Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 49 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 10 наурызда № 10407 тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-1-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің 26.07.2024 № 253 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет", ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушы
Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      _________________Е. Досаев

      2015 жылғы 4 ақпан

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін
атқарушының
2015 жылғы 23 қаңтардағы
№ 49 бұйрығымен
бекітілген

Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 10.04.2020 № 194 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-1-бабына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу және қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің 26.07.2024 № 253 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасында қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеуді Алматы, Павлодар, Өскемен және Теміртау қалаларының жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші).

      3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) жеңіл рельсті көлік – қатынау жылдамдығы мен өткізу қабілеті теміржол көлігі мен метрополитенге қарағанда төмен және трамвайға қарағанда жоғары екенін сипаттайтын қалалық рельстік көлік түрі;

      2) қалалық рельстік көлік - қала шекарасындағы және қала маңы аймағындағы жолдар бойынша жолаушыларды тасымалдауға арналған көлік түрі (метрополитен, трамвай, жеңіл рельсті, монорельсті көлік);

      3) метрополитен - көліктің өзге түрлерінің желілерінен және жаяу жүргіншілердің оларға өту жолынан оқшауланған (бөлінген, бір деңгейдегі қиылыстары жоқ) жолдар бойынша жолаушылар мен багажды әлеуметтік маңызы бар тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын қалалық рельстік көлік түрі;

      4) монорельсті көлік - бір рельстік жолмен қозғалуға арналған қалалық рельстік көлік түрі;

      5) тізілім - Қазақстан Республикасында тіркелген қалалық рельстік көліктің көлік құралдары туралы мәліметті қамтитын дерекқоры;

      6) трамвай - қала шекарасында берілген маршруттар бойынша жолаушыларды тасымалдауға арналған қалалық рельстік көлік түрі.

      4. Қалалық рельстік көліктің көлік құралдары Қазақстан Республикасының резидент еместермен Қазақстан Республикасының аумағына жөндеу үшін уақытша әкелген жағдайда тіркелуге жатпайды.

2-тарау. Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу тәртібі

      5. Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеуді жергілікті атқарушы органдар:

      1) егер өтініш беруші заңды тұлға болып табылатын жағдайда, заңды тұлға тіркелген орны бойынша;

      2) егер өтініш беруші жеке тұлға, оның ішінде жеке кәсіпкер болып табылатын жағдайда, салық төлеуші ретінде тіркелген орны бойынша жүзеге асырады.

      6. Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) болып табылады, оны алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы өтініш береді.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшада жазылған.

      Порталда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және жауапты құрылымдық бөлімшеге орындауға береді. Көрсетілетін қызметті алушы еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Құжаттарды қараудың жалпы мерзімі және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру 2 (екі) жұмыс күні.

      Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы, қалалық рельстік көлік құралдарын тіркеу (қайта тіркеу) туралы "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеген жағдайда, тіркеу алымының төленгенін растайтын мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті ақпараттық жүйелерден "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы алады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Көлік министрінің 26.07.2024 № 253 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Көрсетілетін қызметті алушы тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан бас тартады және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" хабарлама жібереді.

      8. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде, көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың анықтығын және көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) ұсынылған құжаттардың сәйкестігін тексереді және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (бұдан әрі – куәлік) және (немесе) қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын қалалық рельстік көлік құралдарының тізілімінен шығару туралы хабарлама не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап ресімделеді, ол көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжат нысанында жібереді.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 07.10.2022 № 560 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Куәлік қалалық рельстік көліктің көлік құралдарының әрбір тіркелетін бірлігіне беріледі.

      10. Мемлекеттік тіркеуден өткен қалалық рельстік көліктің көлік құралдары осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қалалық рельстік көліктің көлік құралдары тізіліміне (бұдан әрі - тізілім) енгізілуге жатады.

      11. Мүлікті жалға алу (жалдау, сату), лизинг, мүлікті сенімгерлік басқару шартын жасасқан жағдайларда, қалалық рельстік көліктің көлік құралдарының иесі бұл туралы жергілікті атқарушы органдарын өтініш нысанында (өтініш нысаны еркін) хабардар етеді.

      Жергілікті атқарушы органдар аталған мәліметтерді тізілімге енгізеді.

      12. Қалалық рельстік көліктің көлік құралдары тізілімнен:

      1) қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын есептен шығару, оны қалпына келтірмей зақымдаған;

      2) қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын кейіннен Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде пайдалану үшін әкете отырып, иеліктен шығарған жағдайларда алынып тасталады.

      13. Жергілікті атқарушы орган тізілімге қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын пайдалану жөніндегі қызметті тоқтату туралы мәліметтерді енгізеді.

      14. Көрсетілетін қызмет беруші Мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      Көлік саласындағы уәкiлеттi орган мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркегеннен кейін үш жұмыс күн ішінде осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушіге, "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және Бірыңғай байланыс-орталығына жібереді.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Көлік министрінің 26.07.2024 № 253 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасайды, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2) тармағына сәйкес мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Егер Қазақстан Республикасы заңдарында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 28.02.2022 № 111 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қалалық рельстік көліктің
көлік құралдарын мемлекеттік
тіркеу қағидаларына
1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің 26.07.2024 № 253 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      _________________________________________________________________________

                        (көрсетілетін қызметті беруші атауы)

      _________________________________________________________________________

      (ұйым атауы, заңды тұлғаның атауы не жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған

      жағдайда) туған күні, үй мекенжайы, телефоны) (қызмет алушы туралы ақпарат "Жеке

      тұлға" мемлекеттік деректер қоры немесе "Заңды тұлға" мемлекеттік деректер қоры

      арқылы автоматты түрде тартылады)

Өтініш

      ____________________ (меншік, мүліктік жалдау, жалға алу немесе лизинг) құқығында

      тиесілі қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын тіркеуді сұраймын.

      Мекенжайы:

      __________________қаласы, ______________________көшесі

      жеке сәйкестендіру нөмірі/ бизнес сәйкестендіру нөмірі:

      _______________________________________________________________

      байланыс телефондары (факс)_____________________________________

      Тізбе ________________________________________ парақта қоса беріледі.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылатын Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын

      мәліметтерді пайдалануға келісемін.

  Қалалық рельстік көліктің
көлік құралдарын мемлекеттік
тіркеу қағидаларына
2-қосымша

"Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Көлік министрінің 26.07.2024 № 253 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы "Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу"
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы:
1) Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу;
2) Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын қалалық рельстік көліктің көлік құралдарының тізілімінен шығару.

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Алматы, Павлодар, Өскемен және Теміртау қалаларының жергілікті атқарушы органдары

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

"Электрондық үкіметтің" веб-порталы

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

2 (екі) жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеуде қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік; қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын қалалық рельстік көліктің көлік құралдарының тізілімінен шығару кезінде қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын қалалық рельстік көліктің көлік құралдарының тізілімінен шығару туралы хабарлама; мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

1. Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу
жеке және заңды тұлғаларға ақылы негізде көрсетіледі.
Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарының куәлігін мемлекеттік тіркеу үшін алым "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген тәртіппен және мөлшерде алынады және алым төленген күні қолданыстағы 0,25 айлық есептік көрсеткішті құрайды.
Бюджетке тіркеу алымының сомасын төлеу қолма – қол және қолма-қол емес нысанда екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы немесе "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.
2. Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын қалалық рельстік көліктің көлік құралдарының тізілімінен шығару тегін жүзеге асырылады.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) порталда – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
2) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының Еңбек сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің - www. gov. kz интернет-ресурсында орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу үшін:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған немесе бір реттік парольмен куәландырылған өтініш;
2) меншік құқығын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
3) дайындаушы зауыттың қалалық рельстік көліктің көлік құралының әрбір бірлігіне арналған техникалық паспорттың электрондық көшірмесі (формуляр).
Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын алып тастау үшін:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған немесе бір реттік парольмен куәландырылған өтініш;
2)кейіннен Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде пайдалану үшін әкете отырып, Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын есептен шығару туралы акті не зақымдау, иеліктен шығару туралы құжат.
Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы, қалалық рельстік көлік құралдарын тіркеу (қайта тіркеу) туралы "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеген жағдайда, тіркеу алымының төленгенін растайтын мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті ақпараттық жүйелерден "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы алады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша;
5) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушыда электрондық цифрлық қолтаңба болған жағдайда портал арқылы көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы, немесе қызметті берушінің - www. gov. kz интернет-ресурсында алуға болады.

  Қалалық рельстік көліктің
көлік құралдарын мемлекеттік
тіркеу қағидаларына
3-қосымша

      _____________________________________________

      (көрсетілетін қызметті беруші атауы)

Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы КУӘЛІК

      Осы куәлік "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес

      _________________________________________________________________

      _______________

      (қалалық рельстік көліктің көлік құралдарына құқықтар

      көрсетілсін)

      құқығындағы_____________________________________________________

      ___________________________

      (иесінің толық атауы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) берілді және

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      қалаалық рельстік көліктің көлік құралдарының мемлекеттік тіркелгенін растайды.

      зауыттық нөмірі ______________________________________________________

      мүкәммалдық нөмірі __________________________________________________

      секциясы ____________________________________________________________

      жасалған жылы __________________________________

      Берілген күні 20___жылғы "___"_______

      Көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамы _______________________________

  Қалалық рельстік көліктің
көлік құралдарын мемлекеттік
тіркеу қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарының тізілімі

Әкімдік

Куәлік №

Берілген күні

Меншік иесі

Меншік түрі

Жалға алушы

Жалдау мерзімі

1

2

3

4

5

6

7









Жасалған күні

Нормативтік қызмет ету мерзімі

Соңғы жөндеу күні

Келесі жөндеу күні

Техникалық жай-күйі

Тіркелген жері

жарамды

есептен шығарылған

8

9

10

11

12

13

14









Об утверждении Правил государственной регистрации транспортных средств городского рельсового транспорта

Приказ и.о. Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 23 января 2015 года № 49. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 10 марта 2015 года № 10407.

      В соответствии со статьей 15-1 Закона Республики Казахстан "О транспорте в Республики Казахстан" ПРИКАЗЫВАЮ:

      Сноска. Преамбула - в редакции приказа Министра транспорта РК от 26.07.2024 № 253 (вводится в действие по истечении шестидесяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Утвердить прилагаемые Правила государственной регистрации транспортных средств городского рельсового транспорта.

      2. Комитету транспорта Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан (Асавбаев А.А.) обеспечить:

      1) в установленном законодательством порядке государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление его копии на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и в информационно-правовой системе "Әділет" республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации Министерства юстиции Республики Казахстан";

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан, и на интранет-портале государственных органов;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) пункта 2 настоящего приказа.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа оставляю за собой.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования.

Исполняющий обязанности


Министра по инвестициям и развитию


Республики Казахстан

Ж. Касымбек

      "СОГЛАСОВАНО"

      Министр национальной экономики

      Республики Казахстан

      ______________ Е. Досаев

      4 февраля 2015 года



  Утверждены
приказом исполняющего
обязанности
Министра по инвестициям и
развитию
Республики Казахстан
от 23 января 2015 года № 49

Правила государственной регистрации транспортных средств городского рельсового транспорта

      Сноска. Правила - в редакции приказа и.о. Министра индустрии и инфраструктурного развития РК от 10.04.2020 № 194 (вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования).

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила государственной регистрации транспортных средств городского рельсового транспорта (далее - Правила) разработаны в соответствии со статьей 15-1 Закона Республики Казахстан "О транспорте в Республике Казахстан" и подпунктом 1) статьи 10 Закона Республики Казахстан "О государственных услугах" и определяют порядок государственной регистрации транспортных средств городского рельсового транспорта и оказания государственной услуги государственная регистрация транспортных средств городского рельсового транспорта.

      Сноска. Пункт 1 - в редакции приказа Министра транспорта РК от 26.07.2024 № 253 (вводится в действие по истечении шестидесяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Государственная регистрация транспортных средств городского рельсового транспорта в Республике Казахстан осуществляется местными исполнительными органами городов Алматы, Павлодара, Усть-Каменогорска и Темиртау (далее - услугодатель).

      3. В настоящих Правилах используются следующие понятия:

      1) легкорельсовый транспорт - вид городского рельсового транспорта, характеризующийся меньшими, чем у метрополитена и железнодорожного транспорта, и большими, чем у трамвая скоростью сообщения и пропускной способностью;

      2) городской рельсовый транспорт - вид транспорта (метрополитен, трамвай, легкорельсовый, монорельсовый транспорт), предназначенный для перевозки пассажиров по путям в границах города и пригородной зоне;

      3) метрополитен - вид городского рельсового транспорта, осуществляющих регулярные социально значимые перевозки пассажиров и багажа по путям, изолированным (отделенным, не имеющим одноуровневых пересечений) от линий иных видов транспорта и прохода пешеходов к ним;

      4) монорельсовый транспорт - вид городского рельсового транспорта, предназначенный для передвижения по одному рельсовому пути;

      5) реестр - база данных, содержащая сведения о зарегистрированных транспортных средствах городского рельсового транспорта в Республике Казахстан;

      6) трамвай - вид городского рельсового транспорта, предназначенный для перевозки пассажиров по заданным маршрутам в границах города.

      4. Транспортные средства городского рельсового транспорта не подлежат государственной регистрации в случаях временного ввоза на территорию Республики Казахстан нерезидентами Республики Казахстан для ремонта.

Глава 2. Порядок государственной регистрации транспортных средств городского рельсового транспорта

      5. Государственная регистрация транспортных средств городского рельсового транспорта оказывается услугодателем:

      1) по месту регистрации юридического лица в случае, если заявителем является юридическое лицо;

      2) по месту регистрации в качестве налогоплательщика в случае, если заявителем являются физическое лицо, в том числе индивидуальный предприниматель.

      6. Государственная регистрация транспортных средств городского рельсового транспорта является государственной услугой (далее – государственная услуга) для получения которой физическое или юридическое лицо (далее – услугополучатель) подает услугодателю заявление по форме согласно приложению 1 к настоящим Правилам через веб-портал "электронного правительства" (далее – портал).

      Перечень основных требований к оказанию государственной услуги изложены в приложении 2 к настоящим Правилам.

      На портале в "личном кабинете" услугополучателя отображается статус о принятии запроса для оказания государственной услуги с указанием даты получения результата государственной услуги.

      Канцелярия услугодателя в день поступления документов осуществляет их прием, регистрацию и передает на исполнение ответственному структурному подразделению. При обращении услугополучателя после окончания рабочего времени, в выходные и праздничные дни согласно трудовому законодательству, прием заявлений и выдача результатов оказания государственной услуги осуществляется следующим рабочим днем.

      Общий срок рассмотрения документов и выдача результата оказания государственной услуги 2 (два) рабочих дня.

      Сотрудник ответственного структурного подразделения услугодателя в течение 2 (двух) рабочих дней с момента регистрации документов, проверяет полноту представленных документов.

      Сведения о документе, удостоверяющего личность, о государственной регистрации (перерегистрации) юридического лица, о государственной регистрации индивидуального предпринимателя, о регистрации (перерегистрации) транспортных средств городского рельсового транспорта, подтверждающий уплату регистрационного сбора, в случае оплаты через платежный шлюз "электронного правительства", услугодатель получает из соответствующих информационных систем через шлюз "электронного правительства".

      Сноска. Пункт 6 - в редакции приказа Министра транспорта РК от 26.07.2024 № 253 (вводится в действие по истечении шестидесяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      7. В случаях представления услугополучателем неполного пакета документов согласно перечню, и (или) документов с истекшим сроком действия услугодатель в указанный срок отказывает в дальнейшем рассмотрении заявления и направляет уведомление в "личный кабинет" услугополучателя в форме электронного документа, подписанного электронной цифровой подписью (далее – ЭЦП) уполномоченного лица услугодателя.

      8. При представлении услугополучателем полного пакета документов, услугодателем в течение 2 (двух) рабочих дней с момента регистрации документов проверяется достоверность представленных документов и соответствие услугополучателя и (или) представленных документов и оформляется свидетельство о государственной регистрации транспортных средств городского рельсового транспорта по форме, согласно приложению 3 к настоящим Правилам (далее – свидетельство) и (или) извещения об исключении транспортных средств городского рельсового транспорта из реестра транспортных средств городского рельсового транспорта либо мотивированный ответ об отказе в оказании государственной услуги который направляется в "личный кабинет" услугополучателя в форме электронного документа, подписанного ЭЦП уполномоченного лица услугодателя.

      Сноска. Пункт 8 - в редакции приказа и.о. Министра индустрии и инфраструктурного развития РК от 07.10.2022 № 560 (вводится в действие по истечении шестидесяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      9. Свидетельство выдается на каждую регистрируемую единицу транспортных средств городского рельсового транспорта.

      10. Прошедшие государственную регистрацию транспортные средства городского рельсового транспорта подлежат внесению в реестр транспортных средств городского рельсового транспорта (далее – реестр) услугодателем по форме согласно приложению 4 к настоящим Правилам.

      11. В случаях заключения договора имущественного найма (аренды, продажа), лизинга, доверительного управления имуществом, владелец транспортных средств городского рельсового транспорта уведомляет об этом услугодателя в произвольной форме заявления.

      Услугодатель вносит указанные сведения в реестр.

      12. Транспортные средства городского рельсового транспорта исключаются из реестра в случаях:

      1) списания транспортных средств городского рельсового транспорта, его повреждения без восстановления;

      2) отчуждения транспортных средств городского рельсового транспорта с последующим вывозом для использования за пределами Республики Казахстан.

      13. Услугодатель вносит в реестр сведения о прекращении деятельности по эксплуатации транспортных средств городского рельсового транспорта.

      14. Услугодатель обеспечивает внесение данных о стадии оказания государственной услуги в информационную систему мониторинга оказания государственных услуг в порядке, установленном уполномоченным органом в сфере информатизации.

      Уполномоченный орган в области транспорта в течение трех рабочих дней после государственной регистрации подзаконного нормативного правового акта, направляет информацию о внесенных изменениях и (или) дополнениях в настоящие Правила, определяющие порядок оказания государственной услуги, услугодателю, оператору информационно-коммуникационной инфраструктуры "электронного правительства" и в Единый контакт-центр.

      Сноска. Пункт 14 - в редакции приказа Министра транспорта РК от 26.07.2024 № 253 (вводится в действие по истечении шестидесяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 3. Порядок обжалования решений, действий (бездействий) услугодателя по вопросам оказания государственных услуг

      15. Рассмотрение жалобы по вопросам оказания государственных услуг производится вышестоящим административным органом, должностным лицом, уполномоченным органом по оценке и контролю за качеством оказания государственных услуг (далее – орган, рассматривающий жалобу).

      Жалоба подается услугодателю и (или) должностному лицу, чье решение, действие (бездействие) обжалуются.

      Услугодатель, должностное лицо, чье решение, действие (бездействие) обжалуются, не позднее трех рабочих дней со дня поступления жалобы направляют ее и административное дело в орган, рассматривающий жалобу.

      При этом услугодатель, должностное лицо, решение, действие (бездействие) обжалуются, вправе не направлять жалобу в орган, рассматривающий жалобу, если он в течение трех рабочих дней примет решение либо иное административное действие, полностью удовлетворяющие требованиям, указанным в жалобе.

      Жалоба услугополучателя, поступившая в адрес услугодателя непосредственно оказывающего государственную услугу, в соответствии с пунктом 2) статьи 25 Закона Республики Казахстан "О государственных услугах" подлежит рассмотрению в течение 5 (пяти) рабочих дней со дня ее регистрации.

      Жалоба услугополучателя, поступившая в адрес уполномоченного органа по оценке и контролю за качеством оказания государственных услуг, подлежит рассмотрению в течение 15 (пятнадцати) рабочих дней со дня ее регистрации.

      Если иное не предусмотрено законами Республики Казахстан, обращение в суд допускается после обжалования в досудебном порядке, согласно пункту 5 статьи 91 Административного процедурно-процессуального кодекса Республики Казахстан.

      Сноска. Пункт 15 - в редакции приказа Министра индустрии и инфраструктурного развития РК от 28.02.2022 № 111 (вводится в действие по истечении шестидесяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

  Приложение 1
к Правилам государственной
регистрации транспортных средств
городского рельсового транспорта

      Сноска. Приложение 1 - в редакции приказа Министра транспорта РК от 26.07.2024 № 253 (вводится в действие по истечении шестидесяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      __________________________________________________________________________

                              (наименование услугодателя)

      от ______________________________________________________________________

      (наименование организации, юридический адрес или фамилия, имя, отчество (при его наличии) физического лица, дата рождения, домашний адрес, телефон) (сведения об услугополучателе автоматически подтягиваются через государственную базу данных "Физические лица" или государственную базу данных "Юридические лица")

      Заявление

      Прошу зарегистрировать транспортные средства городского рельсового транспорта, принадлежащие на праве ________________________,

      (собственности, имущественного найма, аренды или лизинга)

      в количестве ___ единиц.

      Адрес:

      город _______________________, улица ____________________________

      индивидуальный идентификационный номер, бизнес идентификационный

      номер: ________________________________________________________

      контактные телефоны (факс), ____________________________________

      Перечень прилагается на ___ листах.

      Согласен на использование сведений, составляющих охраняемую Законом тайну, содержащихся в информационных системах.

  Приложение 2
к Правилам государственной
регистрации транспортных средств
городского рельсового транспорта

Перечень основных требований к оказанию государственной услуги "Государственная регистрация транспортных средств городского рельсового транспорта"

      Сноска. Приложение 2 - в редакции приказа Министра транспорта РК от 26.07.2024 № 253 (вводится в действие по истечении шестидесяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Наименование государственной услуги "Государственная регистрация транспортных средств городского рельсового транспорта"
Наименование подвида государственной услуги:
1) Государственная регистрация транспортных средств городского рельсового транспорта;
2) Исключение транспортных средств городского рельсового транспорта из реестра транспортных средств городского рельсового транспорта.

1

Наименование услугодателя

Местные исполнительные органы городов Алматы, Павлодар, Усть-Каменогорск и Темиртау

2

Способы предоставления государственной услуги

Веб-портал "электронного правительства"

3

Срок оказания государственной услуги

2 (два) рабочих дня

4

Форма оказания государственной услуги

Электронная (частично автоматизированная)

5

Результат оказания государственной услуги

При государственной регистрации транспортных средств городского рельсового транспорта оформляется свидетельство о государственной регистрации транспортных средств городского рельсового транспорта по форме, согласно приложению 3 к настоящим правилам; при исключении транспортных средств городского рельсового транспорта из реестра транспортных средств городского рельсового транспорта оформляется извещения об исключении транспортных средств городского рельсового транспорта из реестра транспортных средств городского рельсового транспорта; либо мотивированный ответ об отказе в оказании государственной услуги.
Результат оказания государственной услуги направляется в "личный кабинет" услугополучателя в форме электронного документа, подписанного электронной цифровой подписью уполномоченного лица услугодателя.
Форма предоставления государственной услуги: электронная.

6

Размер оплаты, взимаемой с услугополучателя при оказании государственной услуги, и способы ее взимания в случаях, предусмотренных законодательством Республики Казахстан

1) Государственная регистрация транспортных средств городского рельсового транспорта оказывается на платной основе физическим и юридическим лицам.
Сбор за государственную регистрацию свидетельства транспортных средств городского рельсового транспорта взимается в порядке и размере, установленных Кодексом Республики Казахстан "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс)" и составляет 0,25 месячного расчетного показателя, действующего на дату оплаты сбора.
Оплата суммы регистрационного сбора в бюджет осуществляется в наличной и безналичной форме через банки второго уровня и организации, осуществляющие отдельные виды банковских операций или через платежный шлюз "электронного правительства".
2) Исключение транспортных средств городского рельсового транспорта из реестра транспортных средств городского рельсового транспорта осуществляется на бесплатной основе.

7

График работы услугодателя и объектов информации

1) портала – круглосуточно, за исключением технических перерывов в связи с проведением ремонтных работ (при обращении услугополучателя после окончания рабочего времени, в выходные и праздничные дни согласно трудовому законодательству Республики Казахстан, прием заявления и выдача результата оказания государственной услуги осуществляется следующим рабочим днем).
2) услугодателя – с понедельника по пятницу, в соответствии с установленным графиком работы с 9.00 до 18.30 часов, за исключением выходных и праздничных дней, согласно Трудовому кодексу Республики Казахстан с перерывом на обед с 13.00 часов до 14.30 часов.
Адрес оказания государственной услуги размещен на интернет-ресурсе услугодателя - www.gov.kz.

8

Перечень документов и сведений, истребуемых у услугополучателя для оказания государственной услуги

Для государственной регистрации транспортных средств городского рельсового транспорта:
1) заявление подписанное ЭЦП услугополучателя или удостоверенное одноразовым паролем;
2) электронная копия документа, подтверждающая право собственности;
3) электронная копия технического паспорта (формуляр) завода-изготовителя на каждую единицу транспортного средства городского рельсового транспорта.
Для исключения транспортных средств городского рельсового транспорта:
1) заявление подписанное ЭЦП услугополучателя или удостоверенное одноразовым паролем;
2) акт о списании либо документа о повреждении, отчуждения транспортных средств городского рельсового транспорта с последующим вывозом для использования за пределами Республики Казахстан.
Сведения о документе, удостоверяющего личность, о государственной регистрации (перерегистрации) юридического лица, о государственной регистрации индивидуального предпринимателя, о регистрации (перерегистрации) транспортных средств городского рельсового транспорта, подтверждающий уплату регистрационного сбора, в случае оплаты через платежный шлюз "электронного правительства", услугодатель получает из соответствующих информационных систем через шлюз "электронного правительства".

9

Основания для отказа в оказании государственной услуги, установленные законами Республики Казахстан

1) установление недостоверности документов, представленных услугополучателем для получения государственной услуги, и (или) данных (сведений), содержащихся в них;
2) несоответствие услугополучателя и (или) представленных материалов, данных и сведений, необходимых для оказания государственной услуги, требованиям, установленным настоящими Правилами;
3) в отношении услугополучателя имеется вступившее в законную силу решение суда, на основании которого услугополучатель лишен специального права, связанного с получением государственной услуги;
4) в отношении услугополучателя имеется вступившее в законную силу решение суда, на основании которого услугополучатель лишен специального права, связанного с получением государственной услуги;
5) отсутствие согласия услугополучателя, предоставляемого в соответствии со статьей 8 Закона Республики Казахстан "О персональных данных и их защите", на доступ к персональным данным ограниченного доступа, которые требуются для оказания государственной услуги.

10

Иные требования с учетом особенностей оказания государственной услуги, в том числе оказываемой в электронной форме и через Государственную корпорацию

Услугополучатель имеет возможность получения государственной услуги в электронной форме через портал при условии наличия электронной цифровой подписи.
Услугополучатель имеет возможность получения информации о порядке и статусе оказания государственной услуги в режиме удаленного доступа посредством "личного кабинета" портала, а также единого контакт-центра по вопросам оказания государственных услуг.
Информацию о порядке оказания государственной услуги услугополучатель имеет возможность получить в справочной службе Единого контакт-центра по вопросам оказания государственных услуг: 1414, либо на интернет-ресурсе услугодателя - www. gov. kz.

  Приложение 3
к Правилам государственной
регистрации
транспортных средств
городского рельсового
транспорта

      ____________________________________________________________________
(наименование услугодателя)

СВИДЕТЕЛЬСТВО
о государственной регистрации транспортных средств
городского рельсового транспорта

      Настоящее свидетельство выдано в соответствии с Законом Республики
Казахстан "О транспорте в Республике Казахстан"
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
(полное наименование владельца, фамилия, имя, отчество (при наличии)
находящегося на праве,
___________________________________________________________________
(указать права на транспортные средства городского рельсового транспорта) и
подтверждает государственную регистрацию транспортных средств городского
рельсового транспорта ____________________________________заводской
номер _____________________________________________________________
инвентарный номер __________________________________________________
секция _____________________________________________________________
год постройки _______________________________________________________

      Дата выдачи "___" _________ 20___ год.
Должностное лицо услугодателя ____________________

  Приложение 4
к Правилам государственной
регистрации
транспортных средств
городского рельсового
транспорта
  Форма

Реестр транспортных средств городского рельсового транспорта

Акимат

№ свидетельства

Дата выдачи

Собственник

Вид собственности

Арендатор

Срок аренды

1

2

3

4

5

6

7









Дата постройки

Нормативный срок службы

Дата последнего ремонта

Дата следующего ремонта

Техническое состояние

Место приписки

годен

списан

8

9

10

11

12

13

14