Кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестатын беру қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 124 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 9 сәуірде № 10657 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 859 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 28.09.2018 № 859 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің 32-бабының 1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестатын беру қағидасы бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетіне (Д. Е. Ерғожин) заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарда және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

Б. Сұлтанов


  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 25 ақпандағы
№ 124 бұйрығымен
бекітілген

Кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік
аттестатын беру қағидасы

      1. Осы Кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестатын беру қағидасы кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестатын беру тәртібін айқындайды.

      2. Кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестатын алу үшін ақпараттық жүйелерді қолдана отырып, "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 32-бабының 3-тармағына сәйкес айқындаған аумақтық мемлекеттік кірістер органдары өткізетін біліктілік емтиханын тапсыру қажет.

      3. Біліктілік емтиханды жүргізген аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының жауапты лауазымды тұлғасы бір жұмыс күн ішінде ведомостарын жинау және хаттамаларды жасау жолымен біліктілік емтихандарының қорытындысын шығарады.

      4. Біліктілік емтиханын жүргізген аумақтық мемлекеттік кірістер органының басшысы (оны алмастыратын адам) және жауапты лауазымды тұлғасы қол қойған хаттаманың негізінде біліктілік аттестаттар, "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 32-бабының 7-тармағына сәйкес бекітілетін нысан бойынша кедендік декларациялау жөніндегі маманның бейджі дайындалады.

      5. Біліктілік аттестаттар және бейдждерге аумақтық органның басшысы (оны алмастыратын адам) қол қояды.

      6. Аумақтық мемлекеттік кірістер органдары кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестатын беруді біліктілік емтихандарын тапсырған сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді.

      7. Аумақтық мемлекеттік кірістер органдары Қағидаға қосымшаға сәйкес нысан бойынша кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестатын, бейдждерін беру журналын жүргізеді.

      8. Кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестаты немесе бейдждері жоғалған (бүлінген), сондай-ақ тегі, аты, әкесінің аты өзгерген жағдайда бұдан бұрын кедендік декларациялау жөніндегі аттестатты берген аумақтық мемлекеттік кірістер органына еркін нысандағы өтінішті:

      жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

      мөлшері 3,5 х 4,5 сантиметр түрлі-түсті екі фотографияны қоса бере отырып ұсыну қажет.

      9. Кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестатының қолданылу мерзімі екі жылды құрайды.

      Қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестаты жарамсыз деп саналады.

      10. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты біліктілік аттестатының қолданылуы тоқтатылған жағдайда кедендік декларациялау жөніндегі маман қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін екі ай бұрын қолданыстағы біліктілік аттестатын қоса бере отырып, "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 32-бабының 4-тармағына сәйкес қайта аттестаттау бойынша емтихан тапсыруға өтініш береді. Емтиханды сәтті тапсырған кезде қолданыстағы біліктілік аттестаты жаңасы тіркелген сәттен бастап жарамсыз болады.

      11. Егер кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестаты өтініш иесі ұсынған толық емес мәліметтер және дәйексіз мәліметтер негізінде берілген жағдайда, біліктілік аттестаты жойылуға жатады.

      12. Біліктілік аттестатын жою туралы шешім аумақтық мемлекеттік кірістер органы басшысының (оны алмастыратын адамның) бұйрығымен ресімделеді. Бұл ретте біліктілік аттестатын беру туралы қайталама өтінішті аумақтық мемлекеттік кірістер органы жою туралы бұйрық қабылданған күнінен бастап бір жыл өткен соң қарайды.

Об утверждении Правил выдачи квалификационного аттестата специалиста по таможенному декларированию

Приказ Министра финансов Республики Казахстан от 25 февраля 2015 года № 124. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 9 апреля 2015 года № 10657. Утратил силу приказом Министра финансов Республики Казахстан от 28 сентября 2018 года № 859 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратил силу приказом Министра финансов РК от 28.09.2018 № 859 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 1 статьи 32 Кодекса Республики Казахстан от 30 июня 2010 года "О таможенном деле в Республике Казахстан" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить Правила выдачи квалификационного аттестата специалиста по таможенному декларированию.

      2. Комитету государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан (Ергожин Д.Е.) в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа направление его на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и в информационно-правовой системе "Әділет";

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства финансов Республики Казахстан.

      3. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Министр

Б. Султанов


  Утверждены
приказом Министра финансов
Республики Казахстан
от 25 февраля 2015 года № 124

Правила выдачи квалификационного аттестата специалиста по таможенному декларированию

      1. Настоящие Правила выдачи квалификационного аттестата специалиста по таможенному декларированию определяют порядок выдачи квалификационного аттестата специалиста по таможенному декларированию.

      2. Для получения квалификационного аттестата специалиста по таможенному декларированию необходимо сдать квалификационный экзамен, проводимый территориальными органами государственных доходов, определенными в соответствии с пунктом 3 статьи 32 Кодекса Республики Казахстан "О таможенном деле в Республике Казахстан", с применением информационных систем.

      3. Ответственные должностные лица территориальных органов государственных доходов, проводившие квалификационный экзамен, в течение одного рабочего дня подводят итоги проведенных квалификационных экзаменов путем сбора ведомостей и составления протокола.

      4. На основании подписанного протокола руководителем (лицом, его замещающим) и ответственными должностными лицами территориального органа государственных доходов, проводившими квалификационный экзамен, подготавливаются квалификационные аттестаты, бейджи специалиста по таможенному декларированию по формам, утверждаемым в соответствии с пунктом 7 статьи 32 Кодекса Республики Казахстан "О таможенном деле в Республике Казахстан".

      5. Квалификационные аттестаты и бейджи подписываются руководителем (лицом, его замещающим) территориального органа.

      6. Территориальные органы государственных доходов производят выдачу квалификационных аттестатов специалиста по таможенному декларированию не позднее пяти рабочих дней с момента сдачи квалификационных экзаменов.

      7. Территориальные органы государственных доходов ведут журнал выдачи квалификационных аттестатов, бейджей специалиста по таможенному декларированию по форме, согласно приложению к Правилам.

      8. В случае утери (порчи) квалификационного аттестата специалиста по таможенному декларированию или бейджа, а также изменения фамилии, имени, отчества необходимо представить в территориальный орган государственных доходов, ранее выдавший аттестат специалиста по таможенному декларированию, заявление в произвольной форме с приложением:

      копии документа, удостоверяющего личность;

      две цветные фотографий размером 3,5 х 4,5 сантиметра.

      9. Срок действия квалификационного аттестата специалиста по таможенному декларированию составляет два года.

      После прекращения срока действия квалификационный аттестат специалиста по таможенному декларированию считается недействительным.

      10. В случае прекращения действия квалификационного аттестата в связи с окончанием срока действия, специалист по таможенному декларированию за два месяца до окончания срока действия подает заявление на сдачу экзамена по переаттестации согласно пункту 4 статьи 32 Кодекса Республики Казахстан от 30 июня 2010 года "О таможенном деле в Республике Казахстан" с приложением действующего квалификационного аттестата. При успешной сдаче экзамена действующий квалификационный аттестат становится недействительным с момента регистрации нового.

      11. В случае если квалификационный аттестат специалиста по таможенному декларированию выдан на основе неполных или недостоверных сведений, предъявленных заявителем, квалификационный аттестат подлежит аннулированию.

      12. Решение об аннулировании квалификационного аттестата оформляется приказом руководителя (лица, его замещающего) территориального органа государственных доходов. При этом повторное заявление о выдаче квалификационного аттестата рассматривается территориальным органом государственных доходов по окончании одного года со дня принятия приказа об аннулировании.