Пайдаланушы ұйым персоналының аттестаттаудан өту қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 12 ақпандағы № 82 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 27 наурызда № 10551 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы № 12 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Энергетика министрінің 20.01.2016 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      «Атом энергиясын пайдалану туралы» 1997 жылғы 14 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп Пайдаланушы ұйым персоналының аттестаттаудан өту қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өтуін;
       2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде оның мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберуді жолдануын;
       3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын;
       4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
       3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
       4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Энергетика министрі                        В. Школьник

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      _______________ Е. Досаев
      2015 жылғы 27 ақпан

Қазақстан Республикасы 
Энергетика министрінің 
2015 жылғы 12 ақпандағы
№ 82 бұйрығымен     
бекітілген       

Пайдаланушы ұйым персоналының аттестаттаудан өту қағидаларын бекіту туралы 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Атом энергиясын пайдалану саласындағы пайдаланушы ұйымның персоналын аттестаттаудан өткiзу ережесi (бұдан әрi - Қағидалар) «Атом энергиясын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 сәуiрдегi Заңына сәйкес әзiрленген және атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын пайдаланушы ұйымдар персоналының аттестаттаудан (бұдан әрі - аттестаттау) өту тәртiбiн белгiлейдi.

2. Уәкілетті органда аттестаттаудан өткізу тәртібі

      2. Атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті органдааттестаттаудан (бұдан әрі – уәкілетті орган) пайдаланушы ұйым персоналының мынадай санаттары өтеді:
      1) лауазымдық міндеттері атом энергиясын пайдаланумен байланысты қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуді, қондырғыны тікелей басқаруды көздейтін ядролық қондырғы персоналы;
      2) лауазымдық міндеттері ядролық материалдарды, иондаушы сәуле көздерін, радиоактивті қалдықтарды есепке алумен және бақылаумен, ядролық қондырғылар мен ядролық материалдарды физикалық қорғаумен байланысты ядролық қондырғының персоналы;
      3) лауазымдық міндеттеріне радиациялық қауіпсіздікті бақылау, иондаушы сәуле көздерін есепке алу және бақылау кіретін радиациялық, электрфизикалық қондырғының персоналы;
      3. Уәкілетті органда аттестаттау:
      1) алғашқы аттестаттауға;
      2) кезеңдік аттестаттауға
      3) кезектен тыс аттестаттауға бөлінеді.
      4. Алғашқы аттестаттау осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес аттестаттауға жататын санаттар бойынша лауазымға тағайындалғаннан кейін екі айдан кешіктірілмейтін мерзімде жүргізіледі.
      5. Кезеңдік аттестаттау кезеңдік аттестаттау жүргізу кестесіне сәйкес үш жылда бір рет жүргізіледі.
      6. Кезектен тыс аттестаттау мынадай жағдайларда:
      1) өндірісте жазатайым оқиғаларға жол берілген;
      2) уәкілетті орган пайдаланушы ұйымда жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер жүргізу барысында радиациялық және ядролық қауіпсіздік  талаптарының өрескел бұзушылықтары анықталған;
      3) пайдаланушы ұйымдардың шешімі бойынша тағайындалады.
      7. Кезектен тыс аттестаттау кезеңдік аттестаттау мерзімдерін ауыстырмайды.
      8. Аттестаттаудан өту үшін пайдаланушы ұйым уәкілетті органға мынадай құжаттарды қамтитын өтінімді ұсынады:
      1) осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген нысан бойынша пайдаланушы ұйымнан ұсыным;
      2) аттестатталуға тиісті қызметкердің білімін, біліктілігін және жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттар;
      3) аттестатталуға тиісті қызметкердің лауазымдық нұсқаулығы;
      4) қызметке тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі (бірінші аттестаттауды өткен жағдайда).
      9. Уәкілетті орган өтінім материалдарын алған сәттен бастап екі күндік мерзімде пайдаланушы ұйымға өтінімдердің қабылданғаны немесе қабылданбағаны туралы хабарлайды. Өтінімдер қабылданбаған жағдайда қабылданбау себептері көрсетіледі. Пайдаланушы ұйым көрсетілген кемшіліктерді жойғаннан кейін қайтадан өтінім береді.
      10. Өтінімдер қабылданған жағдайда уәкілетті орган аттестаттау жүргізу күні мен орны туралы шешім қабылдайды, ол туралы пайдаланушы ұйымға хабарлайды.
      11. Аттестаттауды өткізу үшін уәкілетті органның бірінші басшысының бұйрығымен мүшелерінің саны тақ болып табылатын және кемінде бес адамды құрайтын атом энергиясын пайдалану саласында басшылықты жүзеге асыратын ведомство басшысының орынбасары, және осы ведомствоның басқарма басшылары арасынан комиссия құрылады.
      Комиссия отырысы комиссия құрамының кемінде үштен екісін құрайтын кворум болған кезде заңды.
      Хатшы комиссияның мүшесі болып табылмайды және дауыс беру құқығы жоқ.
      12. Аттестаттау оны өткізу туралы шешім қабылдағаннан кейін отыз күнтізбелік күн ішінде өткізіледі.
      13. Уәкілетті органда персоналды аттестаттау мыналарды:
      1) тестілеуді;
      2) әңгімелесуді (радиациялық қауіпсіздікті бақылауға жауапты персонал үшін);
      3) аттестаттауды өткізу нәтижелерін куәландыратын хаттаманы беруді қамтиды.
      14. Тестілеу аттестатталатын қызметкердің таңдауы бойынша мемлекеттік немесе орыс тілдерінде автоматтандырылған компьютер тәсілімен жүргізіледі.
      15. Тестілеу сұрақтарының тізбесін уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді және атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнаманы білумен байланысты сұрақтарды қамтиды.
      16. Тестілеу сұрақтары аттестаттауға жататын персоналдың санатына байланысты анықталады.
      17. Тестілеу нәтижелерін оң деп тану үшін негіз болып табылатын дұрыс жауаптардың шекті деңгейі тесттегі сұрақтар санының 80 %-ын құрайды.
      18. Егер тестілеу нәтижелері белгіленген шекті деңгейден аз болған жағдайда аттестатталатын қызметкер аттестаттаудан өтпеген болып саналады.
      19. Сұрақ-жауап нысанында өткізілетін әңгімелесу кезінде комиссия қызметкердің Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасын білуін тексереді.
      20. Әңгімелесудің қорытындысы бойынша Комиссия қызметкерді радиациялық қауіпсіздік қағидалары мен нормаларын білуін «қанағаттанарлық», «қанағаттанғысыз» бағалары бойынша бағалайды.
      21. Комиссия аттестаттау нәтижелері бойынша мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
      1) атқаратын лауазымына сәйкес келеді;
      2) қайтадан аттестаттаудан өтуі тиіс.
      22. Қайта аттестаттау үш айдан кейін өткізіледі.
      23. Пайдаланушы ұйымның қызметкері қайта аттестаттау кезінде теріс нәтиже алған жағдайда атқаратын лауазымына сәйкес келмейді деп танылады және осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген лауазымға жіберілмейді.
      24. Аттестаттаудың нәтижелері бойынша комиссия хатшысы Комиссия мүшелері қол қоятын және атом энергиясын пайдалану саласында басшылықты жүзеге асыратын ведомство басшысының орынбасары бекітетін хаттама ресімдейді.
      Хаттама аттестаттауды өткізгеннен кейін үш күнтізбелік күн ішінде ресімделеді.
      25. Хаттама екі данада ресімделеді. Бір данасы аттестатталатын қызметкерге беріледі. Хаттаманың екінші данасы атом энергиясын пайдалану саласында басшылықты жүзеге асыратын ведомствода сақталады.
      26. Аттестатталатын қызметкер аттестаттау нәтижелерімен келіспеген жағдайда атом энергиясын пайдалану саласында басшылықты жүзеге асыратын ведомство басшысының атына аттестаттау хаттамасын алған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде өтініш ресімдеу жолымен аттестаттау нәтижелеріне шағымдануға құқығы көзделеді.

Пайдаланушы ұйымның персоналын 
аттестаттаудан өткiзу қағидаларына
қосымша             

Нысан

Ұсыну

Әкімшілік
_____________________________________________________________________
                      (Пайдаланушы ұйымның атауы)
_____________________________________________________________________
         (лауазымның, бөлімшенің, қондырғының, ұйымның атауы)

лауазымы бойынша міндеттерді орындау кезінде
_____________________________________________________________________
             (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

аттестаттаудан өткізуді өтінеді.
Қоса берілетін құжаттар:_____________________________________________
Пайдаланушы ұйымның басшысы _________________________________________
                           (тегі, аты, әкесінің аты(болған жағдайда))

                                                   __________________
                                                         (қолы)

      М.О.                                         20__ж «___»_______

Об утверждении Правил прохождения аттестации персонала эксплуатирующей организации

Приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 12 февраля 2015 года № 82. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 27 марта 2015 года № 10551. Утратил силу приказом Министра энергетики Республики Казахстан от 20 января 2016 года № 12

      Сноска. Утратил силу приказом Министра энергетики РК от 20.01.2016 № 12 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии пунктом 4 статьи 18 Закона Республики Казахстан от 14 апреля 1997 года «Об использовании атомной энергии», ПРИКАЗЫВАЮ: 
      1. Утвердить прилагаемые Правила прохождения аттестации персонала эксплуатирующей организации.
      2. Комитету атомного и энергетического контроля и надзора Министерства энергетики Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:
      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) направление на официальное опубликование настоящего приказа в течение десяти календарных дней после его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан в периодические печатные издания и в информационно-правовую систему «Әділет»;
      3) размещение настоящего приказа на официальном интернет-ресурсе Министерства энергетики Республики Казахстан и на интранет-портале государственных органов;
      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства энергетики Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 2) и 3) настоящего пункта.
      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра энергетики Республики Казахстан.
      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр энергетики
      Республики Казахстан                       В. Школьник
 

      «СОГЛАСОВАН»
      Министр национальной экономики
      Республики Казахстан
      _______________ Е. Досаев
      27 февраля 2015 года

Утверждены        
приказом Министра энергетики
Республики Казахстан   
от 12 февраля 2015 года № 82

Правила
прохождения аттестации персонала эксплуатирующей организации

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила прохождения аттестации персонала эксплуатирующей организации (далее – Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 14 апреля 1997 года «Об использовании атомной энергии» и определяют порядок прохождения аттестации персоналом эксплуатирующих организаций (далее – аттестация), осуществляющих деятельность в сфере использования атомной энергии.

2. Порядок прохождения аттестации в уполномоченном органе

      2. Аттестацию в уполномоченном органе в области использования атомной энергии (далее - уполномоченный орган) проходят следующие категории персонала эксплуатирующей организации:
      1) персонал ядерной установки, должностные обязанности которого предусматривают прямое управление установкой, обеспечение безопасности при осуществлении видов деятельности, связанных с использованием атомной энергии;
      2) персонал ядерной установки, должностные обязанности которого связаны с учетом и контролем ядерных материалов, источников ионизирующего излучения, радиоактивных отходов, с физической защитой ядерной установки и ядерных материалов;
      3) персонал радиационной, электрофизической установки, в должностные обязанности которого входит контроль радиационной безопасности, учет и контроль источников ионизирующего излучения.
      3. Аттестация в уполномоченном органе подразделяется на:
      1) первичную аттестацию;
      2) периодическую аттестацию;
      3) внеочередную аттестацию.
      4. Первичная аттестация проводится в срок не позднее двух месяцев после назначения на должность по категории, который относится аттестации согласно пункту 3 настоящих Правил.
      5. Периодическая аттестация проводится один раз в три года согласно графика проведения периодической аттестации.
      6. Внеочередная аттестация назначается в следующих случаях:
      1) допущение несчастных случаев на производстве;
      2) выявленные грубые нарушения требований радиационной и ядерной безопасности в ходе проведения уполномоченным органом плановых и внеплановых проверок в эксплуатирующей организации;
      3) по решению эксплуатирующей организации.
      7. Внеочередная аттестация не отменяет сроков периодической аттестации.
      8. Для прохождения аттестации эксплуатирующая организация представляет в уполномоченный орган заявку с приложением следующих документов:
      1) представление от эксплуатирующей организации по форме, согласно приложению к настоящим Правилам;
      2) документы, подтверждающие образование, квалификацию и опыт работы работника, подлежащего аттестации;
      3) должностная инструкция работника, подлежащего аттестации;
      4) копия приказа о назначении на должность (в случае прохождения первичной аттестации).
      9. Уполномоченный орган в течение двух рабочих дней с момента получения заявки с приложенными документами сообщает эксплуатирующей организации о принятии или об отклонении заявки. В случае отклонения заявки указываются причины отклонения. Эксплуатирующая организация вновь подает заявку после устранения отмеченных недостатков.
      10. В случае принятия заявки уполномоченный орган в течение двух рабочих дней принимает решение о дате и месте проведения аттестации, о чем извещает эксплуатирующую организацию.
      11. Для проведения аттестации приказом первого руководителя уполномоченного органа создается Комиссия из числа заместителя руководителя ведомства, осуществляющего руководство в сфере использования атомной энергии, и руководителей управлений этого ведомства, количество членов которой является нечетным и составляет не менее пяти человек.
      Заседание Комиссии правомочно при наличии кворума, составляющего не менее двух третей состава комиссии.
      Секретарь не является членом Комиссии и не имеет права голоса.
      12. Аттестация проводится в течении тридцати календарных дней после принятия решения о ее проведении.
      13. Аттестация в уполномоченном органе включает:
      1) тестирование;
      2) собеседование (для персонала, ответственного за контроль радиационной безопасности);
      3) выдачу протокола, удостоверяющего результаты прохождения аттестации.
      14. Тестирование проводится автоматизированным компьютерным способом на государственном или русском языках по выбору аттестуемого работника.
      15. Перечень тестовых вопросов разрабатывается и утверждается уполномоченным органом и включает вопросы, связанные со знанием законодательства в области использования атомной энергии.
      16. Тестовые вопросы определяются в зависимости от категории персонала, подлежащего аттестации.
      17. Пороговый уровень правильных ответов, являющийся основанием для признания результатов тестирования положительными, составляет 80% от количества вопросов, содержащихся в тестах.
      18. В случае если результаты тестирования составляют менее установленного порогового уровня, аттестуемый работник считается не прошедшим аттестацию.
      19. При собеседовании, которое проводится в форме вопроса-ответа, комиссия проверяет знание работником законодательства Республики Казахстан в сфере использования атомной энергии.
      20. По итогам собеседования Комиссия оценивает работника на знание правил и норм радиационной безопасности по оценкам «удовлетворительно», «неудовлетворительно».
      21. Комиссия по результатам аттестации принимает одно из следующих решений:
      1) соответствует занимаемой должности;
      2) подлежит повторной аттестации.
      22. Повторная аттестация проводится не ранее, чем через три месяца.
      23. В случае получения отрицательных результатов при повторной аттестации работник эксплуатирующей организации признается несоответствующим занимаемой должности и не допускается к должностям, указанным в пункте 3 настоящих Правил.
      24. По результатам аттестации секретарем комиссии оформляется протокол, который подписывается членами Комиссии и утверждается заместителем руководителя ведомства, осуществляющего руководство в сфере использования атомной энергии.
      Протокол оформляется в течение трех календарных дней после проведения аттестации.
      25. Протокол оформляется в двух экземплярах. Один экземпляр выдается аттестуемому работнику. Второй экземпляр протокола хранится в ведомстве, осуществляющем руководство в сфере использования атомной энергии.
      26. В случае несогласия аттестуемого работника с результатами аттестации, предусматривается его право на апелляцию результатов аттестации путем оформления заявления в течение трех рабочих дней с момента получения протокола аттестации на имя руководителя ведомства, осуществляющего руководство в сфере использования атомной энергии.

Приложение             
к Правилам прохождения аттестации 
персонала эксплуатирующей организации

Форма

ПРЕДСТАВЛЕНИЕ

Администрация _______________________________________________________
                      (наименование эксплуатирующей организации)
ходатайствует о прохождении аттестации ______________________________
                                            (Ф.И.О. (при наличии))
при выполнении обязанностей по должности
_____________________________________________________________________
  (наименование должности, подразделения, установки, организации)
Прилагаемые документы:_______________________________________________

      Руководитель
      эксплуатирующей организации             _______________________
                                               (Ф.И.О. (при наличии))
                                              _______________________
                                                      (подпись)

      М.П.                                        «___»_______20___г.