных услуг, услуг по выдаче технических условий на подключение к сетям субъектов естественных монополий, услуг субъектов квазигосударственного сектора и выдаче их результатов услугополучателю по принципу "одного окна", а также обеспечения оказания государственных услуг в электронной форме, осуществляющее государственную регистрацию прав на недвижимое имущество по месту его нахождения.

      Сноска. Пункт 1 - с изменениями, внесенными решениями Сырымского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 17.07.2018 № 28-5 (вводится в действие со дня первого официального опубликования); от 25.12.2019 № 49-3 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      2. Жилищная помощь предоставляется за счет средств местного бюджета малообеспеченным семьям (гражданам), постоянно проживающим в Сырымском районе, на оплату:

      1) расходов на содержание общего имущества объекта кондоминиума семьям (гражданам), проживающим в приватизированных жилищах или являющимся нанимателями (поднанимателями) жилых помещений (квартир) в государственном жилищном фонде;

      2) потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, семьям (гражданам), являющимся собственниками или нанимателями (поднанимателями) жилища;

      3) арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде.

      Расходы малообеспеченных семей (граждан), принимаемые к исчислению жилищной помощи, определяются как сумма расходов по каждому из вышеуказанных направлений.

      Сноска. Пункт 2 – в редакции решения Сырымского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 25.12.2019 № 49-3 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      3. Жилищная помощь определяется как разница между суммой оплаты расходов на содержание общего имущества объекта кондоминиума, потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, в пределах норм и предельно-допустимого уровня расходов семьи (граждан) на эти цели, установленных местными представительными органами.

      Доля предельно-допустимых расходов семьи на содержание общего имущества объекта кондоминиума, потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде устанавливается к совокупному доходу семьи (гражданина) в размере пяти процентов.

      Сноска. Пункт 3 – в редакции решения Сырымского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 25.12.2019 № 49-3 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      4. Жилищная помощь оказывается по предъявленным поставщиками счетам на оплату коммунальных услуг и счетам о ежемесячных взносах на содержание общего имущества объекта кондоминиума согласно смете расходов на содержание общего имущества объекта кондоминиума за счет бюджетных средств лицам, постоянно проживающим в Сырымском районе.

      Сноска. Пункт 4 – в редакции решения Сырымского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 25.12.2019 № 49-3 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      4-1. Семья (гражданин) (либо его представитель по нотариально заверенной доверенности) вправе обратиться в Государственную корпорацию или на веб-портал "электронного правительства" за назначением жилищной помощи один раз в квартал.

      Сноска. Правила дополнены пунктом 4-1 в соответствии с решением Сырымского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 17.07.2018 № 28-5 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      4-2. Срок рассмотрения документов и принятия решения о предоставлении жилищной помощи либо мотивированный ответ об отказе со дня принятия полного комплекта документов от Государственной корпорации составляет восемь рабочих дней.

      Сноска. Правила дополнены пунктом 4-2 в соответствии с решением Сырымского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 17.07.2018 № 28-5 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

2. Порядок назначения жилищной помощи

      5. Для назначения жилищной помощи семья (гражданин) (либо его представитель по нотариально заверенной доверенности) обращается в Государственную корпорацию и/или посредством веб-портала "электронного правительства" с предоставлением следующих документов:

      1) документа, удостоверяющего личность заявителя (оригинал представляется для идентификации личности);

      2) документа, подтверждающего доходы семьи. Порядок исчисления совокупного дохода семьи (гражданина Республики Казахстан), претендующей на получение жилищной помощи, определяется уполномоченным органом в сфере жилищных отношений;

      3) исключен решением Сырымского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 25.12.2019 № 49-3 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      4) справки об отсутствии (наличии) недвижимого имущества (за исключением сведений, получаемых из соответствующих государственных информационных систем);

      5) справки о пенсионных отчислениях (за исключением сведений, получаемых из соответствующих государственных информационных систем);

      6) справки с места работы либо справки о регистрации в качестве безработного лица;

      7) сведений об алиментах на детей и других иждивенцев;

      8) банковского счета;

      9) счета о ежемесячных взносах на содержание общего имущества объекта кондоминиума;

      10) счета на потребление коммунальных услуг;

      11) квитанции-счета за услуги телекоммуникаций или копии договора на оказание услуг связи;

      12) счета о размере арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, предъявленного местным исполнительным органом.

      Истребование документов, не предусмотренных настоящим пунктом, не допускается.

      При повторном обращении семья (гражданин) (либо его представитель по нотариально заверенной доверенности) представляет только подтверждающие документы о доходах семьи и счета на коммунальные расходы, за исключением случая, предусмотренного пунктом 9-5 настоящих Правил.

      Сноска. Пункт 5 – в редакции решения Сырымского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 17.07.2018 № 28-5 (вводится в действие со дня первого официального опубликования); с изменениями, внесенным решением Сырымского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 25.12.2019 № 49-3 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      6. Назначение жилищной помощи осуществляется с месяца обращения за ее получением на срок до конца текущего квартала. Месяцем обращения считается месяц подачи заявления с прилагаемыми документами.

      7. При изменении дохода семьи (гражданина), тарифа расходов на содержание жилого дома (жилого здания) и потребления коммунальных услуг, уполномоченным органом производится перерасчет ранее назначенной жилищной помощи.

      8. Получатель жилищной помощи в течение десяти дней должен информировать уполномоченный орган об обстоятельствах, влияющих на получение жилищной помощи, а в случае выявления представления заявителем недостоверных сведений, повлекших за собой незаконное назначение жилищной помощи, выплата жилищной помощи заявителю прекращается.

      Излишне выплаченные суммы подлежат возврату в добровольном порядке, а в случае отказа - в судебном порядке.

      9. Семьи (граждане), имеющие в частной собственности более одной единицы жилья или сдающие помещение в наем (аренду) или поднаем, жилищная помощь не назначается. Жилищная помощь не предоставляется в случаях, если в составе членов семьи (граждан) имеются: трудоспособные лица, которые не работают, не учатся, не служат в армии и не зарегистрированы в уполномоченном органе в качестве безработных, за исключением занятых воспитанием ребенка в возрасте до 3-х лет, лиц, осуществляющих уход за инвалидами, нуждающихся в уходе, а также страдающих психическими заболеваниями, состоящих на учете в лечебных учреждениях и имеющих заключение врачебно-консультационной комиссии о временной нетрудоспособности.

      9-1. При приеме документов через Государственную корпорацию услугополучателю выдается расписка о приеме соответствующих документов.

      Сноска. Правила дополнены пунктом 9-1 в соответствии с решением Сырымского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 17.07.2018 № 28-5 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      9-2. В случае представления неполного пакета документов, предусмотренного пунктом 5 настоящих Правил, работник Государственной корпорации выдает расписку об отказе в приеме документов.

      Сноска. Правила дополнены пунктом 9-2 в соответствии с решением Сырымского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 17.07.2018 № 28-5 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      9-3. В случае обращения через веб-портал "электронного правительства", услугополучателю в "личный кабинет" направляются статус о принятии запроса на оказание государственной услуги, а также уведомление с указанием даты и времени получения результата государственной услуги.

      Сноска. Правила дополнены пунктом 9-3 в соответствии с решением Сырымского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 17.07.2018 № 28-5 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      9-4. Государственная корпорация принимает заявление посредством информационной системы и направляет его в уполномоченный орган, осуществляющий назначение жилищной помощи.

      Сноска. Правила дополнены пунктом 9-4 в соответствии с решением Сырымского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 17.07.2018 № 28-5 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      9-5. Уполномоченный орган отказывает в предоставлении жилищной помощи на основании установления недостоверности документов, представленных семьей (гражданином) (либо его представителем по нотариально заверенной доверенности), и (или) данных (сведений), содержащихся в них, и в течение 5 (пять) рабочих дней со дня подачи заявления направляет заявителю мотивированный отказ посредством веб-портала "электронного правительства" либо Государственной корпорации.

      Сноска. Правила дополнены пунктом 9-5 в соответствии с решением Сырымского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 17.07.2018 № 28-5 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      9-6. Решение о назначении жилищной помощи либо мотивированный ответ об отказе в предоставлении услуги принимается уполномоченным органом, осуществляющим назначение жилищной помощи. Уведомление о назначении либо мотивированный ответ об отказе в назначении жилищной помощи направляется в Государственную корпорацию или "личный кабинет" в виде электронного документа.

      Сноска. Правила дополнены пунктом 9-6 в соответствии с решением Сырымского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 17.07.2018 № 28-5 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

3. Выплата жилищной помощи

      10. Выплата жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) осуществляется уполномоченным органом через банки второго уровня.