Мемлекеттік техникалық инспекторға қызметтік куәлік, нөмірлік мөртабан және пломбир беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 57 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрілігінде 2015 жылы 17 наурызда № 10463 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2024 жылғы 30 қазандағы № 386 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Энергетика министрінің 30.10.2024 № 386 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 56) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік техникалық инспекторға қызметтік куәлік, нөмірлік мөртабан және пломбир беру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін оны күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында жариялануын;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

В. Школьник


  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 2 ақпандағы
№ 57 бұйрығымен бекітілген

Мемлекеттік техникалық инспекторға қызметтік куәлік, нөмірлік мөртабан және пломбир беру қағидалары

      1. Осы Мемлекеттік техникалық инспекторға қызметтік куәлік, нөмірлік мөртабан және пломбир беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 56) тармақшасына сәйкес әзірленді және электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік техникалық инспекторға (бұдан әрі - Инспектор) қызметтік куәлік, нөмірлік мөртабан және пломбир беру тәртібін анықтайды.

      2. Қызметтік куәлік, нөмірлік мөртабан және пломбир лауазымға тағайындау туралы бұйрықта көрсетіледі және Инспектордың осы бұйрықпен танысуы кезінде қол қоюмен беріледі.

      3. Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органының (бұдан әрі - мемлекеттік орган) бұйрығымен қызметтік куәлікті, нөмірлік мөртабанды және пломбирді жою бойынша мемлекеттік орган басшының орынбасарынан, кадр қызметінің басшысынан, бухгалтерлік есеп басшысынан және олардың орнын басатын тұлғалардан кем дегенде үш қызметкерден тұратын тұрақты жұмыс істейтін комиссия құрылады.

      4. Қызметтік куәлік, нөмірлік мөртабан және пломбир бес жылдық мерзімге беріледі. Көрсетілген мерзімнің аяқталуында Инспектордың қызметтік куәлігі, нөмірлік мөртабаны және пломбирді жою бойынша комиссиямен одан әрі пайдалану бойынша шешімі қабылданады.

      5. Берілген қызметтік куәлігін, нөмірлік мөртабанын және пломбирін есепке алу үшін мемлекеттік органның кадр қызметімен Инспекторға қызметтік куәлікті, нөмірлік мөртабанды және пломбирді берудің электрондық журналында жүргізіледі.

      Электр энергетикасы саласындағы Инспектордың қызметтік куәлігін, нөмірлік мөртабанын және пломбирін беру және жою электрондық журнал нысанының үлгісі осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген.

      6. Инспекторға қызметтік куәлігін, нөмірлік мөртабанын және пломбирін беру электрондық журналы мемлекеттік органның кадр қызметімен бақылануы тиіс.

      7. Инспектордың жұмыстан шығу жағдайында қызметтік куәлігі, нөмірлі мөртабаны және пломбирі мемлекеттік органның кадр қызметіне Алып қою актіні екі данада жасаумен қайтаруға жатады. Қызметтік куәлікті, нөмірлі мөртабанды және пломбирді алып кою актісі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес рәсімделеді.

      8. Жұмыстан шыққан Инспектордың қызметтік куәлігі, нөмірлі мөртабаны және пломбирі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес рәсімделетін Қызметтік куәлікті, нөмірлі мөртабанды және пломбирді алып қою актіні жасаумен есептен шығарылуға және алып қоюға жатады, ол туралы электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік техникалық инспекторлардың қызметтік куәліктерін, нөмірлі мөртабандарын және пломбирлерін беру және алып қоюдың электрондық журналында тиісті жазба жасалынады.

      9. Жою өртеу, балқыту, 2,5 шаршы сантиметрден аспайтын мөлшерде майдалап бөлшектеу, ұсақтау, еріту немесе химиялық ыдырату, қалыпсыз массаға немесе ұнтақ күйге айналдыру арқылы жүргізіледі.

  Мемлекеттік техникалық
инспекторға қызметтік куәлік,
нөмірлік мөртабан және пломбир
беру қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік техникалық инспекторлардың қызметтік куәліктерін, нөмірлі мөртабандарын және пломбирлерін беру және алып қоюдың электрондық журналының нысаны

№ р/с

Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік техникалық инспектордың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Берілген күні

Қызметтік куәліктің нөмірі

Нөмірлі мөртабанының нөмірі, (сканирленген бедері)

Пломбир нөмірі, (сканирленген бедері)

Берген тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Қолдануды бұзу бойынша шешімнің күні, нөмірі

Қызметтік куәліктерді, нөмірлі мөртабандарды және пломбирлерді алып қою актісінің күні, нөмірі

1

2

3

4

5

6

7

8

9



















  Мемлекеттік техникалық
инспекторға қызметтік куәлік,
нөмірлік мөртабан және пломбир
беру қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

№______
Қызметтік куәлікті, нөмірлі мөртабанды және пломбирді
алып қою актісі

      __________________ _____________

      (елді мекен атауы) (күні)

      _____________________________________________________________________

      Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі

      мемлекеттік органының бұйрық № мен күні)

      _____________________________________________________________________

      (Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болған жағдайда), лауазымы)

      ___________________________________________________________қатысуымен

      __________________________________________________________өкілі(дері)

      (Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болған жағдайда), лауазымы

      ___________________________________________________________мақсатымен

      келесі құжаттардың алып қоюы жүргізілді

р/с

Құжаттардың атауы (қызметтік куәліктің нөмірін, нөмірлі мөртабан мен пломбирді көрсете отырып)

Құжаттардың саны (санмен және жазбаша)











      ___________________________________________________________мақсатымен

      _____________________________________________________________________

      (Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі

      мемлекеттік органының құрылымдық бөлімшесінің атауы)

      _____________________________________________________ ________

      Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы және лауазымы

      _____________________________________________________ ________

      Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы

      және лауазымы

      _____________________________________________________ ________

      Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы

      және лауазымы

      Таныстым_____________________________________________________________

      (Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы)

Об утверждении Правил выдачи государственному техническому инспектору служебного удостоверения, номерного штампа и пломбира

Приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 2 февраля 2015 года № 57. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 17 марта 2015 года № 10463. Утратил силу приказом Министра энергетики Республики Казахстан от 30 октября 2024 года № 386.

      Сноска. Утратил силу приказом Министра энергетики РК от 30.10.2024 № 386 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 56) статьи 5 Закона Республики Казахстан от 9 июля 2004 года "Об электроэнергетике" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила выдачи государственному

      техническому инспектору служебного удостоверения, номерного штампа и

      пломбира.

      2. Департаменту электроэнергетики Министерства энергетики

      Республики Казахстан в установленном законодательством Республики

      Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) направление на официальное опубликование настоящего приказа в течение десяти календарных дней после его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан в периодических печатных изданиях и в информационно-правовой системе "Әділет";

      3) размещение настоящего приказа на официальном интернет-ресурсе Министерства энергетики Республики Казахстан и на интранет-портале государственных органов;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства энергетики Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 2) и 3) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на

      курирующего вице-министра энергетики Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования.

Министр

В. Школьник


  Утверждены
приказом Министра энергетики
Республики Казахстан
от 2 февраля 2015 года № 57

Правила выдачи государственному техническому инспектору
служебного удостоверения, номерного штампа и
пломбира

      1. Настоящие Правила выдачи государственному техническому инспектору служебного удостоверения, номерного штампа и пломбира (далее - Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 56) статьи 5 Закона Республики Казахстан от 9 июля 2004 года "Об электроэнергетике" и определяют порядок выдачи государственному техническому инспектору (далее - Инспектор) служебного удостоверения, номерного штампа и пломбира.

      2. Служебное удостоверение, номерной штамп и пломбир указывается в приказе о назначении на должность и выдается Инспектору под роспись при его ознакомлении с данным приказом.

      3. Приказом государственного органа по государственному энергетическому надзору и контролю (далее - государственный орган) создается постоянно действующая комиссия по изъятию служебных удостоверений, номерных штампов и пломбиров из числа не менее трех работников государственного органа, состоящая из заместителя руководителя, руководителя кадровой службы, руководителя бухгалтерского учета или лиц их замещающих.

      4. Служебное удостоверение, номерной штамп и пломбир выдаются сроком на пять лет. При окончании указанного срока комиссией по изъятию служебных удостоверений, номерного штампа и пломбира Инспектора принимается решение по их дальнейшей эксплуатации.

      5. Для учета выданных служебных удостоверений, номерных штампа и пломбира кадровой службой государственного органа ведется электронный журнал выдачи служебных удостоверений, номерного штампа и пломбира Инспекторам.

      Образец формы электронного журнала выдачи и изъятия служебных удостоверений, номерных штампов и пломбиров государственным техническим инспекторам в области электроэнергетики приведен в приложении 1 к настоящим Правилам.

      6. Электронный Журнал выдачи служебных удостоверений, номерного штампа и пломбира Инспекторам ведется кадровой службой государственного органа.

      7. При увольнении Инспектора служебное удостоверение, номерной штамп и пломбир подлежат возврату в кадровую службу государственного органа с оформлением Акта изъятия в двух экземплярах. Акт изъятия служебного удостоверения, номерного штампа и пломбира оформляется согласно приложению 2 к настоящим Правилам.

      8. Служебное удостоверение, номерной штамп уволенного Инспектора подлежат списанию и изъятию с составлением Акта изъятия служебного удостоверения, номерного штампа и пломбира согласно приложению 2 к настоящим Правилам, о чем производится соответствующая запись, в электронном журнале выдачи и изъятия служебных удостоверений, номерных штампов и пломбиров государственным техническим инспекторам в области электроэнергетики.

      9. Уничтожение служебного удостоверения и номерного штампа производится путем сжигания, расплавления, измельчения на кусочки размером не более 2,5 квадратных сантиметров, дробления, растворения или химического разложения, превращения в бесформенную массу или порошок.

  Приложение 1
к Правилам выдачи
государственному техническому
инспектору служебного
удостоверения, номерного штампа и
пломбира

      Форма

Форма электронного журнала выдачи и изъятия служебных
удостоверений, номерных штампов и пломбиров государственным
техническим инспекторам в области электроэнергетики

№ п/п

Фамилия, имя, отчество (при его наличии) государственного технического инспектора в области электроэнергетики

Дата выдачи

Номер служебного удостоверения

Номер номерного штампа, (сканированный оттиск)

Номер пломбира, (сканированный оттиск)

Фамилия, имя, отчество (при его наличии) выдавшего

Дата, номер Решения по нарушению применения

Дата, номер акта изъятия служебного удостоверения, номерного штампа и пломбира

1

2

3

4

5

6

7

8

9



















  Приложение 2
к Правилам выдачи
государственному техническому
инспектору служебного
удостоверения, номерного штампа и
пломбира

Акт изъятия служебного удостоверения, номерного
штампа и пломбира

      №_______

      ___________________________ _________

      (наименование населенного пункта) (дата)

      Представителем(ями) _________________________________________________

      (Фамилия, Имя, Отчество (при его наличии), должность,

      _____________________________________________________________________

      наименование государственного органа по государственному энергетическому надзору и контролю)

      на основании_________________________________________________________

      (Номер и дата Приказа государственного органа по

      государственному энергетическому надзору и контролю)

      в присутствии________________________________________________________

      (Фамилия, Имя, Отчество (при его наличии), должность)

      произведено изъятие следующих документов

№ п/п

Наименование документов (с указанием номера служебного удостоверения, номерного штампа и пломбира)

Количество документов (цифрами и прописью)











      в____________________________________________________________________

      (наименование структурного подразделения государственного органа по государственному энергетическому надзору и контролю)

      с целью _____________________________________________________________

      ____________________________________________________ ___________

      Фамилия, Имя, Отчество (при его наличии) и должность подпись

      ____________________________________________________ ___________

      Фамилия, Имя, Отчество (при его наличии) и должность подпись

      ____________________________________________________ ___________

      Фамилия, Имя, Отчество (при его наличии) и должность подпись

      Ознакомлен __________________________________________________________

      (Фамилия, Имя, Отчество (при его наличии), подпись)