Кондоминиум объектісін басқару шартының үлгі нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 242 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 наурызда № 10574 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 30 наурыздағы № 164 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 30.03.2020 № 164 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-2-бабының 10-6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Кондоминиум объектісін басқару шартының үлгі нысаны қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Мыналардың:

      1) "Кондоминиум объектісін басқару шартының үлгілік нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 13 қыркүйектегі № 338 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7260 болып тіркелген, 2011 жылғы 16 қарашадағы № 365 (26756) "Казахстанская правда" газетінде жарияланған);

      2) "Кондоминиум объектісін басқару шартының үлгілік нысанын бекіту туралы" 2011 жылғы 13 қыркүйектегі № 338 және "Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасын есептеу әдістемесін бекіту туралы" 2011 жылғы 12 желтоқсандағы № 479 Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № 193/НҚ бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9637 болып тіркелген, 2014 жылғы 27 желтоқсандағы № 253(28476) "Егемен Қазақстан", газетінде жарияланған) 1-тармағы 4) тармақшасының күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Ұлттық экономика министрі

Е. Досаев


  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 20 наурыздағы
№ 242 бұйрығымен бекітілген

      нысаны

Кондоминиум объектісін басқару шартының үлгілік нысаны

      _____________ қаласы №_________ 20__ жылгы "__"_________

      _________________________________________________________мекенжайдағы

      кондоминиум объектісінде орналасқан үй-жайдың (пәтердің) ____________

      _____________________________________________________________________

      (пәтердің нөмірі, тұрғын емес үй-жайдың орналасуы,

      _____________________________________________________________________

      меншік құқығын растайтын құжаттың деректемелері)

      меншік иесі _________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (Т.А.Ә., жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі)

      _____________________________________________________________________

      (кім, қашан берген; заңды тұлғаның атауы, мемлекеттік

      _____________________________________________________________________

      тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлігінің деректемелері)

      _____________________________________________________________________

      бұдан әрі "Меншік иесі" деп аталатын атынан, ________________________

      негізінде әрекет ететін _____________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (сенімхат, меншік иелерінің жалпы жиналысы шешімінің хаттамасы)

      және _______________________________________________________________,

      (кондоминиум объектісін басқару органының атауы)

      бұдан әрі "Кондоминиум объектісін басқару органы" деп аталатын, _____

      _____________________________________________________________________

      Жарғының негізінде әрекет ететін ____________________________________

      (Т.А.Ә)

      бұдан әрі "Тараптар" деп аталатындар төмендегілер туралы осы шартты

      жасасты:

1. Шарттың мәні және мақсаты

      1. Осы Шарт "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңын іске асыру мақсатында, сондай-ақ кондоминиум объектісін басқаруды ұйымдастыру және жоспарлау мақсатында әзірленді. Осы шартқа сәйкес көрсетілетін кондоминиум объектілерін басқару жөніндегі жұмыстардың тізбесі шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын қосымшада көрсетілген.

      2. Кондоминиум объектісін басқаруға беру Меншік иесі Кондоминиумды басқару органына мынадай ақпарат ұсынған кезде жүргізіледі:

      1) әрбір объектідегі инженерлік жабдықтардың тізбесін және кондоминиум объектісіне іргелес жатқан аумақтың алаңдары туралы деректерді қоса алғанда, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінің жалпы сипаттамасы, басқаруға берілетін құрамы (мекенжайын көрсете отырып, әрбір объекті бойынша жеке-жеке);

      2) объектінің техникалық жай-күйін бағалау актісінде көрсетілетін, басқаруға берілетін әрбір объектінің және кондоминиум объектісіне іргелес жатқан аумақтың, инженерлік жабдықтың және пайдалану жауапкершілігі шекарасындағы желілердің техникалық жай-күйі;

      3) объектінің әрқайсысынан тұтынылған коммуналдық қызметтердің басқаруға беру сәтінде тіркелген сандық сипаттамасы.

      3. Кондоминиум объектісін басқару органы инженерлік желілер мен жабдықтарды, ортақ пайдаланылатын жерлер мен кондоминиум объектісіне іргелес жатқан аумақты тиісті күтіп-ұстауды және жөндеуді, Меншік иесіне коммуналдық қызметтерді беруді ұйымдастырады.

      Кондоминиум объектісін басқару органы осы мақсаттар үшін әрбір кондоминиум объектісі бойынша екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шот ашады, оған үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің осы кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға және ағымдағы жөндеуге жұмсалатын жарналары (төлемдері) аударылады.

      Кондоминиум объектісін басқару органы ортақ мүлікті күрделі жөндеуді жүзеге асыру үшін әрбір кондоминиум объектісі бойынша соманы жинақтау үшін екінші деңгейдегі банктерде жинақтау шотын ашады.

      Кондоминиум объектісін күрделі жөндеу үшін жинақталған соманы жинақ шотынан алуды үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің жиналысы үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері жалпы санының кемінде үштен екісінің шешімі бойынша кондоминиум объектісін басқару органының басшысы жүзеге асырады.

      4. Шарттың қолданылу мерзімі ________ жыл.

2. Кондоминиум объектісін басқару шартын жасау негіздемесі

      5. Үй-жай (пәтер) меншік иелерінің 20__ жылғы "__"_____________ № ____________ шешімі осы Шартты жасауға негіздеме болып табылады.

3. Тараптардың міндеттері

      6. Меншік иесінің міндеттері:

      1) меншігіндегі үй-жайды мақсаты бойынша ғана пайдалану;

      2) Кондоминиум объектісін басқару органына осы шарттың 3-тармағында белгіленген қызметтерге есепті кезеңнен кейінгі айдың___ күніне дейінгі мерзімде ұсынылған шотқа сәйкес меншік иелерінің жалпы жиналысы бекіткен мөлшерде ақы төлеу;

      3) электрмен, жылумен, газбен, сумен жабдықтау, су бұру қондырғыларына профилактикалық және жөндеу жұмыстарын жүргізуге құқығы бар ұйымдардың лауазымды тұлғаларын аварияларды жою, инженерлік жабдықтарды, есепке алу аспаптарын қарау және бақылау үшін меншік құқығына тиесілі үй-жайға (пәтерге) кіргізу;

      4) электр-тұрмыстық аспаптарды және үй ішіндегі желілердің техникалық мүмкіндіктерінен артық қуаты бар машиналарды, жылыту аспаптарының қосымша секцияларын, реттейтін және жапқыш арматураларды орнатуға, қосуға және пайдалануға, коммуналдық қызметтерді жеткізуді есепке алудың қолданыстағы схемасын өзгертуге, жүйелердегі жылу көздерін тікелей мақсаты бойынша пайдаланбауға (жылыту жүйесі мен аспаптарынан суды ағызуды жүргізу) рұқсат алу;

      5) ортақ мүліктің және дара (бөлек) меншіктегі үй-жайлардың сақталуына және қауіпсіз пайдаланылуына көмек көрсету;

      6) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстарға қатысу;

      7) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңында және тұрғын үй қатынастары саласындағы Қазақстан Республикасының өзге заңнамаларында көзделген міндеттерді орындау.

      7. Кондоминиум объектісін басқару жөніндегі жұмыстардың тізбесі осы шарттың қосымшасында көрсетілген. Кондоминиум объектісін басқару органын басқару жөніндегі міндеттер мыналарды қамтиды:

      1) үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің жиналыстарын, жазбаша сауалнама жүргізуді ұйымдастыру;

      2) сервистік қызмет субъектілерімен шарттар жасасу және олардың орындалуын бақылау;

      3) үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері жиналыстарының хаттамаларын және жазбаша сауалнама жүргізген кезде дауыс беру парақтарын ресімдеу;

      4) үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің жалпы жиналысында бұрын қабылданған шешімдер туралы ақпаратты үй-жайлардың (пәтерлердің) жаңа меншік иелерінің назарына жазбаша түрде жеткізу;

      5) үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері жиналыстарының ортақ мүлікті сапалы күтіп-ұстау және қауіпсіз тұруды қамтамасыз ету жөніндегі шешімдерінің орындалуын ұйымдастыру;

      6) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкі мәселелері бойынша үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің мүдделерін таныту;

      7) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін басқару жөніндегі қызметтерге түбіртек беру арқылы жарналар, сондай-ақ оны күтіп-ұстауға және күрделі жөндеуге жарналар жинауды жүзеге асыру, оның-өлшерін меншік иелерінің, жалдаушылардың атынан үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің жиналысы бекітеді;

      8) барлық меншік иелері үшін барлығы көретін жерге үй-жайларға, сондай-ақ ортақ мүлікке қызмет көрсететін және жөндейтін ұйымдар, сондай-ақ коммуналдық қызметтердің өнім беруші ұйымдары туралы ақпаратты (атауы, байланыс телефоны, авариялық қызметтің телефоны) стендтерде орналастыру;

      9) Меншік иесіне тоқсан сайын жазбаша нысанда немесе электрондық құжат нысанында есепті кезеңнен кейінгі айдың оныншы күніне дейін ортақ мүлікті пайдалануға байланысты шығыстар көрсетілген, сондай-ақ кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға жатпайтын қосымша шығыстар қамтылған есепті ұсыну;

      10) осы Шарттың талаптарын орындау үшін жасалған шарттарды есепке алуды қамтамасыз ету;

      11) құрылған күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде әрбір кондоминиум объектісіне екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шот ашу, оған үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің осы кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға және ағымдағы жөндеуге жұмсалатын жарналары (төлемдері) аударылады;

      12) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін сақтау және оны пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау;

      13) құрылған күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде осы кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын сомаларды жинақтау үшін әрбір кондоминиум объектісіне екінші деңгейдегі банкте жинақ шотын ашу;

      14) кондоминиум объектісін басқару органы құрылған күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде кондоминиум объектісін тіркеуге байланысты функцияларды орындау;

      15) кондоминиум объектісі меншік иелерінің талап етуі бойынша банк шоттары бойынша ақшалардың, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған қаражаттың қозғалысы туралы ақпарат ұсыну;

      16) Меншік иесіне екі ай бұрын алдағы кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне, кондоминиум объектісіндегі ортақ пайдаланылатын жерлерді күрделі жөндеу туралы, авариялық жағдайлардың пайда болуын қоспағанда, екі тәулік бұрын инженерлік желілерді ажырату, сынау немесе олардың жұмыс режимінің басқа да өзгеруі туралы хабарлау;

      17) кондоминиум объектісін басқару шарты тоқтатылған жағдайда иелігіндегі болған техникалық (жобалау-сметалық құжаттаманы, учаске жоспарын, паспорттарды, қабылдау актілері мен басқа),атқарушылық құжаттамаларды (сервистік қызмет субъектілерімен жасалған шарттар бойынша орындалған жұмыс және қызмет актілерін, сервистік қызмет субъектілерімен жасалған шарттардың көшірмелерін), сондай-ақ қаржылық құжаттамаларды (екінші деңгейдегі банктермен ағымдағы және жинақ шоттарының шарттары, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау шығыстарының бекітілген сметасы, жалпы жиналыста қабылданған шешімдердің хаттамалары) қабылдау-беру актісі бойынша жаңадан сайланған Кондоминиум объектісін басқару органына беру;

      18) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңында және Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары саласындағы өзге заңнамаларында көзделген міндеттерді орындау.

4. Тараптардың құқықтары

      8. Меншік иесі:

      1) Кондоминиум объектісін басқару органынан осы шарттың ережелерін негізге ала отырып, қызметтерді сапасыз көрсетуге немесе уақтылы көрсетпеуге байланысты ұсынылған қызметтер үшін төлемдерді қайта есептеуді талап етуге;

      2) Кондоминиум объектісін басқару органының кінәсі бойынша келтірілген шығындарды өтеуді талап етуге;

      3) Тоқсан сайын жазбаша нысанда немесе электрондық құжат нысанында есепті кезеңнен кейінгі айдың оныншы күніне дейін ортақ мүлікті пайдалануға байланысты шығыстар көрсетілген, сондай-ақ кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға жатпайтын қосымша шығыстар көрсетілген есепті алуға;

      4) Кондоминиум объектісін басқару органынан оның құрамынан шығу туралы жалпы жиналыстың хаттамасы шешімінің негізінде техникалық, атқарушылық және қаржылық құжаттамаларды беруді талап етуге;

      5) Кондоминиум объектісін басқару органынан банк шоттары бойынша ақшаның, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған қаражаттың қозғалысы туралы ақпаратты талап етуге;

      6) үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің көпшілігінің хаттамалық шешімі бойынша басқару нысанын өзгертуге;

      7) үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің көпшілігінің хаттамалық шешімі бойынша әрекет ететін Кондоминиум объектісін басқару органының құрамынан шығуға құқылы.

      9. Кондоминиум объектісін басқару органы:

      1) осы шартта көзделген міндеттері орындау мақсатында жұмыстарды, қызметтерді орындау үшін жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасуға;

      2) Меншік иесінің төлемдер бойынша міндеттемелерді бұзуының нәтижесінде олар келтірген шығындарды және Меншік иесі осы шарттың талаптарын орындамағандықтан келтірілген өзге де шығындарды өтеуді талап етуге;

      3) жеке немесе заңды тұлғаның меншігіндегі пәтерде немесе үй-жайда авариялық жағдай туындаған, басқа Меншік иелерінің мүлкін бұзу қаупі пайда болған (Меншік иелері, олардың жұмыс орны, тұрақты тұрғылықты жері немесе авария кезінде қайда болғандары туралы мәліметтер болмағанда) кезде оны өз күшімен және барлық мүмкін құралдармен жоюға;

      4) Меншік иесінен оның кінәсі бойынша зақымданған ортақ мүлікті жөндеуге жұмсалған шығындарды өтеуді талап етуге;

      5) үй-жай (пәтер) меншік иесінің жалпы жиналысында айқындалған шарттарда берілген қызметтік үй-жайларды және басқа да мүлікті олардың мақсатына сай пайдалануға;

      6) кондоминиум объектісінің ағымдағы және (немесе) жинақ шоттарындағы ақша қаражатын олардың нысаналы мақсатына және "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының талаптарына сәйкес ресімделген меншік иелері жиналысының шешіміне сай пайдалануға;

      7) тапсырыс беруші ретінде сөз сөйлеуге және конкурстық негізде көппәтерлі тұрғын үйге қызмет көрсету және оны пайдалану үшін басқарушы компанияны (мердігерді) таңдауға құқылы.

5. Тараптардың жауапкершілігі

      10. Меншік иесінің жауапкершілігі:

      1) Меншік иесі осы шарттың 7-тармағының 1) тармақшасының талаптарын бұзған немесе олар басқа үй-жай (пәтер) меншік иелерінің құқықтары мен мүдделерін жүйелі түрде бұзған кезде Кондоминиум объектісін басқару органы "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңында және "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Кодексінде көзделген шараларды қабылдау үшін Меншік иесіне ескерткеннен кейін күнтізбелік отыз күн өткеннен соң жергілікті атқарушы органдардың жанындағы тұрғын үй инспекциясына өтініш жасауға құқылы;

      2) Меншік иесі осы шарттың 7-тармағының 4) тармақшасында көзделген міндеттемелерді орындамаған кезде ол үй-жайдағы (пәтердегі) авариялардың және (немесе) төтенше жағдайлардың нәтижесінде туындаған барлық салдар үшін Кондоминиум объектісін басқару органы мен үшінші тұлғалардың алдында жауапты болады.

      11. Кондоминиум объектісін басқару органының жауапкершілігі: осы шарттың 8-тармағында көзделген міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісті дәрежеде орындамағаны үшін Кондоминиум объектісін басқару органы "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңында және "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Кодексінде белгіленген жауапкершілікте болады.

6. Ерекше шарттар

      12. Кондоминиум объектісін басқару органы осы шартқа қол қойылған күнінен бастап оны орындауға кіріседі.

      13. Кондоминиум объектісін басқару органының осы шартта айтылмаған жұмыстарды орындауға байланысты, оның ішінде тарифтердің өзгеруіне, Кондоминиум объектісін басқару органының кінәсінен болмаған авариялық және (немесе) төтенше жағдайларға байланысты объективті себептер бойынша туындаған шығындарды Меншік иесі қосымша өтейді.

      14. Кондоминиум объектісін басқару жөніндегі қызметтер мен жұмыстардың тізбесін Тараптардың келісімі бойынша өзгерту мүмкін және осы шартқа қосымша келісім түрінде ресімделуге жатады.

      15. Тараптардың арасындағы даулар сот тәртібінде келісімге қол жеткізбеген жағдайда келіссөздер арқылы шешіледі.

      16. Осы шарт қазақ және орыс тілдерінде екі данада жасалды.

7. Тараптардың қолдары және мекенжайлары

      Меншік иесі басқару органы Кондоминиум объектісін

      _______________________________ ________________________________

      (Т.А.Ә.) (лауазымы,Т.А.Ә.)

      ЖСН ___________________________ БСК ____________________________

      (жеке куәлігінің №)

      _______________________________ БСН ____________________________

      (мекенжайы, электрондық мекенжай)

      М.О. (заңды тұлға үшін)

  Кондоминиум объектісін
басқару шартының үлгі
нысанына қосымша

Кондоминиум объектісін басқару жөніндегі жұмыстардың тізбесі

Жұмыстардың атауы

Өткізу кезеңділігі

1.

Үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің жалпы жнналысында жылдық күнтізбелік жоспарды құру және қолдану

Бастапқы өзі құрылғаннан кейін күнтізбелік отыз күн ішінде; кейіннен жыл сайын

2.

Меншік иелерінің жиналыстарын, оның ішінде жазбаша сауалнама жолымен ұйымдастыру және өткізу, жиналыстың нәтижелерін хаттама түрінде ресімдеу

Бастапқы өзі құрылғаннан кейін күнтізбелік отыз күн ішінде, кейіннен кондоминиум объектісін басқару органының немесе үй-жайлар меншік иелерінің не жергілікті атқарушы органдардың бастамасы бойынша

3.

Үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің жалпы жиналысының жалпы жиналыс отырысы үшін күн тәртібін және ақпараттық материалдарды құру

Жалпы жиналыс отырысын өткізуге дейін күнтізбелік үш күн бұрын

4.

Үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің жиналысы туралы хабарламаны әзірлеу және тарату

Жалпы жиналыс отырысын өткізуге дейін күнтізбелік үш күн бұрын

5.

Хаттамаларды жүргізу және қарар жобаларын әзірлеу

Жалпы жиналыс отырысын өткізгеннен кейін күнтізбелік бір күн ішінде

6.

Осы тұрғын үй үшін (өнім беруші, қолжетімді қолайлылық және қызметтер, жұмыс сағаттары, меншік иелері мен жалдаушылар туралы) арнайы ақпаратты әзірлеу, жаңарту және тарату

Ай сайын

7.

Кондоминиум объектісін тіркеумен (қайта тіркеу) байланысты функцияларды орындау

Кондоминиум объектісін басқару органы құрылғаннан кейін күнтізбелік он бес күн ішінде

8.

Коммуналдық қызметтердің өнім берушілерімен шарттар жасасу, көрсетілген коммуналдық қызметтер үшін өнім берушілермен заңды және қаржылық жұмыс жүргізу

Үй-жайлардың меншік иелерінің жалпы жиналысының шешімі бойынша күнтізбелік отыз күн ішінде

9.

Кондоминиум объектісін күтіп- ұстау бойынша сервистік қызмет субъектілерімен шарттар жасасу

Кондоминиум объектісін басқару органы құрылғаннан немесе алдыңғы сервистік компаниямен шартты бұзғаннан кейін

10.

Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін ағымдағы және күрделі жөндеу жөніндегі жұмыстарды орындаған кезде Тапсырыс берушінің функциясын (кондоминиум объектісін басқару органы) жүзеге асыру

Тұрақты негізде

11.

Басқару шешімдерін, іс-қимылды құжаттамалық ресімдеу; құжат айналымын ұйымдастыру; Қазақстан Республикасының тұрғын-үй заңнамасына сәйкес құжаттаманы ретке келтіру және сақтау

Тұрақты негізде

12.

Үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерін, сондай-ақ тұрғылықты жері бойынша жалдаушыларды (жалға алушыларды) тіркеу есебі

Бастапқы басқару органы құрылғаннан кейін күнтізбелік отыз күн ішінде; кейіннен ай сайын

13.

Үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерін, сондай-ақ жалдаушыларды (жалға алушыларды) көрсетілген коммуналдық қызметтер сапасының нормативтік көрсеткіштері туралы ақпаратпен қамтамасыз ету

Бастапқы басқару органы құрылғаннан кейін күнтізбелік отыз күн ішінде; кейіннен ай сайын

14.

Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіндегі үлесіне сәйкес әрбір үй-жайдың (пәтердің) меншік иесі үшін төлемдер мөлшерін есептеу

Бастапқы басқару органы құрылғаннан кейін күнтізбелік отыз күн ішінде; кейіннен үлесі өзгергеннен кейін үш жұмыс күні ішінде

15.

Кондоминиум объектісін басқару бойынша жеке тоқсан сайынғы есепті дайындау және үй-жайлардың (пәтерлердің) әрбір меншік иелеріне жазбаша немесе электрондық құжат нысанында беру

Есепті кезеңнен кейінгі айдың онына дейін әрбір тоқсан

16.

Кондоминиум объектісі конструкцияларының және инженерлік жабдықтарының техникалық жай-күйіне тексеруді жүзеге асыруды ұйымдастыру

Үй-жайлардың меншік иелерінің жалпы жиналысында бекітілген кестеге (жоспарға) сәйкес

17.

Кондоминиум объектісін пайдалануға техникалық дайындығын (оның ішінде маусымдық), ортақ мүлікке ағымдағы және күрделі жөндеу жүргізу қажеттілігін айқындау мақсатында кондоминиум объектісін (объектілерін) тексеру жұмыстарын ұйымдастыру

Үй-жайлардың меншік иелерінің жалпы жиналысында бекітілген кестеге (жоспарға) сәйкес

18.

Басқаруға берілген кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау мен жөндеу бойынша жұмыстарды жоспарлау.

Тұрақты негізде

19.

Қаржылық және техникалық ресурстарды жоспарлау, мердігер ұйымдармен шарттар жасасу

Тұрақты негізде

20.

Мердігер ұйымдар, сервистік қызмет субъектілері қызметтерінің, жұмыстарының сапасына жасалған шарттар шеңберінде жүйелі бақылауды жүзеге асыру

Шарт міндеттемелеріне сәйкес

21.

Жасалған шарттарға сәйкес мердігерлердің, сервистік қызмет субъектілерінің (жұмыстарды, қызметтерді өндіру процесіне қатысушылардың) жұмыстары мен қызметтерін қаржыландыру.

Тұрақты негізде

22.

Басқаруға берілген кондоминиум объектісінің техникалық құжаттамасын жүргізу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес кондоминиум объектісін басқарумен және күтіп-ұстаумен байланысты бухгалтерлік, қаржылық, салықтық және статистикалық есеп пен есептілікті жүргізу

Тұрақты негізде

23.

Халықпен (меншік иесімен) жұмыс, оның ішінде қызмет көрсету сапасы бойынша өтініштер мен арыздарды қарау

Тұрақты негізде

24.

Кондоминиум объектісіне ағымдағы банк (ортақ мүлікті күтіп-ұстауға және ағымдағы жөндеуге) және жинақ (ортақ мүлікті күрделі жөндеуге) шотын ашу.

Өзі құрылғаннан кейін он бес жұмыс күн ішінде

25.

Көрсетілген коммуналдық қызметтер үшін төлемдер бойынша берешегі бар үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерін анықтау, берешекті өндіріп алу бойынша шаралар қабылдау, оның ішінде сот органдары арқылы, соттың шешімін орындау бойынша сот приставтарымен жұмыс жүргізу

Тұрақты негізде

26.

Үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің ортақ мүлікті күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды төлеу бойынша берешектеріне, оның ішінде жинақ шотындағы ай сайынғы жинаққа мониторингті жүзеге асыру

Ай сайын


Об утверждении Типовой формы договора управления объектом кондоминиума

Приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 20 марта 2015 года № 242. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 30 марта 2015 года № 10574. Утратил силу приказом и.о. Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 30 марта 2020 года № 164.

      Сноска. Утратил силу приказом и.о. Министра индустрии и инфраструктурного развития РК от 30.03.2020 № 164 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 10-6) статьи 10-2 Закона Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года "О жилищных отношениях" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемую Типовую форму договора управления объектом кондоминиума согласно приложению.

      2. Комитету по делам строительства, жилищно-коммунального хозяйства и управления земельными ресурсами Министерства национальной экономики Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа его направление на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и в информационно-правовой системе "Әділет";

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства национальной экономики Республики Казахстан.

      3. Признать утратившим силу:

      1) приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства от 13 сентября 2011 года № 338 "Об утверждении Типовой формы договора управления объектом кондоминиума" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 7260, опубликованный в газете "Казахстанская правда" от 16 ноября 2011 года № 365 (26756);

      2) подпункт 1) пункта 1 приказа Министра регионального развития Республики Казахстан от 30 июня 2014 года № 193/ОД "О внесении изменений и дополнения в приказы Председателя Агентства Республики Казахстан по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства от 13 сентября 2011 года № 338 "Об утверждении Типовой формы договора управления объектом кондоминиума" и от 12 декабря 2011 года № 479 "Об утверждении Методики расчета сметы расходов на содержание общего имущества объекта кондоминиума" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 9637 "Казахстанская правда" от 27 декабря 2014 года № 253 (27874).

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра национальной экономики Республики Казахстан.

      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Министр


национальной экономики


Республики Казахстан

Е. Досаев


  Утвержден
приказом Министра национальной
экономики Республики Казахстан
от 20 марта 2015 года № 242

      форма

Типовая форма договора
управления объектом кондоминиума

      город _______ № ______ "__" ________ 20 __ года

      Собственник __________________________________________________

      (Ф.И.О., серия, номер документа удостоверяющего личность,

      _____________________________________________________________________

      когда, кем выдан; наименование юридического лица, реквизиты

      _____________________________________________________________________

      свидетельства о государственной регистрации/перерегистрации)

      помещения (квартиры) ________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (номер квартиры, расположение нежилого помещения, наименование и

      _____________________________________________________________________

      реквизиты документа, подтверждающего право собственности)

      расположенного в объекте кондоминиума по адресу: ____________________

      ________________, в лице ________________,действующего на основании

      _____________________________________________________________________

      (доверенности, протокола решения общего собрания собственников)

      именуемый в дальнейшем "Собственник", и _____________________________

      _____________________________________________________________________

      (наименование органа управления объектом кондоминиума)

      именуемый в дальнейшем "Орган управления объектом кондоминиума", в

      лице _____________________________________, действующего на основании

      Устава, _____________________________________________________________

      (Ф.И.О.)

      в дальнейшем именуемые "Стороны", заключили настоящий договор о

      нижеследующем:

1. Предмет и цель договора

      1. Настоящий договор заключен в целях реализации Закона Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года "О жилищных отношениях", а также в целях организации и планирования управления объектом кондоминиума. Перечень работ по управлению объектом кондоминиума, предоставляемых согласно настоящему договору, указан в приложении, являющимся неотъемлемой частью договора.

      2. Передача объекта кондоминиума в управление сопровождается предоставлением Собственником Органу управления объектом кондоминиума информации, включающей:

      1) общую характеристику, состав передаваемого в управление общего имущества объекта кондоминиума (по каждому объекту отдельно с указанием адреса), включая перечень инженерного оборудования каждого из объектов и данные о площадях территории прилегающей к объекту кондоминиума;

      2) техническое состояние каждого из передаваемых объектов, территории прилегающей к объекту кондоминиума, инженерного оборудования и сетей в границах эксплуатационной ответственности, отражающихся в акте оценки технического состояния объекта;

      3) количественные характеристики потребляемых коммунальных услуг каждым из объектов, фиксируемые на момент передачи.

      3. Орган управления объектом кондоминиума организует надлежащее содержание и ремонт его инженерных систем и оборудования, мест общего пользования и территории прилегающей к объекту кондоминиума, предоставление Собственнику коммунальных услуг.

      Для этих целей Орган управления объектом кондоминиума открывает текущий счет в банке второго уровня на который перечисляются взносы (платежи) собственников помещений (квартир) на содержание и текущий ремонт общего имущества по каждому объекту кондоминиума.

      Для осуществления капитального ремонта общего имущества Орган управления объектом кондоминиума открывает сберегательный счет в банке второго уровня для накопления сумм по каждому объекту кондоминиума.

      Снятие со сберегательного счета накопленных сумм для капитального ремонта объекта кондоминиума осуществляется руководителем Органа управления объекта кондоминиума по решению не менее двух третей от общего числа собственников помещений (квартир).

      4. Срок действия договора - ___ лет.

2. Основания заключения Договора управления объектом
кондоминиума

      5. Основанием заключения настоящего Договора является решение собственников помещений (квартир) ___________________________________ № ____ от "__" ____________ 20__ года.

3. Обязанности сторон

      6. Обязанности Собственника:

      1) использовать помещения, находящиеся в собственности, исключительно по назначению;

      2) оплачивать Органу управления объектом кондоминиума услуги, установленные пунктом 3 настоящего договора, в размере, утвержденном общим собранием собственников, согласно выставленному счету в срок до ___ числа месяца, следующего за расчетным;

      3) допускать в принадлежащее на праве собственности помещение (квартиру) должностных лиц организаций, имеющих право проведения профилактических и ремонтных работ с установками электро-, тепло-, газо-, водоснабжения, водоотведения, для устранения аварий, осмотра инженерного оборудования, приборов учета и контроля;

      4) получать разрешение на установку, подключение и использование электробытовых приборов и машин мощностью, превышающей технические возможности внутридомовой сети, дополнительных секций приборов отопления, регулирующую и запорную арматуру, изменение имеющихся схем учета поставки коммунальных услуг, использование теплоносителя в системах отопления не по прямому назначению (произведение слива воды из системы и приборов отопления);

      5) содействовать сохранности и безопасной эксплуатации общего имущества и помещений, находящихся в индивидуальной (раздельной) собственности;

      6) участвовать в расходах на содержание общего имущества объекта кондоминиума;

      7) нести обязанности, предусмотренные Законом Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года "О жилищных отношениях".

      7. Перечень работ по управлению объектом кондоминиума приведен в приложении к настоящему договору. Обязанности по управлению Органа управления объектом кондоминиума включают:

      1) организовывать проведение собраний, письменных опросов собственников помещений (квартир);

      2) заключать и контролировать исполнение договоров с субъектом сервисной деятельности;

      3) оформлять протокола собрания собственников помещений (квартир) и листы голосования при проведении письменных опросов;

      4) доводить в письменном виде до сведения новых собственников помещений (квартир) информации о ранее принятых общим собранием собственников помещений (квартир) решениях;

      5) организовывать выполнение решений собраний собственников помещений (квартир) качественному содержанию общего имущества и обеспечению безопасности проживания;

      6) представлять интересы собственников помещений (квартир) по вопросам общего имущества объекта кондоминиума;

      7) осуществлять сбор взносов посредством выдачи квитанции на услуги по управлению, а также взносов на содержание и капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума, размеры которых утверждены собранием собственников помещений (квартир) от собственника, арендаторов;

      8) обеспечить для всех собственников, во всех доступных для обозрения местах, размещение на стендах информации об организациях (название, контактные телефоны, телефоны аварийных служб), осуществляющих обслуживание и ремонт помещения, а также общего имущества, а также об организациях - поставщиках коммунальных услуг;

      9) представлять Собственнику ежеквартально в письменной форме либо в форме электронного документа до десятого числа месяца, следующего за отчетным периодом, отчет в котором отражены расходы, связанные с использованием общего имущества, а также дополнительные расходы, не относящиеся к расходам на содержание общего имущества объекта кондоминиума;

      10) обеспечивать учет договоров, заключенных для выполнения условий данного Договора;

      11) открывать в течение пятнадцати рабочих дней со дня образования на каждый объект кондоминиума текущий счет в банке второго уровня, на который перечисляются взносы (платежи) собственников помещений (квартир) на содержание и текущий ремонт общего имущества данного объекта кондоминиума;

      12) открывать на каждый объект кондоминиума сберегательный счет в банке второго уровня для накопления сумм на капитальный ремонт общего имущества данного объекта кондоминиума в течение пятнадцати рабочих дней со дня образования;

      13) выполнять функции, связанные с регистрацией объекта кондоминиума в течение пятнадцати рабочих дней со дня образования;

      14) предоставить по требованию собственников объекта кондоминиума информацию о движении денег по банковскому счету, средств на содержание жилого дома (жилого здания);

      15) уведомлять Собственника о предстоящем капитальном ремонте общего имущества объекта кондоминиума, ремонте мест общего пользования в объекте кондоминиума за два месяца, об отключении, испытании или ином изменении режима работы инженерных сетей - за двое суток, кроме случаев возникновения аварийных ситуаций;

      16) в случае прекращения договора управления объектом кондоминиума передать имеющуюся в его распоряжении техническую (проектно-сметная документация, план участка, паспорта, акты приемки и другие документы), исполнительную (акты выполненных работ и услуг по договорам заключенным с субъектами сервисной деятельности, копии договоров с субъектами сервисной деятельности), а также финансовую (договора текущих и сберегательных счетов с банками второго уровня, утвержденная смета расходов на содержания общего объекта кондоминиума, протокола принятых решений общего собрания) документацию вновь выбранному Органу управления объектом кондоминиума по акту приема-передачи;

      17) исполнять обязанности, предусмотренные Законом Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года "О жилищных отношениях" и иными законодательствами Республики Казахстан в сфере жилищных отношений.

4. Права Сторон

      8. Собственник имеет право:

      1) требовать от Органа управления объектом кондоминиума перерасчета платежей за предоставленные услуги в связи с некачественным или несвоевременным предоставлением таких услуг, исходя из положений настоящего договора;

      2) требовать возмещения убытков, понесенных по вине Органа управления объектом кондоминиума;

      3) получать ежеквартальный в письменной форме либо в форме электронного документа до десятого числа месяца, следующего за отчетным периодом, отчет в котором отражены расходы, связанные с использованием общего имущества, а также дополнительные расходы, не относящиеся к расходам на содержание общего имущества объекта кондоминиума;

      4) требовать от Органа управления объектом кондоминиума передачу технической, исполнительной и финансовой документации на основании решения протокола общего собрания о выходе из состава Органа управления объектом кондоминиума;

      5) требовать от Органа управления объектом кондоминиума информацию о движении денег по банковскому счету, средств на содержание жилого дома (жилого здания);

      6) изменить по протокольному решению большинства собственников помещений (квартир) форму управления;

      7) выйти из состава действующего Органа управления объектом кондоминиума по протокольному решению большинства собственников помещений (квартир).

      9. Орган управления объектом кондоминиума имеет право:

      1) заключать договоры с физическими и юридическими лицами на выполнение работ, услуг в целях исполнения обязанностей, предусмотренных настоящим договором;

      2) требовать возмещения убытков, понесенные им в результате нарушения Собственником обязательств по платежам, и убытки, причиненные Собственником из-за невыполнения условий настоящего договора;

      3) в случае возникновения аварийной ситуации в квартире или помещении, находящемся в собственности физических или юридических лиц, грозящей повреждением имущества других Собственников (при отсутствии Собственников, сведений о месте их работы, постоянном месте жительства либо нахождении в момент аварии), ликвидировать ее собственными силами и всеми возможными средствами;

      4) требовать от Собственника возмещения затрат на ремонт поврежденного по его вине общего имущества;

      5) на условиях, определенных общим собранием собственников помещений (квартир), пользоваться переданными служебными помещениями и другим имуществом в соответствии с их назначением;

      6) использовать денежные средства, находящиеся на текущем и (или) сберегательном счете объекта кондоминиума в соответствии с их целевым назначением и решением собрания собственников, оформленным в соответствии с требованием Закона Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года "О жилищных отношениях";

      7) выступать в роли заказчика и на конкурсной основе выбирать управляющую компанию (подрядчика) для обслуживания и эксплуатации многоквартирного жилого дома.

5. Ответственность сторон

      10. Ответственность Собственника:

      1) при нарушении Собственником требований подпункта 1) пункта 7 настоящего договора или систематическом нарушении им прав и интересов других собственников помещений (квартир) Орган управления объектом кондоминиума через тридцать календарных дней после предупреждения Собственника вправе обратиться в жилищные инспекции при местных исполнительных органах для применения мер, предусмотренных Законом Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года "О жилищных отношениях" и Кодексом Республики Казахстан от 5 июля 2014 года "Об административных правонарушениях";

      2) в случае невыполнения Собственником обязательств, предусмотренных подпунктом 4) пункта 7 настоящего договора, последний несет ответственность перед Органом управления объектом кондоминиума и третьими лицами за все последствия, возникшие в результате аварийных и (или) чрезвычайных ситуаций в помещении (квартире).

      11. Ответственность Органа управления объектом кондоминиума:

      неисполнение или ненадлежащее исполнение обязательств, предусмотренных пунктом 8 настоящего договора, влечет ответственность Органа управления объектом кондоминиума, установленную Законом Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года "О жилищных отношениях" и Кодексом Республики Казахстан от 5 июля 2014 года "Об административных правонарушениях".

6. Особые условия

      12. Орган управления объектом кондоминиума приступает к выполнению настоящего договора со дня его подписания.

      13. Затраты, связанные с выполнением Органом управления объектом кондоминиума не оговоренных настоящим договором работ, в том числе возникших по объективным причинам, связанных с изменением тарифов, аварийными и (или) чрезвычайными ситуациями, произошедшими не по вине Органа управления объектом кондоминиума, возмещаются Собственником дополнительно.

      14. Изменение перечня услуг и работ по управлению объектом кондоминиума возможно по согласованию Сторон и подлежит оформлению в виде дополнительного соглашения к настоящему договору.

      15. Споры между сторонами разрешаются путем переговоров, в случае недостижения согласия в судебном порядке.

      16. Настоящий договор составляется в двух экземплярах на казахском и русском языках.

7. Подписи и адреса сторон

Собственник:

________________________________

(Ф.И.О.)

ИИН ____________________________

________________________________

(№ удостоверения личности)

________________________________

(адрес проживания, электронный адрес)

М.П. (для юридического лица)

Орган управления объектом кондоминиума

____________________________________

(должность, Ф.И.О.)

____________________________________

(адрес)

БИК ________________________________

БИН ________________________________

  Приложение
к Типовой форме
договора управления
объектом кондоминиума

Перечень работ по управлению объектом кондоминиума

Наименование работ

Периодичность проведения

1.

Составление и использование годового календарного плана общего собрания собственников помещений (квартир)

Первично - в течение тридцати календарных дней после своего образования; в последующем-ежегодно

2.

Организация и проведение собраний собственников, в том числе путем письменного опроса, оформление итогов собрания в виде протокола

Первично в течение тридцати календарных дней после своего образования, в последующем по инициативе органа управления объектом кондоминиума либо собственников помещений, либо местных исполнительных органов

3.

Составление повестки дня и информационных материалов для заседаний общего собрания общего собрания собственников помещений (квартир)

За три календарных дня до проведения заседания общего собрания.

4.

Подготовка и распространение уведомления о собраниях собственников помещений (квартир)

За три календарных дня до проведения заседания общего собрания

5.

Ведение протоколов и подготовки проектов резолюций

В течение одного календарного дня после проведения заседания общего собрания

6.

Разработка, обновление и распространение специальной информации для данного жилого дома (о поставщиках, доступных удобствах и услугах, часах работы, собственниках и нанимателях)

Ежемесячно

7.

Выполнение функций, связанных с регистрацией (перерегистрации) объекта кондоминиума объекта кондоминиума

В течение пятнадцати рабочих дней после образования органа управления объектом объекта кондоминиума

8.

Заключение договоров с поставщиками коммунальных услуг, ведение юридической и финансовой работы с поставщиками за оказанные коммунальные услуги

В течение тридцати календарных дней по решению общего собрания собственников помещений

9.

Заключение договоров с субъектами сервисной деятельности по содержанию объекта кондоминиума

После образования органа управления объектом кондоминиума или расторжения договора с предыдущей сервисной компанией

10.

Осуществление функций Заказчика (орган управления объектом кондоминиума) при выполнении работ по текущему и капитальному ремонтам общего имущества объекта кондоминиума

На постоянной основе

11.

Документальное оформление управленческих решении, действии; организация документооборота; упорядочение и хранение документации в соответствии с жилищным законодательством Республики Казахстан

На постоянной основе

12.

Регистрационный учет собственников квартир (помещений), а также нанимателей (арендаторов) по месту проживания

Первично - в течение тридцати календарных дней после образования органа управления; в последующем - ежемесячно

13.

Обеспечение собственников квартир (помещений), а также нанимателей (арендаторов) информацией о нормативных показателях качества предоставленных коммунальных услуг

Первично - в течение тридцати календарных дней после образования органа управления; в последующем - ежемесячно

14.

Расчет размера платежей, для каждого собственника квартиры (помещения) в соответствии с его долей в общем имуществе объекта кондоминиума

Первично - в течение тридцати календарных дней после образования органа управления; в последующем - в течение трех рабочих дней после изменения доли

15.

Подготовка индивидуального ежеквартального отчета по управлению объектом кондоминиума и представление каждому собственникам помещений (квартир) в письменной форме либо в форме электронного документа

Каждый квартал до десятого числа месяца, следующего за отчетным периодом.

16.

Организация осуществления осмотра технического состояния конструкций и инженерного оборудования объекта кондоминиума

В соответствии с графиком (планом), утвержденным на общем собрании собственников помещений

17.

Организация работ по обследованию объекта кондоминиума (объектов) с целью определения их технической готовности к эксплуатации (в том числе сезонной), необходимости проведения текущего и капитального ремонта общего имущества

В соответствии с графиком (планом), утвержденным на общем собрании собственников помещении

18.

Планирование работ по содержанию и ремонту переданного в управление общего имущества объекта кондоминиума

На постоянной основе

19.

Планирование финансовых и технических ресурсов, заключение договоров с подрядными организациями

На постоянной основе

20.

Осуществление систематического контроля за качеством услуг, работ подрядных организаций, субъектов сервисных деятельностей в рамках заключенных договоров

В соответствии с договорными обязательствами

21.

Финансирование работ и услуг подрядчиков, субъектов сервисных деятельностей (участников процесса производства работ, услуг) в соответствии с заключенными договорами

На постоянной основе

22.

Ведение технической документации на переданный в управление объект кондоминиума, а также бухгалтерского, финансового, налогового и статистического учета и отчетности, связанных с управлением и содержанием объекта кондоминиума в соответствии с жилищным законодательством Республики Казахстан

На постоянной основе

23.

Работа с населением (собственниками), в том числе рассмотрение обращений и жалоб по качеству обслуживания

На постоянной основе

24.

Открытие банковского текущего (на содержание и текущий ремонт общего имущества) и сберегательного счетов (на капитальный ремонт общего имущества) на объект кондоминиума

В течение пятнадцати рабочих дней со дня своего образования

25.

Выявление собственников квартир (помещений), имеющих задолженность по платежам за предоставленные коммунальные услуги, принятие мер по взысканию задолженности, в том числе через судебные органы, проведение работы с судебными приставами по исполнению решений суда

На постоянной основе

26.

Осуществление мониторинга задолженности по оплате собственниками помещений (квартир) расходов на содержание общего имущества, в том числе ежемесячных накоплений на сберегательный счету

Ежемесячно