"Шыңғырлау ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 22 сәуірдегі № 72 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2014 жылғы 4 мамырда № 3509 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 15 маусымдағы № 65 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 15.06.2016 № 65 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Шыңғырлау ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
      2. "Шыңғырлау ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі қолданыстағы заңнамаларға сәйкес осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды алсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Қ. Айтмұхамбетовке жүктелсiн.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі А. Халелов

  2014 жылғы 22 сәуірдегі № 72
Шыңғырлау ауданы әкімдігінің
қаулысымен бекітілген

"Шыңғырлау ауданының кәсіпкерлік бөлімі"
мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Шыңғырлау ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Шыңғырлау ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. "Шыңғырлау ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. "Шыңғырлау ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. "Шыңғырлау ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. "Шыңғырлау ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Шыңғырлау ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7."Шыңғырлау ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 091200, Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау ауылы, Л.Қылышев көшесі, № 93.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы - "Шыңғырлау ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      10. Осы Ереже "Шыңғырлау ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. "Шыңғырлау ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      12. "Шыңғырлау ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілермен "Шыңғырлау ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Шыңғырлау ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. "Шыңғырлау ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы жеке кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк саясатының iске асырылуын жүзеге асырады.
      14. Міндеттері:
      1) жеке кәсіпкерлікті тиімді дамытуға бағытталған мемлекеттік саясатты жүргізу;
      2) аудан аумағында кәсіпкерлік қызметті және инвестициялық ахуалды дамыту үшін жағдайлар жасау;
      3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
      15. Функциялары:
      1) кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік саясаттың бірыңғай қалыптасуы мен іске асырылуына қатысу;
      2) ауданда шағын кәсiпкерлiктi және инновациялық қызметтi қолдау инфрақұрылымының объектiлерiн құру мен дамытуды қамтамасыз етедi;
      3) жеке кәсіпкерлікті дамыту мәселесі бойынша мемлекеттік органдармен, қоғамдық бірлестіктермен, жеке кәсіпкерлік субъектілерімен және басқалай ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асырады;
      4) жергілікті деңгейде жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды қамтамасыз етеді;
      5) ауданда жеке кәсіпкерлікті дамыту бойынша мониторинг жүргізеді;
      6) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерінің және құқықтық актілерінің жобаларын дайындауды жүзеге асыру;
      7) халық, кәсіпкерлік субъектілері арасында кәсіпкерлікті қолдау туралы заңнамасындағы мәселелері бойынша ақпаратты-түсіндірмелі жұмысын жүргізу;
      8) "Ең үздік кәсіпкер" аудандық конкурсын ұйымдастыру және жүргізу;
      9) жеке кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша кеңестер, семинарлар, "дөңгелек столдар" ұйымдастыру және жүргізу;
      10) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында оған жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
      16. Құқықтары мен міндеттері:
      1) жеке кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу;
      2) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан заңнамада белгіленген тәртіппен қажетті ақпаратты және материалдарды сұрату және алу;
      3) жеке кәсіпкерлікті дамыту және қолдау мәселесі бойынша мемлекеттік мекемелермен, кәсіпорындармен және қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау;
      4) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      17. "Шыңғырлау ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Шыңғырлау ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      18. "Шыңғырлау ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын қолданыстағы заңнамаларға сәйкес Шыңғырлау ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      19. "Шыңғырлау ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
      20. "Шыңғырлау ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) орынбасарының және мемлекеттік орган қызметкерлерінің міндеттері мен құзыреттерін айқындайды;
      2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес "Шыңғырлау ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, өз құзыретіне жататын еңбек қатынастарының мәселелерін шешеді;
      3) заңнамада белгіленген тәртіппен "Шыңғырлау ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне тәртіптік жаза мен көтермелеу шараларын қолданады;
      4) бөлімнің бұйрықтарына қол қояды;
      5) сыбайлас жемқорлықпен күресу жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және осы бағыттағы жұмысқа дербес жауапты болады;
      6) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      "Шыңғырлау ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданысқа заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      21. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттігін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      22. "Шыңғырлау ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      "Шыңғырлау ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      23. "Шыңғырлау ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Шыңғырлау ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      25. "Шыңғырлау ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении положения о государственном учреждении "Отдел предпринимательства Чингирлауского района"

Постановление акимата Чингирлауского района Западно-Казахстанской области от 22 апреля 2014 года № 72. Зарегистрировано Департаментом юстиции Западно-Казахстанской области 4 мая 2014 года № 3509. Утратило силу постановлением акимата Чингирлауского района Западно-Казахстанской области от 15 июня 2016 года № 65

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Чингирлауского района Западно-Казахстанской области от 15.06.2016 № 65.
      В соответствии с Гражданским кодексом Республики Казахстан от 27 декабря 1994 года, Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Указом Президента Республики Казахстан от 29 октября 2012 года № 410 "Об утверждении Типового положения государственного органа Республики Казахстан" акимат района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемое положение о государственном учреждении "Отдел предпринимательства Чингирлауского района".
      2. Государственному учреждению "Отдел предпринимательства Чингирлауского района" принять необходимые меры вытекающие из настоящего постановления, в соответствии с действующим законодательством.
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района К. Айтмухамбетова.
      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня первого официального опубликования.
      Аким района А. Халелов

  Утверждено
постановлением акимата
Чингирлауского района
от 22 апреля 2014 года № 72

Положение о государственном учреждении
"Отдел предпринимательства Чингирлауского района"

1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Отдел предпринимательства Чингирлауского района" является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сфере предпринимательства.
      2. Государственное учреждение "Отдел предпринимательства Чингирлауского района" осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.
      3. Государственное учреждение "Отдел предпринимательства Чингирлауского района" является юридическим лицом, в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан счета в органах казначейства.
      4. Государственное учреждение "Отдел предпринимательства Чингирлауского района" вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.
      5. Государственное учреждение "Отдел предпринимательства Чингирлауского района" имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочен на это в соответствии с законодательством.
      6. Государственное учреждение "Отдел предпринимательства Чингирлауского района" по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя государственного учреждения "Отдел предпринимательства Чингирлауского района" и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.
      7. Структура и лимит штатной численности государственного учреждения "Отдел предпринимательства Чингирлауского района" утверждается в соответствии с действующим законодательством.
      8. Местонахождение юридического лица: индекс 091200, Республика Казахстан, Западно-Казахстанская область, Чингирлауский район, село Шынгырлау, улица Л.Клышева, № 93.
      9. Полное наименование государственного органа - государственное учреждение "Отдел предпринимательства Чингирлауского района".
      10. Настоящее Положение является учредительным документом государственного учреждения "Отдел предпринимательства Чингирлауского района".
      11. Финансирование деятельности государственного учреждения "Отдел предпринимательства Чингирлауского района" осуществляется из местного бюджета.
      12. Государственному учреждению "Отдел предпринимательства Чингирлауского района" запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями государственного учреждения "Отдел предпринимательства Чингирлауского района".
      Если государственному учреждению "Отдел предпринимательства Чингирлауского района" законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то доходы, полученные от такой деятельности, направляются в доход государственного бюджета.

2. Миссия, основные задачи, функции, права и обязанности государственного органа

      13. Миссия государственного учреждения "Отдел предпринимательства Чингирлауского района" осуществлять реализацию государственной политики поддержки и развития частного предпринимательства.
      14. Задачи:
      1) проведение государственной политики, направленное на эффективное развитие частного предпринимательства;
      2) создание условий для развития предпринимательской деятельности и инвестиционного климата на территории района;
      3) осуществление иных задач, предусмотренных действующим законодательством Республики Казахстан.
      15. Функции:
      1) участие в формировании и реализации единой государственной политики в области предпринимательства;
      2) обеспечивание создания и развития в районе объектов инфраструктуры поддержки малого предпринимательства и инновационной деятельности;
      3) осуществление взаимодействия с государственными органами, общественными объединениями, субъектами частного предпринимательства и другими организациями по вопросам развития частного предпринимательства;
      4) обеспечивания государственной поддержки на местном уровне частного предпринимательства;
      5) проведение мониторинга по развитию частного предпринимательства в районе;
      6) осуществление подготовки проектов нормативных правовых актов и правовых актов, в пределах своей компетенции;
      7) проведение информационно-разъяснительной работы среди населения, субъектов предпринимательства по вопросам законодательства о поддержке предпринимательства;
      8) организация и проведение районного конкурса "Лучший предприниматель";
      9) организация и проведение совещаний, семинаров, "круглых столов" по вопросам развития частного предпринимательства;
      10) выполняет иные функции, возложенные на него действующим законодательством Республики Казахстан.
      16. Права и обязанности:
      1) выработка предложений по вопросам развития частного предпринимательства;
      2) запрашивать и получать в установленном законодательством порядке от государственных органов, организаций, их должностных лиц необходимую информацию и материалы;
      3) взаимодействие с государственными учреждениями, предприятиями и общественными объединениями по вопросам развития и поддержки частного предпринимательства;
      4) осуществлять иные права и обязанности, предусмотренные действующими законодательными актами.

3. Организация деятельности государственного органа

      17. Руководство государственного учреждения "Отдел предпринимательства Чингирлауского района" осуществляется первым руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на государственное учреждение "Отдел предпринимательства Чингирлауского района" задач и осуществление им своих функций.
      18. Первый руководитель государственного учреждения "Отдел предпринимательства Чингирлауского района" назначается на должность и освобождается от должности акимом Чингирлауского района, в соответствии с действующим законодательством.
      19. Первый руководитель государственного учреждения "Отдел предпринимательства Чингирлауского района" имеет заместителя, который назначается на должность и освобождается от должности в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      20. Полномочия первого руководителя государственного учреждения "Отдел предпринимательства Чингирлауского района":
      1) определяет обязанности и полномочия заместителя и работников государственного органа;
      2) в соответствии с действующим законодательством назначает на должности и освобождает от должностей сотрудников государственного учреждения "Отдел предпринимательства Чингирлауского района", решает вопросы трудовых отношений, которые отнесены к его компетенции;
      3) в установленном законодательством порядке налагает дисциплинарные взыскания и применяет меры поощрения на сотрудников государственного учреждения "Отдел предпринимательства Чингирлауского района";
      4) подписывает приказы отдела;
      5) ведет работу по борьбе с коррупцией и несет персональную ответственность за работу в данном направлении;
      6) осуществляет иные полномочия в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.
      Исполнение полномочий первого руководителя государственного учреждения "Отдел предпринимательства Чингирлауского района" в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.
      21. Первый руководитель определяет полномочия своего заместителя в соответствии с действующим законодательством.

4. Имущество государственного органа

      22. Государственное учреждение "Отдел предпринимательства Чингирлауского района" может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.
      Имущество государственного учреждения "Отдел предпринимательства Чингирлауского района" формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.
      23. Имущества, закрепленное за государственным учреждением "Отдел предпринимательства Чингирлауского района", относится к коммунальной собственности.
      24. Государственное учреждение "Отдел предпринимательства Чингирлауского района" не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. Реорганизация и упразднение государственного органа

      25. Реорганизация и упразднение государственного учреждения "Отдел предпринимательства Чингирлауского района" осуществляется в соответствии с законодательством Республики Казахстан.