Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, Амангелді және Мырзағара ауылдары халқының пікірлерін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Ащысай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шыңғырлау ауданы Ащысай ауылдық округінің Амангелді және Мырзағара ауылдарындағы атаусыз көшелерге мынадай атаулар берілсін:
1) Амангелді ауылы бойынша:
жобалық көшесі "№ 1" – Бейбітшілік көшесі;
жобалық көшесі "№ 2" – Ардагерлер көшесі;
жобалық көшесі "№ 3" – Теміржолшылар көшесі;
жобалық көшесі "№ 4" – Жастар көшесі;
жобалық көшесі "№ 5" – Әділет көшесі;
2) Мырзағара ауылы бойынша:
жобалық көшесі "№ 1" – Манат Ержанов көшесі.
2. Ащысай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (З. Срымова) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау Ащысай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы З. Срымоваға жүктелсін.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округ әкімі Ж. Айсиев