Жануарларды еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда ұстау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 25 ақпандағы № 18-03/125 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 1 сәуірде № 10602 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 25 тамыздағы № 354 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.08.2017 № 354 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 9-бабының 1 тармағының 69) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Жануарларды еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда ұстау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министрдің


міндетін атқарушы

С. Омаров


  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрдің
міндетін атқарушы
2015 жылғы 25 ақпандағы
№ 18-03/125 бұйрығымен
бекітілген

Жануарларды еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда ұстау қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жануарларды еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда ұстау қағидалары "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 9-бабының 1 тармағының 69) тармақшасына сәйкес әзірленді және жануарларды еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда ұстау тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жануарларды еріксіз жағдайларда ұстау – жануарларды торларда, шарбақтарда, аквариумдарда, террариумдарда, бассейндерде және басқа да арнаулы үй-жайларда ұстау;

      2) жануарларды жартылай ерікті жағдайларда ұстау – жануарларды табиғи мекендеу ортасына жақын жағдайларда ұстау.

      3. Жануарларды еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда ұстауға:

      1) шаруашылық мақсаттарда (аңшылық және балық аулау объектілеріне жатпайтын жануарларды);

      2) ғылыми, мәдени-ағарту, тәрбие және эстетикалық мақсаттарда;

      3) олардың тыныс-тіршілігінің пайдалы қасиеттері мен өнімдерін;

      4) өсімін молайту мақсатында пайдалану үшін жүзеге асырылады.

2. Жануарларды еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда ұстау тәртібі

      4. Жабдықталған торларды, аквариумдарды, террариумдарды, бассейндерді, шарбақтарды және басқа да арнаулы учаскелер мен (немесе) үй-жайларды (бұдан әрі – үй-жайлар) қоса алғанда, жануарларды ұстау үшін жағдайлар болған кезде олар еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда ұсталады.

      5. Еріксіз немесе жартылай ерікті жағдайларда ұсталатын жануарлар түріне, жынысына, физиологиялық жай-күйіне байланысты өздерінің биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес:

      1) демалу, орын ауыстыру және табиғи қалпын қабылдау мүмкіндігі үшін кеңістік көлемімен (індер, ұялар, жасырын баспаналар, қалқалар, тоғандар);

      2) қажет болған жағдайда олардың қозғалу, ұйықтау, табиғи белсенділік таныту, табиғи ортамен байланыс жасау, қоректену және су ішу қажеттілігін қанағаттандыру мүмкіндігімен;

      3) астаулармен, суаттармен, құстар келіп қонатын сырықтармен және олардың табиғи қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған жабдықтармен;

      4) жем-шөппен және ішетін сумен;

      5) зоотехникалық және ветеринариялық іс-шаралармен қамтамасыз етіледі.

      6. Еріксіз жағдайда ұсталатын жануарлар:

      1) үй-жайды тыныс-тіршілік өнімдерінен тазарту жүйесімен;

      2) үй-жайды лас ауаны сыртқа шығарып, желдету және суды аэрациялау жүйесімен, артық суды ағызып жіберетін жабық дренаж жүйелерімен қамтамасыз етіледі.

      7. Еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда ұсталатын жануарларға күтім жасау басқа жануарларға зиян келтірмеудің алдын алу шаралары қолданылып және қызмет көрсететін персонал мен келушілердің қауіпсіздік жағдайлары қамтамасыз етіле отырып жүргізіледі.

      8. Үй-жайлар оңай ашылатын құлыптармен, ілмектермен оқшаулау құрылғыларымен, олардың өздігінен ашылып кетіп, жануарлардың үй-жайдан тысқары жерлерге кетіп қалуына жол бермейтін бекіткіштермен жабдықталады.

      9. Аквариум әйнектерін қабырғаларға, темір және металл жақтауларға жұмсақ амортизатор төсемдерімен орнатылады.

      10. Террариумдарда тамашалау терезелері сынбайтын шыныдан немесе басқа да сынбайтын мөлдір полимер материалдардан жасалады.

      11. Торлар, бассейндер және шарбақтар, үй-жайлардың ішкі және сыртқы қоршаулары жануарлардың өмірі мен саулығына тиіс.

Об утверждении Правил содержания животных в неволе и полувольных условиях

Приказ и.о. Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 25 февраля 2015 года № 18-03/125. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 1 апреля 2015 года № 10602. Утратил силу приказом Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан - Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 25 августа 2017 года № 354 (вводится в действие после дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратил силу приказом Заместителя Премьер-Министра РК - Министра сельского хозяйства РК от 25.08.2017 № 354 (вводится в действие после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 69) пункта 1 статьи 9 Закона Республики Казахстан от 9 июля 2004 года "Об охране, воспроизводстве и использовании животного мира", ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила содержания животных в неволе и полувольных условиях.

      2. Комитету лесного хозяйства и животного мира Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление его копии на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и в информационно-правовой системе "Әділет";

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан.

      3. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Исполняющий обязанности


Министра

С. Омаров


  Утверждены
приказом исполняющего обязанности
Министра сельского хозяйства
Республики Казахстан
от 25 февраля 2015 года № 18-03/125

Правила
содержания животных в неволе и полувольных условиях
1. Общие положения

      1. Настоящие Правила содержания животных в неволе и полувольных условиях (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 69) пункта 1 статьи 9 Закона Республики Казахстан от 9 июля 2004 года "Об охране, воспроизводстве и использовании животного мира" и определяют порядок содержания животных в неволе и полувольных условиях.

      2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:

      1) содержание животных в неволе – содержание животных в клетках, вольерах, аквариумах, террариумах, бассейнах и других специальных помещениях;

      2) содержание животных в полувольных условиях – содержание животных в условиях, близких к естественной среде обитания.

      3. Содержание животных в неволе и полувольных условиях осуществляется для использования:

      1) в хозяйственных целях (животных, не относящихся к объектам охоты и рыболовства);

      2) в научных, культурно-просветительских, воспитательных и эстетических целях;

      3) полезных свойств и продуктов их жизнедеятельности;

      4) в воспроизводственных целях.

2. Порядок содержания животных в неволе и полувольных условиях

      4. Животные в неволе и полувольных условиях содержатся при наличии условий для их содержания, включая оборудованные клетки, аквариумы, террариумы, бассейны, вольеры и другие специальные участки и (или) помещения (далее – помещения).

      5. Животные, содержащиеся в неволе или полувольных условиях, в зависимости от вида, пола, физиологического состояния, в соответствии с их биологическими особенностями обеспечиваются:

      1) объемом пространства для возможности отдыха, перемещения и принятия естественной позы (норы, гнезда, укрытия, навесы, пруды);

      2) возможностью при необходимости удовлетворять их потребности в движении, сне, естественной активности, контактах с естественной средой, еде и питье;

      3) кормушками, поилками, насестами и оборудованиями для удовлетворения их естественной потребности;

      4) кормами и питьевой водой;

      5) зоотехническими и ветеринарными мероприятиями.

      6. Животные, содержащиеся в неволе, обеспечиваются:

      1) системой очистки помещения от продуктов жизнедеятельности;

      2) системой приточно-вытяжной вентиляции помещения и аэрации воды, закрытыми дренажными системами, отводящими излишки воды.

      7. За животными, содержащимися в неволе и полувольных условиях, ведется уход с принятием мер по предупреждению причинения вреда другим животным, и обеспечением условий безопасности обслуживающего персонала и посетителей.

      8. Помещения оборудуются легко открывающимися замками, задвижками, защелками и изолирующими приспособлениями, с фиксаторами, исключающими их самопроизвольное открывание и выход животных за пределы помещения.

      9. Монтирование аквариумных стекол в стены, в железные и металлические рамы осуществляется с мягкими прокладками амортизаторов.

      10. В террариумах смотровые окна изготавливаются из небьющегося стекла или прозрачных небьющихся полимерных материалов.

      11. Клетки, бассейны и вольеры, внутренние и внешние ограды помещений обеспечиваются без угрозы для жизни и здоровья животных.